Материалдар / «Мамандыққа бағдар берудің психологиялық негіздері».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мамандыққа бағдар берудің психологиялық негіздері».

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандыққа бағдар беру бойынша мектеп психологтарына көмек. Кәсіби бағдарлау жұмысы мектептің 7-11 сыныптарына жүргізуге ыңғайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
569
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп - интернаты



Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп – интернаты





Авторлық бағдарлама



Тақырыбы: «Мамандыққа бағдар берудің психологиялық негіздері».


Пәні: өзін – өзі тану және психология

Сыныбы: 9-сынып

Пән мұғалімі: Керимкулова Эльмира Бакадировна

Педагогикалық еңбек өтілі: 11жыл 7ай

Электронды пошта: kerimkulova8600@mail.ru

Мекен – жайы: Ленгір қ. І мөлтек ауданы 23/56

(87751088719)











2021 - 2022 оқу жылы

Түсініктеме хат

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.

Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.

Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.

Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған. Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған. Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін «Мамандыққа бағдар берудің психологиялық негіздері» деп анықталды.











Бағдарламаның ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

Білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауында мамандық таңдауына көмектесетін «Мамандық таңдау уақыты» бейне блогерлер байқауы, «Мен-кәсіптер әлемінде» әдеби байқауы (эссе), «Мамандық: кеше, бүгін, ертең» байқауы, «Мұндай мамандық бар» презентациялар конкурсы сияқты іс-шаралар жүйесін өткізу ұсынылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен 9 негізгі сала: мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм, тау-кен металлургия кешені және құрылыс бойынша іске асырылатын «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы» ұлттық жобасы әзірленді және сол бойынша жұмыс жасау тиімділігі артты.



Зерттеу объектісі - мектептің психологиялық қызметі.

Зерттеу пәні - мектеп психологінің оқушыларға мамандық бойынша бағдар беру жұмысы.

Жобаның мақсаты

1.Мектептің психологиялық қызметі тәжірибесінде психодиагностика жүргізу арқылы оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау және қызмет түрлеріне икемділігін болжамдау;

2.Мектеп психологы жұмысында оқушылардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы орта буын оқушыларының мамандықты саналы таңдауына негіз құру.

Жобаның міндеттері:

-тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау;

-кәсіби психологиялық диагностиканы жүргізу ерекшеліктерімен танысу;

-оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін қолдану жолдарын үйрену;

-оқушылармен кәсіби қажетті қасиеттерді қалыптастыру тренингін жүргізу;

- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет арқылы мамандыққа бағдар беру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау және мектеп психологінің оқушылардың мамандыққа қызығушылығын зерттеу әдістемелерін жинақтау;

- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу әдістемелерінің ішінен мамандыққа бағдар беруге пайдаланылатындарын іріктеп алып, оларды жүйге келтіру;

- жеткіншектердің мамандыққа қызығушылығын диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау арқылы балаларға мамандық таңдауға көмек көрсету жолдарын анықтау.

Жобадан күтілетін нәтиже:

1.Мектептерде мамандыққа бағдар беру жұмысын жеткіншек жас кезеңінде ұйымдастыру арқылы осы жас кезеңінде балалардың тәжірибелік интеллектісі қалыптасады;

2.Мамандық бағдар беру барысында балалардың жекелік психологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп, жеткіншек жас кезеңінде кездесетін акцентуация, мазасыздану басқа ауытқулардың ерекшеліктерін анықтап, оның ерекше дамып кетпеуін болдырмай, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы жағдай туады;

3.Әр мектеп бітіруші өзінің болашақ мамандығын жекелік психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай анықтау арқылы мамандық қызметінде табысты болады;



Зерттеу барысында келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, психо-диагностикалық әдістемелерді іріктеп алу, мектеп оқушылары арасында олардың темпераментің, таным процестерін, интеллектуалдық қабілеттілігін анықтау тестерін қолданып жеке даралық қасиеттерін бағалау, тренинг элементтерін қолданып түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.



