Материалдар / «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму географиясы және шаруашылық салаларындағы «жасыл» экономика технологияларының енгізілу мәселелері» оқу-әдістемелік құралы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму географиясы және шаруашылық салаларындағы «жасыл» экономика технологияларының енгізілу мәселелері» оқу-әдістемелік құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл оқу құралының мақсаты – Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму тақырыбын, жасыл технологияларды енгізу салаларын, сондай-ақ өңірдегі экологиялық ахуал мәселелері мен шешу жолдары тақырыбын ашу. Оқу әдістемелік аймақтың құралында әлеуметтік-экономикалық дамуының географиялық, экологиялық және экономикалық алғышарттары туралы материалдар ұсынылған. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен салаларын, қызмет көрсету және көлік салаларын дамытудың заманауи географиясының мәселелері қаралады. Оқу құралының маңызды бөлігі – жасыл технологиялар және оларды экономикалық салаларға енгізу, сондай-ақ осы технологияларды қолданудың экономикалық және экологиялық пайдасын қарастыру бөлімі. Жұмыста ArcGIS жасақтамасы арқылы жасалынған Маңғыстау облысының тақырыптық карталары ұсынылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2023
151
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚР ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТҰРЛЫБАЙ ЖҰЛДЫЗ ҚАДЫРБЕКҚЫЗЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ГЕОГРАФИЯСЫ ЖƏНЕ
ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫНДАҒЫ «ЖАСЫЛ»
ЭКОНОМИКА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ЕНГІЗІЛУ
МƏСЕЛЕЛЕРІ

(оқу-əдістемелік құрал)

Астана, 2023

Оқу əдістемелік құралының бірінші бөлімінде Маңғыстау облысының
əлеуметтік-экономикалық
дамуының
географиялық
жəне
геоэкологиялық
алғышарттары қарастырылады. 1.1-бөлімде əлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал
ететін аймақтың физикалық-географиялық жəне геоэкологиялық ерекшеліктері
қарастырылады. 1.2-бөлімде экономикалық-географиялық ерекшеліктері, оның ішінде
өңірдің экономикалық дамуы үшін маңызды болып табылатын өнеркəсіптік, ауыл
шаруашылығы, жəне көлік секторлары қарастырылады.
Екінші бөлімде Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының
географиялық ерекшеліктері жəне шаруашылық салаларындағы «жасыл»
технологияларына көшу мəселелері қарастырылған. 2.1-бөлім өндірістік салалардың
қазіргі даму қарқынының географиясына жəне «жасыл» технологияларды енгізу
мəселелеріне арналған. Бұл бөлімде өңірдің барлық өндіріс салаларына жеке тоқталып,
статистикалық мəліметтерге талдау жүргізілді. 2.2-бөлім агроөнеркəсіптік кешен
салаларын дамытудың заманауи географиясы жəне ауыл шаруашылығын дамыту
географиясын қоса алғанда, «жасыл» технологияларды енгізу мəселелеріне арналған.
2.3-бөлімде өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуындағы қызмет көрсету салалары
қарастырылады.
Оқу құралының үшінші бөлімінде Маңғыстау облысындағы негізгі
геоэкологиялық мəселелер қарастырылады жəне геоэкологиялық жағдайды
тұрақтандыру бойынша іс-шаралар ұсынылады. Сондай-ақ бұл бөлімде өңір бойынша
атмосфералық ауаның, су объектілері мен топырақтың ластануына, өсімдік
жамылғысының өзгеруіне байланысты мəселелер сипатталған. Ластанудың негізгі
көздері, соның ішінде өнеркəсіптік кəсіпорындар, көлік, агроөнеркəсіптік кешен жəне
тұрмыстық қалдықтар туралы мəліметтер берілген. Жəне ластанудың адам денсаулығы
мен қоршаған ортаға əсері қарастырылған.
Тұрлыбай Жұлдыз Қадырбекқызы. Маңғыстау облысының əлеуметтікэкономикалық даму географиясы жəне шаруашылық салаларындағы «жасыл»
экономика технологияларының енгізілу мəселелері: оқу-əдістемелік құрал. –
Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2023.
Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық даму географиясы жəне
шаруашылық салаларындағы «жасыл» экономика технологияларының енгізілу
мəселелері

атты

оқу-əдістемелік

құралы

география

пəні

оқытушыларына,

мұғалімдеріне арналған.
© Тұрлыбай Жұлдыз Қадырбекқызы,. 2023

1

Мазмұны

I БӨЛІМ
1.1.
1-тақырып. Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық
дамуына ықпал етуші физикалық-географиялық, геоэкологиялық
алғышарттары

5

1.2
2-тақырып. Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық
дамуына ықпал етуші экономикалық-географиялық факторлар
жүйесі

11

II БӨЛІМ
2
3-тақырып. Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық
даму географиясы жəне шаруашылық салаларындағы «жасыл»
экономика технологияларына көшу бағыттары

17

2.1
4- тақырып. Өндірістік салаларының қазіргі кездегі даму
қарқынының географиясы жəне «жасыл» технологиялардың
енгізілу мəселелері

25

2.2 – 2.2.1
5-тақырып. Агроөнеркəсіп кешені салаларының заманауи даму
географиясы мен «жасыл» технологиялардың енгізілу мəселелері.
Егін шаруашылығының географиясы
2.2.2
6-тақырып. Мал шаруашылығының даму географиясы
2.3
7-тақырып. Облыстың əлеуметтік – экономикалық дамуындағы
қызмет көрсету салалары

28

33
38

III БӨЛІМ
3
8-тақырып. Маңғыстау облысының геоэкологиялық ахуалы мен
аумақты тұрақты дамыту мəселелері

