Материалдар / Мамандықты таңдау-болашақты таңдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандықты таңдау-болашақты таңдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссе мамандықты өз қалауыңмен таңдап, таңдаған мамандығың бойынша жан тәніңмен жұмыс атқарып, нәтижеге қол жеткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мамандықты таңдау – болашақты таңдау

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез

келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ

асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Ж.Аймауытов

Әрбір баланың болашақтағы арманы бір мамандық иесі болу. Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі.Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінде де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады.Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.

Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.

Психолг мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі, болашақта өмірлік мақсат ретінде қойып, жоспар құра білгені жөн.Мамандық таңдау – белгілі бір деңгейде моральдық мәселе.Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек.Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар.Өз ісінің бүге-шігесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем, қабілеті және мінез қажет.

Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтер бар.Міне, адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін – бірі толықтырады.

Ал, мамандық таңдау ережелері:
Бірінші қадам: Байыппен бағдарлай біліңіз.
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
Екінші қадам: Дұрыс шешім өз қолыңызда.
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам: Бейімділігіңізді ескеріңіз.
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
Төртінші қадам: Өзіңізді сынақтан өткізіңіз.
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Бесінші қадам: Сұранысты да назар ұстаңыз.
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы, таңдаған мамандығына тікелей байланысты.Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Мен әлемдегі ең бақытты жанмын.Себебі: мұғалімдік – әлемдегі мамандықтар арасындағы ең-ең біріншісі, алғашқысы, тұңғышы, құрметтісі, қадірлісі, сыйлысы, мәртебелісі, қасиеттісі, құдіреттісі, киелісі.

Адамның көкірек көзі ашылмаса, ол – көрсоқыр, қара тобыр, хайуани тіршілікпен өмір кешеді.Заттық байлық, тек қана заттық байлық адамды рухани мәртебеге көтере алмайды.Өскелең өреге – биікке рухани тамаша қасиеттер жеткізеді.Мұғалім – өскелең өре, рухани биіктік мамандығы.

Мен, қиын да, қызығы мол бастауыш пәнінің мұғалімімін.Бұл киелі мамандықты таңдағаныма ешқашанда өкінбеймін.Жаста болсам, ұстаздық жолында жаңалыққа құмармын.Оқушылармен жұмыс жасағанды жаным сүйеді.Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты жанашыр тұлғамын.

Қорытындылай келе, ұлы ұстаз Әбунасыр әл Фараби «... адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді...Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады.Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.Сондықтан, бұл мақсатқа жету үшін мамандық таңдауда қателеспеуіміз керек.Себебі: «Мамандықты таңдау – болашақты таңдау» болып табылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!