Авторлық бағдарламаның мазмұны

1.Мамандыққа бағдар берудің психологиялық негіздері

2.Оқушыларды алдын - ала кәсіби психологиялық диагностикадан өткізудің маңызы

3.Кәсіби бағдарлау жұмысында коррекциялық ойындарды қолдану

4.Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу

5.Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау

6.Қорытынды


Оқушыларды мамандық таңдауға даярлаудың

психологиялық негіздері


Мамандық - рrоfessio - деген фрацуз тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағынаны білдіреді. Мамандыққа бағдар беру - әр адамның жекелік қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты мамандық таңдап алуына ықпал жасау.

Мамандықты дұрыс таңдаудың әр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан. Мамандыққа бағдарлаудың негізін құрушылар Ф.Гальтон, А.Кершенштейнер, Г.Мюнстерберг, П.П.Блонский, Ю.П.Сокольников,

Т.Н.Мальковская, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар әлеуметтік-кәсіби бағдарлау идеяларын қалыптастырды. Осы идеяларға сүйене отырып барлық ізгіниетті мемлекеттер өз ұрпақтарын тәрбиелеу барысында оларға кәсіби бағдар беру, кәсіп беру мәселелерін өз халқында қалыптасқан дәстүрлерге сүйене отырып ғылыми негізде шешу жолдарын іздестіруде.

Жалпы білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс-әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.

Оқушыларды алдын-ала кәсіби диагностикалаудан өткізу проблемасын зерттеу үшін көптеген арнайы және жалпы диагностикалық әдістемелер жасалған. Оның ішінде Айзенк пен Стреляудың темпераментті өлшеу тестері, Бине-Симон жасаған интеллектуалдық қабілеттілікті анықтау шкаласы, Айзенктің интеллекті зерттеу тестерінің вербалдық, математикалық және техникалық субтестілері, Филипстің баланың мазасыздану деңгейін анықтау тесті, коммикациялық және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тестері тағы сол сияқты көптеген әдістемелер. Олардың нәтижесін кәсіби бағдарлауда қолдану ережелерін Айзенк, Лемтес т.б. анықтаған.

Кәсіби бағдарлауды жүргізуге негіз болатын идеялар жастарға білім беру тұжырымдамасында анықталады. Біздің мектеп тұжырымдамасында кәсіби бағдарлау идеясы әр адамға мамандықты дұрыс таңдауға қажетті қабілеттері мен қызығушылығын анықтауды ұйымдастыру. Әдіснамалық сипатта бұл проблема оқушылардың өмірлік және кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізудің даралық ұстанымы жатады. Бұл ұстаным бойынша оқушылардың өмірлік және кәсіби жоспарларына байланысты топтау арқылы, сыныптастыру жұмысын жүргізу негізінде оларға бағдар беру программасы анықталады.

Мамандық бағдар беру барысында балалардың психикалық ерекшеліктерін жан-жақты диагностикалау арқылы олардың болашақта қай салада табыста болуға мүмкіншіліктері молырақ екенін анықтауға көмек көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша болалармен кеңес жүргізіліп, олардың пәнедерге қызығушылығы, мектептен тыс қызығушылығы, мамандық таңдау мотивациялары, ата-аналарының мамандықтары, мамандықтар туралы мағлұмат алу көздері тағы көптеген мәселелер анықталады.

Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемалары педагогика ғылымдарының докторылары, профессор А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, және олардың шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру - психологиялық, педагогикалың және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып келеді. А.П.Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін оңтайландыруға бағытталған.


Кәсіби бағдарлау жұмысында коррекциялық

ойындарды қолдану


Кәсіби кеңес берудің интерактивтік түріне және белсенді шығармашылық әдісіне кәсіби бағдарлау ойындары жатады.

Соңғы кезде интерактивті әдістерге өте үлкен көңіл бөлінуде. Ал тренигті фрагментарлық түрде жүргізу, біздің ойымызша, интерактивтік әдістің нағыз өзі болып табылады.

Балаларға кәсіби бағдар беру жұмысы олардаң жас және жекелік ерекшеліктерін ескеріп олардың мінез-құлықтарына тән ауытқуларды коррекциялау психолог міндеттерінің бірі. Осы міндетті атқару үшін жоғары сынып оқушылары арасында оларды тұйықтықтан шығарып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған коррекция жүргізу маңызды.

