МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ.....................................................................................................


1

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ..


1.1

Экономикалық географиялық орны, әкімшілік аумақтың аудандастырылуы.......................................................................................


2

АЙМАҚТЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БАҒА БЕРУ...........................................................................................................


2.1

Климаты және ішкі сулары......................................................................


2.2

Топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі........................


3

ХАЛҚЫ,ЕҢБЕК РЕСУРСТАР..................................................................


4

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.................................................


4.1

Мұнай -газ өндірісі...................................................................................


4.2

Тамақ және жеңіл өнеркәсібі....................................................................


4.3

Туризм индустриясы


5

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ....................................................................


5.1

Ауыл шаруашылығы..................................................................................


5.2

Мал шаруашылығы....................................................................................


5.3

Егін шаруашылығы....................................................................................


6

КӨЛІК КЕШЕНІ...................................................


7

ҚОРЫТЫНДЫ. АЙМАҚТЫН ДАМУ БОЛАШАҒЫ............................



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................






















КІРІСПЕ


Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері және басқа да ғылыми ақпарат айқындалады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «География» пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен құрастыру ісі ел аумағында әлі де кенжелеп тұрған мәселе. Батыс Қазақстан экономикалық ауданның, экономикалық-географиялық орны, әлеуеті жайында мәліметтер әдетте әкімшілік орындардың, статистика агенттігінің, бұқаралық ақпарат құралдарының түрлі құжаттарында сөз болғанымен, география саласы бойынша мұғалімдерге, оқушыларға пайдалы болатын нақты, жан-жақты материалдар жинақтап, олардан оқу құралдарын жасап шығару қажет екендігі анық. Мен дайындаған ғылыми жұмыста осы мәселенің шешімін табуға көмектесетіні сөзсіз. Осыған байланысты Батыс Қазақстан экономикалық ауданның, экономикалық- географиялық сипаттамасы , даму болашағы , соның ішінде нақты Маңғыстау облысының мысалында алынып зерттелді.

Ғылыми жұмыстың мақсаты – Батыс Қазақстан экономикалық ауданның, экономикалық-географиялық орны, даму болашағы жайлы соның ішінде нақты Маңғыстау облысының мысалында түсінік қалыптастыру.

Ел экономикасына қосып жатқан үлесі туралы қорытындылар мен болашақтағы дамуына болжамдар жасау, аймақтың туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып, олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.

Белгіленген мақсатқа жету үшін ғылыми жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

  1. Маңғыстау облысының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны.

  2. Аймақтың табиғи жағдайы мен табиғи ресурстарына экономикалық географиялық баға беру.

  3. Халқы, еңбек ресурстары.

  4. Өнеркәсіп саласының экономикалық сипаттамасы.

  5. Агроөнеркәсіп кешені.

  6. Көлік кешені.

  7. Қорытынды. Аймақтың даму болашағы.

Қойылған міндеттерді орындау үшін 7 тарау бөлінді:

1-ші тарауда Маңғыстау облысының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны, сонын ішінде нақты экономикалық географиялық орны, әкімшілік аумақтын аудандастырылуы жайлы анықтау.

2-ші тарауда Аймақтың табиғи жағдайы мен табиғи ресурстарына экономикалық географиялық баға беру, сонын ішнде нақты алынған, климаты және ішкі сулары, топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі қарастырылды.

3-ші тарауда Маңғыстау аймағының халқы мен еңбек ресурстары жайлы білдік.

4-ші тарауда Маңғыстау облысының өнеркәсіп саласының экономикалық-географиялық сипаттамасы, соның ішінде нақты алынған, мұнай-газ өндірісі, тамақ және жеңіл өнеркәсібі, туризм индустриясы карастырылды.

5-ші тарауда Маңғыстау облысының агроөнеркәсіп кешені соның ішінде, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы жайлы қарап білдік.

6-шы тарауда Маңғыстау облысының көлік кешені анықталды.

7-ші тарауда Ғылыми жобаның қорытындысында, аймақтын даму болашағы жайлы білдік.

Соңында ғылыми жобада пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалар жазылған.

Ғылыми жұмыс компьютерлік 14 шрифтпен терілген 35 беттен тұрады, жұмыста 2 – сурет және 22 пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
































  1. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ.

1.1 Экономикалық географиялық орны, әкімшілік аумақтың аудандастырылуы.


Маңғыстау облысы Қазақстан республикасының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. 1973 жылы Маңғышлақ облысы болып құрылған, 1990 жылдан бастап Маңғыстау облысы болып аталады. Облыс көлемі 165,6 мың шаршы киллометрге тең.

Облыстың солтүстік бөлігінде Желтау, (221 м), Мыңсуалмас (148 м) таулары және құмды массивтері ( Қарақұм, Сам және басқалары), сортаң жерлері (Өліқолтық, Қайдақ, Қара дүлей және басқалары) және Бозащы түбегі бар Каспий маңы жазығы орналасқан. Орталық бөлігінде Маңғыстау түбегі және ТМД-дағы ең үлкен ойпат – Қарақия (132м.) орналасқан. Оңтүстік-батысында Кендірлі-Қаясан жазығы, оңтүстігінде – Қарынжарық ойпаты, шығысында – Үстірт жазығы орналасқан.

Облыстың шеткі нүктелері:

  1. Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б.

  2. Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде.

  3. Оңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы.

  4. Солтүстік - Атырау облысымен шкарадағы Желтау болып табылады.

Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы. Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі , Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды. Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі.

Маңғыстау облысының аумағы биолклиматтық жағдайларының сипаты бойынша сұр-бозғылт топырақты шөлейтке жатады. Барлық аумақта кең таралған сорлар, сортаңдар кездеседі. Кең ауқымды аумақты құм алып жатыр.









Сурет 1 - Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі


Маңғыстау облысында 4 аудан және 2 қала (Ақтаудан басқа), 6 кент, 30 селолық және ауылдық округ бар, қала халқының саны 274,6 мың адам құрайды (76%), ауылдықтар - 87,1 мың адам (24%).

Ақтау қаласы. Облыс орталығы 1963 жылы құрылған және Каспий теңізінің айғағы болып табылады. Аумағы – 165 мың шаршы шақырым (Қазақстан аумағы ның жалпы ауданының 6,1 % алып жатыр). 2016 жылдың 1 ақпанынның санағы бойынша қалада 186,0 мың адам тұрған, немесе барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км.

Жаңаөзен каласы. Облыс қарауындағы қала Жаңаөзен 1968 жылы құрылған. 2016 жылдың 1 ақпанның санағы бойынша қалада 141,0 мың адам.

Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі ара қашықтық - 150 км. Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне кіретін ауыл-дар: Теңгежәне Қызылсай ауылдары кіреді. 2004 жылы қала мұнайшылары 6,2 млн. тонна шикі мұнай немесе облыс бойынша шығарылған көлемінің 39%, 0,9 млрд. текше метр табиғи газ шығарған. 818 тонна сүт өнім-дері, 5,1 мың дана жұмыс киімі шығарылды.

Бейнеу ауданы. Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Бейнеу селосы. Ақтаудан Бейнеуге дейінгі арақашықтық - 470 км., аудан көлемі 40,5 мың ш. км. тең. 2016 жылдың 1 ақпанның снағы бойынша ауданда 65,2 мың адам тұрған. Аудан құрамында 10 ауыл кіретін 12 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады.

Қарақия ауданы. Қарақия ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Құрық селосы. Ақтаудан Құрыққа дейінгі ара қашықтық - 72 км., аудан көлемі 63,3 мың ш.км. тең. 2016 жылдың 1 ақпанның санағы бойынша ауданда 65,6 мың адам. Аудан құрамында 8 ауыл кіретін 4 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығы-мен айналысады[2].

Маңғыстау ауданы. Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы - Шетпе селосы. Ақтаудан Шетпеге дейінгі ара қашықтық–159 км., аудан көлемі 47,9 мың ш. км. тең. 2016 жылдың 1 ақпанның санағы бойынша ауданда 37,0 мың адам. Аудан құрамында 22 ауыл кіретін 11 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады.

Түпқараған ауданы. Түпқараған ауданы 1992 жылы құры-лған. Аудан орталығы аудан қарамағындағы Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Ақтаудан Форт-Шевченкоға дейінгі ара қашықтық - 132 км., аудан көлемі 12,6 мың ш.км. тең. 2016 жылдың 1 ақпанның санағы бойынша ауданда 25,2 мың адам. Аудан құрамында 5 ауыл кіретін 3 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады.



  1. АЙМАҚТЫҢ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БАҒА БЕРУ


Табиғат жағдайы деп - белгілі бір кезеңдегі өндіргіш күштерінің даму сатысында адамның өмір сүруіне және тіршілік етуіне қажетті табиғат компоненттері мен күштерін айтамыз.

Облыс экономикасының негізгі көлемін аймақта өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемнің 90 %-дан астамын алатын мұнай газ өнеркәсібі құрайды. Мұнайдың аса бай қорлары Маңғыстауды отандық және шетелдік ірі компаниялардың өндіріс ошағына айналдырды.

2015 жылы қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіптік өнім көлемі 263 млрд теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінде өсім байқалды. Мұнда көлем индексі 100,3%, және өңдеу өнеркәсібінде 100,2% құрады. Мұндай өсімді мұнай өндірудің артуы қамтамасыз етті. Осылайша, есептік кезеңде өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мұнай 1,2%-ға көбірек өндірілді. Өсім шамамен 3 млн тонна мұнайды құрады. Сонымен қатар биыл газ өндірісінде 4,2%, яғни 352,6-дан 367,3 млн текше метрге дейін өсім байқалды.

Облыс экспортқа көмірсутегі шикізатын жеткізіп берушілердің бірі болып саналады. Мұнайды негізгі экспорттаушылар – «Өзенмұнайгаз» ПФ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражамбасмұнай» АҚ, «Арман» ЖШШ БК, «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ. Мұнай негізінен Швейцарияға, Виргин аралдарына, Италияға, Ұлыбританияға, Гибралтар, Багам аралдарына жіберіледі.

Сол сияқты аймақтың салыстырмалы аз бөлігінде фосфорит, минералды және ас тұзының, темір кенінің кен орындары барланған. 50 – жылдардың басында Маңғыстаудың жер қойнауынан уранның аса бай сілемдері және сирек жер элементтері табылған. Жетібай поселкесінің солтүстік - шығысының 40 - километрінде 60 млн. тоннаға жуық бекітілген қоры бар «Беке» кирлер кен орны орналасқан. Бұл пайдалы қазбаны жол – құрылыс жұмыстарында кеңінен қолдануға болады.

Облыс аймағында бұрғылау көмірінің бес көрінісі танымал. 1940 жылы Түпқараған ауданындағы Қызыл-Қаспақ- Айыржарал кен орны баланс арқылы бекітілді. Сол кезеңге бекітілген қорлары 34,7 млн теңгені құрады, өңделгені 0,5 млн.тонна, қалған қорлар балансталғанға жатқызылған. Бұрғылау көмірінің басқа түрлері с.Шетпе ауданында орналасқан. Бұрғылау көмірі бұрғылау ерітінділеріне арналған химреагент дайындау үшін келешекті шикізат ретінде бағаланады. Шамамен алынған есеп бойынша барлық кен орындарының көмір қорлары 253 млн.тоннаны құрап отыр. 
Маңғышлақ жартылай аралы стронцийлі минералдау түрлері кең тараған дүниежүзінің аймақтарының бірі болып саналады. Маңғыстау облысының аумағында Қазақстандағы стронцийдің барлық қорының 100 % пайызы бар. Барлығы целестин және целестин – бариттің 20 жуық көрінісі анықталған. Анағұрлым ірі болып Ауыртас, Үнғозы, Үшкүйік кен орындары саналады.

Анықталған кендердегі стронцийдің құрамы шамамен 20% пайызды құрайды.