41

3.2
9-тақырып. Геоэкологиялық ахуалды тұрақтандырудағы негізгі ісшаралар мен жобалар

53

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі

57

Қосымшалар

60
2

Анықтамалар мен қысқартулар
Жасыл экономика – бұл табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға, қоршаған
ортаға теріс əсерді азайтуға жəне адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға
бағытталған экономикалық тəсіл.
«Жасыл» технологиялар дегеніміз қоршаған ортаға əсерді азайтуға, ластаушы
заттардың шығарындыларын азайтуға жəне өндірістік процестердің энергия
тиімділігін арттыруға арналған технологиялар.
Шекті рұқсат етілген концентрация – бұл табиғи ресурстарды (ауа, топырақ,
су) тиімді жəне қауіпсіз пайдалану бойынша мемлекеттік санитарлық- гигиеналық
орталықтардың талаптары мен ұсынымдары көрсетілген нормативтік құжаттарға
енгізілген бекітілген көрсеткіш.
Жалпы өңірлік өнім – жекелей алынған өңірдің резиденттік бірлікөндірушілерінің кəсіпкерлік қызметінің белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жəне нарықтық
бағалармен есептелетін нəтиже.
Рекультивация – адам қызметі нəтижесінде құнарлылығы айтарлықтай
төмендеген жерлер мен су ресурстарын экологиялық жəне экономикалық қалпына
келтіру жөніндегі шаралар кешені.
ЖІӨ
АЛИ
млн
млрд
м
км
КМК
ºС
ЖШС
ГАЖ
кюри
РМК
АЭА
ЖЭК
ЖӨӨ

Жалпы ішкі өнім
Атмосфераның ластану индексі
Миллион
Миллиард
Метр
Километр
Коммуналды мемлекеттік кəсіпорын
Градус Цельсий
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Геоақпараттық жүйе
Радиоактивтілікті өлшеу бірлігі
Республикалық мемлекеттік кəсіпорны
Арнайы экономикалық аймақ
Жаңартылған энергия көздері
Жалпы өңірлік өнім

3

Кіріспе
Жасыл технологиялар негізгі құралы болып табылатын «жасыл экономика» Қазақстанның қазіргі жəне болашақтағы əлеуметтік-экономикалық саласын
дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Экологиялық əл-ауқатты қамтамасыз ету
қажеттілігі адамзатқа экономиканың, қоғамның, өнеркəсіптің даму жағдайларын
белгілейді.
Маңғыстау облысы еліміздің мұнай-газ саласының негізгі өңірлерінің бірі жəне
экономиканың басқа салаларын, соның ішінде туризмді, ауыл шаруашылығын жəне
өндірісті дамыту үшін жоғары əлеуетке ие. Алайда, экология мен климаттық
өзгерістердің жаһандық проблемаларын ескере отырып, "жасыл" экономикаға көшу
жəне қоршаған ортаға теріс əсерді азайтуға жəне мұнай-газ саласына тəуелділікті
азайтуға мүмкіндік беретін технологияларды пайдалану қажеттілігі барған сайын
өзекті бола түсуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау
облысына соңғы сапарында «экологиялық қауіпсіздікті нығайту жəне шаруашылық
салаларында озық экологиялық таза технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты
жалғастыру қажет» деп атап өтті. Осылайша, Маңғыстау облысының шаруашылық
салаларына «жасыл» экономика технологияларын енгізу мəселелері өзекті болып
табылады. Мемлекет басшысы өз сөзінде Маңғыстау облысында мұнай-газды ғана
емес, экономиканың басқа да салаларын дамытуды жеделдету қажеттігін атап өтті, бұл
өңірдің көмірсутек өндіруге тəуелділігін азайтуға жəне халықтың өмір сүру деңгейін
арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы мұнай, газ жəне минералды ресурстар
сияқты табиғи ресурстарға бай бірегей аймақ болып табылады. Осыған байланысты
өңірдің геоэкологиялық қауіпсіздігі мен орнықты даму мəселелерін, сондай-ақ жасыл
технологиялардың геоэкологиялық жағдайды жақсартуға жəне өңірге инвестициялар
тартуға əсерін зерделеу маңызды.
Маңғыстау өлкесінің география пəні мұғалімдері мен оқушыларына арналған
бұл əдістемелік құрал өңірдің дамуының географиялық, экологиялық, экономикалық
жəне əлеуметтік аспектілерін зерделеу жəне шаруашылық салаларында «жасыл»
технологияларды енгізумен байланысты мəселелерді қарастыру үшін əзірленген.
Бұл оқу құралының мақсаты – Маңғыстау облысының əлеуметтікэкономикалық даму тақырыбын, жасыл технологияларды енгізу салаларын, сондай-ақ
өңірдегі экологиялық ахуал мəселелері мен шешу жолдары тақырыбын ашу.
Оқу əдістемелік аймақтың құралында əлеуметтік-экономикалық дамуының
географиялық, экологиялық жəне экономикалық алғышарттары туралы материалдар
ұсынылған. Сонымен қатар, агроөнеркəсіптік кешен салаларын, қызмет көрсету жəне
көлік салаларын дамытудың заманауи географиясының мəселелері қаралады. Оқу
құралының маңызды бөлігі – жасыл технологиялар жəне оларды экономикалық
салаларға енгізу, сондай-ақ осы технологияларды қолданудың экономикалық жəне
экологиялық пайдасын қарастыру бөлімі.

4

1-ТАҚЫРЫП. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ФИЗИКАЛЫҚГЕОГРАФИЯЛЫҚ, ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Тапсырмалар:
1. Картадан Маңғыстау облысын тауып, оның географиялық орналасу жағдайын
сипаттап жаз:

_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
2. «Маңғыстау» сөзіне криптограмма құрастыр.
3. Маңғыстау облысын кескін картада белгілеп, бұл облыстың əлеуметтікэкономикалық дамуына ықпал етуші физикалық-географиялық, геоэкологиялық 3
алғышартын атап жаз:

1
2
3

4. Маңғыстау облысын геологиялық карта негізінде сипаттап жаз, өзіндік
ерекшеліктерін көрсет:

5. Маңғыстау өңірінің климат, топырағы, флорасы мен фаунасын сипаттап жаз:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________

Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған ақпараттық-талдамалық
ақпарат
1 Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық даму бағыттарының географиялық,
геоэкологиялық алғышарттары
1.1 Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуші физикалықгеографиялық, геоэкологиялық алғышарттары
Маңғыстау облысы – Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік батысындағы ірі
аймақтардың бірі, Каспий теңізінің шығысында Маңғышлақ (Маңғыстау) үстіртінде орналасқан.
Солтүстік-шығысында Атырау жəне Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде Түркіменстанмен жəне
шығысында Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасымен шектеседі. Облыстық шеткі
нүктелері төмендегідей: Батысы – Каспий теңізіндегі Құлалы аралы (50°.00 ш.б 44°.57 с.е); шығысы
– Қазақстанның Ақтөбе облысы арқылы Өзбекстанмен шектескен жерінде (56°.45 ш.б пен 45°09 с.е);
6

оңтүстігі – облыстың Түрікменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы (41°.15
с.е пен 55°.40 ш.б); ал қиыр солтүстігі – Атырау облысымен шекарадағы Желтау (46°.26 с.е пен 55°20
ш.б) болып табылады [1]. Жалпы ауданы – 165,6 мың шаршы шақырым жəне барлық республика
аумағының 6,1%-ын құрайды.

Ескертпе – [2] дерек көзі негізінде құрастырылған
Сурет 1 Маңғыстау облысының физикалық картасы
Маңғыстау облысы еліміздің батысында шөл зонада, Каспий жəне Арал теңізінің
аралығындағы кеңістікте орналасқан. Оған Маңғыстау түбегі, Үстірт, Бозащы жəне Түпқараған
түбегі, Өліқолтық жəне Қайдақ соры жатады. Облыс аумағының жер бедері сан алуан. Маңғыстау
облысының солтүстік-батысын Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Жазық ауданның басым бөлігі
теңіз деңгейінен төмен (0-ден 100 м), ал солтүстік-шығысқа жəне шығысқа қарай жазық біраз
көтеріледі (0-ден 100 м). Ойпаттың оңтүстік бөлігі Маңғыстау түбегімен тұтасып жатыр. Маңғыстау
қыратының бұйраттары облыс аумағындағы ең жоғарғы нүкте – Бесшоқы тауы (556 м) деңгейіне
дейін көтеріледі. Маңғыстау қыратымен оңтүстіктен екі үстірт – Маңғыстау (Оңтүстік - Маңғыстау)
жəне Кендірлі Қиясы тұтасып жатыр. Облыстың жəне Маңғыстау үстіртінің шетінде бірнеше
ағынсыз сортаңды ойыстар орналасқан, олардың түбі теңіз деңгейінен айтарлықтай төмен жатыр:
облыстың ең төменгі нүктесі - Қарақия (-132 м), сондай-ақ Қауынды (-57 м), Қарынжарық (-52 м)
ойыстары [2]. Облыс территориясы Қаратау, Ақтау аласа тау жоталарымен жалғасып орналасқан.
Облыстың аумағы түгелімен дерлік көлбеу жатқан платформалық мезозойлық жəне
кайнозойлық түзілімдерден түзілген. Соңғылары аймақтың 80%-ына жуығын алып жатыр. Тек
Орталық Маңғыстау жолағы мен оның оңтүстік-шығыс сілемдеріне, сонымен қатар Бозащы
түбегінде мезозойлық қабаттар тараған. Сондай-ақ, Орталық Маңғыстау зонасының батысында
Қаратау тауларында жəне жекелеген қыраттарда жоғарғы пермь мен триастың деформацияланған
шөгінді қабаттары жер бетіне шығып жатыр [7]. (Сурет 2)
7

