Материалдар / "Мамандықтың бәрі жақсы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мамандықтың бәрі жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2018
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қоныс орта жалпы білім беретін мектебі





























Өткізген: Майхина Н.М








2017 – 2018 оқу жылы

Мақсаты: Кәсіптік бағдар беруде 9-сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету.

Тренинг міндеттері:

-          Мамандық әлемі және олаордың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту;

-          Оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау;

-          Мамандық таңдау мәселесін, жалпы өзіндік таңдау жасауға дайындықты  белсенділендіру;

1. Кіріспе сөз. Мұғалім:

Өмірде біз таңдай алмайтын өте аз нәрсе бар екен. Оларға біз өмір сүріп отырған тарихи дәуір,біздің ата-аналарымыз,балалық шағымыздағы оқиғалар т.с.с. жатады. Ал қалғандары көбінесе біздің таңдауымызға байланысты болады екен. Осы таңдаулардың жауаптысы, біздің тағдырымызды анықтайтын мамандық таңдау болып табылады. Бұған өте жауапкершілікпен, саналы түрде қараған жөн. Ал мамандықты дұрыс таңдау үшін мына 3 нәрсеге сүйену абзал.

Біріншіден, Сіздің кәсіби  қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз қандай екенін анықтау. Қысқаша оны “Мен қалаймын” деп атайық.

Екіншіден, Сіздің кәсіби қасиеттеріңіз қандай екенін бағалау: олар: денсаулық, ,біліктіліктілігіңіз бен қабілеттеріңіз. Бұл сіздің мүмкіндіктеріңізді анықтайды. Қысқаша бұны “бұл менің қолымнан келеді”.

Үшіншіден, қандай мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие, қайсылары перспективті, яғни бүгінгі таңда қоғамға керегі қайсысы.

Егер осы үш компонентті сәйкестендірсек мамандық таңдауымыз және зерттеулерге сүйенсек осылайша мамандығын таңдаған адамнан еңбек процесінде пайда да 100 пайыздық болады екен. Ал егер мамандыққа қызығушылғы төмен болса-85 пайыз. Ал қызығушылығы мен қабілеті жоқ, тек жекелеген іскерліктері мен дағдылары ғана болса 30 пайыздық нәтиже ғана болады екен.

Психогеометриялық тест”

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат.Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер.Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш .Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

«Танысу» жаттығуы. Шарты: кез келген оқушыға бір мамандықты атап, допты лақтырамын. Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті айтады. Мысалы: Мұғалім – механик, т.б. Ойын осылай жалғаса береді.

Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады:
- ең жасыл мамандықтар
- ең ақшалы мамандықтар
- ең таза мамандықтар
- ең көңілді мамандықтар
- ең тәтті мамандықтар
2 - 3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.

«Мамандықты тап» (ойын)
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Хирург
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Слесарь
Сварщик
«Әріпті мамандық» ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек.
1 топ: «А», 2 топ: «Б», 3 топ: «М».

Тренинг: Қол- мидың жалғасы.

Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік:

Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз.

Қорытынды:

Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысыз.

О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің  арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің- қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.

Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.

Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.

Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз


1. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің? Мамандық таңдау не үшін керек?

2. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?

3. Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма?

4. Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады деп ойлайсың?

5. Сен таңдаған мамандық қаншалықты сұранысқа ие?

6. Сен осы мамандықтың иесі бола тұра жұмыс таба алатындығыңа сенімдісің бе?

7. Таңдаған мамандығыңа басқа адамдардың ықпалы бар ма?

8. Қазіргі уақытта қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз?

Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет: Не істеп жүргеніңді... Қандай іс атқарып жатқаныңды... Атқарып жатқан жұмысың өзіңе ұнай ма? Жұмысың өзіңе немесе айналадағы адамдарға пайдасы бар ма? Осы сұрақтарға мұқият ойлан

Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн. Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!