Барит – целестин кендерінің қорлары барий тотығының 8,4% орташа құрамымен бірге елеулі мөлшерін құрайды. Ауыртас кен орны Шетпе ауылының оңтүстік – батысына қарай 37 километр , темір жолдан 15 километр, жоғары вольтты Ақтау – Бейнеу ЛЭП-тен 9 километр қашықтықта орналасқан.

Маңғыстаудың таулы бөлігінде түйінді фосфорит пен темір кендерінің түрлері бар. Ханга-Баба, Тюбаджик, Жалбарт, Таушық және Жангелді фосфорит кен орындары алдын-ала барланған. Олардың жалпы қоры шамамен 175 млн. тоннаны құрайды. Темір кендерінің анағұрлым ірісі – Шығыс Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан Бескемпір темір кені. Оның қорлары құрамында орташа алғанда 44,73% темірі бар шамамен 500 млн. тоннаны құрайды. Аймақта тағы да бір марганец пен бірнеше кен түрі бар. Барланған қорлар құрамындағы орташа – 12 пайыз марганецімен, 2,7 млн. тоннаны құрайды. Шығыс, Батыс Қаратау және Қаратаушық жоталары шегінде 100-ге жуық мыс кендерінің түрлері белгілі, олардың елеулі бөлігі әлі бағаланған жоқ.

Маңғыстау жер қойнауы тұз сілемдеріне де бай. Ас тұзының үш ірі кен орны белгілі:Форт – Шевченко ауданында орналасқан Бұлақ І. Көлемі 0,5 шаршы метр экваторияны алып жатыр.

Құрамындағы Na CI 95,2%, қорлары шамамен 300 мың тонна. Каспий теңізінің жағалауына тікелей жақын орналасқан Қошқар кен орны және 25,17 кв.км жер көлемін алып жатыр. Құрамындағы Na CI 97 %, қорлары –17,8 млн.тонна. Қарақия кен орны Қарақия ойпатының орталық бөлігінде орналасқан, алып жатқан көлемі -160 шаршы километр. Құрамындағы Na CI - 97 %, қорлары есептелмеген, алайда ол Маңғыстаудағы ең ірі кен орны болып саналады.

Минералды тұздардың түрлерінен Өлі Құлтұқ саздарынның төрттен бір шөгінділерінде мирабалит, тенардит кендерінің түрлері бар. Сусыз тұздағы натрий сульфатының құрамы 73-97 % құрайды. 1982-1990 жылдары Үстірт теміржол станциясынан батысқа қарай 20 км жерде орналасқан шамамен 630 млн.тонна шикі тұздарының қоры бар Жаманайрақты кен орны табылған, учаскенің шегінде тұз 17кв.м ауданда деп белгіленген. Құлтық-Қайдақ ойпатының аумағындағы болжанған ресурстар 6,8 млрд.тонна шикі тұздары, оның ішінде 2,9 млрд.тонна – натрий сульфаты бар деп бағаланады.

Облыс аумағының бетінде тұтастай дерлік, тек ТМД елдерінде ғана емес, сонымен бірге қиыр шет елдердің бірқатарында белгілі болған, қолдануға дайын құрылыс материалы әктас- ұлутас кең таралып отыр. Маңғыстау ұлутас - әктасы – қабырғалық және қаптау материалы ретінде пайдаланылады.

Физикалық – механикалық сапасы жағынан әктас – ұлутас тек қана бетон тақталары мен шлак бетондары ғана емес, күйдірілген кірпіштің параметрлерінен асып түседі. Өңдеу материалының түстік гаммасы алуан-түрлі: қызғылт, ақшыл сарыдан ақ түске дейін. Ұлутас – әктастың болжалған қоры бірнеше миллиард текше метр. Ұлутас – әктастың 100-ге жуық кен орындарыы барланған. Облыс аумағында ұлутас – әктастан басқа көптеген құрылыс материалдарының кен орындары бар: ұсақталған тас кесектерін өндіруге арналған құрылыс тасы, құрылыс әктасы, ПГС, құрылыс құмдары және т. б.

Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр.


2.1 Климаты және ішкі сулары


Маңғыстау облысының климаттық жағдайы өңірдің Еуразия материгінің орталығында, әлемдік теңіз және мұхиттан алыс қашықтықта орналасуына байланысты қалыптасады.

Аймаққа тән сипаттама: жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша тең таралмаған, ауасы қүрғақ; бүлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлді өңірлердің қалыптасуына әкеліп соқтырады.

Жыл бойы ауа ағымының негізгі үш түрі әсер етеді:

  • арктикалық,

  • полюстік (немесе қоңыржай белдеулік)

  • тропикалық.

Аймақ қоңыржай белдеудің оңтүстік белігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік ауасының әсері басымырақ. Аймақтың ауа райына Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттар да әсер етеді. Таулы кедергінің жоқтығынан, ауа ағымдары солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай еркін етеді. Атлант мұхитының теңіздерінен келетін ауа үлкен қашықтықтардан өте отырып, көп ылғалын жоғалтады. Сейте тұра, батыстан атмосфералық жауын-шашынның ең негізгі белігін әкеліп, қысқы температураны жоғарылатады да, жаздғы температураны төмендетеді. Солтүстік Мұзды мүхит аймағында қалыптасатын континенттік арктикалық ауаға қыста да, жазда да төмен температура және аз ылғалдылық тән.

Осындай ауаның келуіне байланысты антициклондық ашық күндер орнайды. Мүндайда қыста аяз, жазда ыстық болады. Арктиканың континенттік ауа массасы аймаққа жылдың мезгіл аралық кезеңінде жиірек өтіп кетуіне байланысты,көктемде тым кеш (бесқонақ), күзде ертерек суық түсу мысалдары ұшырасады.

Каспий теңізінің климатқа әсері шектеулі. Оның әсері жағалауға жақын жерлерде ғана байқалады, атап айтсақ, ауаның ылғалдылығы шамалы артып, қыста температурасы жоғарылайды, ал жазда төмендейді, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасы кемиді.Осы жайттардың әсерінен тым қүрғақ континенттік климат қалыптасады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдердің жиі қайталанып келетіні байқалады. Қыста Каспийдің суы, іргелес жатқан құмды шөлдермен салыстырғанда, аз ғана суиды.

Осыған байланысты суық ауа ағымының шөлден Каспийге қарай ауысу тенденциясы қалыптасқан. Аймақта жел қуатының қоры мол, оны шаруашылықта пайдалануға болады. Күшті жел бұл аймаққа тән құбылыс. Каспий теңізінің жағалауы қатты желімен ерекшеленеді, оның жыл сайынғы орташа жылдамдығы 6-7 м/сек, бүл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Мұнымен қоса, жазда жергілікті жел – бриз (күндіз теңізден қүрлыққа қарай, ал түнде, керісінше, құрлықтан теңізге қарай соғады) байқалады.

Жылдың ең суық айы - қаңтар. Қиыр солтүстікте және солтүстік-шығыста қаңтардың орташа айлық температурасы минус 10-15,6° С (Ақтөбе). Маңғыстау облысының оңтүстігінде минус 5,5°С (Аққұдық). Жалпы алғанда, қысы қоңыр салқын, ал аймақтың солтүстігі, сол ендікте жатқан Украинамен және Солтүстік Кавказбен салыстырғанда, біраз суықтау. Солтүстігінде қыс 4,0 - 4,5 айға созылады, ал оңтүстігінде мерзімі қысқа да жұмсақтау. Қар жамылғысының қалыңдығы солтүстігінде 15-20 см, оңтүстігінде 10 см-ден кем, солтүстікке қар мызғымай 3 ай бойы жатса, оңтүстігінде 1,5-2 ай ғана жатады. Кей мезгілде, қысы біршама суық жылдары, аяздың көрсеткіші: Орал қаласында -43°С, Ақтөбеде -34°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде -26°С.

Алқаптың біраз бөлігінің жазы ыстық, құрғақ, күні ашық. Шілде айының (ең ыстық ай) орташа температурасы солтүстігінде (Орал) +22,0°С, оңтүстігінде (Аққұдық) +28,6°С. Кей жылдары ауаның температурасы +47°С-қа дейін (Аққұдық) көтеріледі. Аймаққа үзақ мерзімді аязсыз кезең тән, бұл көрсеткіш 160-215 тәулік аралығында өзгереді. Мол жылу қоры аймақта жылусүйгіш ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру мүмкіндігін туғызады. Бірақ жауын-шашын мөлшері, тым аз, әсіресе Маңғыстау облысының жауын-шашын орташа жылдық мөлшері солтүстігінде (Орал)360 мм, оңтүстігінде (Аққұдық) 150 мм. Өсімдік өсуге қажетті ылғал мөлшері жеткіліксіз, сондықтан мұнда, негізінен,суармалы егістік алқаптары орналасқан. Жазда температураның жоғары болуынан булану да артады. Мұны дақылдардың көпшілігінің вегетациялық даму көзеңіндегі ылғалдылық жиынтығының жетімсіздік көрсеткішінен (1105-2860) байқауға болады.[4]

Тіркелген ең суық күн 1969 жылы 10 акпан -28 градус ыстык 43 градус (14.08.2006) ортага температура 12б2 орташа жылдык жауын шашын 167 мм. [5].

Маңғыстауда шағын бұлақтар мен жылғалар, уақытша көлшіктер болмаса, ірі су объектілері жоқ. Сондықтан да облыс үшін жерасты суларының рөлі ерекше. Жерасты суларының таралу және қоректену аймағын - арынсу алабы (артезиан бассейні) деп атайды. Маңғыстау облысының аумағында 5 арынсу алабы бар.

Таулы Маңғыстау арынсу алабы. Оған таулы Маңғыстаудан басқа Оңтүстік Маңғыстау өңірінің солтүстік- шығыс бөлігіндегі құмды массивтер кіреді. Алаптың жалпы тереңдігі 50 м-ден 1200 м. аралығында, пермь – палеоген жыныстары қабатында жинақталған. Жалпы су қоры -135 млрд м³, оның жартысы тұщы судан тұрса, қалғанының аздаған тұздылығы бар. Таулы Маңғыстау мен Бостанқұм- Түйесу құмдары облыстың негізгі тұщы су қоймалары, өйткені пермь- триас жыныстарының және төрттік дәуір құмдарының құрамында тұз мөлшері аз. Қаратаулардың етегінде көптеген тұщы су көздері (Тұщыбек, Шайыр, Онды, Жармыш, Ақмыш, т.б) кездеседі. Қаратаулардың етегінде жерасты суларының қайнар көздері жиі кездеседі. Таушық пен Жыңғылды елді мекендерінің аралыңында Ұланақ тұщы су алабының өнеркәсіптік мүмкіндігі мол.

Оңтүстік көтеріңкі Маңғыстау. Қаратаулардың оңтүстік шекараға дейінгі Маңғыстау түбегінің бөлігін қамтиды. Юра, бор, палеоген, неоген шөгінділерінде жинақталған. Орналасу тереңдігі солтүстікте, 1,5 км-ден орталықта 5-6 км-ге дейін барады. Бұл алаптың жалпы су қоры 150 млрд м³ жетеді, оның тек 78 миллиарды ғана ішуге жарайды, оның да басым көпшілігі тұщы емес, ащылау (тұздылығы 1-3 ‰) сулар болып табылады. Тұщы сулы учаскелер Қарынжарық құмдарында, Қарамая, Көкесем тауларында, сондай-ақ Ақтау қаласының солтүстік- шығысындағы Құйылыс алабында кездеседі. Құйылыс алабы теңізден тұщытылған суға қосылып пайдаланылады.