Ескертпе – [7] дерек көзі негізінде құрастырылған
Сурет 2 Маңғыстау облысының геологиялық картасы
Маңғыстау жер қыртысының құрылымы негізінен пермь, триас, юра, бор дəуірі шөгінділерінің
нəтижесінде пайда болған əр түрлі жыныстардан тұрады. Каспий теңізінің жартылай қоршап жатуы
жəне оның деңгейінің бірде жоғарылап, бірде төмендеуі маңайында орналасқан аймақтардың ауа
райына немесе өсімдіктер дүниесіне ғана емес, геологиялық құрылымына да айтарлықтай əсер еткен.
Маңғыстау облысының климаты арктикалық, ирандық жəне тұрандық ауа массаларының
басым əсерінен қалыптасады. Суық мезгілде мұнда Сібір антициклонының батыс сілемінен келетін
ауа массалары басым болады, жылы мезгілде олар Орталық Азия мен Иранның шөлдерінен қатты
қызған тропикалық массаларға жол береді. Осы ауа массаларының əсерінен шұғыл континентті өте
құрғақ климат қалыптасады [3].
Ең суық ай - қаңтардың орташа температурасы - солтүстікте -5, -8°С жəне аумақтың
оңтүстігінде -1, -4°С. Жалпы, қыс өте жылы, қысқа. Алайда, кейбір жылдары аяз -38° C-қа жетеді
(абсолютті минимум).
Облыс аумағының көп бөлігінде жаз ыстық жəне ұзақ. Барлық жерде шілденің орташа
температурасы (ең ыстық ай) 24,0°С-тан төмен емес. Кейбір жылдары ауа температурасы 42-47° Сқа дейін көтеріледі (абсолютті максимум)[3]. Орташа тəуліктік ауа температурасы 0° С жоғары
кезеңнің ұзақтығы 250-300 күн.
Облыс аумағында желдің үлкен энергетикалық қоры бар. Əдетте, қатты жел мен дауыл болып
тұрады. Аймақтың көп бөлігінде желдің орташа жылдық жылдамдығы 4-5 м/с құрайды. Каспий
теңізінің жағалауы желдің өте үлкен жылдамдығымен сипатталады, мұнда желдің орташа жылдық
жылдамдығы 6-7 м/с құрайды. Аумақтың көп бөлігінде шығыс жəне оңтүстік-шығыс желдері басым.
1-кестеде көрсетілген деректер бойынша салыстырмалы ылғалдылық 55-70% құрайды. Жауыншашын өте аз, жылдық орташа мөлшері 130-180 мм-ден аспайды. Жауын-шашынның максимумы
жылдың жылы мезгілінде болады. 2021 жылы жылдық жауын–шашынның айтарлықтай тапшылығы
байқалды, онда орташа есеппен норманың 29,9%–ы ғана түсті – 1941 жылдан бергі ең төменгі шама
[4]. Маңғыстау облысы Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан жəне оның климаты
аридті немесе шөлейт деп сипатталады. Осыған байланысты бұл аймақтағы вегетациялық кезең
салыстырмалы түрде қысқа жəне наурыздың аяғынан қазан айының басына дейін созылады.
Шамамен 180-190 күн [5].

8

Кесте 1
Маңғыстау облысының климаттық көрсеткіштері
Салыстырмалы ылғалдылық
55-70%
Желдің орташа жылдамдығы
5-7 м/с
Жылдың орташа температурасы
13,5°САлисовтың климаттық классификациясы Шұғыл континентті
бойынша
Кеппен-Гейгер климаттық классификациясы BWk - құрғақ суық шөл
бойынша
Жылдық күн түсу уақыты
300-320 күн
Вегетациялық
кезеңдегі
белсенді 2000-2500°С
температураның мөлшері
Ескертпе – [3] дерек көзі негізінде құрастырылған
Маңғыстау облысының топырақ жамылғысы аумақтың ендік шөл зонасында орналасуына
байланыста қалыптасқан. Шөл зонасының топырағы топырақ-географиялық зоналық жүйе бойынша
екі зонашаға бөлінеді: құба жəне сұр-құба шөлдік топырақтар. Облыстың топырақ жамылғысы
топырақ түзілу жағдайларының əртүрлілігіне байланысты біркелкі емес. (Сурет 3)

Ескертпе – [42] дерек көзі негізінде құрастырылған
Сурет 3 Маңғыстау облысының топырақ картасы
Маңғыстау облысының жері биоклиматтық жағдайына байланысты шөлді ландшафтты
аймаққа жатады. Облыс аумағы бойынша топырақтың келесі түрлері таралған: шөлдің құба, шөлдің
сұр-құба, теңіз маңы, сортаңдар, сорлар, құмдар жəне тақырлар.
9

