Материалдар / Маңғыстау күйлерін насихаттау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Маңғыстау күйлерін насихаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Маңғыстау күйлерінің шығу тарихымен танысу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2021
389
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебі













Маңғыстаудың күй-керуені

(тәрбие сағаты)













Сақтағанова Б













2021 ж

«Маңғыстаудың күй-керуені»атты тәрбие сағаты.

Мақсаты:Оқушыларға атақты Маңғыстау күйшілері,күйлері туралы мағлұмат беру,күйлердің шығу тарихын айтып беру.

Көрнекілілігі:домбыра,суреттер,қанатты сөздер,үнтаспа,күйшілердің портреттері,маңғыстау күйлері туралы кітаптар.

Күй күмбірлеп ағады тиектерден, Бар ырысын бойына жиып терген. Киелі маңғыстауым маңғаз мекен, Күйшілер көрінген әр кез биіктерден.

Күй-қазақтың ішкі жан дүниесінің,арман-мүддесінің болмысының сыры.Қазақ күйлерінде қазақтың шынайы тазалығы,мінезі,кеңдігі,батылдығы және дарқындығы бар.Күй мыңдаған ұлт,ұлыстардың ішінде тек қазаққа ғана тән өнер.Маңғыстау өңірінде аңыз-әңгімелер мен батырлық жырлар,халық әндері мен күйлері мол сақталған.Маңғыстау күйлерінің басты ерекшелігі,оның тылсымнан тамыр тартқан бағзылық сипатында екен.Бағзылықтан бастау алған тарихи нақтылығында екен.Күйлердің келер ұрпаққа да ұқтырар ұлағаты,жұқтырар шапағаты ұшан-теңіз.

I.Сіздердің тамашалайтындарыңыз «Нар идірген» аңыз күйінен көрініс.Күйді орындаушы Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкер,Құрманғазы атындағы консерваторияның құрметті профессоры Сержан Шәкіртов.Ол Маңғыстаулық күйшілердің күйлерін өрнек-ерекшелігімен өте шебер,мінсіз,әдемі орындайтын айтулы күйші. (Интерактивті тақтадан тамашалау)

Күйім тасып барады,күйім тасып, Ойнақтайды он саусақ перне басып. Құйқылжыған бір күйдің бастамасы, Домбырама келіп тұр тайталасып.

Маңғыстаудың күйшілік мектебі мазмұны жағынан ұлан-асыр тарихпен ұштасатын кең тынысты,әрқайсысы бір-бір дастанға бара-бар программалық күйлермен тыңдаушының көңілін ғана емес,көзінде баурап алатын бай мимикалы,алуан қағысты күрделі техникасымен,өткір темпераментімен ерекшеленеді.

II.Маңғыстау,Үстірт аймағындағы атақты халық сазгерлерінің бірі-Абыл Тарақұлы.Шын аты-Абылай.Үй-ішінің жас кезінде еркелетіп айтуымен ел арасында Абыл атанып кетеді.Абылдың әкесі Тарақ төңірегіне сыйлы,орта дәулеттің адамы болған.Шешесі Таразы ауыл арасына танымал әнші болған.Абыл атасының дәулеті арқасында не ішем,не кием демей,еркін өсіп,ерте атқа мініп,оң-солын танып өседі.Ол аңшы-сері,әнші-күйші азаматтармен араласып,түрікмен,қарақалпақ өңірін аралап,Хиуада болып өнерпаздармен араласып,жаны жарасқан көп дос тапқан.

