Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мамандыққа бастар жол
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағатының
тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Білімділік: оқушыларға
болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық
әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын
кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың
өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта
мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған
мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау,
өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық
таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат
алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын
таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды
талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай
тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт
беру.
Көрнекілік: мамандық
туралы суреттер, плакат, слайд
көрсету.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Мұғалім:Қайырлы күн,
құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін міне,осы залда болашағынан үлкен үміт күттіретін
мектеп оқушылары, әр мамандық иелері мен ұстаздар қауымы бас қосып
отыр. Бұл бас қосудың маңыздылығы - мынау нарықтық қарым қатынас
жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «Кім болам?»
деген сұрақ тұр. Олай болса біздің бүгінгі «Мамандықтың бәрі жақсы»
аты кешімізде оларға өмірде жаңылыспай, өз жолын табуға септігін
тигізердей етіп, сіздер мен біздер өзіміздің бай тәжірибемізді, ой
толғаныстарымызды ортаға салып, ой бөліссек дегн ниетпен өткізгелі
отырмыз. Кездесу кешімізге қош
келдіңіздер!
Биыл президентіміздің «Рухани
жаңғыру» баяндамасында:жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен
бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын
қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың
негізі білім ордаларының аудиторияларында
қаланады.
- Атақты ғұлама Әл – Фараби
айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге
тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге
қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы
білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?
«Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп
оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде
мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық
қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі
кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық,
болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби
өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Бұл ретте
бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін
айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып
өтейін.
1.Қарақұм орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Оралбаева Гүлнар
2.Мұнайшы,Батыс гео зерттеу ЖШС партия бастығы Молдашов Рүстем Батырбайұлы
3.Опорный электрмен жабдықтау бөлімінің электр монтеры Бегенов Әлібек Маратұлы
4.Боранқұл ауруханасының басшысы Рахимова Анар
5.Қом бас бухгалтері Қойшыбаева Лаззат
6.ҚОМ бас кітапханашы Сапарова Қалыш
7.Қазақстан Темір жолының механигі Меңдібаев Қанағат
Тақтаға назар аударайық (видео)
Мұғалім: Біздің сыныбымда қазіргі таңда 13 оқушы білім алып жатыр. Былтыр 9 сыныпта 18 оқушымен бітірген едік. Олардың жетеуі колледждерде білім алып жатыр. Біреуі болашақ дәрігер, дизайнер, мұғалім, құрылысшы, электрик, машина маманы, мұнайшы.
Әр оқушы бала кезінде өскенде осындай мамандық иесі болам деп армандайды. Ал өсе келе олардың ойлары өзгеруі мүмкін. Ал біздің оқушылар ше? Олардың да ойларымен бөлісейік. Сөз кезегі оқушыларда.
(Бітіріп кеткен сыныптастарының видео жолдамасы)
Мұғалім: Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берсек. Алғашқы сұрақ өзімнен болсын.
Әрқайсысыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.
Оқушылар өз сұрақтарын қояды.
1 Қандай мамандық таңдауға кеңес берер
едіңіз?
2. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды
қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды
құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп
ойлайсыз?
3. Сіз қандай маман болуды
армандадыңыз? ( Т.б)
Мұғалім: Кезекті видеороликке береміз. (видео көрсетіледі)
Видеороликті көріп болсақ, қазіргі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие? Осы тақырыпты ашу үшін топтар постер қорғайтын болады.
Қорғап болсақ жауап ретінде видеоны кейін қараймыз.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және
қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек
қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің
зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын
ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.
Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде
өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу
керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды
қалай таңдауға болады?
Мамандық дегеніміз
не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау,
арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе
сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен
айналысады.
Мамандық дегеніміз
не?
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да
бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің
маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде
өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін
таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда
әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына
сүйену керек. Сондай - ақ өз
мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл
бөледі.
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
Бекіту сұрақтары:
-
Осы күннен не алдыңыз?
-
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?
Қорытынды: «Адам өз
өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар
таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз
айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең
маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай
мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге
келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің
болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен
қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға,
кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп
ойлаймын.
Абай атамыз
айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай
болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып
арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді
еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді
білдіремін!
Бейнеу ауданының әкімдігінің «Қарақұм орта мектебі» КММ
(тәрбие сағаты)
Өткізген: биология пәні мұғалімі Бегенова З
Сыныбы: 10 «Ә»
2017-2018 оқу жылдары