Материалдар / Мәнерлеп оқу сайысы 3-сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәнерлеп оқу сайысы 3-сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Құнанбаевтің 175 жылдығына орай 3- сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып жатқан мәнерлеп оқу сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
2818
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәнерлеп оқу сайысы

Мұғалім: Тустикбаева Айжан Жаксылыковна

Тақырыбы: «Абай дана, Абай дара қазақта»

Мақсаты: талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Көрнекіліктер: Абай суреті, оқулық, Абай шығармалары, кітап бұрышы, слайд,виде,нақыл сөздер:

1) «Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді»
Ғ.Мүсірепов

2) «Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі көргендікпен ұға білуінде жатыр»

К.Семенов

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті өнер сүйер халайық.
Өнердің түрі көп. Бейнелеу өнері, кино өнері, театр өнері, сурет өнері, сәулет өнері, мүсін өнері, т.б. өнерлердің ішіндегі ең құдіреттісі ол – сөз өнері. 
2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі кешіміз талантты ақынымыз Абай Құнанбайұлына арналады.
1-жүргізуші: Жылуы мол жібітердей тоң-тасты,
Жылдар легі жылжып алға жалғасшы.
Жақсылық пен жақсы үміттің ғасыры,
Жылың мынау барады өтіп алғашқы-дей келе Абай атамыздың өміріне шолу жасасақ.
2- жүргізуші: Жүректердің жарқылдағай жасыны,
Тыныш өмір-адамзатқа асылы.
Ел тілегі: адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры! 
1-жүргізуші: озық ойлы Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.
2-жүргізуші: «Абай оқулары» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:Біздің байқау 2 кезеңнен тұрады.

1 кезең: Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру.

2кезең:Абай атамыздың өлеңін жатқа айту.
2- жүргізуші: Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін жас ақындарымыздың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.

2.
3.

Ал онда 1-кезеңімізді бастайық.

1-жүргізуші:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?

( Көкбай ).

2.Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов).

3.Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

2-жүргізуші:

6.Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

8.«Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).

9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

10.«Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).

1-жүргізуші: Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауыртқан таулардан сені іздедім, - деп бүгінгі жас ұрпақ өз сағынышы, жүректегі ыстық ықыласын жыр шашу етіп шашады.

Ондай болса 2-кезеңді бастасақ.

21-оқушы:
2- жүргізуші:
Тұңғыш призендіміз : «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.
1- жүргізуші:
Құттықтау сөз мектебіміздің кітапханашсы
беріледі.
(оқушыларды марапаттау).
2-жүргізуші: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол теріңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.

1-жүргізуші:Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық. Абай атамыздың 175 жылдығына орай 3 «А» сынып оқушылары ұйымдастырып отырған «Абай дана, Абай дара қазақта»атты мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті.

Екі жүргізуші бірге: Назар салып, тыңдағандарыңызға көп рақмет.











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!