Бозашы арынсу алабы. Бозашы түбегі мен сорларды алып жатыр. Бор дәуірінің әртүрлі құмдары мен құмтастарында түзілген. Негізгі сулы қабат солтүстікте 100м –ден оңтүстік-шығыста 800 м тереңдіктен басталады. 105 млрд м³ су қорының тек 30 млрд м³ судың тұздылығы 1-3 %. Тұщы судың шағын учаскелері құмды массивтерде ғана кездеседі.

Үстірт арынсу алабы. Бор, палеоген дәуірінің қабаттарында түзілген. Жалпы қоры елеулі болғанымен басым көпшілігі пайдалануға жарамсыз. Маңғыстаулық бөлігінде тұщы сулар Сам төңірегіндегі құмдарда, Үстірт шыңдарының етегіндегі бұлақтарда кездеседі.

Оңтүстік Жылыой арынсу алабы. Бұл алапта ішуге жарамды тұщы сулардың қоры да көп емес. Тек бозашыдағыдай құмдар атмосфералық жауын-шашынды жақсы сіңіреді.

Жалпы тұщы сулардың таралуын қатарлай қазылған құдықтардың шоғырлануы арқылы байқауға болады.


    1. Топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі


Құрамындағы қарашірік мөлшері 10-20 см ғана болатын Маңғыстау топырағы қоңыр және сұр-қоңыр болып бөлінеді.Маңғыстау топырағында тұздылық басым.

Өсімдік жамылғысы. Топырақта тұз мөлшері көп болғандықтан жусан,сораң сияқты ащы өсімдіктер көп өседі.Сонымен қатар бұл жерлерде әр-түрлі жәндіктер де кездеседі. Шөл дала дегенмен Маңғыстауда зерттелген өсімдіктің 622-ден астам түрі кездеседі.Оларды емдік шөптер,мал азықтық шөптер және ботаникалық шөптер деп 3 топқа бөліп қарауға болады. Олардың біразы Қызыл кітапқа тіркелген.Мысалы: парсы шырмауығы,жұмсақ жеміс,күмәнді долана т.б.Әрі азықтық,әрі дәрілік өсімдіктер: Жусан,сораң,адыраспан,меңдуана,тасбұйрығын,жантақ,ебелек,мортық және айғырқияқ т.б.Ақтауда 1972 жылы құрылған «Ботаникалық бақ»бар,мұнда басқа жақтардан алып келіп жерсіңдірілген өсімдіктер өсіріледі.Кейбіреулері мына жерде көрсетілген: Итмұрын,өрік,қасқыржем,кәдімгі қарағай,қырым қарағайы,шырыш және мускат шалфей.

Табиғат залының витринасында Маңғыстаудың құмды шөл даласының бір көрінісі көрсетілген.Сексеуіл-шөл дала ағашы,оның тамыры 4-5 метрге дейін тереңге кетеді.Сондықтан сексеуілді құм көшкінін тоқтату үшін пайдаланады.отырғызылады Қазіргі таңда адамдардың сексеуіл ағашын отынға пайдалануына байланысты азайып кетті.Маңғыстау өлкесінің дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. Шренк, И.Борщов, П. Семенов-Тянь-Шаньский, И. Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола бастады. Оның ішінде 1825-26 ж.ж. жарық көрген Эйхвальдтың – Каспий теңізінің Маңғыстаудан Шағадамға дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі айрықша маңызды. Г.С. Карелин 1832 ж. Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды пікірлер қалдырды. И.Г. Борщовтың 1965 ж. жарық көрген «Арал-Каспий аймағының ботаникалық географиясына материалдар» атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды.

Маңғыстау жерін зерттеген атақты геологтар Барбот де Марин, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен де бұл аймақтың өсімдіктердүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам, Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас, Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында – сүттіген, Бозашы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі өседі. Итсигекпен адыраспан,құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі.

Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы – жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп – күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей,қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланылады. Сондай-ақ,изен, жапақ, тітір,жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары.

Маңғыстауда тұрақты қоныс бола бермейді. Қысы қарлы, көктемі желсізжылы,жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдық, сарғалдақ, раң, мортық, сіргеқара, беде, мысыққұйрық, аққайың, жауылша, қазтабан, шытыр, қоңырбас, сіңбірік, қоянжын; таулы жерлерде: киікоты, ерқұны, қына, түйежапырақ, қызылша; ащылы жерлерде: көкпек, домалатпа, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот,балықкөз т.б. қаптап шығып,дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7-10 жылда бір кездесетін өзгермелі құбылыс. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы – мортық. Мортық қонысты жылдары Маңғыстаудың көптеген жерлерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды. Азықтық және шығымдылық сапасы жағынан мортықпен деңгейлес шөптердің бірі – ебелек. Ол да мортық сияқты Маңғыстаудың көпшілік жерінде кездеседі.

Жалпы Каспий маңы ойпатының, сондай-ақ Атырау облысының топырақ жамылғысының құрылымы өзінін түзілу факторлары мен құрамының сан алуандығына байланысты өте күрделі болып келеді.

Негізінен мұнда топырақ таралуының ендік белдеулілігі басым қалыптасқан, яғни топырақтың бір түрінің қабаты ендік бағытқа қарай созыла шашыла түзіледі де, теңізге жақындаған сайын келесі түрмен жиі және әлденеше рет ауысып отырады.

Шалғынды аллювийлі қуаң топырақ (Жайықтың екі жағындағы кең жайылмаларында ғана тараған, құнарлы қабаты 70 см-ге дейін, негізі — аллювий шөгінділері).

Бозғылт- құмды топырақ (Нарын,Тайсойған және Ментеке өңірлері).

Батпақты-тұзды саз топырақ (ойпаттың теңіз жағалауына ұласатын бөлігі, гумус қатапшы, шикі шымтезек аралас келеді, аса кепкен жерлерінде бэр төбешіктеріқалыптасқан).

Автоморфты қоңыр не сұр қоңыр топырақ (Жайықтың екі жағында да, әсіресе сол жағында Тайсойғанға дейінгі өңірді, Ойылдың сағалық бөлігін қамтиды, біршама құнарлы келеді, гипс пен тұз кабаттарының үстінде түзілген, облыс жерінің 20%-ынан астамын алады)

Сортаң топырақ -облыс аумағында өте көп тараған. Топырақтың беткі қабатына тұзы шығып жатады. Мұнда тұздың мөлшері 8-10 % -ке дейін жатады.

Мортықтан ерекшелігі – жаңбырлы жылдары көктемнен қоңыр күзге дейін мезгіл таңдамай шыға береді. Малдың барлық түрлі, оның ішінде жылқы малы ебелекті жақсы жейді. Дәнденіп, қатайған уақытта қозы үшін тиімсіз. Әдетте қазан айының соңғы он күндігінен бастап ебелек ұша бастайды. Малға жағымдылығы жағынан бағалы шөптердің бірі – ажырық. Ол тау қойнауларында, ағыстардың түйіскен, су жиналатын жартылай тақыр тегістіктерінде тұтас өседі. Ғылымда ажырықты мал семірткіш азық деп бағалайды. Шаруашылықтар қалың шыққан жылдары ажырықты малазығы үшін де дайындайды. Маңғыстау даласында ши басқа өсімдіктер сияқты кең көлемде кездесе бердейді. Бұл су сағалайтын, жоғарғы қабаттағы тұщы сулардан нәр алатын өсімдік. Шиді тау бөктерлерінде, ызалы, еспелі бұлақтар маңында , құмның қоңырлыққа айқасар сулы, тепсенді алқаптарында кездестіруге болады. Ши сақалдарын мал жақсы жейді. Ал шидің өзін тартып дайындап, тоқып үй тұрмысына және малға ықтасын ретінде пайдаланады. Суармалы жерлерде мал азығы үшін жоңышқа, жүгері, судан шөбі жақсы өседі. Бірақ су көздерінің тапшылығына байланысты, өсімдіктің бұл түрлері кең көлемде тарамаған.

Өзен, көл, жайылма судың жоқтығына байланысты Маңғыстауда тұрақты шабындық жоқ. Қоныс реттеріне қарай әр жылда әр жерден мал азығы дайындалады. Дәрілік өсімдіктер. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін сан алуан өсімдіктер дүниесінде емдік шөптердің алатын орны ерекше. Маңғыстауда дәрілік өсімдіктердің қоры өте көп, олар болашақта мұқият зерттеуді қажет етеді. Осыған орай Маңғыстау даласының табиғат жайылымында өскен малдың етінің ерекше дәмді болуы да тегін емес. Адыраспан. Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездеседі. Оның биіктігі 30-60 см. Мамыр, шілде айларында гүлдейді. Жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар шар тәріздес қауашақ. Негізінен ескі жұрт маңдарында өседі. Емдік мақсатқа алдараспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүледрін пайдаланады. Алдараспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік.Әбу Әли Ибн Сина оны сегізкөздік жүйкесінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде пайдаланған. Халық медицинасында адыраспанды ревматизм, қышыма, тері ауруларын булауға пайдаланады.

Ал шөбінен жасалған қайнатындыны суық тигенде,безгек, жүйке жүйесінің әлсіреуіне пайдаланады. Шөбін жағып үйді, қойманы зарасыздандырады. Ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді. Қара не қызылбұрышқа қосып, теңге қотырға жағады. Ақ тұт. Түпқараған түбегі тауларында өседі. Тұт тұқымдас бұта, ақшыл-жасыл жемісі бар. Биіктігі 5-15 м-дей. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қазіргі кезеңдерде тұт ағаштары күтімсіздіктен азып, жабайыланып, тұқымы азайып барады. Ақ тұттың жемістерінің, бұтақтарының қабығы мен тамырларының шипалық қасиеті бар. Жемісі қанды көбейтеді. Зат алмасуды реттейді, терлетеді,зәр айдайды, қақырық түсіреді. Діңінің қабығын жараға жапсырады, ал жапырақтары дене қызуын төмендетеді. Ақ тұт тамыры, қабығының суға қосылып жасалған тұнбасымен гипертонияны, бронхитті және демікпені емдейді. Бәйшешек. Биіктігі 15-30 см. Иісті сары гүлдер шатырға ұқсас. Жемісі жұмыртқа тәріздес қауашақ мамыр-маусым айларында гүлдейді. Бәйшешек тамыры бронхит аурулары кезінде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Витамин үшін жапырақтарын салат жасап жейді. Қақырық түсіреді, несеп жүргізеді, іш өткізеді. Гүлдерін бастың сақинасына, бастың айналуына, тамырын сүтке қайнатып туберкулезге, сабағы мен жапырақтарынан қайнатынды жасап, күн өткенле, аяқ-қол калтырағанда, буын сырқырағанда, ұйқы қашқанда ішуге болады. Бозжиде. Ірі тікендері, тармақтары бар ағаш тәрізді, биіктігі 10 м-ге жуық. Жапырағы сопақша, ақшыл тікенді түктері бар. Гүлдері бал иісті ашық сары, шоғырланып өседі. Шілдеде гүл жарып, қыркүйек, қазан айларында жеміс береді. Дәрілік мақсатта гүлдері мен жапырақтары, жемісі пайдаланылады. Бозжиде жемісі іш өткенде де пайдаланылады. Гүлінен қайнатып жүрек-қан тамырлары ауруларын, гипертониялық ауруларды емдеуге пайдалы тұнба жасайды. Сондай-ақ бозжиде жемісін тыныс органдары қабынғанда қақырық түсіруге де қоладанылады. Ғылыми медицинада бозжидеден асқазан ауруларын емдейтін лохпектан жән пшатин препараттарын жасайды. Жантақ. Бұршақ тұқымдас, тікенді, көп жылдық өсімдік. Маусым, тамыз айларында гүлдейді. Маңғыстаудың құм етегі көлдеу тепсендерінде, тау шатқалы аңғарларында, сулы жерлерінде кездеседі. Емдік мақсатында жантақтың жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Жантақ шөбін қайнатып, сүзгіден өткізгеннен кейін сұйығын күніне 3 рет 2 стаканнан ішеді. Қуыққа тас байланғанда сұйық дәрет жүргізу үшін, өт тазарту, іш жүргізуге пайдаланылады. Сондай-ақ бүйрек, қуық қабынуларына да пайдаланады. Жантақ қайнатындысынан геморройға қарсы ванна жасайды. Изен. Алабұта тұқымдас, тік өсетін, жапырағы ұсақ, гүлдері де ұсақ, жасыл, қызғылт түсті болып келеді. Маңғыстауда құмды, бұйратты, қоңырлық жерлерде өседі. Емдік мақсатында изеннің дәндерін пайдаланады. Дәнін қыркүйек, қазан айларында жинайды. Қытай халық медицинасында изенді несеп жүргізетін, жүрек қызметін реттейтін емдік препарат ретінде қолданады. Сонымен қатар изенді тері мен тырнақтың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланады.

