Материалдар / Маңғыстаудан шыққан шеберлер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Маңғыстаудан шыққан шеберлер

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандармен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстаудың тарлан таланттары!

Әсемгүл Жұмаева

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Шетпе селосы

Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі

Маңғыстаудың Серікболы

«Туған ел-жердің ертеңіне қалтқысыз қызмет етейік!»

Мақсаты: Серікбол Қондыбайдың туғаныны 49 жыл толуына орай өмірбаяны мен еңбек жолын жасөспірімдерге таныстыру,шығармаларын насихаттау,өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру, «Сенімді ұрпақ»жобасына үн қосу.

Қолданылатын ресурстар:Серікбол жайлы бейнебаян,слайд,стикер,маркер,плифшарт,а 3,кітаптар.

Барысы:

«Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады»

Әл Фараби

Мұғалім:

Армысыздар құрметті ұстаздар! Оқушылар,жиналған қауым.

Киелі өлкеміздің дархан талант иесі өзіндік қолтаңбасы бар,қайратты да,өр туындыларымен, мифологиялық еңбектерімен, өмірлік із қалдырған,Маңғыстау жұртының,біздің мектебіміздің түлегі зерттеуші,ғалым, ағамыз Серікбол Қондыбайдың 49 мүшел жасына арналған «Маңғыстаудың Серікболы» атты сабағымызға қош келдіңіздер!

Батыржанқызы Балауса:Қондыбай Серікбол Әділбекұлы 1968 жылы 14 наурызда Маңғыстау облысының қазіргі Құрық кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген.1969 жылдан бастап,Шетпеде тұрып, 3 мектептің біздің мектебіміздің табалдырығын аттаған.

Қонарбаев Абат:Ендеше халайық!Мынау жерлерде ағамыздың табанының ізі сайрап жатқан жоқпа?

Мұғалім:Олай болса,барлығымыз орнымыздан тұрып,бір минут үнсіздікпен еске алсақ.

1-жүргізуші:Жетінші сыныпты үздік бітірген Серікбол оқу озаты болды.Мектеп қабырғасында орыс тілі,математика,химия,география пәндерін сүйіп оқып,талай аудандық,облыстық олимпиаданың жүлдегері атанды.

2-жүргізуші:10 жылдықты бітірген соң,1986 жылыАлматы қаласындағы Әл-Фараби ұлттық университетіне түсіп, студент атанды.Қасіретті желтоқсанның көтерілісіне қатысып,10 күн абақтыда отырады.Университет ұжымының қолдауымен оқуын жалғастырады.

1-жүргізуші:1991 жылы бітіріп шыққан соң отбассының жағдайымен Қазақстан ғылым академиясының ұсынысынан бас тартып,ауылға келеді.Облыстық «Маңғыстау-Үстірт»мұражай-қорығында экология басқармасында маман болады.1995 жылы жазықсыз апатқа ұшырағанға дейін,мектебімізде мұғалім болады.

2-жүргізуші:1995 жылы апатқа ұшырап,жұлын жүйесі зақымданып,арбаға таңылады.өжет те ,қайсар рухты аға мойымады.Көзі тірісінде 10 кітабы шықты.Өзі өмірден озған соң дайындап кеткен 7 кітабы жарық көрді.

1-жүргізуші:2004 жылы 24 тамызда 36 жасында ағамыз,арысымыз дүниеден өтті.

«Құйрықты жұлдыздай» жарқ етіп,өмірден өтсе де,аманаты артында қалып,ел-жұрты Серікболды ұмытпады.16 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

2-жүргізуші:2006 жылы Ақтау қаласында 22 мектепке есімі беріліп,біздің мектебімізге ескерткіш тақта орнатылды.

Енді ортамызға 6 б сыныбының оқушыларын шақырамыз.олар өздерінің ізденімпаз,әдебиетші,географ,ақын кабинетінде рух алып жүрген шәкірт екендіктерін дәлелдеп бермек.Ортамызда «Әдебиетшілер»

Мақсат Асылжан: Ғалым атамыз әдебиетке байланысты «Алпамыс ғаламы» деп аталатын еңбек жазған.Арыс баспасынан 2010 жылы Алматыда жарық көреді.Жырдың шығу тарихын,өмір шындығыман байланыстырады.

Нұрпейісұлы Береке: Атамыздың аяқталмай қалған шежіресі «Медет шежіресі» деп аталады.2010 жылы Арыс баспасынан шыққан. Қолжазбалардың ішінен табылған.Бұл- рудың тамыры .Адай елінде аты шыққан медет руының ерлерімен таныстырады.

Қадым Әмина: «Қазақ мифологиясына кіріспе» Бұл кітап Зерде баспасынан 1999 жылы шыққан.Мифология ғылымының қыры мен сыры жатыр.тіліміз,аңыз,ертегіміз,өлең мен жыр,едет-ғұрып,ырым-наным бәрі-бәрі анық жазылған.Бір сөзбен айтқанда Мифологиялық әліппе.

