Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мәміле. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:
Тақырыбы: Мәміле. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
Сабақтың мақсаты:
1.Мәміле. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен оқушыларды таныстыру;
-
Білімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту;
3. Құқық пәнініне қызығушылықтарың ояту.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ жабдығы: Кесте.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ауызша тапсырмалар.
2.Үйге берілетің сұрақтар.
3. Өздік тапсырма орындау.
4.Қорытынды ой айтқызу.
III. Жаңа материалды оқыту:
Лекция жоспары:
1.Мәмле түсінігі.
2.Шарт және оның түрлері.
3 . Қазақстан Республикасының тұтынушыларының құқықтары.
4.Дүниежүзiлiк тұтынушылардың құқықтары.
5. Кесте жұмысы.
IV.Бекіту: 1.Ортақ ой тұжырымдама жасау.
V.Қорытынды: Қорытынды шығару, бағалау.
VI. Үй тапсырмасы: Өз отбасындағы мүшелерқұқықтарың жазып кел.
Тақырыбы: Мәміле. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
Мәмле түсінігі.
Соңғы кездерде қоғам өмірінің барлық салаларына қатысы бар көптеген өзгерістер болды. Көптен бері экономика да, құқық та өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген мемлекеттің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынған мемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу — сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады.
Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.
Мәміле— бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
Мәмілені жасау — мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.
Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.
Мәміле — арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтарданерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.
Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз — жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ — мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.
Шарт және оның түрлері.
-
Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:
-
шартты жасау еркіндігі;
-
шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
-
жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
-
тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
-
тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.
Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды. Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының тұтынушыларының құқықтары.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тұтыушының құқықтарын регламенттейді және осы құқықтар бұзылған кезде қорғауы, сондай-ақ барлық тұтынщылар үшін тең жағдайлар және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың пәрменді тетігін жасауды қамтамасыз етеді.
Заңда тиісті уәкілетті орган (ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру функцяларын атқарады. Тұтынышуылар құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі фугкцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.
Заңда тұтынушылар құқықтарын қорғаудың негізгі принциптері қамтылған, заң жобасында пайдаланылатын негізгі түсініктер айқындалған. Бұдан басқа, тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) кезінде тұтынушылар мен дайындаушылар, орындаушылар, сатушылар арасында туындаған қатынастарды реттеудің тетіктері айқындалған, тұтынушылардың тиісті сападағы және тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға, тауарлар, жұмыстар, қызметтер мен оларды дайындаушылар (орындаушылар, сатушылар) туралы ақпарат алуға арналған құқықтары белгіленген.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорєау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушының өтініші, шағымы бойынша құқықтары мен заңды мїдделерін бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтар арқылы келтірілген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) кінә қоя отырып жүгінуге құқылы (мынаған назар аударамын: өз еркімен емес, тек – тұтынушының өтініші немесе шағымы бойынша).
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде кінә қоюға жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) сотқа жүгінуге құқылы. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесіне орай сотта қарауға жіберетін талап-арыздарға мемлекеттік баж салынбайды.
Дүниежүзiлiк тұтынушылардың құқықтары.
Жыл сайын, 1983 жылдың 15 наурызынан берi бүкiл әлемде Дүниежүзiлiк тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнi атап өтiледi.
Бiздiң елiмiзде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» алғашқы Заң 1991 жылдың 5 маусымында қабылданған болатын. Қазiргi уақытта «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы қолданылуда.
Алайда, 2013 жылы 13 қарашада құрылған Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттiгiнiң 2014 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетi болып қайта құрылуына заң жобасы жоспарлы жұмыс жүргiзiлуде.
Жыл сайын Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың дүниежүзiлiк күнiн мерекелеу Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (UN) қамқоршылығымен өткiзiледi. 2015 жылы Халықаралық тұтынушылық ұйым федерациясы (CI) тұтынушылардың таза тағам құқықтарына зейiн қояды. Оның девизi: «To focus on consumers rights to healthy food» — «Тұтынушылардың құқығын таза тағамға тоғыстырамыз».
Бұл күнi республика бойынша кең атап өтiледi, Солтүстiк Қазақстанда одан қалған жоқ. Осы жылғы ақпан-наурыз айларының жоспары бойынша облыстағы мектеп оқушылары үшiн семинарлар, интерактивтi сабақатар ұйымдастыру және өткiзу, буклеттер, кiтапшалар, журналдар және оқулық-әдiстемелiк құралдарды тарату бойынша акциялар, тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлескен Консультациялық орталық жұмысы аясындағы ашық есiк күндерi қарастырылған. Осы шараларда қандай да болмасын тiлек бiлдiрушiлер ай сайын әрбiр екiншi дүйсенбi және соңғы бейсенбi күндерi мамандардың бiлiктi көмегiн ала алады, сол сияқты басқа шараларды өткiзу жоспарланған.
Облыстың iшкi сауда объектiлерiнде «Тұтынушылар мүйiстерiн» ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде, департаментте 8 (7152) 52-14-36 «жедел желi» телефоны жұмыс iстейдi, уәiкiлеттi органға, сол сияқты тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiне өтiнiштер қабылдау үшiн жәшiктер қойылған.
Десе де, қандай да жұмыс жүргiзiлсе де, тұтынушының өзi саналылық бiлдiрiп, өзiнiң тұтынушылық сауаттылығын жоғарылатуы, заттаңбаларды оқуы, таңбаларды зерделеуi, жарамдылық мерзiмiне көңiл бөлуi сөзсiз. Сондай жағдайда ғана ең сапалы және табиғи өнiм таңдап алуға болады. Өз құқықтарын бұзулуы байқалған жағдайда қорқуға және тайсақтауға болмайды, қайта оны сот тәртiбiнде болса да батыл қорғау қажет.
Кесте жұмысы.
Сұрақ |
Мәмле деген не? |
Тұтынушы деген кім? |
Жауап |
|
|