Киікоты. Көп жылдық өсімдік. Көп сабақты. Киікотын гүлдеген кезде жинап көлеңкеде кептіріп қағаз қалтада сақтайды. Киікотының қайнатындысымен асқазан мен ішек және кеңірдек ауруларын, ақ жатыр ауруын емдейді. Бірақ киікотын екіқабат әйелге пайдалануға болмайды. Ас қорыту жүйелерінің жиырылуы, созылу қасиеті перистальтикасы бұзылғанда пайдаланады. Киікоты тұнбасын жөтелге, етеккірді реттеуге де пайдаланады. Тұнба тәбет ашады. Қақырық түсіреді. Хош иісті ванна, компресс жасауға да болады. Киікотының ас қорыту және қолқа бездерінің жұмысын жақсартатын қасиеттері де бар. Киікотынан дайындалған тұнбамен ревматизм, құрысуды, жалпы қан тамырының соғысын көтереді. Киікотынан жасалған дәрі майды дененің салданған мүшесіне, іш желденгенде қарын сыртына жағып сылайды.

Маңғыстауда сүтқоректілердің 60-тан астам түрі кездеседі,соның ішінде ең көп тарағаны кеміргіштер.Витринада оның жалғыз түрі-құм тышқаны және оны аулап қоректенетін жыртқыш-күзен.Сонымен қатар тасбақа көрсетілген.Сексеуіл бұтағына қонып тұрған құс-жасылбас тағанақ деп аталады. 

Маңғыстау өңірінің миллиондаған жылдармен өлшенетін тарихы, соған сәйкес, сан алуан табиғат жаратылыстары мен жануарлар дүниесінің болғаны белгілі. Қазіргі кезеңде Маңғыстаудың қай түпкірінен болса да тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне байланысты:хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің, кемірушілердің, жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге болады. Олардың ішінде: кірпі, дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы қарашұбар жылан, оқ жылан, су жылан, құм жылан, сарыүйек, ешкіемерден бастап, дала тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т.б. жиі кездеседі. Ал, мәлін, борсық, қарақұлақ өте сирек, оларды шалғайдағы қалыңдықтар мен мемлекеттік корықтардан ғана кездестіруге болады. Сондай-ақ, көктем шыға келетін кішкентай көк және сары шымшықтар мен күзгі салқындықтың хабаршысы суықторғайдан бастап, дала құстарының үйреншікті түрлері: қарға, бозторғай, қараторғай, қарабауыр, шыл, жек, қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала бүркіттері кездессе, теңіз жағалауы мен аралдарда: қасқалдақ, шағала, үйрек, торалақаз, қоқиқаз, аққу сияқты су құстары мекен етеді. Ақтау қаласы маңындағы Қаракөл заказнигінде жоғарыда аталған су құстарынынң бірсыпырасын кездестіруге болады. Сонымен қатар, Бозашы, Ембі заказнигі мен Үстірт-Қарамая, Кендірлі қорығының таулы, шыңды жерлерінде – арқар; Жазық, Жайылма коңырлықтарында қарақұйрықтар мекен етеді. Бозашы түбегінің терістігі мен терістік шығысы, қарағайлы Кент, Тасорпа бетінде, Үстірт жонындағы үлейлерде, Сам, Матай құмы төңірегінде киіктер жиі ұшырасады. Үй жануарларынан жергілікті халықтың өсіретін малдары: кәдімгі қазақтың түсайыр түйесі, Адай тұқымды жылқы, қаракөл қойы, жеке қожалықтарда сиыр, ешкі түліктері. Бұлардың ішінде Адай жылқысы мен қазақтың түсайыр түйесі – ғасырлар бойы түбектің табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан, өміршеңдігі мен экономикалық тиімділігі жоғары тұқымдық қор болып есептеледі.

  1. ХАЛҚЫ, ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ


Маңғыстау халқы -2016 жылдың 1 ақпанның халық санауы бойынша

628,4 адам. Облыс бойынша халықтың тығыздығы орташа 3,1 адам/км² (13 орын). Бұл республика халқының 2,5%-ға жуығы. Халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды (84,1%): қалғандары орыстар (10,5%), әзербайжандар (1,1%), украиндар (0,9%), лезгиндер (0,6%), татарлар (0,6%), армяндар (0,3%), чешендер (0,2%), корейлер (0,2%), беларусьтер (0,1%), немістер (0,1%) басқа ұлттар (1,3%). Облыс тұрғындарының 68%-ы (270,7 мың адам) қалада, 32%-ы (119,4 мың адам) ауылда тұрады. Халқының орташа тығыздығы 1 км²-ге 2,3 адамнан келеді.

Сурет 2 – Маңғыстау облысының ұлттық құрамы.

Халық негізінен темір жол бойы және облыстың батысындағы Ақтау, Қаратау таулары етегінде қоныстанған. Кейінгі жылдары мұнай кен орындарының игерілуіне байланысты халық осы кен орындарына шоғырлана бастады. Қалалары – Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко.

1897 жылы алғашқы халық санағы ол кезде уезд болатын облыс аумағында 63 468 адам тұрғандығын анықтады.

Серікбол Қондыбай Маңғыстаудың демографиялық тарихын 2-3 кезеңге бөледі:

Бірінші кезең - 1916 жылға дейінгі уақыт - Ресей Империясына бағындырылған өлке оқтын оқтын болып тұрған қазақ-хиуа қақтығыстары мен орыс үкіметініңжазалау экспедицияларына қарамастан халықтың баяу да болса табиғи өсімі байқалады.

Екінші кезең - 1916 - 1959 жылдар аралығы - 1916 жылдан басталған көтерілістің арты үлкен азамат соғысына ұласты. Осы жылдары болған соғыс және аштық кесірінен халық санынынң 42 пайызына дейін кеміген. Ал кейінгі байларды тәркілеу уақыты кезінде де халық саны қатты кеміді.

Үшінші кезең - 1959 - 1990 жылдар алағы - Мұнай мен стратегиялық маңызы бар шикізат қорларының игерілуіне байланысты Маңғыстауды қоныстану тез қарқынмен жүрді, небәрі 15-18 жылдың ішінде 10 есе өсті. Сырттан келу қарқынның жоғары болуымен қатар жергілікті халықтың да туу көрсеткіштері өте жоғары дәрежеде болды.

Төртінші кезең - тоқсаныншы жылдар - Кеңес Одағының ыдырауы демографиялық өзгерістерге әкелді. Басқа ұлт өкілдерінің өз тарихи отандарына оралуы мен Иран, Өзбекстан Түрікменстаннан қазақтардың елге орала бастауымен ерекшеленді.


  1. ӨНЕРКӘСІБ САЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Маңғыстау облысы. Облыста өнеркәсіп саласының негізі 19 ғ-дың 50-жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Ол кезде балық, маусымдық итбалық аулау кәсіпшілігі және олардың негізінде бірнеше шағын балық өңдеу, тұз өндіру цехтары болды. Балық аулауды жолға қою үшін Каспий теңізі жағалауында 10-нан астам елді мекендер салынды. Ал өнеркәсіптің нағыз дамуы, осы аймақтың жер қойнауынан мұнай, газ кен орындарының табылуынан (Оңтүстік Маңғыстау мұнай-газ кен орны) және оны игеруден басталды.

Ірі компаниялар:

  • Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация

  • Маңғыстаумұнайгаз

  • Өзенмұнайгаз

  • ПМК

  • Ақтау порты

  • Казмортрансфлот

  • Қаражанбасмұнайгаз

  • Қарақұдықмұнай

  • Бозачи

  • Каспий меруерті оперейтинг

  • Ноперейтинг

  • Құрманғазы Петролеум

  • Хазар

  • Ерсай

  • МАЭК

  • КазАзот

  • Keppel Kazakhstan

  • Теңіз сервис

Маңғыстау жер қойнауын зерттеп, мұнай-газ байлықтарын ашуда жүргізілген қыруар жұмыстарды негізінен төрт кезеңге бөлуге болады.

1-кезең 1887 – 1949 ж. аралығындағы жалпы геологиялық зерттеулерді қамтиды. 1887 ж. Н.И. Андрусовтың басшылығымен алғаш рет Маңғыстаудың геолгиялық картасы жасалды. Кейінгі жылдары өлкенің стратиграфиялық сұлбасы мен тектоникалық құрылымдары анықталды. 1911 ж. және 1926 – 1927 ж. М.В. Баярунас Маңғыстау жерінің стратиграфиясы мен тектоникасын зерттеп, бұрынғы Андрусовтың ұсынған болжамдарын, сондай-ақ Қарасаз – Тасбас және Қошақ антиклинальді құрылымдарын анықтады. Қарасаз – Тасбас алаңдарының мұнай белгілерінің барлығын байқады. 1926 ж. В.Соколов Маңғыстауда мұнай көздерін іздестіру жұмыстарын жүргізу керектігі жөнінде пікір айтты. 1932 – 1933 ж. С.И. Алексейчик Қанға, Түбіжік, Мыңсуалмас (Маңсуалмас) алаңдарында зерттеу жүргізіп, олардың геологиялық картасын жасап, бұл жерлерде мұнай қорларының болу мүмкіндіктерінің жоғары екендігі туралы тоқтамға келді. 1933 – 1937 ж. Маңғыстау, Үстірт аймақтарына геофизикалық жұмыстары жүргізілді. Осы жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Орталық Маңғыстауда ірі жер асты құрылымдардың барлығы анықталды. 1937 – 1940 ж. түбекті зерттеу ісін Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу геологиялы барлау институты (БҒЗГБИ) қолға алды, зерттеу жұмыстарын Алексейчик, А.В. Фурсенко, Е.И. Соколова, Е.В. Мятлюк, т.б. ғылыми қызметкерлер жүргізді. Бұлар бұрынғы жасалған геологиялық зерттеу жұмыстарына тыңғылықты шолу жасап, түбектің стратиграфиялық түзілімдерін, тектоникасын, палеогеографиясын анықтап, түзілімдердің мұнайлылығы жөнінде ғылыми болжамдар айтты. Соғыстан кейінгі жылдары да Маңғыстау геологиясын зерттеу жұмыстары жедел жүргізіле бастады. 1946 ж. В.В. Мокринскийдің басшылығымен БҒЗГБИ-дің геологиялық экспедициясы соғыс кезінде уақытша тоқтатылған ізденіс жұмыстарын қайта жалғастырды. Сөйтіп, ол өзінің көп жылғы зерттеу еңбектерін қорытындылады. Қаратаудың геологиялық құрылымын, көмірлілігін, пермь, триас, юра, бор, т.б. жас шөгінділердің стратиграфиялық түзілімдерін, құрамдарын, тектоник., палеогеографиялық ерекшеліктері мен қасиеттерін талдады. 1947 – 1950 ж. БҒЗГБИ геологтары А.А. Савельев, Н.Ф. Кузнецова Солтүстік Ақтау жотасына геологиялық түсіру мен Бозащы түбегіне шолу жұмыстарын жасап, нәтижесінде Солтүстік Ақтауда бірнеше шағын құрылымдар бар екені анықталды.