Қолғанат Аман: «Маңғыстау географиясы»кітабы1997 жылы Алматы баспасынан шыққан.Маңғыстау және қырымның қырық батыры деген соңғы бөлімінде дастанның мәнін айтады.

«Қырымның қырық батыры»жырының татарлардікі емес,қазақтікі екендігін дәлелдеп берген.Жырдағы кейіпкерлердің есімдерін жер-су атауларымен байланысты дәлелдеген.20 ғасырдың 40 жылдары қағаз бетіне түскен бұл шығарма әлемдік деңгейдегі әдебиет ескерткіші.ғасырлар қойнауынан бүгінге жетуіне себепші-Мұрын жырау еді.Жырдағы 40 батыр тарихта болған тұлғалар.

Батыржанқызы Балауса:жыр оқиғасы батыс қазақстан өлкесінде өтеді.Осы жырда Ащағар сайы бар.Осы сайда қалмақтар Орманбетті өлтіріп,Манашы биді кепілдікте ұстайды.манашының шешесі қайғыдан соқыр болып қалады.Биік төрткүлден ұшып өледі. Оның аты-күйкен.Сол тау Күйкентау атанып кеткен.

Әдиева Салтанат: «Есен қазақ»атауы-Маңғыстау түлейлерінің есімінің атауы.

Өлкемізде қазір алты түлей бар.Түлей дегеніміз-қалың орман.жырда кездесетін Шора батыр-ешкі бағып жүрып,сөзге шыдамай 40 ешкісін өлтіреді.Өтестен 40 км жерде «ешкіқырған»деген жер бар.

Мақсатова Әсем: «Жауынгерлік рух»кітабы 16 томдық шығармалар жинағының 8 томы Арыс баспасынан шыққан.Кітап 8 бөлімнен тұрады.Әскери қару жарақтың 100 түрін көрсетіп,86 сына ерекше тоқталады.43 сөзге талдау жасап,9 көне заманның арғықазаққа тән екендігін айтады.Шен-дәрежелер,ежелгі музыкалық аспаптар,соғыс өнері,әскери айла, ту,елтаңба олардың туу негіздері туралы тамаша еңбек.

Қонарбаев Абат:географ-ғалым ағамыздың арманы көп болатын.Маңғыстау мен Үстірттің мәдени ескерткіштерін мұражай қорыққа ұқсатып, «қырымның қырық батыры»деп аталатын парк ұйымдастырылса деген еді.40 батырдың есімін жазып,ашық аспан астына орналастыруды армандаған еді.Сол арманда жалғастыру мақсатында ұсыныс 40 батырдың суретін салуға сайыс жариялаған едік.Міне Ілиясов орындап көрді.

Ортамызда географ-зерттеушілер.

Бекарысов Есболай: «Маңғыстау географиясы»оқулығы осы таңғажайып өлкеміздің табиғатын,табиғатының ерекше болу себептарін,салдарын оқушыға түсінікті тілмен жеткізіп беретін оқу құралы.Маңғыстауу облысының жер бедерінің ерекшеліктерін, себептерін,геологиялық құрлысын, атап көрсеткен.Диаграммалар,карталар,картограммалар,сұрақ-тапсырмалар бар.

Алдоңғарова Күміс: «Маңғыстаудың жер-су атаулары»Бұл кітап 2010 жылы Арыс баспасынан шыққан.бұл кітапты ғалым1989-2000 жылдары арасында жазған.сай-сала,құдық,алқап,құмды массив,өңір ескерткіштері,шатқал,төбе,қорым,түбек,мола,ой,әулие,арал бәрі-бірі жер-су атауларымен сабақтас.

Илиясов Дәулетқали: Маңғыстау қашанда қазынаға толы.Серікбол ағамыз айтуынша 1973 жылы наурыздың 20 да облыс болып құрылған.Кезінде Мангышлак деген атпен өмір сүрген.1990 жылы 17 тамыздан бастап, тарихи маңғыстау атымен аталған.жер ауданы-165 мың км. Мұрат Мөңкеұлы «Шаңды қиян Маңғыстау» деп атаған.

Жаңайұлы Қанағат: «Маңғыстау тек кешегі мен бүгіннің ғана емес,21 ғасырдың,3000 жылдықтың адамзат баласын таң қалдырған өлке болмақ.Маңғыстау қазыналы қарт өлке,қорлы өлке»-дейді.Ағамыздың айтуына қарағанда жетінші,он бесінші ғасырларда климат өзгеше болғанБүгінгімен салыстырғанда,30-40 пайыз ылғалды болған.

Нуретов Қожахмет:Маңғыстау-қазақ елінің кең дүниеге ашылған теңіз қақпасы.Ол Иран, Әзірбайжан,Түркменстан және Ресеймен байланысқан.Қаратау жоталары Таушық.Батыс және шығыс қаратаулар бар.Маңғыстау атауы «Маңғыш» «тау» қорқынышты айдахардың мекендеген тауы айдахартау дегенді білдіреді.

Ерсұлтанова Дария:Маңғыстау атауының шығу тегі туралы тұжырымдар баршылық. «мың ауыл» «Мың қыстау» деген «Маңғыстау-мыңдаған жолдар өлкесі»-дейді.ежелгі Маңғыстауда тұрған халық дай,алаң жыланды,айдахарды қасиетті,киелі санағанМаңғыстау топырағындағы жер-су атаулары:Отман,Ман ата.Маңсуалмас,Манашы,Маңғыр атауларында аңыздық сипат басым.

Нуретов Қожахмет: Маңғыстау ертегі географиясы.Туған жер табиғаты-ұлттың өмір сүруінің басты шарттарының бірі.Рухани байлық -ертегі-аңыздар.Маңғыстау тұла бойы тұнған құпия сыр елі,360 әулие мекені.Шайыр,Мерет,Тамшалы,Өрмелі,Босаға,Сынды,Қаламқас,Шерқала. Маңғыстау-сирек қонысты,табиғаты қатаң,географиялық тұрғыда оқшау орналасқан.Неліктен Қожа Ахмет атамыздың шәкірттері осында оқыған? Деген сұраққа жауап іздейді.Ертегі аңыз шоғырланған 3 өлке Түркістан,Орталық Қазақстан,Маңғыстауды атап көрсетеді.

Нысанғалиева Жадыра:Шеткері аймақ қашанда еркін өмір сүруге өр кеуде батыл болуымен ерекшеленеді.Адайды Маңғыстауға бастап келушілер батыр Есенғұлұлы Есет деген.Мұндағы таутайлақ ,көп жылдарда теңізден шығатын су айғыры, тек Маңғыстау қазақтарында сақтаулы.

2-бөлім

Иә, Серікбол ағамыз 36 жыл өмір сүрсе де,тең жартысы 16 томдық еңбек қалдырды.Ол еңбектерді оқу,ғылымның жолын қуу-біздің борышымыз.

Енді ортамызға ағаның бейнесін сомдау үшін әдебиетшілер тобын шақырамыз.

Мұңды музыка үні.Оңайгүл Тұржан. (Мифтің түбі ақиқат пьесасынан үзінді)

Серікбол:-Ажал!Менің қасымда мынау не қып тұр?(адам мен ажал арбасып тұрады)

Серікбол:Онда мені тыңда.М ен сенен қорқып тұрғаным жоқ.Бірақ менің менің мойнымда парызым,міндетім бар.Жаратушы иеміз мені сол үшін жіберген.Мен әлі оны орындағаным жоқ.Ол парызымның салмағы ауыр.Сондықтан әзірге бара тұр.

Ажал: Жо-жо-оқ!

Серікбол:Бар!жоғал!

Бал-бал тастардың арасынан арбада отырған Серікбол көрінеді.Ол:

-Балбал тастар,

Кәрісің бе?Жассың ба?

Жаңалыққа доссың ба,әлде қассың ба?

Тасқа айналған адамсың ба,сен әлде,

Адам болып келе жатқан тассың ба?

Мені құштар еткен жұмбақ сен едің,

Жұмбағыңды шешсем деумен келемін.

Уақыт:Рас өрсің келесің құламастан,

Сенен тіпті ажал да тұра қашқан

Серікбол: Сен кімсің?

Уақыт: Мен уақытпын.

Серікбол:Уақыт?Қалай ғана шыға келдің төрімнен,

Бос жүріспен уақытымды

Көп жоғалтып едім мен.

Уақыт:-Білем,білем жел соңында жүгірдің,

Содан ұлым,талай жерде сүріндің.

Уақыт: Біреулерге бас қайғы,

Ал біреулер қиындыққа қарсы жүріп жасқайды.

Дегенменен небір ұлы істерін,

Бұл адамзат сен сияқты сүрінуден бастайды.

Серікбол: Қателіктер қас қағым,рас мен бұл өмірді сүрінуден бастадым.

Содан болар бар өмірім айырылды көріктен,

27 жаста едім,берік те ем,

Қол арбаға таңылған соң-айырмам не өліктен?

Уақыт: Серікболым!жап-жас жаның жаралы-ау,

Дегенменен сенің сүрінгенің алғашқысы бұл емес қой балам-ау.

Серікбол:-Йә,талай сүріндім,бірақ қайта тұра салып,армандарға жүгірдім.

Маған әттең тек соңғысы батып тұр,темір жолдың көпірінен құладым.

......Уақыт: Риза саған Арғы,бергі қазақ та,

Лайық болдың Дей түркілік әз-затқа.

Жан шыдамас сен шыдаған азапқа.

Бірақ балам алты жылың бітті енді,

Не істей алам,мен де соған налығам,

Сенің үшін таусылды дәм,жарығым!

Уақыт:-жастық оты өшпей жатып көзінде,

Мифке айналды енді оның өзі де.

Бірақ өлмес жазып кетті ол бақи-хат:

Мифтің түбі –ақиқат.

3-бөлім. Арнау өлеңдер.

Әнур Бимағамбет. «Қарагөк»

Сұлтанбек Құдайберген «Аңыз құсы»

Оқушылар хормен «Арнау»



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!