Коррекциялық жұмыстың бірінші фазасында келесі міндеттер атқарылды:

-оқушылар коррекцияның қажет екенін сезінуін қамтамасыз ету;

-баланың көңіл-күйін көтеріп, әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;

- топтағылардың ішкі қайшылықтарын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып бір-біріне жақындастыру.

Бұл фазада топтағылар бір-бірімен жақындасып, бір-біріне икемделіп адаптациядан өтеді. Осы фазадан өткеннен кейін коррекция қажет деп тапқандардан бір топ түзіледі. Бұл топпен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныпта орын алатын қайшылықтарды жоюды негізгі мақсат ретінде анықтады. Сондықтан мақсатты - қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдаумен байланысты мәселер шешу тренингі деп аталады. Ол келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылды:

-әр қатысушыға өз проблемаларын түсініп, ол жағдайдан шығу жолдарын табуға көмектесу;

-топтың дәстүрін қалыптастыру;

-мамандық таңдау барысында кездесетін қиындықтармен таныстыру;

- кәсіби іс-әрекеттер түрін модельдейтін ойындар ұйымдастыру;

- мамандық таңдау процесін модельдеу;

- сезіммен иланушылықты қалыптастыру, соның нәтижесінде басқаларға сыйымды, тіл табысқыш, адамгершілікті жоғалтпайтын, басқаларға жаны ашыйтын, басқаларды өзіндей сыйлайтын позициясын қалыптастыру.

Осы анықталған міндеттерді орындау үшін ситуативті-коммуникативті ойындар қолданылады.


Ситуативті-коммуникативті ойындар.

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдау ситуациялары арқылы оларды жақын болашағын болжамдауға үйрету және басқалармен сыйысымды болу қажеттілігін мойындату.


Міндеттері:

- коммуникативті ойындар барысында балалардың ашық-жарқындығын тәрбиелеу;

-балалардың қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыру және оны басқару;

- балаларды өздерінің қарым-қатынасын басқаруға үйрету;

-балалардың әр түрлі мамандықтарға қатынасын қалыптастыру;

- мамандық таңдау моделін қүру.

Қолданылған тренингтік ойындар.

1. Амандасу.

Топтағылар сыртқы және ішкі шеңбер құрып бір-бірімен қарама-қарсы жұптасып тұрады.

Бірінші вариант:

Қарама-қарсы тұрғандар бір-бірімен мимика және пантомимика арқылы амандасып, өздерінің достарын көргеніне қуанышты екенін білдіреді.

Екінші вариант.

Топтағалар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып амандасады және амандасқан адамына жылы жүзбен қарап, оған бірнеше жағымды сөздер айтады. Қанша көп адамға жылы сөз айтса, сонша ол адамның өзінің көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Осы сияқты тренингтік ойындардың бірнеше түрлерін әр тренинг кездесуіне дайындап келу керек.

2. Ассоциация ойыны.

Ойын шарты: ойынға сынып оқушылары толық қатысуына болады. Ойын бірнеше кезеңде жүргізіледі. Әр кезеңін бұл жерде араб цифріменен белгілейміз.

Ойынның диагностикалық мүмкіндігі: ойын оқушылардың мамандық туралы мағлұматтарының барлығын және аталған мамандықтарға олардың эмоционалдық қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Ойынды жүргізу:

1. Ойын аты жарияланып, ойынды жүргізуге үш адам тағайындалады.

2. Анықталған үш адам сыныптан шығып, олар қандай да бір мамандықты жасырады. Жүргізушілер топтағы балалардың үшеуін топтың алдына шақырып алып, қандай мамандықты жасырғанын тауып алу тапсырмасын береді. Қатысушылар ассоциациялық сұрақтар қойып, жасырылған мамандықты анықтайды. Мысалы: мамандық қызметті орындауға қандай жиһаздар мен құрал-жабдықтар керек?

Ассоциациялық сұрақ дегенге балалар бірден түсінбей қалса мысал келтіріп түсіндіріп беру керек.

3. Жүргізуші сұрақ қоюшыларға екі сұрақтан артық қоюға болмайтынын түсіндіреді және ол сұрақты кімге қоятынын анықтап айтуға тиіс.

4. Келесі кезеңде үш оқушы бөлмеден шығады, ал қалғандары мамандықты жасырады. Ойын 7-15 минут жүргізіледі.