2-кезең 1950 – 1957 ж. қамтылып, арнайы геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізілгенін көрсетеді. БҒЗГБИ экспедициясы Маңғыстауға орнығып, түбектің мұнай, газ іздестіру сияқты жұмыстардың ғылыми негізін (Б.Ф. Дьяков, Н.Н. Черепанов, Н.К. Трифонов, Д.С. Несвит, В.Г. Юров, А.И. Димаков, А.Б. Кочан, т.б.) құрды. Зерттеу жұмыстарының барысында стратиграфия, литология, белгілі горизонттар, юра, бор және палеоген-неоген дәуіріндегі тау жыныстарының коллекторлық сипаттамалары анықталды. Маңғыстаудың геологиялық құрылысы, гидрогеологиясы, мұнай мен газдың геохимиясы, әр түрлі карталар тұрғызылды; геологиялық, тектоник., мұнай мен газдың перспективалық, т.б. арнаулы зерттеулері жүргізілді.

Осы БҒЗГБИ-дің жүргізген ғылыми-зерттеулерінің қорытындысында Маңғыстаудың әрбір аймақтарына, аудандарына, құрылымдарына жеке-жеке геология-тектоникалық тұрғыдан баға берілді, белгілі құрылымдарға өндірістік тұрғыдан барлауға дайындау үшін іздестіру жұмыстарының нақтылы бағыттары анықталып, оны іс жүзіне асыру жұмыстары қаралды. Солтүстік Маңғыстау тектоникалық аймағында Қызан құрылымы табылып, барлау жұмыстарына дайындалды. Орталық Маңғыстауда барлау жұмыстарына Түбіжік және Құсайын құрылымдары ұсынылды, ал Оңттүстік Маңғыстауда Жетібай, Еспелісай құрылымдары белгіленді.

Осы жылдары (1951 жылдан бастап) кең көлемде геологиялық барлау жұмысын «Қазақстанмұнай» бірлестігі (Н.А. Калининнің басшылығымен) жүргізе бастады. Маңғыстаудағы барлау жұмыстарының жоспары анықталды, бірлестіктің түбекте «Геологиялық іздестіру конторы» (ГІК) құрылып Түбіжік, Бекі-Басқұдық алаңдарында геологиялық іздестіру жұмыстары, ал 1952 – 1956 ж. БҒЗГБИ сейсмикалық зерттеу жұмыстарын кең көлемде жүргізе бастады. Солтүстік Бозащының шығыс бөлігін Бекі-Басқұдық дөңінің батысында, Түбіжік, Құсайын, Қызан алаңдарында жүргізілген жұмыстар бұрыннан белгілі құрылымдарын растағаннан басқа тағы да жаңадан Жоласқан, Еспелісай, Жетібай, Жазбай сияқты құрылымдарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұдан кейінгі жылдары (1956 – 58) сейсмикалық зерттеулердің барысында Оңтүстік Маңғыстаудың геологиялық жағынан нақтыланып (Песчаный мүйісінде) Қараудан, Қауынды, Өзен, Тоқпақ құрылымдары анықталды, сонымен қатар ірі Қарақия, Қауынды, Жазыгүрлі сияқты ойыстарының барлығы белгілі болды. Осы жылдары Маңғыстауда басқа да ғылыми мекемелер жұмыс істеді. КСРО ҒА-ның музей ғалымдары Қаратаудағы пермь, триас қабаттарын зерттесе, Бүкілодақтық аэрогеологиялық тресі (БАГТ) Маңғыстауда геологиялық түсіру жұмыстарын аяқтады. Ал «Қазақстанмұнайбарлау» тресінің геологиялық іздену конторы Қарасаз – Тасбас және Бекі – Басқұдық маңында геологиялық жұмыстарын жүргізді. БҒЗГБИ-дің ғалымдары Дьяков пен Черепановтар осы өлкеде өткізген көп жылғы ізденіс жұмыстарын жинақтап Маңғыстаудың тектоникасы мен мұнайлылығын және газдылығы туралы ғылыми қорытынды жасаудың нәтижесінде Оңтүстік Маңғыстау мен Бозащы түбегінің болашағы зор екенін дәлелдеді. Осы қорытындылар Маңғыстау геологиялық ізденістерінің және мұнайлылығы мен газдылығының ғылыми негізі болды да, болашақ мұнай мен газ барлау жұмыстарына жалпы бағыт көрсетті.

3-кезең 1957 – 1961 жылдарды қамтиды да, Маңғыстаудың мұнай мен газдылығын айқындағанын сипаттайды. Сол себептен БҒЗГБИ үш бағытта барлау жұмыстарын жүргізу керектігін ұсынды: Солтүстік Маңғыстау тектоникалық зонасында Қызан құрылымы, Орталық Маңғыстау тектоникалық зонасында Түбіжік пен Құсайын алаңдары және Оңтүстік Маңғыстау тектоникалық зонасы. 1957 ж. Форт-Шевченко қаласында «Маңғыстаумұнайгазбарлау» (ММГБ) тресі құрылып, ол БҒЗГБИ ғалымдарының ғылыми ұсыныстарын іс жүзінде байқау үшін Маңғыстауда терең бұрғылау жұмыстарын бастады. Осы жылы «ММГБ» тресі Жетібай алаңына тайыз (структуралық) бұрғылау, ізденіс жұмысын қолданып сол жерде көтеріңкі құрылым барлығы дәлелденді. Дәл сондай жұмыс Өзен алаңында да жүргізіліп, жоғарғы бор қабаттарында құрылымның барлығын жете тексеріп және оларда өндірістік газ горизонттарының белгілері анықталды. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде 1959 ж. Жетібай мен Өзен құрылымдары терең бұрғылау арқылы мұнай-газ кен орындарын іздеу жұмыстарына толықтай дайындалды. 1959 ж. Жетібай алаңында терең бұрғылау жұмыстары басталды, ал 1961 ж. 5 шілдеде ғ6 ұңғымадан 2400 м тереңдіктен мұнай фонтаны атқылады. Осы жылдың желтоқсан айында Өзен алаңында юра қабатынан мұнай көзі ашылды. Бұл осы аймақтың республикалық маңызы бар ірі мұнай-газ қоймасы екендігін әйгіледі. 4-кезең 1961 жылдан, яғни Оңтүстік Маңғыстауда жаңа мұнай көздерін барлау жұмыстарының кең көлемде жүргізілген кезінен басталады. 1964 жылға дейін барлау жұмыстары көбіне Жетібай, Өзен алаңдарында жүргізіліп, бұл кен орындарын өндірістік игеруге дайындады. Кейінгі жылдары терең бұрғылау, барлау жұмыстарының нәтижесінде Оңтүстік Маңғыстаудан Теңге (1964), Тасболат (1965),Қарамандыбас (1965), Шығыс Жетібай (1965), Доңға – Еспелісай (1969) мұнай-газ кен орындары, Қансу (1970), Ақсу – Кендірлі (1972), Оңтүстік Аламұрын газ кен орындары ашылды.

1973 жылдан бастап «ММГБ» тресі бұрғылау жұмыстарының басым көпшілігін Бозащы түбегіне бағыттады да Қаражанбас (1974),Солтүстік Бозащы(1975), Қаламқас (1976), Жалғызтөбе (1976), Арман (1979), Шығыс Қаратұрын (1979), Теңіздегі Қаратұрын (1980), т.б. кен орындары ашылып, өндірістік игеруге берілді. Соңғы жылдары «ММГБ» тресі Солтүстік Маңғыстаудан, Үстірттен және Оңтүстік Каспий маңы аймақтарынан мұнай-газ кендерін ашып, аудандарды барлау жұмыстары терең бұрғылау әдісімен жүргізілуде. Маңғыстау «қара алтынын» ашуға тікелей ат салысқан бір топ ғалымдар мен өндірістік қызметкерлер кезінде одақтық – Лениндік сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Олар: Ж.Досмұханбетов, Б.Дьяков, Ш.Есенов, Е.Иванов, Н.Имашев, Н.Калинин, X.Махамбетов, В.Матвеев, В.Токарев,Н.Черепанов, X.Өзбекғалиев. 1964 ж. Маңғыстаудың мұнай-газ қорын халық игілігіне пайдалану үшін Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында «Маңғышлақмұнай» бірлестігі құрылды (қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі). Сол жылдардан бастап бірлестік Өзен – Жетібай тектоникалық сатысының алқабын терең барлау жұмыстарын, «Маңғыстаумұнай» бірлестігіне берілген Өзен барлау экспедициясымен (басшылары Д.Үсенов, С.Саркисов, X.Махамбетов), 1966 жылдан жаңадан құрылған Жетібай бұрғылау конторының күштерімен жалғастырды. 1979 ж. Бозащыдағы мұнай кен орындарын өндірістік игеруге байланысты Жетібай бұрғылау басқармасы екі басқармаға бөлінді: Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасы және Маңғыстау барлау бұрғылау басқармасы. Осылардың біріншісіне Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас мұнай кен орындарында пайдалану ұңғымаларын қазу міндеттелінсе, екіншісіне барлау ұңғымаларын қазу белгіленді. Терең бұрғылау жұмыстары алғашқы жылдары юра қабаттарына жүргізілсе, ал 70-жылдардың басынан бастап тереңде жатқан триас шөгінділерінде ізденіс жұмыстары басталды. Сол жылдары ашылған мұнай-газ кен орындары: Асар, Түрікменой, Оңтүстік Жетібай, Бектұрлы, Ақтас, Бұрмашы, Батыс Теңге, Ракуш, Тамды, Оймаша, Шынжыр, Солтүстік Қарақия, Солтүстік-батыс Жетібай, Каменистое, Сәрсенбай, Пионер, Шығыс Нармаул, Алатөбе, Солтүстік Придорожный, Солтүстік Қарамандыбас, Жарты, Махат, Шығыс Өзен, Оңтүстік-шығыс Бектұрлы, Сарытөбе, Айрантақыр, Батыс Ақтас, Ащыағар және Придорожное [1].


4.1. Мұнай -газ өндірісі


Маңғыстау облысы Мұнай мен газдың айтарлықтай қоры Өзен кенорнында, алынатын қоры 500 млн. тонна, Жетібай кенорны – мұнай-газ конденсаты қоры 150 млн. тонна барланып, табылды. 70 жылдардың ортасында Бозащы түбегінде алынатын жалпыұлттық қоры 350 млн. тонна Қаражанбас, Солтүстік Бозащы, Қаламқас ірі мұнай-газ кенорындары ашылды. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы аумағында мұнай мен газдың 59 кенорны белгілі. Облыс бойынша мұнай қоры 3156,2 млн. тоннаны, алынатын шикізат – 1440,3 млн. тонна, жиналған олжа -382,7 млн. тоннаны құрайды. Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады.

Маңғыстау облысында 2015 жылы мұнай мен газ өндірісінің жоспары орындалып, 18,5 млн тонна өнім өндірілген. 2015 жылы "Шағырлы-Шомышты" жаңа газ кен орнының ашылуы табиғи газ өндірісін 1 млрд шаршы метрге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, өңірде газ өндірісінің жалпы көлемі 2,5 млрд текше метрге жетіп отыр.

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде: Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсуде, бұған сауда мәліметтері  дәлел.

WTI маркалы мұнай Нью-Йорк сауда биржасында (NYMEX) 1,20%, өсіп,  баррелі 43,70 долларға жетті.

Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнай Лондонның ICE биржасында кеше 6,7 пайызға құлдырап, баррелі 28, 95 доллар болды. 