XVIII ғасырдың соңында Кіші жүздің көптеген рулары Жайықтан арғы алап пен Еділ бойы сияқты ата қонысына тұяқ тигізуге зар болады.Осы кезде Үстірт үстіне ығысқан қалың Адай тайпасы,XIX ғасырдың бас кезінде Маңғыстау түбегіне дендей орнығады.Мұндай қыспақты түрікмендерді Үстірт үстіне тоқайластырады.Шыңырау құдықтың бір жұтым суы екі елді алакөз етеді.Осындай бір шақта жоқ қарап жүрген Абыл түркімендер қолына түседі.Күші басым түрікмендер Абылдың қолын байлап,ауыл иесінің алдына әкеледі.Түркімендер алғашқыда Абылды келекелеп,қазақтарды сөз етіп алады.Бірте-бірте басқа әңгімеге ойысып,тұтқын қазақтың отырғанын ұмытып кетеді.Абыл көз қиығын салып қараса,төрде қара сұр жігіт ағасы әңгіме соғып отыр екен.Ол қазақ арасында болғанын,аты қазақ-түркіменге жайылған Абылды көргенін,одан күй үйренгенін айтады.Бір кезде әлгі қара сұр «Абылдың сонда тарқан күйі»,-деп бір күй бастайды.Абылдың төзімі таусылып,мінез көрсетеді.Күйдің біткеніне қарамай, «Ұрының арты қуыс»дегендей ,қара сұр сап тыйылады.Сонда үй иесі «Жә,шуламай,қазақтың қолын босатыңдар,Абылдың қалай тартатынын көрсетсін»,-дейді.Жаңағы бос даңғаза әп-сәтте ғайып болып,үйдің ішін сабырлы саз жайнайды.Күй бітеді.Жәй бітпей,үйдегілерді тәубесіне келтіреді.Үй иесі «осы сен Абылдың өзі болмасаң игі едің»-дейді.Абыл: «Болсақ болармыз»-деп,сабырмен тіл қатады.Абылдың иығына шапан жауап,төрден орын береді.Одан әрі Адайлар мен түркімендер арасында кикілжің ұмыт болып,елдің дәм-тұзы жарасады. «Абыл» күйі туралы әңгіме Адай мен түрікмен арасында күні бүгінге дейін айтылады.Абылдың «Абыл» күйін тамашалау. Абылдың бұдан басқа «Ақсақ құла», «Әренжанның шалқымасы», «Нарату» т.б күйлері бар. «Нарату» күйін Сырым Датұлы көтерілісіне қатысқан Адай Зілқара батырдың ерлігіне сүйсініп шығарған. «Нарату» күйін (тыңдау).

III.Домбыра ғана біліпті, Қазақтың барлық қайғысын. Кімің бар одан сүйікті, Шаппай бер оның бәйгесін.

Маңғыстаудағы дәстүрлі күйшілік ортаның көрнекті ортаның көрнекті өкілі-Есір Айшуақұлы.Маңғыстау өлкесінің Жыңғылды деген жерінде туылып,1904 жылы осы өңірде дүние салған.1870 жылдары қазақтардың Россияға қосылған уақыты Түрікмен елі әлі орыстарға берілмей,Патша әскері жасаған жорықтары сәтсіз аяқталады.Әскерлер Хиуаға бару үшін Үстірт арқылы жүру керек.Соған байланысты Маңғыстау уезінен 3000 –дай түйе,әскерге ат жинаған.Сол жинаған уақытта Маңғыстау,Қаратау болысына 90 түйе,9 түйеші алатын болған.Сол түйешілікке жарлы Есір жалданған.Есір ауылымен қоштасарда бір мал садақа жасаған.Аман келем бе,жоқ па!Құдай біледі.Дегенмен балалар тартып жүрер деп «Қос айырған» күйін аманат қылып кетеді.Жолда оба ауруы шығып,тоғыз түйешінің бірі ауырады.Ол орыс дәрігері күшімен жазылады.Жолдағы тоғыз түйешінің ауыр күйін көріп, «Тоғыз түйеші» деген күй шығарады.Жолда «Көктөбе» бекінісінде патша әскерлері мен түрікмендер арасында соғыс басталады.Көп күнге созылған ұрыста орыстар жеңеді.Қазақтарды жинап алып,өліктерді көмдіреді.Бір түркімен жігіті аласұрып жатады.Бұған Есір көмектесіп,аузына су тамызады.Бірақ түрікмен жігіті жан тапсырады.Осыны көрген Есір «Көктөбе» күйін шығарады.Орыс әскері қазақ түйешілерді еліне қайтарады.Маңғыстауға жақындап,Манатаға келгенде,ауыл адамдарынан Манатау атасының әл үстінде жатқанын естіп,тездетіп елге жүрмек болады.Келе жатып,су басындағы елге қонып,Есір домбырасын тартайын дегенде,бұрын естімеген күй тартады.Бұл Манатау атасына арнаған «Манатау» күйі еді.Мені әкем өлгенде тәрбиелеп,адам қатарына қосқан осы Манатау атам еді,сол атама арнаған бой тұмарымболсын дейді.Содан аман-есен ауылға келгесін көрші-көлем,ағайын-тума түгел жиналып,Есірге хабарыңды айт,аман-есен келдің дегенде, «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген,әртүрлі қиыншылықтар көрдік.Не де болса аман-сау келдік.Сол аман-саулыққа «Ақжарма»деген күй тартам деген екен. Бұдан басқа да Есірдің «Жалды қара» , «Әлди бөпем», «Шалқыма», «Ақжелең», «Сайға бұқтым, жарға бұқтым», «Қос айырған», «Күнтай» т.б.күйлері бар. Маңғыстау күйлерін тартушының бірі - Қазақстанның еңбегі сіңген артисі Роза Айдарбаева. Роза шебер домбырашы, әрі өнер колледжінде сабақ беріп, ұстаздық қызмет атқарады. Маңғыстау күйлерін нотаға түсіруші. Роза Айдарбаеваның орындауында «Ақжарма» күйі (тыңдау).

