Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мәңгілік елге саяхат" сайыс сабағы 8-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұнайлы ауданы
«№7 жалпы орта білім беру мектебі»ММ
«Мәңгілік елге саяхат»
атты сыныптан тыс сайыс сабағы
8-сыныптар
География пәні
Мұғалімі: Утепова Л.С
Күні:.
Сынып: 8 «а», 8«б»,8 «в».
Сайыстың тақырыбы: «Мәңгілік елге саяхат»
Мақсаты: Оқушылардың географиялық білімдерін жетілдіру, жан-жақты пән аралық байланысты дамыта отырып, жүйелі ой-өрісін қалыптастыру.
Сабақтың барысы: Әділ қазылар алқасы таныстырылады. Ойынға 3 топ қатысады. Өздерін таныстырады.
Мұғалім сөзі: Құрметті
қонақтар, оқушылар бүгінгі «Жаратылыстану» апталығында өткізіліп
отырған « Мәңгілік елге саяхат» атты сыныптан тыс сайысымызды
бастаймыз!
Тәуелсіздігіміздің 25
жылдығына орай және аға-әпкелерінің рухын көтеру үшін Қалқаман
Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлеңін оқып беруге ,6 «ә» сынып оқушысы
Жолдасова Қамарсұлуды шақырамыз.
Ойын ережесі.
Ойын 3 турдан тұрады.
І тур - «Тәуелсіздік тарихы»
ІІ тур – «Не?Қайда?Қашан?»
ІІІ тур - «География әлемі»
І тур ережесі:
Әрбір топ интербелсенді тақтадан ұяшықты таңдайды. Көрсетілген суретке қатысты мәліметтер айтуы қажет. Жауап қаншалықты дұрыстығына,нақтылығына қарай әділ қазылар 1-5 аралығында ұпай береді.
Жауаптары:
1-сурет. 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтірілді.
2-сурет. Тәуелсіздік монументі - 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монумент. Оның биіктігі 28 метрге жетеді. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт, бұзар алтынға малынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т) аса айбарлы кейіппен, тәуелсіздіктің монументі беріктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.
3-сурет.2006 жылы Алматы қаласында «Желтоқсан оқиғаларының» 20 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші бой көтерді.
4-сурет. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылға 10 желтоқсаннан бастап ие болды. 1998 жылдың 6 мамырында Президент Н. Ә. Назарбаев "Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы болып өзгертілгені туралы" жарлыққа қол қойды. Жаңа астананы әлемге таныстыру - ресми тұсаукесер той 1998 жылғы 10 маусымға тағайындалды. 2008 жылы 24 маусымдағы Заңмен 6 шілде- Астана күні, мемлекеттік мереке болып белгіленді.
5-сурет. 2013 жылдың желтоқсан айында әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердың туындысы «Назарбаев орталығы» ашылды. Тоғыз қабатты ғимараттың ауданы 28 мың шаршы метр. Кітапхана қоры 460 мың бірлікке есептелген. Елбасы ашылу салтанатында осы орталықта тәуелсіздік алу жолындағы тарихымыз, әлемдік экономика және саясат зерттеледі; жастар тіл меңгеріп, жаңа ғылымдар саласында білім ала алатынын айтты.
6-сурет.«Мәңгілік ел» қақпасы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ашылды (2011 ж). Сәулет нысанының биіктігі де сәйкесінше 20 метр.
ІІ тур ережесі:
Түрлі мемлекеттің балалары сұрақтар жазылған хат жолдайды, ал ойыншылар 1 минуттың ішінде топпен бірге ақылдаса отырып, сұраққа жауап іздейді.
Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе, 5 ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда келесі команда жауап бере алады, бірақ ұпай 1 санға төмендейді.
Егер ойыншылар сұрақтың жауабын білетін болса, 1 минут ойланбай-ақ жауап беруге болады.
Сұрақтар
1.Ұлыбританиядан хат. 30 жылдары ағылшын Кен Астон офистен шығып, үйіне ұлтаралық коммуникациялар туралы мәселелерді ойлап бара жатты. Ол бағдаршамға тоқтағанда, оған жаңа бір ой келеді? Ол не ойлап тапты?
Жауабы: Футбол төрешілер үшін қызыл және сары карточкалар
2.Африкадан хат. Африканың суахили халқында ең алғашқы адам аспаннан түскен деген аңыз бар. Оған түсуге не көмектесті?
Ответ: Жираф.
3. Бразилиядан хат.Теңіз құрттарының қан құрамында гемоглобин орнына хлорокруорин болады.
Сонда қанның түсі қандай?
Жауабы :Жасыл
|
|
|
|
||
|
|
|
|
||
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
4.Египеттен хат.
