Материалдар / Мақала
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
365
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің

Қуандық Жанерке АлсайқызыАлматы мемлекеттік политехникалық колледжініңарнайы пәндер оқытушысы (Алматы қаласы, Қазақстан)

Туған жер – әр адамның кіндік қаны тамған жері. Туған жер дегенде жүрегіңіз дір етіп, сағынышпен балалық шағыңыз, біріміздің ата-анамыз, туған өлкеге деген махаббатымыз еске түсері хақ. Сондықтан, туған өлкеге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпеу қарау – шынайы патриотизмнің белгісі. Мемлекет басшысы өзінің мақаласында туған жеріміздің, еліміздің тарихынан сыр шертетін тарихи кітаптар мен жазбаларды көбейтіп, зерттеу жұмыстарын мықтап қолға алуды тапсырды. Бұл жастардың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыратыны анық. Өсіп келе жатқан өскелең жас ұрпақтың бойында патриотизм белгісін қалыптастыру біздер мен сіздер, мұғалімдердің қолында. Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының негізгі мақсаты - отаншылдық сезімнің әрдайым жоғары тұруы керектігін баршаға жеткізу. Ал, оны жүзеге асыру үшін «Қазақстанның қасиетті рухани мұралары» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» сынды бірқатар жобаларды қолға алу қажет. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі іс болар еді. Ал Елбасы өз мақаласында «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?» - деген сұрақ қоя отырып, оған төмендегіше жауап береді. «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс.Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет» - дейді Президент. Президентіміз айтқандай «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Алматы қаласында Медеу ауданында 30 балаға арналған «Хан-Төре» жеке балабақшасы ашылды, сол сияқты дөңгелек үстел барысында қаладағы әлеуметтік нысандарды салуға, әлеуметтік-қайырымдылық іс-шаралар өткізуге қолдау көрсетіп отырған кісілердің арқасында қала аудандарында бірқатар мектептер мен емханалар, спорттық нысандар, тұрғын үйлер салынғанын, бұл игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып өткен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов «2017 жыл – Жастар жылы» деп жарияланғанын, соған байланысты қараша айының соңында мегаполисте жастардың жаңа идеялары мен ұсыныстарының ашық алаңы ретінде Жастар саммиті өткізілетінін жеткізді. Алматы политехникалық мемлекеттік колледжінде де бірнеше іс-шаралар жүргізілді. Соның бірі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты онкүндік ашық сабақтар, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек ағамызбен кездесу, ИТ компаниясының директорымен өткен дөңгелек столдар т.б. Жоғары да айтып өткенімдей Туған жерді көркейту үшін менің кішкене ғана өз туған өлкем жайлы ойымды қоссам деймін: Менің туып өскен, туған жерім – ОҚО, Созақ ауданы, Таукент қалашығы. Сол 10000 халқы бар, кішкентай қалашығымызда тау баурайында «Дарбыт» деп аталатын киелі емдік қасиеті бар бұлақ бар. Суын ішіп, жуынған кісінің үстіндегі жаралары қайтады. Бұрындары Дарбыттың басындағы талға құран оқып, тілек айтып, ауруларына шипа іздеп көп адам келуші еді. Тал бұтағына орамал байлап, суына тиындарын алғыс ретінде тастап кететін. Қазір жаңарып жатқаны бір бақуатты кісіміз таудан ағып келген бұлақ суымен ауылымыздың жанынан «Дарбыт суы» деп аталатын зауыт ашты. Сол бұлақтың суын құтыда сатып жатыр. Ендігі менің қосар ойым, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында аталғандай туған жерді көркейту секілді «Дарбыт» бұлағының жанына шипажай салынып, келген қонақтар емін алып, жанындағы мал бағатын қойшылардан қымыз, саумал ішіп жанына батқан ауруына шипа алса; Екінші қосарым қазіргі заман талабына сай ауылымызда жел көп согатындықтан күн энергиясы мен жел энергиясын құрса, себебі жанында кішкене ғана үйлер әлі күнге дейін шаммен және көліктің аккумляторымен отырады. Жарық келіп, тоқ көздері болса, егін егіп, мал бағатын қойшыларға, тау баурайында тұратын кісілерге үлкен қуаныш болар еді. «Сен кешегі күнге топырақ шашсаң, келер күн саған тас ататынын» ұмытпай туған елімізді, туып өскен жерімізді ұмытпай туған жерді көркейтуге бірге атсалысайық. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасында туған өлкемізден басқа бірқатар мәселелер талқыланды және бір ел болып қолға алуды ұсынды. Соның бір мәселесі ақпараттық технологиялар заманында IT саласын дамыту. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуы және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлген болатын. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестік дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. «Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте» дегендей өскелең ұрпақ пен жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!