IV. Домбыра, мұнша шешен болдың неге

Күй толған көкірегің шежіреме?-

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.

Абыл мен Есірдің замандастарының бірі, тарихта әйгілі айтыс күйлерімен белгілі күйші – Құлшар Ерназарұлы. Құлшардың Төлеш, Өте, Түркменбай атты үш ұлы болған. Ертеде Құлшар мал қарап жүріп, Тасастау Қайнар деген жердегі Табын ауылына барады. Көгалға атын шідерлеп, шаңдақтап шеткері тігілген ақ отауға кіріп келсе, үйде бойжеткен қыз кесте тігіп отыр екен, қызбен амандасып төрге шығып отырғаннан кейін Құлшар:

-Мен бір мал қарап жүрген Адаймын, ұзақ жол жүріп шөліркеп ауыл болған соң, бір шыны шәй ішкелі келдім, қарындасым депті. Сонда қыз:

-Ей жігіт! Мен жол бойы мал іздеп, түйе қарағандарға шәй қайнатып беретін қыз емеспін. Егер өнерлі ауылдың жігіті болсаң, әуелі өзің менімен таныс, сөйлес, содан кейін шәй ішетін – ішпейтініңді білерміз. Әйтпесе, кез келген Адайға шәй қайнатуға ерінемін, - деген екен.

-Жақсы , тек қадірлі, өнерлі кісіге беретін шайың болса, онда ол мен шін арзан шәй екен, домбыраңды әкеле ғой, мен саған бір күй тартып берейін, - депті қызға. Қыз домбырасын Құлшарға ұсынады. Құлшар домбыраны қолға алып:

-Елде жүргенде қолыма домбыра алсам болды, қыздар айнала қоршап мазамды кетіретін еді, соларға арнап «Қыз қамаған» деген күй тартып едім, жалғыз болсаң да сол күйді орындайын,-деп «Қыз қамаған» күйін орындайды.

Сержан Шәкіратовтың орындауында «Қыз қамаған» күйі (тыңдау)

Құлшар домбыраны тартып отырғанда,қолында ұршығы бар қыздың шешесі үйге кіреді де,күйді тыңдаған бойы босағаға отыра кетеді.Күй аяқталғанда кемпір Құлшарға:

-Е,аманбысың,шырағым?Өзің ілуді көрмеген бала екенсің,домбыраның бір ішегін басып,бір ішегін ашық тартасың,үстіңгі ішекте көп сыр болушы еді,оны айтпадың,домбыраңды бері бер,мынау менің қыз күнімде өз жүрісімнің кербездігіне арнап тартқан «Кербез керік» деген күйім еді,-деп домбырасын қаға беріпті. (Күйді оқушының орындауында тыңдау.)

Қыз сол жерде жігіттің «сазайын берейін»,-деп , «Ат жортақ» күйін орындайды.Ал кемпір болса,қыз бен жігітке менімен тартыспақ ойларың бар екен,жас күнімде сықсыңдап келе беретін жігіттерге арнап келемеж қылып тартқан «Түтшіркін» деген күйім бар еді,деп соны тартады.

С.Шәкіратовтың орындауында «Түтшіркін» күйі (тыңдау).

Құлшар үйіне келіп қараса,кебісі сол үйде қалып қойған екен.кебіс қалған деген күй содан шыққан екен.Құлшардың әзілге құрылған «Тілемсек», «Жапта,қымта», «Бес қыздың бел шешпесі»атты күйлері деел есінде сақталған.

Ансамбльдің орындауында «Бес қыздың бел шешпесі» күйін тамашалау.

Қазақтың күйшілері-ай өнегелі, Қоздырған ықтиярсыз делебені. Қантамыр қаттырақ соғатындай, Құдірет күй сиқырына бөлегелі.

