Материалдар / Мәнерлеп оқу байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәнерлеп оқу байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, жастар арасында ақынның мол мұрасын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2019
6576
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ахмет- қазақ халқының рухани көсемі»
(Ахмет Байтұрсынұлы оқулары)


Мақсаты: Халықтың жүрегінен орын алған қоғам қайраткері, ғалым, ақын, аудармашы, ұлы ұстаз, бүкіл қазақ халқы бас иер асыл тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, жастар арасында ақынның мол мұрасын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, Ахмет Байтұрсынұлы оқуларына қатысушы жас өрендер! Қазақ халқының мақтанышы, ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы оқуларына қош келдіңіздер!
«Күніне бір өлең оқыған адам- ақын, айына бір өлең оқыған адам -адам»-, депті бір данышпан. Бәрімізге бірдей ақын болу міндет болмағанымен, адам болу-парыз. Жүректен шыққан сөз ғана жүректерге жетеді. Осы кеште А.Байтұрсынұлы өлеңдері мен оның мол мұрасы жандарыңызды жылытып, жүректеріңізді тербетеді деген ойдамыз. Олай болса, бүгінгі сайыс екі кезеңнен тұрады:
1. Көркем сөз сайысы (қатысушы ақынның 1 шығармасын орындайды. Берілетін уақыт 3 минут)
2. Ғылыми-танымдық жұмыстар (қатысушы зерттеу жұмысын қорғайды. Берілетін уақыт 5 минут)

Жүргізуші: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын»- деп Мұхтар Әуезов баға берген Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген. ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ұлттық жазудың реформаторы Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда еңбекші халықтың ауыр халі, арман-тілегі, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқу-білімге, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырды. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 жылы, екінші жинағы «Маса» 1911 жылы жарық көрді. Бұл жинақтың негізгі идеялық қазығы- оқу –білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етеге үндеу. Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құралы» атты еңбектері қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтар. Ахмет М.Дулатұлымен бірігіп «Қазақ» газетін шығарды. Бұл газет халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. «Әдебиет танытқыш» еңбегі- қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы- әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі болды. Мақалада Ұлы ақын Абайдың рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнерінің маңызы, көркемдік- эстетикалық сипаты баяндалды.
Сәкен Сейфуллин: ...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған, патша заманында жалғыз Ахмет еді.Ахмет қазақ ұлтына жан аямай қызмет қылды...халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін басын бәйгеге тікті-деген екен.



Жүргізуші:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы оқушыға,- дей отырып, сахна төріне сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді шақырамыз.
(Сайысқа қатысушы үміткерлер,бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер. Сіздерге сәттілік тілей отырып, мына қобдишадан өздеріңіздің нөмірлеріңізді алуларыңызды сұраймыз.Алған нөмір бойынша сайысқа түсесіздер.)



Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі,кім тапқыр-шешу қиын,
Қазылар алқасы да нық сыналар- деп бүгінгі байқауға әділ төрелік жасайтын әділ қазы мүшелерімен таныстырып өтейік:
1.
2.
3.
4.



Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй ,-деп Абай атамыз айтқандай әсем әнге де кезек келді.

Ән:


Жүргізуші:
Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы- дей келе, ақын өлеңін жатқа оқитын оқушыларымызға сөз берейік.












Жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын тесері бар,- демекші әсем ән тыңдайық.


Ән


Жүргізуші:
Қанша таяқ жесе де, сірә, қатты,
Халқының ол ұстазы-ұлағатты.
Өзімізден Ахаңды биік ұстап,
Қадірлейік намысты Азаматты
,- деп ақын мұрасын зерттеушілерге де сөз кезегі келді. Олай болса, сөз сіздерде, жас зерттеушілер.




Жүргізуші:
Жүректердің жарқылдағай жасыны,
Тыныш өмір- адамзатқа асылы.
Ел тілегі: адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры ,-демекші сайысымыздың соңына да келіп жеттік. Олай болса, әділқазы мүшелері өз қорытындыларын шығарғанша ән тыңдай отырайық.

Ән


Жүргізуші:
Жарыстар өтсін алуан,
Сынады күшің барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді, мықты әрбір жан- дей келе, әділқазы мүшелеріне сөз кезегін берейік.




Жүргізуші: Қорытынды сөз.
Жыл керуені жылжыған сайын Ахмет Байтұрсынұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызға да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Сондықтан оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық!



188 мектеп-гимназия












Аудандық «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!