Ежелгі Мысырда мысықтарды астық қорғауға асыраған. Өгіздердің көмегімен жер жыртқан.Сонымен қоса,б.з.д. ХІХ ғасырда маймылдарды қандай мақсатпен ұстаған?
Жауабы: Жеміс жидектерді жинату үшін(Для сбора фруктов с деревьев)
|
5. Монғолиядан хат. Сақтар ең алғашқы болып тамаққа сары майды қолданды. Оның қазіргі сары майдан айырмашылығы қандай? Жауабы: Оны жылқының сүтінен жасаған.( Оно было сделано из кобыльего молока) 6. |
Франциядан хат. Кештердің бірінде император Наполеон ІІІ сарай әйелдеріне жылтыр металдан жасалған сырға, білезік, түйреуіштер сыйға таратты. Өкiнiшке орай, әшекейлер кеш аяғында қарайып кетті. Қазір бiздiң заманымызда бұл материалдан осы әшекейлерді жасауды ойламас едi. Металды атаңыз.
Жауабы:Алюминий
ІІІ тур
Ережесі: Топқа 10 сұрақ қойылады. Әрбір сұрақ бір баллмен есептеледі.
І топ сұрақтар:
-
Қазақтың тұңғыш географ – ғалымы(Ш.Уалиханов)
-
Глобус пен карта бетіндегі экваторға параллель жүргізілген сызықтар.(Параллельдер)
-
Антрактиданы ашқан саяхатшылар (Ф.Беллинсгаузен, М.Лазарев)
-
Жер қабатының қозғалысын сезетін аспап( Сейсмограф)
-
Ерте заманда Қазақ жерін зерттегендер: (Герадот,Птоломей,Страбон)
-
Қытайлықтар, жапондықтар, корейлер қандай нәсілге жатады?( монголоидтық)
-
Оңтүстік Америкадағы ең ірі мемлекет: (Бразилия)
-
Теңізге шығатын жолы бар Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер ( Қытай, Ресей)
-
Қазақстандағы фосфорит рудасы өндірілетін тау жоталары (Мұғалжар, Қаратау.)
-
Орташа таулар мұхит деңгейінен неше метр биікте орналасқан (1000-2000 м)
ІІ топ сұрақтар:
-
Қазақстанның БҰҰ-на мүше болған уақыты: (02.03.1992 ж)
-
География ғылымының салалары. (Физикалық, экономикалық.)
-
Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы. (Жиынтық радиация.)
-
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал: (Барометр).
-
Орта ғасырда Қазақ жерін кімдер зерттеген?(ибн Хордадбек,әл-Истахри, әл-Масуди,әл-Идриси, ибн Фадлан, Махмуд Қашқари,Әл-Фараби, Елюй Чу-Цай,Чань Чунь және т.б)
-
Жер бетіндегі нүктенің ендігі мен бойлығын осы нүктенің несі деп атайды (Географиялық координаталары).
-
Қазақстандағы ең алғашқы игерілген мұнай кен орны. ( Доссор)
-
Қазақстанның шығыс шекарасындағы тау.( Алтай).
-
Қазақстанның теңіз деңгейінен ең биік нүктесі.(6995 м Хан-Тәңірі шыңы)
-
Аласа таулар мұхит деңгейінен неше метр биіктікте орналасқан? (500-1000 м)
ІІІ топ сұрақтар:
-
Күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. (Плутон)
-
Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері. ( –132 м.Қарақия ойпаты)
-
0-тық бас меридиан қай қаланы кесіп өтеді. (Лондон).
-
Жер бетіне түсетін күн сәулесінің неше пайызын атмосфера шағылыстырады( 20%)
-
16-20 ғасырларда Қазақ жерін кімдер зерттеген? (П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов,А.Н.Краснов, Л.С.Берг,Ш.Ш.Уәлиханов)
-
Қазақстанға тропиктік ауа массасы қашан келеді ? (Жазда)
-
Жердің бетін оның үстіңгі жағынан кішірейтіп бейнелейтін сызба?(план)
-
Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін алып жатқан жазық. ( Тұран)
-
Қазақстанда уран өндірілетін жерлер. (Солтүстік Қазақстан,Маңғыстау облысы)
-
Биік таулар мұхит деңгейінен неше метр биіктікте орналасқан?(2000 м-ден астам)
Қорытынды.
Әділ қазылар алқасы ой
түйіндейді.Ұпай сандарына қарай топтар марапатталады.
Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі
«Жаратылыстану»апталығында өткізіліп отырған « Мәңгілік елге
саяхат» атты сыныптан тыс сайысымыз аяқталды. Көңіл бөлгендеріңізге
көп – көп рахмет!