Маңғыстауда өмірінің көп жылдарын өткізген,XIX ғасырдың орта шенінде Қарабау,Тайсойған жерінде туып өскен,Балұста баласы сазгер Есбай.Есбайдың нағашысы Адайдың Құнанорыс әулетінен тарайтын Өтеғұл деген кісі екен.Нағашыларын сағалап,Маңғыстауды мекендеп айтулы күйшілермен достық қатынаста болыпты.Маңғыстау күйшілері Абылдың,Есірдің күйлерін елге таратқан.Есбай өзі де күйлер шығарған «Терісқақпай», «Әләйім жалған», «Өттің дүние» т.б. күйлері болған.Есбай жаздыкүні домбыра тартып отырады.Жағалай жайылып жүрген малдарға бөгелек ұшып келеді.Жәндік домбыраның үніне қызықтыма,домбыраның пернелеріне қонады.Есбайды,домбыраны айнала ұшып жүреді.Есбай оны жасқап,қағып отырып ойнайды.Есбайдың қолы асқан шеберліктің көрінісін береді.(Оқушы орындауында «Бөгелек» күйін тыңдау)

Кіші жүздің жақсысы мен жайсаңы бас қосқан ас болады.Асты Қаналы төренің өзі басқарады.Домбырашылардың күй сайысына кезек келеді.Бай ұлынан 60 жастағы Есбай,Әлімнен 40 жастағы Тоғызбай,Жетіруден 18 жасар Науша келеді.Сол жерде жолы жіңішке деп күй тарту кезегі Науша қызға беріледі.Науша қыз «Шидеме шегелеме» деген күйін орындайды.БЬұл күй:Айлы түнде ауылдың қыз-бозбаласымен ақ сүйек ойнап жүріп,етігімнің өкшесін тайдырып алдым.Ақ сүйекті бірге іздеп жүрген жігіт ай жарығымен етігімнің өкшесін шимен шегелеп бергені.Сондағы жігіт өнеріне риза болғаннан шығарған күйім еді,-дейді.Келесі кезек атасының жолы үлкен деп Тоғызбайға беріледі.Менің күйімде өз басымнан өткен бір оқиға себепші болып еді,-деп «Қызылқайың Мамыт» деген күйін орындайды.Жақын ауылда Мамыт деген қыз болды.Әзіліміз жарасып,сөзіміз үйлескен жандар едік,кешке бара қалсам Қызылқайың деген иті,алдымнан үріп шығады,қабаған ит қызды ауылға жолатпай,діңкеңді құртты.Содан қолыма таяқ ұстап,сайланып шығып,итті қатты жасқап едім,ит жайына кетті,сонда көңілім өсіп қайтқан соң шығарған күйім еді,-депті.Күй кезегі Есбайға тиеді.Сонда Есбай бұлар күйді оң қақты ғой,мен теріс қағайын деп,-сол жерде «Терісқақпай» күйін шығарып тартады.Күй біткенде тыңдаушылар ду ете қалады.Қаналы төреде бәйге иесі Есбай деп қалады.Осыдан кейін бүкіл тойшыларда,той иесі Қаналыда,Есбайға қатты риза болады.Бұл айтыс күйдің Маңғыстауда сақталу себебі Есбай өзінің нағашы жұртында көп тәрбиелегендіктен,және Есір бастаған дүлдүл күйшілермен аралас-құралас,сырлас-сыйлас болғандығынан.Сондықтан Есбай күйлерінің мәнері көбіне Маңғыстау мектебіне жатады да,өзі бүкіл батысқа ортақ болғанымен,осы Маңғыстау дүлдүлдерінің қатарыда аталады.

С.Шәкіратовтың орындауында «Терісқақпай» күйі (тыңдау).

VI.Құлақ түрмес сан құбылған үнге кім, Биік болсын домбыраға құрметің. Қасиетін басыңды ие бағалап, Келешекке алып бару сенің ұлы міндетің.