Маңғыстау облысы шөл зонасында орналасқындықтан су ресурстарына бай емес. Ең ірі беткі
суларының маңыздысы ретінде облыстың батысында орналасқан Каспий теңізін атауға болады.
Каспий теңізінің 1500 км-ден астам жағалау сызығы облыс аумағында, Қазақстандық бөлігінің 75%ын иеленеді. Сондай ақ шағын көлдер де бар. Олар: Бозащы түбегінің солтүстік-батысында Ақшағыл
шығанағына жақын жатқан Ақкөл көлі жəне Ақтау жотасының Батыс Үстіртпен шектесетін
тұсындағы тұзды көл жақын жатқан Тұзбайыр көлі.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аумағында шаруашылық-ауыз су, техникалық,
бальнеологиялық мақсаттағы жəне суару үшін пайдаланылатын 61 жерасты су кен орны барланды.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Маңғыстау облысы бойынша бекітілген жерасты су
қорларының сомасы тəулігіне барлығы 398,598 мың м3.
Маңғыстау облысының аумағындағы жерасты көздерінің суы негізінен ауыз су ретінде
пайдалануға жарамсыз. Суды ішуге болатын кейбір кен орындары ғана бар жəне бұл кен орындары
қарқынды пайдаланылуда, бұл жер асты суларының деңгейінің төмендеуіне əкеледі. Мəселен, жер
асты сулары Жаңаөзен қаласы мен Қаламқас кен орнының тұрғындары мен кəсіпорындарының
қажеттіліктеріне пайдаланылатын Қарақия жəне Маңғыстау аудандарында су деңгейі айтарлықтай
төмендеді. Оңтүстік Түйесу кен орнында жер асты суларының деңгейі 10-12 метрге төмендегені
байқалады. Бұл топырақтың тез жəне ауыр деградациясына əкеледі.
Маңғыстау облысы тамаша табиғаты мен бірегей экожүйесімен танымал. Өзендер осы
экожүйенің маңызды бөлігі бола отырып, олардың саны көп болмаса да биоəртүрлілікті сақтауда
маңызды рөл атқарады. Облыс аумағында негізінен қысқа жəне мерзімдік өзендер ағады. Олардың
қатарына: Ащыағар, Жаман Қарасай, Манаши, Жақсы Қарасай, т.б. өзендерін жатқызуға болады.
Маңғыстау облысы аумағының өсімдік жамылғысы шөлді өсімдіктері бар аймақтардың едəуір
басым болуымен сипатталады. Сортаң топырақтардағы көкпекті шөлдер облыстың солтүстік бөлігін
алып жатыр. Көкпектен басқа, жусан, қараматау (камфоросма), сораң бұталар кездеседі. Жүзген,
сексеуіл, қоянсүйек, жыңғыл, ақшаотау, құсқанбас, шағыр Матай, Сам құмдарында, ал Орталық
Үстірт жонының шығыс жəне терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойында жəне Түпқараған
аумағында, Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қаттықара, түйесіңір, қараған,
қарағаш өседі [12]. Дəнді дақылдардан ақмамық, жаушалғын, қияқ кездеседі. Үлкен аумақты қара
жусан-көкпекті шөлдер алып жатыр. Қара жусанмен бірге дəнді дақылдар көбейеді, эфемерлер саны
артады. Бозащы түбегінде сораңдар өкілдері басым. Құмды жерлерде бұталы өсімдіктер жиі
кездеседі, бүйіргін мен баялыш, түйеқарын жəне аз мөлшерде жусан бар. Сондай-ақ, тітір, жапақ,
изен, жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы,
қоректік сапасы өте жоғары. Құмды аудандарда, Бозащыда жəне Түпқараған жазығында бидайық,
боз, ақ шөптер, еркек кездеседі. Облыс аумағында емдік шөптер қоры өте көп, оларға: адыраспан, ақ
тұт, бəйшешек, бозжиде, жантақ, киікоты, көккекіре, көкпек, қаражусан, сүттіген, тобылғы,
томарбояу секілді түрлері жатады.
Маңғыстау флорасындағы сирек кездесетін жəне эндемик түрлерге: Каспий маңы доланасы,
Парсы шырмауығы, Андросов жыңғылы, Тіссіз қатыран, Сафронова кəріқызы, Бор рияны, Қатты
сабақты сүттіген, жұмсақжеміс, Хиуа сораңы, Соғды жауқазыны кіреді.
Теңізбен шектесіп жатқан Маңғыстау өлкесі алуан түрлі жануарлар дүниесімен, өзіндік реликті
фаунасымен, сондай-ақ эндемиктік түрлердің салыстырмалы түрде көп болуымен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда облыстың қай түкпірінен болса да маусымдық ерекшеліктеріне байланысты
қосмекенділердің, омыртқасыздардың, бауырымен жорғалаушылардың, дөңгелекауыздылардың,
құстар мен сүтқоректілердің, шөл даласына, оған жалғасып жатқан теңіз бен оның жағалық
климатына тəн өкілдерін кездестіре аламыз. Жануарлар дүниесі барлық жерде біркелкі таралмаған,
Каспий теңізінде тіршілік ететін омыртқасыздар барлық фаунаның 77%-ын құрайды. Облыс
аумағында дала тасбақасы, кірпі, кесірткелер, улы қарашұбар жылан мен жыланбас, су жылан, оқ
жылан, құм жылан, сарыүйек, ешкіемер, сондай-ақ, дала тышқандары: саршұнақ, қосаяқ, қарсақ,
күзен, қасқыр, түлкі т.б. жиі кездеседі. Ал, тек мемлекеттік қорықтардан жəне шалғайдағы
қалыңдықтардан ғана кездестіруге болатын борсық, қарақұлақ, мəлін өте сирек таралған. Құстардан
суықторғай, дала құстары: бозторғай, қарға, қарабауыр, қараторғай, шыл, жек, көкек, қарлығаш жəне
кептер, жыртқыш құстар: үкі, жапалақ, күйкентай, қаршыға, ителгі, жарқанат пен əр түрлі қарақұстар
кездеседі. Теңіз жағалауы мен аралдарда: үйрек, қасқалдақ, торалақаз, шағала, аққу, қоқиқаз сияқты
су құстары мекендейді.
10

2-ТАҚЫРЫП. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ЭКОНОМИКАЛЫҚГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР ЖҮЙЕСІ
Тапсырмалар:
1. Төмендегі тірек сөздердің анықтамасын жаз:
Əлеуметтік-экономикалық даму
Экономикалық-географиялық
факторлар
2. Маңғыстау облысын төмендегі картаға сүйене отырып, əкімшілік-аумақтық
бөлінісі бойынша сипаттап жаз:

3. «Маңғыстау облысы əлемдегі ең ірі мұнайлы-газды аймақ болып табылады».
Осының маңызын PEST талдауы арқылы талдап жаз:

11

4. Маңғыстау облысындағы мұнайлы-газды кен орындарының атауын жаз.
Олардың елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына қандай ықпалы бар екендігін нақты
деректер арқылы дəлелдеп көрсет.
5. «Кім көп біледі?» интеллектуалдық ойыны. Маңғыстау өңірінің пайдалы
қазбаларға бай екендігі белгілі. Маңғыстау өңіріндегі пайдалы қазбалар туралы нақты
деректерді жаз:

6. Маңғыстау облысына тəн сипаттамаларды «Бес саусаққа» орналастыр:
1. Саяси-əлеуметтік сипаты
2. Экономикалық сипаты
3. Географиялық орны
4. Шаруашылығы
5. Климаты
6. Алақанға өз пікірің

7. Маңғыстау облысындағы кен орындарының атауларын атап жаз:

Көмірсутегінің кен орындары
Газды-мұнайлы кен орындары
Қоңыр көмір кен орындары
Фосфорит кен орындары

12

8. Төмендегі атаулардың барлығын қамтитындай ортақ тақырып қой:
• Көмірсутегінің кен орны;
• Газды-мұнайлы кен орны;
• Қоңыр көмір кен орындары;
• Фосфорит кен орындары;
9. Маңғыстау облысының көлік торабы картасын қолданып, Маңғыстау
облысының дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымымен ерекшеленетіндігін
дəлелде.

Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған ақпараттық-талдамалық
ақпарат
1.2 Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуші экономикалықгеографиялық алғышарттары
Маңғыстау облысы əкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша 5 аудан, 3 қала (облыстық
бағыныстағы Ақтау жəне Жаңаөзен қалалары, аудандық бағыныстағы Форт-Шевченко қаласы), 45
ауылдық округі, 57 ауылдық елді мекеннен тұрады. (Кесте 2) Аудандары: Қарақия ауданы,
13

Маңғыстау ауданы, Бейнеу ауданы, Түпқараған ауданы, Мұнайлы ауданы. Аудан орталықтары:
Құрық, Шетпе, Бейнеу, Форт-Шевченко, Маңғыстау. (Сурет 4)
Орталығы – Ақтау қаласы. Облыс тұрғындарының саны 2023 жылдың 1 ақпанындағы
статистикалық мəлімет бойынша 768 930 адамды құрады.[13] Облыс бойынша халықтың орташа
тығыздығы 1 км2-ге 4,6 адамнан келеді. Қала тұрғындарының саны 347,8 мың адам (45,2%), ауыл
халқы – 421 мың адам (54,8%). 2010 жылғы деректермен салыстыратын болсақ, ауыл халқының саны
2 есеге өскенін байқауға болады.

Ескертпе – [14] дерек көзі негізінде құрастырылған
Сурет 4 Маңғыстау облысының əкімшілік-аумақтық бөлінуі картасы
Маңғыстау облысы көші-қон қозғалысының, туу көрсеткішінің жоғарылауымен, сондай-ақ
қандастар мен еліміздің басқа өңірлерінен халықтардың келуінің үлкен ағынымен сипатталады.
Еліміз тəуелсіздік алған жылдардан бері Маңғыстау облысының тұрғындарының саны екі есеге
артқан.
Кесте 2
Маңғыстау облысының əкімшілік-аумақтық бөлінуі

Əкімшілік –
аумақтық
бірліктер

Орталығы

Аумағы
(мың км2)

Құрылған
жылы

1
Бейнеу ауданы
Қарақия ауданы

2
Бейнеу а.
Құрық а.

3
40,5
64,3

4
1973
1973

14

Елді мекендер
Қалалар
оның ішінде
республикалық
Барлығы
жəне
облыстық
бағыныстағы
5
6
-

Ауылдар

7
11
10

Маңғыстау
ауданы
Мұнайлы ауданы
Түпқараған
ауданы
Ақтау қ.ə.
Жаңаөзен қ.ə.

Шетпе а.
Маңғыстау
а.
ФортШевченко
қ.
Ақтау қ.
Жаңаөзен
қ.

47,0

1928

-

-

21

4,9

2007

-

-

7

8,1

1992

1

-

5

0,3

1968

1

1

1

0,5

1973

1

1

2

3

2

57

Маңғыстау
Ақтау қ.
165,6
1973
облысы
Ескертпе – [14] дерек көзі негізінде құрастырылған

2022 жылдың басында жалпы облыс халқының санындағы ерлер үлесі 49,9%, ал əйелдер үлесі50,1% құрады. 5-суретте көрсетілгендей халықтың жыныстық-жастық құрамына байланысты
келесілерді бөліп көрсетуге болады: халықтың негізгі тобын 55% - 16 жастан 63(60) жасқа дейінгі
еңбекке жарамды жастағы адамдар құрады, одан кейін 38% - 15 жасқа дейінгі балалар, 7% - зейнет
жасындағы адамдар. Соңғылардың ішінде əйелдердің үлесі еркектерге қарағанда 2,3 есеге жоғары,
бұл олардың өмір сүру ұзақтығының жоғары болуына байланысты. 2021 жылы бұл көрсеткіш
əйелдер үшін – 74,46 жасты, ал ерлер үшін 66,72 жасты құрады. Облыс бойынша күтілетін жалпы
өмір сүру ұзақтығы 1992 жылдан (67,8 жас) төмендеу үрдісіне ие болды, тек 2009 жылы (69,5 жас)
жоғары көрсеткішке ие болды. Кейін 2019 жылға (74,4 жас) дейін бұл көрсеткіш өсуді жалғастырды,
алайда 2021 жылы 70,75 жасқа дейін төмендеді. (ҚР-да – 70,23 жас). Сондай-ақ, 2020-2021 жылдары
ҚР ауылдық өңірлері арасында ең жоғары күтілетін өмір сүру ұзақтығы Маңғыстау облысында
тіркелген.