5. Сұрақтар мен жауаптар толық айтылғаннан соң мамандықтарға сәйкес келгендігі талданады. Мысалы: Әскери ұшқыш мамандығы жасырылса оған жауап космонавт, полиция қызметкері, автогонщик болуы мүмкін. Бұл жерде мамандықтар адамдар әрекетіне және қолданылатын құрал жабдықтарға ұқсас талаптар қойылатыны түсіндіріледі.

6. Ойын аяқталғаннан соң оны талдау барысында қандай сұрақтар мамандықты анықтауға көмектесті, ал қай сұрақтар жаңылдырғаны анықталады.

7. Ойынды дайындау барысында ассоциациялық сұрақтардың варианттарын дайындап алуға болады. Балалар сұрақ беруге қиналған уақытта оларға бір-екі сұрақты түрткі ретінде айтып беру керек.

3. Кәсіби бағдарлау ойыны

Жүргізуші қатысушыларды ойын шарттарымен таныстырады. Қазіргі кезде біздің елде психолог, психолог-кеңесші мамандықтары дамып келеді. Кеңесші психологқа балалар ата-аналарымен мамандық таңдау үшін кеңес сұрап келеді.

Жүргізілетін ойынның мақсаты - әр мамандықтың ерекшеліктерін көрсету. Қатысушылар арасында орындайтын рольдері бөлінеді: психолог, ата-аналар, мамандық таңдаушы бала.

Ойынды оқушылар шығармашылығын көрсетіп өз беттерімен ұйымдастырып жүргізеді, ал психолог тек олардың өз рольдерін қалай орындап жатқанын бағалап, қажет болса кеңес беріп отырады.

Бұл ойын барысында психологиялық қызмет пен ата-аналар функцияларын балалар қаншалықты жақсы түсінетіндігі, олардың бір-бірімен тіл табысатындығы анықталап, психолог мамандығына бағдарлау жүреді.

4. Біз нені жақсы көреміз?

Қоршаған ортамен қатынас жасағанда біз олардың ішінен ұнайтын және ұнамайтын нәрселерді байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Сол сияқты адамдардың да бізге ұнайтын және ұнамайтын мінез көрсеткіштері бар. Қазір әрқайсысың қағазға адамдардың қандай қасиеттерін жоғары бағалап қабылдайтынымыз туралы жазып беріңдер. Кім туралы жазып отырғандарыңды айту міндетті емес. Ұнамды қасиеттер көп адамдарда кездесетін жинақы болуы мүмкін.

Енді өзіңе өте ұнайтын бір кісінің ерекше ұнайтын бес қасиетін белгіле. Бастадық.

Берілген мерзім аяқталғаннан соң барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырып сағат тілімен кезектесіп жазған қасиеттерін оқып шығады. Оқыған қасиеттер бойынша кімді танығанын айтып береді. Сонымен, өздеріне кім, не үшін ұнайтынын анықтайды. Жазылған қасиеттердің қайсысы өзіңе тән? Бұл сұраққа әркім өз-өзіне жауап беруі керек. Қай мамандық болса да адам қызмет орнында табысты болу үшін жағымды мінез көрсеткіштері басым болуға тиіс екені анықталады.

5. Шеңбер бойынша фраза.

Балаларға қандай да болса бір қарапайым тапсырманы басқаларға жеткізу ұсынылады. Мысалы: Бастық тапсырма берді: бақта алмалар түсіп жатыр. Оны жинап алып, қолдануға жарайтындарын бір ыдысқа, ал жарамайтындарын екінші ыдысқа салып, олармен не істеу керек екені айтылады.

Енді, жүргізушінің оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен келесі отырғанға тапсырма ретінде айтамыз.

Әр адам ол фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (қуанышты, сүраулы, таң қалушылық белгісімен, немқұрайды және т.б.) Егер қатысушы жаңа интонация таба алмаса ол ойыннан шығады. Ойын үш-төрт жеңімпаз қалғанынша жалғастырылады.

Қарым-қатынас барысында интонацияның орны, тапсырманың мағнасын дәл жеткізе алатындығы талданады. Қызмет барысында бастық пен орындаушы арасындағы түсінбеушілік тапсырманы дұрыс тыңдамағаннан шығатыны анықталады.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!