Халық өнерінің озық үлгілерін біздің дәуірімізге ұластырып ұлттық музыкалық мәдениетімізді насихаттауға белсене ат салысып,жұртшылықтың қадір-құрметіне бөленіп,өткен өнерпаздардың бірі-Мұрат Өскінбайұлы.Мұрат дәстүрлі домбырашы,әрі ақын,әрі жыршы,әрі сазгер,сегіз қырлы,бір сырлы өнерпаз.Мұрат Өскінбайұлы 1904 жылы Маңғыстау облысы,қазіргі Қарақия ауданында Жетібай елді мекенінде туылған.Домбыраның дыбысын Мұрат көз ашып,ес білгеннен құлағына сіңіре береді.Өткені әкесі,Өскінбай Маңғыстау өңіріне аты шыққан атақты күйші,мерген-саятшы,ақын-жыршы кісі болған.Сыншы әке домбыраға құмар Мұратты алты жастан ала тайға мінгізіп,жиын –тойға бірге апарады.20 жасында домбырашы бала атанып,көзге түсе бастайды.Әкесі Өскінбай 65 жасында қайтыс болды.Анасының қабірінің басында «Жан ата» деген өлең шығарып,күй арнайды.Енді Мұрат өнерге біржола беріліп,ел аралайды.Оның аса зер салып үйренгені Өскінбай,Есбай,Абыл,есір,Құлшар күйлері еді.Мұрат шеберлігін шыңдауға Қоңыр,Шамғұл сияқты күйшілердің көп әсері болды.1929 жылы Форт-Шевченко ауданында «Фетисов» балықшылық колхозында жұмыс істейді,бос уақытында домбырасын тастамай,өнерін шыңдай түседі.1944 жылдары жорыққа аттанып бара жатқан жауынгерлерге «Аттаныс» күйін шығарады.1945 жылы 9 мамырға «Жеңіс» одан басқа «Халықтар достығы», «Өрлеу», «Жеңіс салтанаты», «Маңғыстау», «Өрен», «Қазақстан» т.б көптеген күйлер шығарады.Өрен күйін әлемдегі тұңғыш космонавт,Ю.Гагаринге арнады. (Оқушының орындауында «Өрен» күйін тыңдау).

Маңғыстау деген бұл аймақ, Далалы шаң мен құм ойнақ. Ағын суларға зар болып, Сұрадың жауын Құдайлап-деп кезінде Ақберен ақын Қашаған осылай деп жырлаған Маңғыстау бүгінде ырыс көзіне айналып отыр.Ол тек төрт-түлік малдың өрісі емес,мұнайдың да бай көзі.Елімен бірге есейіп,жаңғырған жері мен бірге жасарған күйшінің бұл шығармасы туып-өскен Маңғыстау өңіріне арнауы.(Оқушының орындауында «Маңғыстау» күйі).

VII.Домбыраңды қолға алып, Шертіп толғап күйлеттім. Түрлі сарын түрлі күй, Пернелерін сөйлеттім.

Осы аңыз даланың төсін күмбірлеген күміс күйге толтырған Құлшар,Абыл секілді өнерпаздар легі үзіліп көрген емес.Жергілікті сазгер Аманғали Ербозов 1950 жылы Маңғыстау ауданында Сартас елді мекенінде дүниеге келген.1966-1969 жылдары Ақтөбе мәдени –ағарту училищесінде оқып,елге ұлт-аспаптар оркестрінің жетекші маманы болып оралады.Одан кейін 1973-1977 жылдары Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы мәдени-ағарту институтын оқып,бітіреді.Өмірін өнермен бітістіре өрген олинститут жолдамасымен 1977-1992 жылдары Жезқазған облысының Никольск қаласындағы мәдени –ағарту училищесінде мұғалім болып еңбек етеді.1986 жылы сүйген жары Қанзиядан қапияда айырылу оған өмірдің ең ауыр соққысы болды.А.Ербозов 1942 жылы төрт баласымен туған жері Маңғыстауға оралады.Ол аудандық мәдениет үйіне қызметке орналасып,қосымша өзіміздің осы аудандық өнер мектебінде де балаларға дәріс береді.Оның «Асылгүлім» , «Қарлығашым менің», «Жолықпадың маған» т.б. әндері,оның сазгерлік қырын көрсетсе,»Шежіре», «Арғанаты», «Қош,көктем» және т.б. күйлері оның тағыбір қырын паш еткендей.1977 жылы 47 жасында дүниеден озады. Домбыра сыныбының мұғалімінің орындауында

Маңғыстау деген-киелі қазық ат байлар, Құлыны туар анадан алып қасқа айдар,-деп ақын төгілдіре жырлағандай,тарихы да,табиғаты да,мәдениеті де,байлығы да,әулиесі де,сан-салалы өнерпазы да,құнды ескерткіші де бірін-бірі толықтырып,төрт құбыласы тең келген түбек келісті өлке емес пе?

Ән,домбыра туралы баллада орындайтын 2-сынып оқушысы Айварқызы Несібелі.

Айтыңдаршы,өлді деуге бола ма? Артында өлмейтұғын қалса мұра. Атадан қалған сол мұра, Ұрпаққа бізді жалғай ма,-дегендей,кәусар күй жұртшылық жүрегінен орын алып,талантқа тағзым етуге жетелейді.Шығармаларын жас ұрпақ санасына сіңіру міндетіміз болып табылады.

Осы тәрбие сағатына атсалысқан Сержан аға,Роза апалардың ізбасарлары оқушыларымызға өнерлерің үстей берсін,биіктен көріне беріңіздер деп алғысымызды білдіреміз.Осымен «Маңғыстау күй-керуені» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!