Ескертпе - [15] дерек көзінен алынған
Cурет 5 Маңғыстау облысы халқының жас-жыныстық пирамидасы, 2022 жыл.
Маңғыстау облысы халқының құрамында қазақтар басым. 2022 жылдың басында халықтың
жалпы құрамындағы қазақтардың үлесі - 92%, орыстар – 4,8%, əзірбайжандықтар – 0,9%,
қарақалпақтар – 0,8%, қалған ұлттар (украиндықтар, татарлар, армяндар, лезгиндер жəне т.б.) –
шамамен 1,5% құрайды [16]. Облыс халқының ұстанатын негізгі діндері – суниттік ислам мен
православиелік христиандық.
Маңғыстау өңірінің жер қойнауы əртүрлі маңызды пайдалы қазбаларға бай, оның ішінде: отынэнергетикалық, металдық емес, құрылыс материалдары жəне т.б. Осылардың ішінде ең маңыздысы
көмірсутегінің кен орны болып табылады. Ақтау қаласының оңтүстік-шығысынан ОңтүстікМаңғыстау мұнайлы-газды алабында ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында ірі газды-мұнайлы кен
орны Өзен мен Жетібай ашылды. 70-жылдары Қаламқас, Қаражамбас жəне Солтүстік Бұзашы алып
кен орындары бар ірі мұнайлы-газды алап – Бозащы ашылды. Соңғы жылдары Маңғыстау жəне
Бозащы құрылымдарындағы теңізбен жалғасындағы қайраңда тағы да көптеген Қаламқас (теңіз)
жəне т.б. газды-мұнайлы кен орындар ашылды. Облыс аумағында 59 мұнай жəне газ кен орны
барланды, оның ішінде: Асар газ-мұнай кені, Ащыағар мұнай кені, Айрантақыр мұнай кені, Ақсаз
газконденсат кен орны, Комсомол мұнай кені, Тасболат мұнай-газконденсат кені, Қарамандыбас
мұнай-газ кені, т.б. Сөйтіп, Маңғыстау облысы əлемдегі ең ірі мұнайлы-газды аймақ болып табылады
[17]. Өңірдегі басқа пайдалы қазбаларының ішінен Ұлы Отан соғысы кезінде өндірілген қоңыр көмір
кен орнын жəне облыстағы барлық елді-мекендердің құрылысы үшін база болып табылатын мол
15

қоры бар бақалшақтастарды атап айтуға болады. Қоңыр көмірдің ірілі-ұсақты кен орындары: Аусар,
Өгіз, Ниязбұлақ, Таушық, Түйесу, т.б. Облыстың салыстырмалы аз бөлігінде минералды жəне ас
тұзының, фосфориттің, темір кенінің кен орындары барланған. Фосфорит кен орындары: Айрақты,
Таушық, Шарақала, т.б. Маңғыстау облысының минералды-шикізаттық қорында уран рудалары да
маңызды роль атқарады. Томақ, Меловое, Тойағар, Тасмұрын, т.б. уран кен орындары белгілі. ХХ
ғасырдың 50-жылдары ашылған олар біраз жылдар Маңғыстау АЭС-ның жұмысын қамтамасыз ете
отырып, уран рудасының белгілі бөлігін экспорттауға мүмкіндік берді. Бірақ, қазіргі кезеңде олар
өзінің экономикалық маңызын жоғалтты. Аталған пайдалы қазбалардан бөлек минералдық
тыңайтқыштар, марганец жəне құрылыстық қара тас, бор, ұлу тас, асфальттық кир, құмды киыршық
тас, т.с.с. кен орындары Маңғыстау өңірінің қойнауынан табылады.
Маңғыстау облысы дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымымен сипатталады. Өңірдің
көліктік-коммуникациялық жүйесі ерекше, себебі, көліктің барлық түрлерінің, оның ішінде:
автомобиль, темір жол, теңіз жəне əуе жолдарының, сондай-ақ құбырлардың болуында. (Сурет 6)
Облыстың көлік инфрақұрылымы келесі мəліметтермен ұсынылады [18]:
• ТРАСЕКА жəне Солтүстік – Оңтүстік халықаралық көлік дəліздерінің құрамдас бөлігі
болып табылатын жəне Каспий, Қара теңіз-Жерорта жəне Балтық бассейндерінің, Парсы шығанағы
мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халықаралық порттарына шығуға мүмкіндік беретін Ақтау
халықаралық теңіз көлік портының жұмыс істеуімен бірегей. Сондай-ақ, өңірде Баутино жəне Құрық
порттары жұмыс істейді;
• Облыстағы темір жолдың жалпы ұзындығы – 1359,8 км;
• Маңғыстаудағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы
ұзындығы 2844,1 км, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 1049 км, облыстық маңызы бар –
1028,7 км, аудандық маңызы бар – 899,3 км;
• Тасымалдау көлемі бойынша ҚР-да Алматы жəне Астана əуежайларынан кейін үшінші
орын алатын Ақтау халықаралық əуежайы жұмыс істейді.
• Халықаралық Ақтау-Бейнеу автомобиль жолы – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік
дəлізімен байланыстырушы болып табылады. Бұл жол Ұлы Жібек жолының бөлігі жəне жүктерді
тасымалдаудың мультимодальділігін қамтамасыз етеді.
• 2013 жылы ашылған Болашақ теміржол өткелі трансұлттық нысан ретінде тарихи геосаяси
маңызы бар жобалардың бірі. Осы жобаның негізінде Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттері
арасында тікелей теміржол қатынасы орнатылды. Бұл жаңа жол жүктерді, соның ішінде транзиттік
жүктерді жеткізетін, ал болашақта жолаушылар тасымалы үшін ең қысқа жол болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан-Түрікменстан темір жолы – Парсы шығанағына шығатын болашақ
транзиттік дəліздің негізгі бөлігі.

