Материалдар / «Мақал – сөздің мәйегі» ашық тәрбие сағаты. 4 а- сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мақал – сөздің мәйегі» ашық тәрбие сағаты. 4 а- сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын, білімге қызығушылығын арттыратын «Мақал – сөздің мәйегі »сайысымызға қош келіпсіздер!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2021
1032
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ









Тақырыбы:

«Мақал – сөздің мәйегі»

(қазақ тілі пәнінен сынып сағаты)







Өткізген :Базарбаева А.О.

Сынып: 4 а





2020-2021 –оқу жылы





Тақырыбы: «Мақал – сөздің мәйегі»

Мақсаты:

Білімділік: Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолана білуге, шаршы топ алдына сөз жүйесін таба білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу;

Әдісі: сұрақ – жауап, талдау.

Түрі: Интеллектуалды сайыс сабағы

Көрнекілігі: мақал – мәтелдер оқулығы т. б.

Барысы:

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын, білімге қызығушылығын арттыратын «Мақал – сөздің мәйегі »сайысымызға қош келіпсіздер!

Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.

Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.

Айнала отырып ап исі қазақ

Азаматын өзара күрестірген... – дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз! Мұғалімдер әділ болып,жұптарға қатынасуы бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.

Алдымен сайысқа қатысып отырған жұптармен таныстырып өтейін.

І – жұп- Білімділер. ІІ- жұп- Білгірлер.

ІІІ - жұп - Алғырлар. ІҮ- жұп- Тапқырлар

Бүгінгі сайысымыз 4 – бөлімнен тұрады.

Ұйымдастыру:Оқушыларды сынып сағатының басталуы жайлы түсіндіру.

Психологиялық дайындық:

  • Әрбір адам?

-Туысым,досым, жұрағат.

- Әрбір сөзің?

- Шындық, бірлік , адалдық.

- Әрбір ісің ?

- Тірлік , тірек , адамдық.

- Әрбір сабақ ?

- Үйрену , ұғу, ұлағат.

Ой қозғау.Мақал – мәтел туралы түсініктерімен бөлісу.

1. Мақал – мәтелдер – ата – бабамыздан қалған өшпес мұра

2. Халық даналығы, көлемі жағынан шағын болады

3. Мағынасы терең, құны артық, қымбат қазына.

4. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, шаршы топ алдына сөз жүйесін таба білуге үйрету.

Сайыстың түрлері:

  1. Жалғасын тап.

  2. Суретке байланысты мақал құра.

  3. Мақал – сөздің мәйегі.

  4. Білгенге маржан.

І – бөлім. Жалғасын тап .Шарты : Мақалды жалғастырады.

Мектеп кеме, білім ………

Оқу инемен құдық ……...

Адам көркі шүберек, ағаш көркі………

Жалғыз кірпіш қорған болмас,

жалғыз ағаш…….. болмас.

Бабалар еккен шынарды,

…………. саялар

Қыз өссе елдің көркі,

………. өссе жердің көркі.

Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың . . . . . . . . .

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың . . . . . . . . бар.

Ең тәтті не?

Ата — бәйтерек, бала — не?


Сұлтан – деген кім?


ІІ – бөлім. Суретке байланысты мақал айту. Шарты: Шапшаңдыққа жұмыс істеу.

Туған жер , Жылқы , Балық , Мектеп – туралы

ІІІ – бөлім. «Мақал – сөздің мәйегі». Сұраққа дұрыс жауап беру.

Адамның қай мүшесі қорқақ, (Көз қорқақ, қол батыр)

қай мүшесі батыр?


Жыланды қалай інінен шығарамыз? (Жылы – жылы сөйлесе,

жылан інінен шығады)

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарының тіленбей- кімнің сөзі? А.Құнанбаев


Жердің сәні –не, Ердің сәні – не? Жердің сәні – егін,

Ердің сәні – білім.
Несіз білім жоқ ? Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ.

Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)

Отан — неден басталады? Отан — отбасынан басталады.

Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)

Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем

Ағынды өзен, асқар тау ,

күнін сүйем... кімнің өлеңі? М. Мақатаев.



Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)

Ата — бәйтерек, бала — не? Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.

Сұлтан – деген кім? Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде еліңде ұлтан бол.

ІҮ- бөлім Білгенге маржан. Сан астына жасырынған тапсырмаларды орындау.

Отан , туған жер 10 20 30

Оқу , білім 10 20 30

Еңбек 10 20 30

Ата – ана 10 20 30

Мақал – мәтелдер – ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал – сөздің мәйегі » - демекші сайысымызды қорытындылаймыз.

Анаға хат жазамыз. Оқушылар жазған тілек, мақал- мәтелдерін оқиды.

Кері байланыс жасап , сабағымызды қорытындылаймыз.

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Жеңімпаз жұп анықталады. Жеке оқушыларға да аты аталып, марапатталады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!