Материалдар / Мәнерлеп оқу сайысы.Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған сыныпаралық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәнерлеп оқу сайысы.Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған сыныпаралық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай атамыздың өлең жырларымен таныса отырып ,өмірбаянын,жазған еңбектерінің кереметтілігін біле отырып жас ұрпақ өлеңдердң мәнерлеп,жатқа айтып жаттығады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
678
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






« Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:____________ А.Емешова

«Абай –дана, Абай- дара қазақта».

Мақсаты:

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу арқылы адамгершілік қасиетттерге тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар.

Барысы:

Кіріспе Мұғалім сөзі:  Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі өткізіліп отырған « Абай- дана, Абай- дара қазақта»  атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толу мерекесіне арналады.   Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.


Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып аяғын көп шалдырған

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.


Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға – Абай Құнанбаев. Абай атамыз адам тіршілігінің сан – саласын қамтып, кешегі мен бүгінді, болашақты ұштастырған дана әрі дара ақын. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ар-ұжданы болып қала береді.Ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы.


1 оқушы:Бекнур

Сахнаға Абай шығады.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.


2-оқушы :Аянат Өмірбаян.

          Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр  балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.Болашақ ақын жас кезінен өлең , әңгімеге әуес болып , әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан  арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе  араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.

    




 3-оқушы Жауқазын: Абай туралы сөз.

 Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші  болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда  данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде  туды да, қорлықпен өтті.

                                                                                             Шәкәрім.

           

4-оқушы : Аида .Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан  бұрынғы –соңғы заманда  қазақ баласында  біз білетін ақын болған жоқ.

                                                                             Ахмет Байтұрсынұлы.

 5-оқушы :  Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге  қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

                                                                              Мұхтар Әуезов.

           

Мұғалім:

Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе-жастар мәселесі. Оның ішінде оларды білім алуға, оқуға,еңбекке,мәдениетке шақыру. 
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 
Жырымен жан сусынын қандырған кім? 
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті 
Мұрағып кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып,ойланып ер жеткен кім? 
Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құба жон,құбақан құм,құла қырды 
Өлеңнің бесігіне бөлеген кім?


6- оқушы :  Аружан . Абай – сазгер.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
• Тәңір қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
• Көзімнің қарасы
• Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң
• Айттым сәлем, Қаламқас
• Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің?
• Ата-анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймедім
• Желсіз түнде жарық ай


Мұғалім:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.


Ән «Көзімнің қарасы»

8- сынып оқушысы: Айжанның орындауында «Көзімнің қарасы» әнін тамашалайық




-Ал, балалар енді Абай Құнанбайұлына байланысты бірнеше сұрағым бар.

Сұрақтар : Абай шығармашылығына  байланысты.

1. Абай неше тілді жақсы меңгерген, аттарын ата? (араб,парсы,шағатай)

2.Абайдың өлеңдерін ата?(Ғылым таппай мақтанба, Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Қыс т.б)

3.Туған жері – бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген).

4.  Абайдың әжесінің аты кім?  (Зере)

5.Абайдың шын есімі кім?   (Ибраһим)

6. Абай қай жылы дүниеге келді?  (1845 жылы)

7. Абайдың анасының аты кім?   (Ұлжан)

8. Абай қай жылы дүние салды?   (1904 жылы)

9.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).

10. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

11. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).


Мәнерлеп оқу сайысына қатысатын оқушылар:

1-оқушы: 2 «А» Шектібай Жәния

2-оқушы: 2 «Ә» Медетова Махаббат

3-оқушы: 2 «Б» Нургалиева Кымбат

4-оқушы: 2 «В» Жалдыбаева Акбаян

5-оқушы: 2 «Г» СарсеноваАиша

6-оқушы: 3 «А» Қуантқан Ислам

7-оқушы: 3 «Б» Айтбаева Сая

8-оқушы: 3 «В» Молдабаев Айбат

9-оқушы :3 «Г» Аханова Асел

10-оқушы: 4«А» Жолдасбай Жауқазын

11-оқушы: 4«Ә» Адильбаева Нурай

12-оқушы :4«Б» Бердикеева Гулжайна

13-оқушы: 4«Б» Амантурова Сабира

14-оқушы: 4«В» Жубатканова Маржан

5-сынып оқушыларының орындауында хор

Ән : «Желсіз түнде жарық ай» 




Қорытынды :

Қазақ әдебиетіне сансыз жаңалық енгізген, қазақтың шебер суретшісі, сұлу сөздің атасы, тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы, қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай атамызға арналған салтанатты кешіміз осымен аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.








Қармақшы аудандық білім бөлімінің "№273 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі .12.2019ж. бастауыш сыныптар арасында болып өткен іс-шаралар туралы

Анықтама

«Абай –дана, Абай- дара қазақта» атты бастауыш сынып арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға – Абай Құнанбаев.

Ұлы тұлға , біртуар ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған

іс-шарада ақынның өнегелі өмірі , өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерін оқи отырып, ақындық өнердің қыр – сырымен таныса отырып , жас жеткіншектерді адамгершілік

қасиетттерге , білімпаздыққа , өнерге тәрбиелеу.

Абай атамыз адам тіршілігінің сан – саласын қамтып, кешегі мен бүгінді, болашақты ұштастырған дана әрі дара ақын екенін жас өрендерімізге саналы түрде жеткізе отырып ., халық тарихи дамудың қаншама

асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ар-ұжданы болып қала беретінін ,ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы екенін ұғындыру.

«Абай –дана, Абай- дара қазақта» атты мәнерлеп оқу сайысында бастауыш сыныптар арасынан 15 бала Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып ,өз өнерлерін ортаға салды .

Абай Құнанбайұлына шығармашылығына мен өміріне   байланысты сайыс қатысушыларына бірнеше сұрақтар қойылды .



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!