Каспий теңізінің су айлағы бөлігінің келешегі зор. Каспий шельфінің тек 600 метр тереңдікке дейінгі мұнай қорлары 500 млн. тоннаны құрайды, бұл Әзірбайжан аймағының қорларынан 4 есе асып түседі. «Жемчужина» теңіздегі мұнай-газ кен орнының табылу дерегі маңызды оқиға болды, бұл Каспий шельфінің жоғары әлеуетін растайды және аймақтың ұзақ мерзімдік келешегін айқындайды. Маңғыстау облысы аймағындағы Каспий теңізінде барлығы – 14 келешегі бар көмірсутегі телімдері орналасқан.

Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады.

Мұнай газ саласында бұрғылау ерітінділерін ауырлатқыш ретінде барит қолданылады. Барит-целестинді кендерінің орындары , ашық өңдеу үшін қолайлы болып сипатталатын стронцийдің Ауыртас кен орнының қапталы болып келеді.

       Маңғыстау облысы бойынша мұнай мен газды іздестіру –зерттеу мәліметтері жаңа ірі көмірсутегі кенорындарының болашақта ашылу мүмкіндігі ар екендігін көрсетіп отыр. Тереңдігі 60 метрге дейін жерлердегі мұнай мен газдың болжамдық қоры 500 млн. тоннаны құрайтын Солтүстік Каспий қайраңындағы ірі кенорын қорларының табылуы осының дәлелі болып отыр. Өңірдің шамамен алғанда аз ғана аумағында фосфориттер, минералды және ас тұздары, темір рудалары кенорындары барланды[1].

       50 жылдардың басында Маңғыстаудың жер қойнауында уран мен жердегі сирек элементтер шөгінділері табылды.

      Аумақтың барлық жер бетінде дайын құрылыс материалы -әктасты-ұлутас таралған. Жетібай поселкесінің солтүстік-шығысына қарай 40 км.бекітілген қоры шамамен 60 млн. тонна «Бекі» кир кенорны орналсқан. Бұл пайдалы қазбаны табиғи-құрылыс жұмыстарына кең қолдануға болады. Кирлердегі битуминозды заттардың болуы өте кең шекте – 80 пайызға дейін жетеді. Облыс аумағында қоңыр көмірдің бес түрі бар.

  1940 жылы Түпқараған ауданында орналасқан Қызылқаспақ-Айыржал кенорны барланып балансы бекітілген болатын. Сол кездегі бекітілген қор 34,7 млн. тоннаны құраса, 0,5 млн. тоннасы өңделді, қалғаны балансқа қалдырылған. Қоңыр көмірдің басқа түрлері Шетпе ауданында орналасқан. Қоңыр көмір УЩР – қоңыр ерітінділері үшін химреагент дайындау үшін келешекті шикізат болып табылады[2].

        Болжалды есеп бойынша барлық кенорындардағы көмір қорлары 253 млн. тоннаны құрайды. Көмірлердің өзіндік ерекшелігі 20 дейінгі германия көтеріңкі шоғыры, ал кейбір сынамаларда 50 және 100 ж/т, сондай-ақ басқа да себінді элементер шоғыры болып табылады. Бұл осы көмірлерді осы элементтердің өнеркәсітік шөгінділерін іздестіруге қатысты келешекті болып табылады. Қоңыр көмірді мұнай және газ өндірісінде пайдаланудан басқа осы шикізатты мұнай саласының қажеттіліктері үшін өндірісін ашу болашағы бар.

        Маңғышлақ түбегі стронцивті минералдандырудың түрлі типтері кең таралған әлемдегі ең негізгі өңірлердің бірі болып табылады. Целистин мен целистин бариттің 20 жуық түрлері анықталды. Ауыртас, Үнқосын, Үш күй кенорындары барынша ірі кенорындар болып табылады. Белгілі болған рудаларда стронцияның болуы 20 пайызды құрайды. Рудаларды алғашқы зертеу тұйықталған әйнектер, жоғары сапалы балқымалар, металлургия өндіріснде, арнаулы техникалар шығаруда композициялық материалдар өндіруде оларды қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.

       Мұнай-газ саласында қоңыр ерітінділерді ауырлатушы ретінде барит қолданылады. Барит-целистин рудасы кенорны өңдеуге ашық қолайлы жағдайларымен сипатталатын Ауыртас стронций кенорны алыбы ретінде белгілі. Барит-целистин руда қоры барий тотығының орташа құрамы 8,4% айтарлықтай көлемін білдіреді. Ауыртас кеноны Шетпе селосының оңтүстік-батысынан 37 км. теміржолдан 15 км, және Ақтау-Бейнеу ЭТЖ 9 км орналасқан.

      Маңғыстаудың таулы бөлігінде фосфориттер мен темір рудаларының көірінісі белгілі.Қаңға баба, Тобажық, Жалбырт, Таушық және Жангелді фосфор кенорындары болжалды түрде барланған[8].

      Темір рудаларының барынша ірі кенорны – Шығыс Қарату қыратының орталық бөлігінде орналасқан Бескемпір кенорны. Оның қоры орташа темір құрамы 44,73 % болғанда шамамен 500 млн. тоннаны құрайды. Облыс аумағында бір марганец кенорны және бірнеше руда кенорындары бар. Барлау қоры 2,7 млн. құрайды. Марганец орташа құрамдылығы 12 пайыз.

       Шығыс және Батыс Қаратау мен Қаратаушық жоталарындағы біршама бөлігінде бағаланбаған 100 мыс рудалары белгілі.

       Маңғыстаудың жер қойнауы тұз шөгінділеріне де бай. Үш ірі ас тұзы кенорындары бар: Бұлақ 1, Қошқар Ата, Қарақия. Бұлақ1 кенорны Форт-Шевченко қаласы ауданында орналасқан. Ауданы 0,5 шаршы метр экваторияны алып жатыр. Құрамы Nа СІ 95,2%, қоры шамамен 300 мың тонна. Қошқар Ата кенорны Каспий теңізі жағалауына өте жақын орналасқан. 25,17 шаршы метр ауданды алып жатыр. Құрамы Nа СІ 97%, қоры есептелмеген, алайда ол Маңғыстаудағы ең ірі кенорын болып табылады.

       Минералды тұз түрлерінің ішінде мирабилт, тенардит, және де Өліқолтықтың төрттік сортаңды шөгінділеріндегі басқа да түрлері белгілі. Сусыз тұздағы натрий сульфаты 73-97 % құрайды.

      1982-1990 жж. Қоры 630 млн. тонна шикі тұз болатын Үстірт теміржол стансасының батысынан 20 км. орналасқан Жаманайрақты кенорны белгілі болды. Тұз мұнда 17 шаршы метр ауданда орналақан. Қолтық-Қайдақ ойпаты аумағындағы болжалды ресурстар 6,8 млн. тонна шикі тұзды құрайды. Оның ішінде 2,9 млрд. тоннасы натрий сульфаты.

      Маңғыстаудың ұлутас-әктасы ТМД елдерінде ғана емес алыс шетелдерде де әйгілі болды. Маңғыстаудың әктас-ұлутасы жарға және қаптау материалы ретінде қолданылады. Әктас механикалық-физикалық сапасы жағынан бетон плиталары мен шлакты бетон және күйдірілген кірпіш параметрлерінен асып түседі. Әрлеу материалындағы түстер гаммасы әртүрлі: алқызыл, ақсары және ақтүсті. Әктас-ұлутастардың божалды қоры бірнеше милиардтаған текше мтерді құрайды. Баланстық қоры 200 млн м3 30 кенорын барланды.

       Әктас-ұлутастан басқа облыс аумағында басқа да құрылыс материалдары кенорындары бар: щебень мен бут өндірісіне арналған тас, кірпіш шикізаты, құрылыс әктасы, ПГС, құрылыс құмдары және т.б. «Шетпе-1» кенорнынан алынатын 5 тен 40 мм дейінгі фракциялы щебень қолданыстағы барлық норматив талаптарына жауап беретін жоғары сапаға ие. Материал жол құрылысы және басқа да құрылыс жұмыстарында ауыр бетонды толықтырушы ретінде қолданылады. Тау шөгінділері қоры 16 млн. м3 құрайды.

       Облыс аумағында бекітілген жалпы қоры 10 млн. тоннадан астам 7 бор кенорны белгілі. Бор құрылыста, ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарды жемдеу үшін, сырлар , шпатлевкалар, қоңыр қоңыр ерітінділерін дайындау және басқа да мақсаттар үшін қолданылады. Бордың сапасы 95,1 ден 98,7% дейінгі көмір қышқылды кальцидің болуымен сипатталады.

       Қарақия ауданында мұнай мен газды іздестіру жүмыстарын жүргізгенде, Александр Черкасск шығанағының шығыс жағалауында аса үлкен жылу энергиясы потенциалы, тұзы 8,3% сульфат-натрий-хлорид құрамдас жоғары терминалды пласт сулы юра-төменгі бор дәуіріндегі қуатты артезиан бассейні табылды[7].

       Сулар өздерінің химиялық құрамының, температурасының, жекелеген компоненттерінің және биологиялық белсенді күкіртсутегінің арқасында бальнеологиялық қасиеттерге ие.

       Минералды сулардың басқа кенорны Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында жоғарғы альба шөгінділерінің су жинағыш кешені көкжиегінде 978 м тереңдікте орналасқан. Судың минералдануы 9,9 л/ж. температурасы 60 градус. Химиялық құрамы бойынша әлсіз шырышты әлсіз сілтілі, құрамындағы бром терапевтіккондицияға дейін көтерілген хлорлы-нетрийлі (19-20 мг/л), кремний қышқылы (40 мг/л) және органикалық заттар (14-18 мг/л). Пайдалану қорлары тәулігіне 0,43 мың текше метр көлемінде немес 5 л. бекітілген.



    1. Машина жасау кешені


Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:

1)машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару);

2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу);

3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).

Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасауданэнергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады

Маңғыстау облысы. «Каспий маңындағы машина жасау кешені» ЖШС Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан Маңғыстау облысының ірі машина жасау кәсіпорны болып табылады. Кешеннің аумағында оны Батыс Қазақстан темір жолымен қосатын темір жол тармағы бар. Ақтау теңіз портынан алшақтығы – 11 км, әуежайдан – 23 км. Алатын ауданы – 30 га астам. Компанияның өз әрекетінің аясындағы барлық қажетті мемлекеттік лицензиялары бар.[7].


4.4 Тамақ және жеңіл өнеркәсібі


Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.

Көптеген «тамак өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.

Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор -шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.

Маңғыстау облысы тамақ өнеркәсібі - Тамақ өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі үшін шикізат облыстан тысқары жерлерден әкелінеді.

Өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындары – сүт және сүт өнімдерін өндіруші «Ақтау-сүт» ЖШС, «Гурман» ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС. Сонымен қатар облыста«Бриз» ЖШС, «Баута'» ЖАҚ, «Араз» ЖШС алкогольсыз сусындарды, шырындар, құтыланған сулар, сыралар, сондай-ақ Ақтау кондитер фабрикасының «Волна»кондитерлік бұйымдары өндіріледі. Шұжық өнімдері, нан шығару, тағы басқа шағын өндірістер бар.

Сүт және сүт өнімдері өндірісінде кәсіпорын қуатының жиынтық көлемі облыс тұрғындарының тәулікте тұтынатын 91 т өнім орнына 21 т-ны құрайды. Барлық өнімдер өңірге Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден және ТМД-ның басқа елдерінен әкелінген құрғақ сүтті қалпына келтіру жолымен жүргізіледі және тек облыс аумағында ғана, негізінен Ақтау және Жаңаөзен қ-ларында сатылады. Түпқараған ауданында Таушық ауылында орналасқан «Таушық» ЖШС кәсіпорнының асыл тұқымды түйелер өсетін өз шаруашылығы бар. Кәсіпорын түйе сүтін қайта өңдеу жолымен сүт өнімдерін – шұбатты өндіреді. Кәсіпорын қуаты тәулігіне 400 т шұбат береді. Өнімдер пластикалық құтыларға құйылады және негізінен мұнай-газ компаниясының жұмысшы асханаларына, мамандандырылған емдеу орындары мен бөлшек сауда желілеріне сатылады. «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Сливки», «Шалап» және «Шұбат» өнімдерінің жаңа түрлерін игерді және оның түрлерін 11 атауға дейін жеткізді.