Ескертпе – [43] дерек көзі негізінен алынды
Сурет 6 Маңғыстау облысының көлік торы картасы
16

3-ТАҚЫРЫП. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ГЕОГРАФИЯСЫ ЖƏНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ
САЛАЛАРЫНДАҒЫ «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА
КӨШУ БАҒЫТТАРЫ
Тапсырмалар:
1. Географиялық диктант:
Маңғыстау облысы экономикасының негізін ........................ өнеркəсібі құрайтын
өнеркəсіптік өңір болып табылады. Өңірдің жер қойнауы ........, ........., ...............,
.............., ................. бай. Облыс өнеркəсіптік тұрғыдан елімізде стратегиялық
маңызға ие өңір: мұнда республика мұнайының ....... %-ы өндіріледі, сондай-ақ,
Қазақстанның «теңіз қақпасы» саналатын – ............ қаласы орналасқан. Ақтау
порты ................... шығыс жағалауында орналасқан жəне əртүрлі құрғақ жүктерді,
шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған.
Маңғыстау
облысында
Forbes
Global-2000
(
.................................................................................................................
т.б.)
тізіміне
енетін əлемдік технологиялық көшбасшылар мен трансұлттық компаниялар
табысты жұмыс істеуде.
Тау кен өнеркəсібі облыстың өнеркəсіп құрылымында негізгі үлесті алады
(88,0%), оның ішінде ...... мен ........... өндіру болып табылады. Облыс бойынша жыл
сайын шамамен ...... тонна шикі мұнай жəне ....... текше метр табиғи газ өндіріледі.
Бұл Қазақстанның жалпы шикі мұнай көлемінің – 23%, табиғи газ көлемінің 5,4%
құрайды. Қазіргі таңда, облыста 26 ..... компания жұмыс істеуде.
2. Төменде аты аталған компаниялардың мақсаты мен міндеттері, негізгі
қызметтерін балық қаңқасына жаз:
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Бозашы Operating LTD»
компаниясының филиалы, «Қарақұдықмұнай» ЖШС жəне «Total E & P Dunga GmbH»
компаниясы.

3. Маңғыстау өңірінің өңдеу өнеркəсібінің негізін машина жасау, химия өнеркəсібі,
мұнай өңдеу өнімдерін жəне басқа да металл емес минералдық өнімдерді өндіру,
17

металлургия өнеркəсібі құрайды. Бұның артықшылықтары мен кемшіліктеріне SWOT
талдау жүргіз:

4. Маңғыстау облысында қандай зауыттар бар? Олардың біреуіне толық
сипаттама жаз:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
5. Open book əдісімен Маңғыстау облысының өңдеу өнеркəсібі саласы бойынша
экспорттаушы кəсіпорындар туралы деректерді жаз:



Кəсіпорынның
атауы

1
1
2
3
4
5

Тауардың
атауы

2

Экспорт көлемі (факт), Өндірілетін Ағымдағы
2022 жылғы қаңтар- өнімнің
өткізу
мамыр үшін
мақсаты
нарықтары
заттай
көріністе

құндық
мəнде, мың
АҚШ долл.

3

4

5

6

«MAGABREAD» ЖШС
«Каспий
Цемент» ЖШС
«ArcelorMittal
Tubular Products
Aktau» АҚ
«Satex-Chemie»
ЖШС
«ҚазАзот» АҚ

6. Маңғыстау облысы бойынша 2023-2026 жылдар аралығында экономиканың
түрлі салаларында іске асырылу жоспарланып отырған жобаларды атап жаз. Бұл
инвестициялық жобалардың маңызы қандай деп ойлайсың? Өз ойыңды ПОПС
формуласы негізінде жеткіз.

18

7. «Svevind Energy GmbH» компаниясының «жасыл» сутегі жəне . «жасыл»
аммиак өндіру жобасы жайлы не білесің?
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
8. «Өз атыңды қорға!» Топтық жұмыс. Əр топ өз атауына байланысты
деректерді ұсынып, өз тобының атын қорғап шығады:
1-топ. Машина жасау кəсіпорындары.
2-топ. Кокс жəне мұнай өңдеу өнімдерін өндіру.
3-топ. Химия өнеркəсібі өнімдерін өндіру.
4-топ. Басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі.
5-топ. Дайын металл бұйымдарын өндіру.
Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған ақпараттық-талдамалық
ақпарат
2 Маңғыстау облысының əлеуметтік-экономикалық даму географиясы жəне шаруашылық
салаларындағы «жасыл» экономика технологияларына көшу бағыттары
2.1 Өндірістік салаларының қазіргі кездегі даму қарқынының географиясы жəне «жасыл»
технологиялардың енгізілу мəселелері
Маңғыстау облысы экономикасының негізін мұнай-газ өнеркəсібі құрайтын өнеркəсіптік өңір
болып табылады. Өңірдің жер қойнауы мұнай, газ, көмір, фосфорит, марганец, ұлутас жəне түрлі
тұздарға бай. Облыс өнеркəсіптік тұрғыдан елімізде стратегиялық маңызға ие өңір: мұнда
республика мұнайының 25 %-ы өндіріледі, сондай-ақ, Қазақстанның «теңіз қақпасы» саналатын –
Ақтау қаласы орналасқан. Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан жəне
əртүрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған [19].
Теңіз сауда портының аумағында жəне оған Ақтау жəне Мұнайлы ауданының əкімшілік-аумақтық
шекаралары шегіндегі іргелес аумақта арнайы экономикалық аймақ (АЭА) жұмыс істейді.
«Ақтау теңіз порты» АЭА өңірге инвестиция тартудың негізгі құралы болып табылады. АЭА
аумағында 48 қатысушы тіркелген, оның ішінде бүгінгі күні
1000-нан астам жұмыс орнын
құрумен 18 жоба іске асырылды жəне 30 – іске асырылу сатысында. 2022 жылдың 6 айында «Ақтау
теңіз порты» АЭА аумағына салынған инвестициялар көлемі 7,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде
шетелдік инвестициялар көлемі – 2
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!