Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мәңгілік ел" авторлық бағдарлама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАЗЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА
2017 жыл
«Мәңгілік Ел» бағдарламасына жазылған
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Ұлт саясатының стратегиялық бағытына тәуелсіздікті нығайту, еліміздің тұтастығын сақтау, ары қарай тұтас мемлекет пен барлық қазақстандық қоғамның даму стартегиясы кіреді.
Егемендік алған еліміздің ғылым мен техниканың дамыған заманында нарықтық экономикаға көшуі - жалқауларды, білімсіздерді ойландыратын уақыт. Елімізге керегі – білім мен жан-жақтылық, тиянақтылық, іскерлік, көрегенділік, салт-дәстүрге, халқының тамаша қасиеттеріне, тарихына деген құрмет. «Қазақстан-2030» бағдарламасы – болашаққа бағыт-бағдар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір халық өз тарихын, философиясын білмейінше, оған белгілі бір көзқараста болмайынша, ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес» деуінен мәдениеттің, салт-дәстүрдің, тәлім-тәрбиенің, әдебиеттің дамып өзгеруі қоғамның, әлеуметтік, экономикалық жағдайдың, дамып өзгеруімен тығыз байланыста екендігін байқауға болады.
Бұл ой Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясында көрініс тапқан. Қазіргі кезде республикамыздың егемендігі мен бейбітшілігін сақтауда тұлғаның патриоттық, адамгершілік құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, ұлттық тұлға қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Еңбек» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында,Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени - этникалық білім беру тұжырымдамаларында, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында», «Бала құқықтары декларациясында» және үкіметтің құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерінде айқын аңғарылады.
Сабақтарды жүргізу түрлері мен әдістерін оқытушы негізгі дидактикалық материалдарының мақсаттары мен мазмұнына қарай таңдап үлестіріп отырады.
Сабақ барысында семинарлар, өзіндік жұмыс сабақтарын өткізу, интелектуалдық жаттығулар жасау, тесттер өткізу, рефераттар жаздырып, оларды талқылау түрінде жүргізілуі тиіс.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Әрбір оқушы өлкесінің, аймағының тарихымен танысу, өз елінің, мемлекетінің, сонымен бірге өз тарихын білу және оны сапалы түрде меңгеруі қажет.
Қазақстанның мемлекет болып құрылудағы тарихи шежіресі мен зайырлы тұрғыдағы көшбасшылық ел екенін болашақ алдында дәлелдеу. Елбасымыздың өмір ұстанымын оқушыларға дәріптеу. Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлының патриоттық - ерлік дәстүрлерін кеңінен насихаттап, таныстыру және оны үлгі ете отырып оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының патриоттық-ерлік дәстүрлері – халықтың өзіне тән азаматтық құндылықтары, оның Ұлы Отан соғысы кезіңдегі маңызы мен қазіргі уақыттағы қажеттілігі.
Мектеп оқушылары бала жастан ұлттық мәдениеттің озық тәжрибесін меңгеріп өсу үшін, оларға кәсіби білімі жоғары, ұлттық дәстүрлерді, Бауыржан батырдың шығармашылығы мен өмір жолындағы ерліктері мен еңбектерін, отаншылдық жайындағы толғаныстары мен көзқарастарын оқу-тәрбие процесінде кәсіби шеберлікпен пайдалана алатын, өзінің де патриоттық қасиеттері осы талап деңгейінен шығатындай мамандар дайындау.
Сабақтарда қазақстан тарихындағызиялы қоғамының мұраларының тәлім-тәрбиелік мәні айқындалады. Сонымен қатар бала бойында адамгершілік, инабаттылық, үлкенге құрмет сезімін дарыту, сондай-ақ кішіге ізет сезімдерін қалыптастыру көзделді.
Шығармашылық тапсырмаларды реферат түрінде орындату, сайыс, мұражайға саяхат ұйымдастыру, пікірталастар, дөңгелек үстел, іскерлік ойындар, образдық талдау жасату арқылы практикалық жұмыс түрлері жүргізіледі. Ұйымдастыру түрлеріне қарай сөздік, көрнекілік, проблемалық, тесттік, бейне әдіс, сауалнама, топтық жұмыс т.б әдіс тәсілдер қолданылып оқушылар білімін жетілдіру жүзеге асырылады.