Ет өнімдері өндірісінде жартылай фабрикаттар, шұжықтар шығарумен, негізінен «Школьник – Актау» ЖШС мен «Поздняков» жеке кәсіпорындары айналысады. Ет өнімдері жылына қажетті 15 мың т еттің орнына 9,5 мың т-ны ғана өндіреді.


4.6 Туризм индустриясы


Маңғыстау табиғаты ғажап. Бір жағынан ақжелкеннің астында теңіздің таза ауасымен тыныстайтын немесе күн батқанда балық аулау мүмкіншіліктері, құм жағалаулы Каспийдің жартасты жүздеген километрлері болса, ендігісі дүние жүзіндегі әр түрлі шөлдердің көрінісі болып табылатын құмды аймақтар.

Біріншіден, ойпаттардың жұмбақтары және солардың ішінде дүние жүзіндегі ең терең ойпаттардың бірі болып табылатын Дүниежүзілік мұхит деңгейінен -132 м төмен орналасқан Қарақия, ал басқа жағынан, Маңғыстаудың ортасында орналасқан Ақ тасты Ақтау мен қара түнектей қап-қара тасты Қаратаудың таңғажайып әлемі. Сыңғырлап атқан бұлақтар туындайтын ондаған жыралар және үлкен жасыл оазистер.

Маңғыстаудың жеріне тән өзіндік ежелден келе жатқан тарихы бар. Маңғыстау үлкен мәдени байлықтар мен халық ауыз әдебиеті, қол өнері мен архитектура ескерткіштері қоймасы болып табылады.

Алғашында Маңғыстау Каспий жағалауындағы қызыл түсті шөл болып көрінуі де мүмкін. Бірақ шындығына келер болсақ, бұл аймақ тарихи орындарға, аңыз – мұраларға өте бай. Маңғыстау – Ұлы Жібек Жолының бір бөлшегі және қайталанбас сұлулық аймағы.

Маңғыстауда саяхаттай жүріп, сіз өткен күндердің тынысын сезінесіз. Маңғыстау түбегінде мемлекет қарамағындағы архитектуралық, археологиялық және тарихи ескерткіштер сақтаулы.

Бұл аймаққа ерекше өң беретін оның сирек кездесетін жер бедері. Ежелден келе жатқан теңіздің толқындары бұл жерлерді миллион жылдар бұрын шайып жатқан болатын.

Сіз түзу жазықпен келе жатып, күтпеген жерден көкжиекте аппақ таулар көрінеді. Сонщама қабат болып, теңіз түбінде жатып, ондаған метр қабаттар құрауы үшін қаншама миллиондаған жылдар қажет болды.

Ары қарай жазық күтпеген жерден жыралардан жасалған шытырманға айналады, олардың тереңдігі 200 – 300 метрдей болады және осылардың барлығы бір түсті емес әр түрлі ашық түстерге боялғандай.

Қазақстанның барлық жерінен және шекаралас мемлекеттерден қажылыққа келушілер көп болғандықтан Маңғыстауды «Екінші Мекке» деп те атайды.

Ең атақты ескерткіштердің бірі – Бекет-ата мешіті – тауда ойып жасалған. Бекет-ата мұсылман елінде көріпкел және әулие ретінде танымал. Ол адамдарды емдеген, өзіне келген әлсіздер мен жәбірленушілерге ол денсаулық пен күш сыйлаған. Дауларда екі жақты ортақ келісімге әкелердей даналық айтқан. Өз уағыздарында Бекет-ата шыншыл болуды және жақсылық жасауға уағыздайды.

Бекет-ата қорымы тек қана Маңғыстаудың емес, сонымен қатар Қазақстанның да рухани, тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылады.

    Сұлтан – эпе.Ертеректе бір күні әкесі ұлдарын өзіне шақырыпты. Барлығы бірден әкесінің алдына келеді. Әкесі сүйікті ұлына ашуланады. Сонда, Сұлтан – эпе өзінің сонау Каспийде сәтсіздікке ұшыраған балықшыларға көмек көрсеткенін айтып, арқасындағы арқан іздерін көрсетті. Сол кезден бері ол әрқашан да теңіздегі қысылған жандарға көмекке келген екен.

Сұлтан – эпе жартасы өзінің қайталанбас сұлулығымен таң қалдырады. Бұл түбектегі байлықтардың бірі. Бұл жартас шөлдегі нағыз оазис: ағаштар, гүлдер, шөптерге толы, бұлақтар сылдырлап ағып жатыр, құстар ән салуда.

Шақпақ – ата.Ең көп таралған аңыздардың бірі Шақпақ-ата есімімен және жартасты мешіттерге байланысты. «Бірде Шақпақ-ата бір ауыл жанынан өтіп бара жатып, күйеуі әйелін ұрып жатқанына еріксіз куәгер болады. Шақпақ-ата сорлы әйелдің сөзін сөйлеп, құтқарып алады. Алғыс орнына әйел Шақпақ-атаға еріп жүреді. Олар тоқтаған тіршіліксіз жерде жер астынан қайнар бұлақ көздері ашылып, жауын жауа бастаған екен».

Содан бері адамдар сол жерге өз қайғы-қасіретіне ем табу үшін үмітіне ат артып келеді екен. Бұл киелі жерде болмаған және уақыт пен шексіздік белгісі бар тастарды өз қолымен ұстауды армандамаған жан жоқ десеңде болады. 

Тарихи – мәдени ескерткіштерден өзге Маңғыстау жерінде таңғажайып жерлер көп: шөлдегі салқын бұлақты, жасыл шөпті оазистер. Бұл жердің көркі көптеген экзотика әуесқойларының назарын аудартпай қоймайды. Маңғышлақ жерінде тақырлар гүлденген жазықтармен, жазықтар жыралар мен тауларға, ал құмдар – теңіздің тұзды салқын желімен ауысып отырады.

Туған өлкенің балалық шақтан бері таныс та сүйікті көріністері, соның ішінде: жыра қабырғаларынан тамшылаған өзіне тән әуені бар  Тамшалы биосфералы қорығы, Саураның тұщы сулы көлшігі мен жап- жасыл бағы және Ұлы Шерқала тауы да бар.

Маңғыстау өз қорықтарымен танымал. Бұлар Үстірт қорығы, Кендірлі – Қаясан қорықтың аймағы, Ақтау – Бозашы және Қарағия – Қарагөл мемлекеттік қорықтары.  Бұл жерлерде Қызыл кітапқа енген Қазақстандағы 450 құс түрінен 70% - ы, сүтқоректілердің 1/3 – і бар. Маңғыстау жануарлары сақталуға тиіс республика сұлулығы мен мақтанышы, өте бағалытектік қор және ұлттық игілік. Бұларды жойылып кетуден сақтау үшін қолдан келер барлық шараларды орындауымыз қажет. Бұл табиғат кереметтерінің тағдыры біздің қолымызда.

Орыс жазушысы Пришвин айтқандай: «Балыққа – су, құсқа – ауа, жануарға – орман, жазық пен таулар. Ал адамға ең қажеті Отан. Демек, қоршаған ортаны қорғау – Отанды қорғау».

Маңғыстау – қазына түбегі. Менделеев кестесіндегі барлық пайдалы қазбалар осы өңірде бар деуге болады. Маңғыстау тас көмірге, мыс және марганец кеніне, фосфорий және құрылыс материалдарына бай. Өлкенің ең басты байлығы – мұнай және газ. Қазақстан кен өндіруден және мұнай және газ қорынан ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі 2 – орында. 30 – дан астам кен орнындағы мұнай қоры санап есептелген. Алғашқы рет мұнай 1961 жылдың 5 – шілдесінде Жетібай кентінде табылған. Жаңа Өзен қаласы Маңғыстау облысындағы мұнай өндіру астанасы болып табылады. Геологтардың пайымдауы бойынша Каспий қайраңындағы мұнай – газ қоры Әзірбайжан мұнай қорынан 4 есе көп.

Жаңа Өзен аумағында теңіз жағалауында әлемдік стандартқа сай Кендірлі демалыс кешені орналасқан, бұл жерге Қазақстанның бүкіл аймағынан жазғы демалысқа туристер көптеп келеді. Ақтау қаласы облыс орталығы, Каспий теңізі бойында орналасқан егемен Қазақстанның теңізге жол ашар қақпасы. Бүгінде Ақтау Ұлы Жібек Жолы кезеңіндегідей географиялық тиімді жерде орналасқандықтан солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа көлік жолдарымен қамтамасыз етуде.

Иә, шындығында да, Маңғыстау уақыт көшін сезінетін жер мәдениет іздері ғана емес, әлі күнге дейін бейбіт өмір сүріп келе жатқан халқы бар десек те қателеспейміз. Маңғыстау өз тарихын айтар зерттеушілерді күтуде. Орыс тарихшысы Василий Ключевский айтқандай: «Артқа қарамай алға басуға болмайды».Н.Назарбаев өз жолдауында айтқан: «Өткенді ой елегінен өткізіп, қазіргі мәдениетті жан-жақты дамыту қажет».

Шынында да, өткен кезең мен қазіргі кезең өзара тығыз байланысты. Сондықтан да біз тарихқа қамқорлықпен қарауымыз керек.

Қалалықтар мен қала қонақтары басқа жақта демалғаннан гөрі, теңіз жағалауында орналасқан демалыс кешенінде, емдеу-сауықтыру орындарында, балалар лагерінде демалғанды қалайды.

  1. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ


5.1. Ауыл шаруашылығы


Маңғыстау облысы. Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2004 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді.

Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2004 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді.

2004 жылдың соңында ірі қара малдың саны - 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0,2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады.

2004 жылы 15,5 млн тонна шикі мұнай, 2,8 млрд тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9 млрд кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі.

Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің басты мақсатыхалықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен тұрақты қамтамсыз ету. Ауыл шаруашылығынан өндіретін өнімдер бөлшек сауданың төрттен үш бөлігін алады. Оның жартысының көбі азық-түлік тауарлары. 2007 жылдың қаңтар-маусымда облыс көлемінде толықтай бағалау бойынша, ағымдағы бағамен 4844,9 млн. Теңгенің ауыл шаруашылық өнімін өндірді. Өндірген өнімнің нақты көлеминдексі, 2006 ж сәйкес кезеңге 107,6 % құрады. 2007 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша, 2006жылығы тиісті күнмен салыстырғанда, облыстың барлық шаруашылық санатарында мүйізді ірі қара санының өсімі 56 %-ға, қой мен ешкі – 6,5%-ға, жылқы-5,7%-ға, түйе-5,1%-ға жетеді. 2007 жылдың қаңтар-маусымында облыстың барлық шаруашылық санаттарында 19,8 мың тонна ет, 28,2 мың тонна сиыр сүті, 840 мың мың дана жұмыртқа өндірілді. 2006 жылдың қаңтар-маусыммен салыстырғанда ет өндірісі 6,9 %-ға, сүт 3,3 %-ға, жұмыртқа өндірілді.


    1. Мал шаруашылығы


Маңғыстау облысы. Қазіргі таңда, аудан бойынша  мал басы: ірі қара мал – 1185, қой- ешкі 28742, жылқы – 4965, түйе – 4706, шошқа – 62, құс-11876 бас құрайды.

