Тақырыбы: «Асыл сөзді
іздесең Абайды оқы, ерінбе...»
(мәнерлеп оқу
сайысы)
Мақсаты:
-
Оқушылардың ұлы кемеңгер ақын
Абай Құнанбаев шығармашылығымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен
қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа
баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
-
Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп
оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын
дамыту.
-
Мейірімді, адал болуға,
адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға
тәрбиелеу.
Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ – жауап,
шығармашылық көрініс.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың портреттері,
интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.
Пәнаралық
байланыс: қазақ әдебиетімен,
музыка
Барысы:
1-жүргізуші: Өнердің түрі көп. Бейнелеу
өнері, кино өнері, театр өнері, сурет өнері, сәулет өнері, мүсін
өнері, т.б. өнерлердің ішіндегі ең құдіреттісі ол – сөз
өнері.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі кешіміз талантты ақынымыз Абай Құнанбайұлына
арналады.
1-жүргізуші: Жылуы мол жібітердей
тоң-тасты,
Жылдар легі жылжып алға
жалғасшы.
Жақсылық пен жақсы үміттің
ғасыры,
Жылың мынау барады өтіп
алғашқы.
2-жүргізуші: Жүректердің жарқылдағай
жасыны,
Тыныш өмір-адамзатқа
асылы.
Ел тілегі: адал еңбек, маңдай
тер,
Ей ғасырым, бол білімнің
ғасыры!
1-жүргізуші: Озық ойлы Абайтанушылар! Жыл
керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған
өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін
шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері
келешек заманымызда да гаухардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге
нұр болып құйыла берері хақ.
2-
жүргізуші: «Абай оқулары» байқауын
бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды
оқы, ерінбе» -деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, мәнерлеп оқу
сайысымыздың басты екі турымен таныстырып
өтейік.
Бірінші тур 2
кезеңнен тұрады, «Абай әлемі», яғни бұл
кезеңде ақын өмірінен берілген сұрақтарға жауап
бересіндер.
2 кезең «Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа
орындауы тиіс.
Екінші тур:
3кезең «Жыр жазамын Абайдың
үлгісімен» шығармашылық кезең деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар
өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды.
4 кезең: «Абай айтқан
асылдар», бұл кезеңде сайыскерлер берілген нақыл сөздердің жалғасын
табады.
2-жүргізуші: Енді осы байқауға
сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, сахналық шеберлігін, інкәр
сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздың дарындылығын
бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып
өтейік:
-
Мектеп директоры – Мустафина
Гульчат Чайхановна
-
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі- Тоқтасынова Гүлнар
Какенқызы
-
Бастауыш сынып мұғалімі-
Чапатова Айжан Мухаметқалиқызы
1-жүргізуші: Әділқазылардың
міндеттері:
-
Қатысушылардың өнеріне талдау
жасайды және бес ұпайлық жүйемен
бағалайды;
-
Жеңімпаздарды анықтайды және
жүлделі орынға бөледі;
-
Қазылар алқасының төрайымы
«Абай оқуларының» қорытындысы туралы есеп
береді.
2-жүргізуші: Жарыстар өтсін
алуан
Сынасын күшін барлық
жан.
Жүлдесін алып
шаттансын,
Білімді мықты әрбір
жан.
1-жүргізуші: Өлең сөздің патшасы, сөз
сарасы
Қиыннан қиыстырар ер
данасы,
Тілге жеңіл жүрекке жылы
тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін
айналасы- дей келе сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
2-жүргізуші: Әлем танып, таңданды ұлы
Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері
маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе
де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық
маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға
екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек
бүгін.
Тірілерін құрметтеп,
өлілерін
Тірілтуде әнменен
міндеттімін.
«Ұйықтап жатқан жүректі
ән оятар» демекші ұстаздарымыздың орындауында Абайдың «Желсіз түнде
жарық-ай» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Сайысымыздың бірінші кезеңін
бастаймыз. Ортаға қатысушыларды шақырамыз. Қатысушыларға «Абай
әлемі» номинациясы бойынша сұрақтар
қойылады.
