Материалдар / М.Әміреұлы «Астана -арман қала»

М.Әміреұлы «Астана -арман қала»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдебиеттік оқу пәнінен үшінші сыныпқа өткен ашық сабақ үлгісі, тақырыбы:М.Әміреұлы «Астана -арман қала» сабақ үлгісін әріптестеріммен тәжірибе алмасу мақсатында жариялап отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
474
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Әдебиеттік оқу Сыныбы: 3

Тақырыбы: М.Әміреұлы «Астана -арман қала»

Сабақтың мақсаты: М.Әміреұлы «Астана -арман қала» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу.Елорда туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: М.Әміреұлы өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту,шығармашылыққа баулу, топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету.

Көрнекілігі: АКТ, маркер, плакат.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру

1.Психологиялық дайындық.

Мен, атқан таңды сүйемін,

Шуағын шашқан күнді сүйемін.

Аялаған табиғатты сүйемін,

Қоршаған бар әлемді,өзімді сүйемін.

2. Үй тапсырмасын сұрау. /1-слайд/

I топ:Болат Үсенбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.

II топ: Мемлекеттік туды сипаттау./2-слайд/

III топ: Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұндау.

3. Ой шақыру./3-слайд/

Сәулесі түскен Есілге, 
Сарыарқа төсінде. 
Армандай әсем қала бар, 
Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде. 

Ол қай қала?

4.Топтастыру «Астана»/4-слайд/

Бетегесін самал тербеген Сарыарқаның төсінде, еркелеп аққан Есілдің жағасынан орын тепкен Астананы бүгінде барша жұрт біледі. Шаһар - Отанымыздың астанасы ғана емес, оның өрлеуінің, толассыз дамуының басты көрсеткіші. Әсем қала, арман қалаға айналған елордасы Астанаға қанша ақындарымыз өлең арнаған. Бүгін біз, Махмұтбай Әміреұлының «Астана -арман қала» өлеңімен танысамыз.

Махмұтбай Әміреұлы (20.02.1942 жылы туған, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылы) – ақын./5-слайд/

Махмұтбай Әміреұлының «Жүзім бағы» (1976), «Қызыл жыңғыл» (1978), «Ақ сәуле» (1984), «Сыр әндері» (1994), «Сыр жырлары» (2000), «Жылдар, жылдар» (2002) жыр- жинақтары жарық көрген. Ол «Қызылорда вальсі», «Қимаймын», «Шалқиды ән», т.б. 100-ге жуық әнге сөз жазған./6-слайд/


5.  Мағынаны тану./7-слайд/

1.Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру.

Астана – арман қала

Сарыарқа төсінде

Сән беріп Есілге,

Жасқалаас қала,

Астана өсуде. 


Күн болып қарайды,

Шуақ боп тарайды.

Әлемгенұршашқан,

Астанам арайлы.


Елордам қуатты,

Шырайлы, шуақты.

Шұғыла шаша бер,

Алтын күн сияқты.

 

Астанам- ақ қала,

Ақ мәрмәр пәк қала.

Шарықтап, қарыштап,

Шалқи бер,шарықта.


Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу, жалғастыра оқу, тұтас оқыту.

Сұрақ-жауап әдісі

  • Өлең неше шумақтан тұрады?

  • Әр шумақта неше тармақ бар? Барлығы неше тармақ?

  • Ақынның Астанаға деген тілегін қай шумақтан оқуға болады?

Сергіту сәті «Әлқисса»/8-слайд/

6. Ой толғаныс./9-слайд/

I топ:Бес жолды өлең.

1.Не?-Астана

2.Қандай? Әдемі, көрікті.

3.Не істеді?-Көркейді,өседі, дамиды.

4. Сөйлем:Астана арман қалаға айналды.

5.Мәндес сөз: Елорда

II топ:Туған жер туралы мақал -мәтелдер.

III  топ:Эссе «Астана -арман қала»

8. Қорытынды.

9. Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ мүшелері бағаланады.

10.Үйге тапсырма:  М.Әміреұлы «Астана -арман қала»өлеңін жаттау.

11. Рефлексия/10-слайд/













 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