«Мәңгілік Ел» бағдарламасы
6 - сынып
№ |
Тақырыптың атауы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет (11 сағат) |
|||
1 |
Кіріспе |
1 |
|
2 |
Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолдары |
1 |
|
3 |
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін айқындайтын белгілер (нышандары) |
2 |
|
4 |
Қазақстан Республикасының Конституциясы |
2 |
|
5 |
Қазақстан - көпұлтты зайырлы мемлекет |
1 |
|
6 |
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдағы рөлі |
1 |
|
7 |
Қазақстанның шетелдермен қарым - қатынасы |
2 |
|
8 |
Қазақстанның Елордасы - Астана |
1 |
|
Ұлт бірлігі, бейбітшілік пен келісім (4 сағат) |
|||
9 |
Бірлігі жарасқан берекелі Қазақстан |
1 |
|
10 |
Азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім - мемлекеттің басты байлығы |
1 |
|
11 |
Қазақстан халықтар Ассамблеясы |
1 |
|
12 |
Шетелдегі қазақ диаспарасы. |
1 |
|
Зиялы қоғам мен рух (2 сағат) |
|||
13 |
Зиялы қауым және қоғам |
1 |
|
14 |
Ұлт зиялылары |
1 |
|
Білімді ұрпақ - ел болашағы (3 сағат) |
|||
15 |
Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесі |
1 |
|
16 |
Бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы - Үш тұғырлы тіл |
1 |
|
17 |
Ұлт денсаулығы – ұлт байлығы |
1 |
|
|
Еліміздің экономикалық өркендеуі «Мәңгілік ел» мұраты (3 сағат) |
|
|
18 |
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінде экономикалық өркендеу |
1 |
|
19 |
Зейнетақы, әлеуметтік реформалары арқылы ел мен мемлекеттің жаңаруы. |
2 |
|
Жалпыға ортақ еңбек қоғамы (2 сағат) |
|||
20 |
Елбасымыздың саясаты «Еңбек етсең ерінбей жетесің мұратқа сеніммен» басты мақсатты ұстаным |
1 |
|
21 |
«Еңбек» Заңы |
1 |
|
Ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстанның әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі рөлі. (5 сағат) |
|||
22 |
Қазақстандық армияның жауынгерлік күші. |
1 |
|
23 |
Құрлық әскері |
1 |
|
24 |
Әуе әскері |
1 |
|
25 |
Теңіз әскері. |
1 |
|
26 |
Шекара – мемлекет қауіпсіздігінің тірегі |
1 |
|
Құқық әліппесі (4 сағат) |
|||
27 |
Құқық туралы жалпы түсінік |
1 |
|
28 |
Бала құқығы |
1 |
|
29 |
Өз міндетімізді білеміз бе? |
1 |
|
30 |
Қорытынды |
1 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер
-
М.Қ.Қозыбаев. И.М.Қозыбаев. «Қазақстан тарихы». Алматы. 1993 жыл.
-
Х.Маданов. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы. 1995 жыл.
-
Бес арыс. Алматы. 1991 жыл.
-
Әлихан Бөкейханұлы. Шығармалар. Алматы. 1994 жыл.
-
М.Қозыбаев. Ақтандақтар ақиқаты. Алматы. 1992 жыл.
-
Қазақ Совет Энциклопедиясы. 1-12 томдар. Алматы. 1990 жыл.
-
Х.М.Маданов. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері.
Алматы. 1995 жыл.
-
М.Шоқай. Түркістанның қилы тарихы. Алматы. 1992 жыл.
-
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен стратегиясы. Алматы. 1992 жыл.
-
О.Сүлейменов. Азия. Алматы. 1992 жыл.
-
М.Қойгелдиев, Томарбеков. Тарих тағылымы не дейді?
Алматы. 1993 жыл.
-
М.Қозыбаев. Қазақстан-майдан арсеналы. Алматы. 1970 жыл.
-
«Қазақстан тарихы» (очерктер). Алматы. 1970 жыл.
-
Ч.Мусин. «Қазақстан тарихы» Алматы. 2005 жыл.
-
Қазақстан тарихы (энкциклопедия). 5-том. 2008 жыл.
-
Люди, события, даты. Всемирная история. Франция. 2007 жыл.
-
Елбасының саясатындағы жылдық жолдаулар.
-
Н.Назарбаев Қазақстан жолы, - Астана, 2007жыл