-
Абай қай жерде дүниеге
келген? (Шығыс Қазақстан облысы,
Шыңғыс тауының бөктерінде)
-
Абай қай күні, қай жылы
туылған? ( 1845 жылы 10
тамызда)
-
Абайдың руы, қандай ортадан
шыққан? (
Тобықты)
-
Абайдың шын
аты? (Ибраhим)
-
Абайдың әкесінің аты кім?
(Құнанбай)
-
Әжесінің аты
кім? (Зере)
-
Абайдың анасының аты
кім? (
Ұлжан)
-
Абай неше жасқа дейін
оқыған? (
13)
-
Абай кім?
( ақын, сазгер,
аудармашы)
-
Қандай өлеңдерін
білесіңдер? ( Жаз, Қыс, Күз, Көктем жыл
мезгілдері туралы т.б.)
2-жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері
бар
Тыңдаушының құлағын кесері
бар
Ақылдының сөзіндей ойлы,
күйлі,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар
– деп Абай атамыз айтқандай,
келесі кезекті әнге береміз.
1-жүргізуші: Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап
қанықты
Үлгі тұтып бәйтеректей
алыпты,
Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ
қайдасың,
Өлеңдер оқып өзіңді бір
танытшы- дей отырып, сайысымыздың «Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін...» деп аталатын келесі кезеңген бастайық. Бұл кезеңде
сайыскерлеріміз өздерінің жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп, жатқа
айтады.
2-жүргізуші: Сайысымыздың 3 кезеңі «Жыр
жазамын Абайдың үлгісімен» шығармашылық
кезеңі.
Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін
Жоқ барды, ертегіні термек
үшін
Көкірегі сезімді, тілі
орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек
үшін, - деп Абай атамыз жырлағандай, өзі салған өрнекті өлең
үлгісімен бүгінгі ұрпақтарға өлең шумақтарын құрастырып келген
болатын. Олай болса сол өлеңдерін оқуға оқушыларымызды
шақырамыз.
1-жүргізуші: Асыл сөзді
іздесең,
Абайды оқы,
ерінбе!
Адамдықты
көздесең
Жаттап тоқы көңілге – деп
С.Торайғыров жырлағандай, сайысымыздың ең соңғы кезеңі «Абай айтқан
асылдар» деп аталатын 4-ші кезеңімізді бастаймыз. Яғни, бұл
кезеңімізде сайыскерлеріміз нақыл сөздердің жалғасын
табады.
Сенде бір кірпіш
дүниеге (Кетігін тап та, бар
қалан)
Білімдіден шыққан
сөз ( Талаптыға болсын
кез)
Атаның баласы
болма, (Адамның баласы
бол)
Талап, еңбек, терең ой
(Қанағат рахым, ойлап
қой)
Досы жоқпен
сырлас (Досы көппен
сыйлас)
Үш-ақ нәрсе адамның
қасиеті ( ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек)
Өткірдің жүзі, кестенің
бізі ( Өрнегін сендей сала
алмас)
Толғауы тоқсан қызыл
тіл ( Сөйлеймін десең өзің
біл)
Еңбек қылсаң
ерінбей (Тояды қарның
тіленбей)
Әсемпаз болма
әрнеге (Өнерпаз болсаң
арқалан)
Әділқазы мүшелері
қорытынды бағасын шығарғанша тағы бір әнді қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші: Кешімізді қорытындылаймыз:
Абай барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұятты, ұлттық
намысы. Абай шыққан биік, Абай байлаған тұңғиық қазақ халқының
шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан Абайды оқымаған,
сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін
оқушылар болмауға тиіс. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер
жазушы Мұхтар Ауезов «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана іштім»
деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол
тереңнен дәмін ғана таттық ғой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан,
білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық. Бүгінгі кешімізді
қорытындылай келе, тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен
аяқтаймын. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,
қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы
тиіс» дей келе, біз де Елбасымыздың айтқан сөзіне қосыла отырып,
«Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе...» атты мәнерлеп оқу
сайысын аяқтаймыз.