  Аудан аумағында 182 шаруа қожалығы қызмет көрсетуде, оның ішінде: 150 мал шаруашылығы, 32 қожалық егін шаруашылығымен айналысады. Ағымдағы жылы 227 га. көкөніс және бақша дақылдары егілді. Оның ішінде жылыжайда 6 га., ашық топырақта 221 га. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 226 тонна ет, 93,9 тонна сүт, 482,8 мың дана тауық жұмыртқасы өндірілді. 31 тауар өндірушіге 160,9 тонна амиак селитрасы 50% жеңілдікпен алынып берілді.

Қожалықтың 486 гектар егістік жері, әрқайсысы 525 шаршы метрлік төрт жылыжайы, 10 мың шабақты өсіруге мүмкіндік беретін бірнеше балық тоғаны, жеміс бағы, сан салалы жұмыстарды орындауға бейімделген ауыл шаруашылығы техникалары бар. Мұның сыртында қожалықта еділбай тұқымды қой (3000 бас) мен асыл тұқымды «кушум» жылқысы (370 бас) бағылып, құс (1000 «линдов» асыл тұқымына жататын қаз) өсіріледі.
Алуан істің басын бір арнаға тоғыстырып, сан кәсіптен нәсібін тапқан шаруашылық ұжымының келешекке жасалған жобаларының да аз еместігін аңғардық.

Маңғыстау облысында «Үстірттегі отарлы мал шаруашылығы» пилотты жобасы жалғасын табатын болады. Бұл жайында «Қарағантүбек» ЖШС директоры Бүркітбай Қонақбаев мәлімдеді.

Аталған жобаны жүзеге асыруға «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ қаржылай қолдау көрсетпек.

«Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен біз биыл Үстіртте отарлы мал шаруашылығын ұйымдастыру бойынша пилотты жобаны жүзеге асыруды қолға алудамыз. Осы мақсатта корпорация 17 миллион теңге қаражат бөліп отыр. Бұл ақшаға Үстіртте жайлау кешені салынып, ол материалдық-техникалық тұрғыда жабдықталды. Сонымен қатар, киіз үйлер, автокөліктер, су сорғылары, күн көзінен қуат алатын батареялар да сатып алынды.

Маңғыстау облысы әкімдігі болса осы жайлау орналасатын жерді бөліп берді, оның аумағы - 20 мың гектар», - деді Бүркітбай Қонақбаев тілшілермен болған мәжілісте.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асырудағы басты мақсат - осы маңдағы өзге де жайылым жерлерді қыста да сақтап қалу. Ол үшін жердің құнарлы бөлігі барынша жүзеге асырылып, Үстірттегі бұған дейін болған құдықтар қайта пайдалануға беріледі. Ал, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай туғызу қысы-жазы медициналық және мал дәрігерлік бригадалар осы жерде жұмыс істейтін болады.

«Қазіргі таңда Маңғыстау ауданындағы «Ердалы» деген жерде 1 177 бас, яғни 2 отар қаракөл тұқымды қойы өсіріліп жатыр. Осы жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін әр қойдың салмағы шамамен 10-15 келіге артты. Сонымен қатар, Түпқарағай ауданындағы «Нұрқабай» жайылымында жылқылар, «Қызылсырға» жайылымында түйелер өсірілуде. Отарлы мал шаруашылығының тиімділігі көзге анық көрініп тұр. Санмен сөйлесек, мәселен, 2015 жылы біз «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-на 12 миллион теңгеге 8 тонна қой етін өткіздік. Отарлы мал шаруашылығының арқасында біз қыстаудағы шөп пен су қорын сақтап отырмыз», - дейді «Қарағантүбек» ЖШС директоры Бүркітбай Қонақбаев.

Осы қазан айының соңына қарай малшылар қой, жылқы және түйелерін алып, қыстауға қарай көшеді. Өйткені, қараша айымен бірге өңірге қыстың алғашқы ұшқыны келіп жетеді. Ал, келесі жылы «Қарағантүбек» шаруашылығының иелері «Үстірттегі отарлы мал шаруашылығы» жобасы аясында қосымша қаржыланырудың көмегімен тағы 3 мың бас қаракөл мен еділбай қойын, 3,5 мың бас адай жылқысын сатып алуды жоспарлап отыр. Малға берілетін шөп те осы Үстірттің өзінен алынады.


    1. Егін шаруашылығы


Ауылшаруашылықты мақсаттағы жерлер құрамында ең көп бөлігі егістік жерлеріне берілген -1511,89 тыс. га. Егісті жерлерде әртүрлі дәнді-дақылдарға пайдалынады және олар ауа-райы қолайлы Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстардың солтүстік аймақтарын алып жатыр. Шабынды жерлердің жалпы ауданы - 915,06 мың. га ғана, ең азы - 0,3 мың. га әрине, ол ауа-райына байланысты - Маңғыстау облысында [6,7]. 2012 жыл бойынша жайлымды жерлер ауданы, жалға берілгеннен қайтарылып, ұлғая түсті (1-кесте). Соңғы жылдары, табиғи су көзі жоқ, аридтті Маңғыстау аймағында егістік жерлері көбеюде. Халық бақша егумен айналаса бастады, аймақты өз көкөнісімен қамтамасыз етуде (қауын, қарбы, қызанақ, қияр және т.б.).


  1. КӨЛІК КЕШЕНІ


Маңғыстау облысы. Облыс  қуатты көлік-логистикалық және сервистік әлеуетке ие, себебі  ол  Каспий өңірінің  коммуникациялық жүйесіне кіретін шекаралас  облыс.  Оның аумағы арқылы  «Солтүстік-Оңтүстік»  және  «ТРАСЕКА»  халықаралық  көлік дәліздері өтеді,  теңіз,  әуе,  теміржол және  автожолдарының транзиттік  мүмкіндіктері зор.  Облыс аумағында  2915 шақырымдай  тас жол  болса, оның 1033 шақырым – республикалық  маңыздағы  жолдар.

Республикалық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын дамытуға ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен ауыз толтырып айтарлық – 6,4 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 еседей артық.

«Форт-Шевченко-Таушық» және «Қызылсай-Шопан ата-Оғыланды» көлік жолдарының құрылысы, «Ақтау-Қаламқас», «Таушық-Шетпе» және «Ақтау-Құрық» автожолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда.  «Ақтау-Құйылыс» автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтті.

«Жыңғылды-Шайыр», «Қияқты-Тұщықұдық» автожолдарының құрылысы мен «Ақтау-Форт-Шевченко» көлік жолын күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүруде.

Құрлықта «Жезқазған – Бейнеу» және «Өзен – Түрікменстанмен мемле­кеттік шекара» жаңа теміржол желісінің ашылуы, теңізде тасымал қарқынын арттыруға арналған шаралар өңірдегі әр салалы кәсіпорындардың да өрісін кеңейте түседі. «ҚазАзот» ЖШС де бұл мүмкіндіктен тысқары қалып жат­қан жоқ, экспортқа шығаратын өнім көлемін арттыруының бір себебі де осы. Алдағы уақытта Түрікменстанмен арада Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Парсы шығанағына жету жолдары қарастырылып, келіссөздер жүріп жатыр.











7 ҚОРЫТЫНДЫ. АЙМАҚТЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ


Маңғыстау облысы.Өңір экономикасын дамытудың негізгі мақсаты  барлық секторда, оның ішінде өнеркәсіп пен көлікте өндіріс өсімінің тұрақты қарқынын сақтау болып қалады, бұған тоқтап тұрған кәсіпорындар өндірісін одан ары қарай қайта қалпына келтіру  және сауықтыру, өнеркәсіпті диверсификациялау, көлік инфрақұрылымын дамыту есебінен қол жеткізілетін болады. 
      Өңірде жоспарланған кезеңде облыстың кірістерін қалыптастырудың негізгі көзі болып табылатын тау кен өндіру саласы басымдылықта қалады. Мұнайгаз өндіретін кәсіпорындар  мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған неғұрлым жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолдана отырып іс  шараларын жалғастырмақ. Экономиканы диверсификациялауға айрықша назар аударылатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 583 Жарлығына сәйкес құрылған арнайы экономикалық аймаққа (АЭА), ғылыми сыйымдылықты, жоғары технологиялық және импорт алмастыратын жаңа өндірістер құру мақсатымен инвесторлар тарту жөніндегі жұмыс жанданатын болады. Химия өнеркәсібі одан әрі, дамитын болады. Химия кешенінің, пластмасса зауытының өндірісі толық қайта қалпына келтіріледі.
      Импорт алмастыру өнімдерінің атаулығын кеңейту және көлемін ұлғайту, аймақтағы әрекет үстіндегі кәсіпорындарда сапаны басқарудың халықаралық стандартын енгізу жөніндегі шараларға ықпал ететін болады. Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, орталықтандырылған көздер есебінен Ақтау қаласындағы халықаралық әуежайының әуежолы вокзалының құрылысын салу, облыстық маңыздағы және республикалық маңыздағы автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізу жүзеге асырылып, Ақтау теңіз сауда портында бірқатар объектілер тұрғызылатын болады. Жоспарланған кезеңде облыстың ауылдық аумақтарын дамытуға, жұмыспен қамту мен кедейлік деңгейін азайту проблемаларына айрықша көңіл бөлінетін болады. Қабылданған барлық аймақтық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасын таппақ.
      Маңғыстау облысында өнеркәсіп өнімін өндіруде тау  кен өндіру саласы едәуір үлес алады.
 
     1. Облыстағы әрекет үстіндегі кенорындарда оның қорының азаюына байланысты газдың тапшылығы, бұл  алдағы уақытта өнеркәсіп өндірісін  энергиямен тұрақсыз  қамтамасыз ету қаупін туғызады және химия өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін негізгі кәсіпорын болып табылады.
 
      2. Құрылыс индустриясы мен өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін облыстан тысқары жерге  өткізуге кедергі келтіретін теміржолмен жүк тасымалына қойылатын жоғары тарифтердің жоғарылығы.
 
      3. Тамақ, жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат базасының болмауы.
 
      4. Ірі жер қойнауын пайдаланушы  кәсіпорындардың республикадан тысқары жерден шағын габаритті жабдықтар мен басқа да өнімдерді сатып алуға деген артықшылығы, бұл - өнеркәсіп секторында шұғылданатын жергілікті тауар өндірушілерге өз өнімдерін шығару  көлемін кеңейту мен ұлғайтуға мүмкіндік бермейді.
 
      5. Аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындарында сапаның халықаралық стандартының өте баяу енгізілуі, бұл сыртқы тауар рыногына ену үдерісін тежеуде.








































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. «Маңғыстау энциклопедия», Алматы, Атамұра – 2000 ж.

  2. «Атырау энциклопедия», Алматы, Атамұра – 2000 ж.

  3. « Проблемы устойчивого развития г. Мангст региона», Грановский Э. И.

  4. Қожахметов Б.Т. Қарағанды облысының экологиялық проблемалары жəне оларды шешудiң жолдары // Атамекен.- 2001.- 10 наурыз.

  5. Е. Ахметов, Алматы, 2007 ж., “Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы”.

  6. Ж. Аланов, "Егемен Қазақстан", 12.05.2007 г.

  7. Қазақстан Ұлттық Энциклопедия “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы Алматы, 1998.

  8. http://www. atyrau sity.kz.

  9. www. supcourt. kz.

  10. www. unesko. kz.

  11. www. google. kz.

  12. www.almaty.kz.

  13. М.Қожахмет: «Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы».

  14. «Регионы Казахстана» 2007 жыл. Статистикалық жинақтары.

  15. Ауезова З.Т., Астана, 2010 ж. ,“Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы”.

  16. www.export.gov.kz.

  17. http://visitkazakhstan.kz

  18. https://kk.wikipedia.org

  19. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: 2000 жыл.

  20. http://mkt-aktau.kz

  21. Алаш айнасы, http://alashainasy.kz

  22. http://group-global.org






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1583
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі