400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Коммуникативтік құзыреттлікті дамытуда диалогтік тіл оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол- оқытудың негізі мақсаттарының бірі және оның маңыздығы туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі сабағында әсерлі әдістерді қолдану арқылы оқушылардың қатынас тіл біліктерін дамыту.

Бермухамедова Б.М.

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Александров орта мектебі, қаңтар 2016ж.


Тіл - ұлт ажары, ар тазалығының белгісі, мәдениет нұсқасы.

Тіл-рухани байлығымыздың қайнар бұлағы.

Тіл- ұлттық құжат, ататек негізі.

Тіл - халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар жүріп өткен жолымыздың шежіресі.

Мағжан Жұмабаев


Бүгінгі таңда тілді меңгеру ең өзікті мәселелердің бірі болып отыр. Көп ұлтты республикамыздың жағдайында тілді меңгеру, мемлекеттіл тілде сөйлеу оңай іс емес екендігі белгілі. Оқытудың өзіндік тәжірибесі қалыптасып, оқу құлардары, сөздіктер, тілашарлар, кітапшалар жарық көрді.

Әр ұстаз өз шәкірттерінің білімің неғұрлым жоғары болуын, салыстыру, талдау, қорытынды жасау және ойлау қабілетінің шығармашылық тұрғыда кең болғанын армандайды. ХХІ ғасыр қазақстандықтардың өзекі мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал етел алатын бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: коммуникавтік, креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлік сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығың басымдылығы. Сондықтан, қазіргі уақыт талабы мұғалімнен оқытудың жаңаша, аса құнды әдіс-тәсілдері қажет етеді.

Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының "Мектеп керектері" мақаласында: "ең әуелі мектепке керегі терең білімді, педагогика оқыту ісіне керек құралдар һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы" деп көрегендікпен айтқан пікірі бүгінгі оқыту ісінің алдынан шығып отыр. Соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологияларды мектеп тәжірибесіне енгізіп жатыр.

"Коммуникативтік құзыреттілік" (латынның "соmpetere" - қол жеткізу, сәйкес келу сөзінен шыққан) - оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі, қатысымдық мақсатты тіл іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсіне алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.

Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру - күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету - қиын да қызық жұмыс. Сол қиындықтарды жеңілдету үшін сызбаларды қолдану арқылы төмендегі әдістерді дамытуға мүмкіндік туғызамыз.


ӘShape3 Shape6 Shape2 Shape5 Shape4 Shape1 дістер



Сұрақ- жауап Өз ойын айту Баяндау Сұхбат Монолог Аударма

Мен өз тәжірібімде, көбінесе, оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлеміз. Оқушы бірлесіп үйретуде кішігірім топтармен, жұппен жқмысқа, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.

Берлесіп жұмыс атқарғанда мына жағдайлар еске ұсталғанына көзім жетті:

1. оқушылар бір-біріне бірдей бағынышта, сыйластықта болды;

2. жаупкершіліктерді артты;

3. топқа бөлгенде оқушылардың ойлау мүмкіндіктері ескерілді;

4. топқа барлық мүшелердің бір-бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, кезектесіп сөйлеу дағдылары қалыптасады;

5. мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болды;

6. топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі шыңдалды;

7. жиі-жиі талқылау жасау және терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамытады;

8. жұмыс кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанды;

9. оқушының, ең алдымен, есте ұстау қабілеті жоғарылады;

10. бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермеледі.

11. оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктерен беретін ортада оқушы өз пікірін, білімін, бар жігерін жеткізді.

Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жаупкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне беріп, үлкен жаупкершілікті сезінтеді.

Коммуникативтық әдіс- оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым - қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастырып, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.

Коммуникативтік құзыреттлікті дамытуда диалогтік тіл оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол- оқытудың негізі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын.

Диалог- екі жақты құбылыс. Қарым-қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтың өзіндік әр түрлі ерекшеліктері болады:

  • күнделікті тұрмысқа байланыстылығы;

  • ресми қарым-қатынасқа құрылуы;

  • дене қимылының белсенділігі;

  • эмоцианалды-экспрессивтілігі, әсерлігі;

  • сөйлемдердің ықшамдалуы;

  • сөйлетін сөздің алдын ала жоспарланбауы;

  • ауызекі стил ерекшіліктерінің басым болуы.

Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық, т.б. қателер диалогта кездесетіні байқалады, сондыөтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына бас мән беріледі.

Күнделікті сабақта жыңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолданамын. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамын. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады.

Әр түрлі типтегі кішігім диалогтар құрастыруды тапсырамын.

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетті барлық түрінде қалыптасады. Тыңдауда да, сөйлеуде де оның іске асуын қамтамасыз етеді.

Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесу әрекетін 4 түрлі қарастыру тұрақты орын алған:

  • сөйлеу;

  • оқу;

  • жазу;

  • түсіну.

Қазақ тілі пәні мұғалімінің негізгі міндеті - қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен формасы қызықты, тиімді өткізу.

Менің ойымша, пәннің мазмұны, яғни, сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесіне мынандай құрамда болуы керек:

  • сөйлеу материалдары;

  • сөйлемді оқу, жазу, ұғыну.

Баяндамамды Сент-Экзюперидің сөзімен аяқтағым келеді: "Жер бетіндегі ең үлкен байлық - қарым-қатынас".


Әдебиеттер:

1. "Қазақ тілі сабағында оқушылардың жаңа технологиялар арқылы сөйлеу дағдысын жетілдіру" 2010ж. "Қазақ тілі мен әдебиеті" Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал, №5 4-5 бет

2. "Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану" 2011ж. "Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде" Республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, №9 31-34 бет

3. "Сабақта - оқытудың коммуникативтік әдістері" 2014ж. . "Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде" Республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, №2 40-44 бет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі