Материалдар / Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала педагогтердің өзара әрекеттесуінің мәнін ашады және ата-аналар отбасы мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы тығыз ынтымақтастықта. Тек бірлескен күш-жігермен, тек отбасына сүйене отырып, қол жеткізуге болады. Басты мақсат-нағыз адамды тәрбиелеу. Отбасылық тәрбиеде құндылық бағдарларына, жалпы баланың дүниетанымына, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы мінез-құлқына әсер ету де маңызды рөл атқарады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
194
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АТА-АНА-БАЛА-БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ  

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУ


   Отбасы мен педагог тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады.

                                                                                   В.Сухомлинский


Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, іс-әрекетке қабілетті, еркін, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу. Ата-ана мен педаготың өзара әрекетінің арқасында бала тұлғасын дамыту мәселелері  табысты шешіледі.

Қазіргі уақытта балабақшадағы тәрбие жұмыстары ата-аналармен  бірге жүргізіледі, өйткені бала тәрбиесі мен дамуында басты рөл атқаратын ол отбасы. Психолог балабақша мен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыра отырып, ата-аналарды тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Сонымен қатар бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс– тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі балабақшадан басталады. Педагог пен отбасы өркениетті ел болашағын ойлайтын, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты тәрбиелей алады.

Осыған орай, ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс.

Мақсаты: ата-аналарды үйлесімді балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын дамытуға ықпал ететін әдістермен таныстыру, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру, отбасында қолайлы эмоционалды климат құру.


Міндеттері:


  1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге  және өз баласын таза өмір сүруге, бейімдеуге;

  2. Білім алуына көмектесуіне;

  3. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, педагогтармен кездесуге,

баласының бала-бақшадағы өмірімен танысуға;

  1. Қарым-қатынасын дамыту. Жағымды қарым-қатынас орнату үрдісін

қадағалау

  1. Тұлғалық даму бағыты өзін-өзі жағымды бағалауға өз-өзіне сенімділігін арттыру

  2. Әр тәрбиеленушінің жанұясымен қарым қатынас орнату, баланың дамуымен тәрбиесі үшін күш біріктіру, бір-бірінің проблемасын түсінуге тырысу





    Ата-ана мен педагог арасындағы бір –біріне деген сенімділік бірінші және шешуші шарт. Арадағы қарым-қатынас ата-ананың  тәрбие ісіне қызығуын оятып, табысқа ұмтылдыратындай, өз күшіне сенімділік тудыратындай болып құрылуы тиіс.

    Отбасының өзіне тән өмір сүру ерекшеліктері, оның қалыптасуы, дәсүрлі, рухани байлықтары, тәрбиелік мүмкіндіктері баланың ата-анамен қарым-қатынасы түрліше болып келеді. Осының бәрін түсіну үшін психолог психологиялық, педагогикалық, диагностикалаудың кешенді, дәстүрлі әдістерін  қолдану, бақылау, әңгімелесу, тест , сауалнама жүргізу, іскерлік ойындар, бала шығармашылығын дамыту, отбасын зерттеу сияқты әр-түрлі әдістерді қолданады.


Ата- аналардың белсенділіктерінің төмен болу себептері.


1. Бала тәрбиесінде өздеріне деген сенімсіздік .

2. Мәселенің маңыздылығын сезінбеу.

3. Жауапкершіліктен бас тарту бәрі өздігінен шешілмейді деген қағйданы

ұстану.

4. Балаға қажетті уақыт бөле алмау жұмысбастылық.

5. Психолог мамандығының көмегінің маңыздылығынан бейхабар болу,

психолог көмегіне жүгінбеу.


Ата-ана назарына


  • Жеткіншекке керегі-түснісу .

  • Психологиялық пен әлуметтік дамуға қарағанда физиологиялық даму тез жүреді.

  • Жеткіншекті жаңа өзгерістерге қорқытпай дайындау.

  • Жазаласаңыз нақты іс-әрекеті үшін жазалаңыз.

  • Тыйым салудың орнына, бірлесіп шешім қабылдауды ұсыныңыз.

  • Өз қателігіңізді мойындап кешірім сұрай білуге дағдыланыңыз.

  • Балаға өз кеңістігін құру маңызды.


Балаға сүйіспеншілігіңізді білдіру жолдары.

  • Көзқарас мейіріммен қорғау.

  • Физиологиялық байланыс-қолынан ұстау.

  • Назар. Баланың сіздің назарыңыздағы маңызды адам екенін сезіну

  • Тәртіп.

Ата-ананың бойындағы сенімділік пен бейқамдылық жағдайды ушықтырып жібереді. Әдетте. баланың жағымсыз іс-әрекетінен кейін ғана көпшіліктің достарының, көршілер, ұстаздары талап ету бойынша психологқа жүгінеді. Бұл кезде психологиялық көмектің өзі балаға оңай болмайды.

Екінші нұсқа -мәселені өздігінен шешуге тырысу жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Себебі ата-ана баланың мүмкіндігін есепке алмайды, санаспайды. Арнайы құрылған клубтарға баламен бірге бару әртүрлі жағдайларды көзбен көріп, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Клуб ата-анаға кәсіби мамандармен кездесуге, кеңес алуға мүмкіндік береді. Көптеген ата-аналар аудиторияға шығып өз тәжірбиелерімен бөліседі.

Жанұялық мәселелерді шешетін біз сияқты мамандардың басты мақсаты ата-анаға балаға дұрыс тәрбие, бағыт-бағдар беру жолдарын ұсыну. Әдетте ата-ана баланың жағымсыз жақтарын жиі көреді.

Дұрыс тәрбие бере отырып, баламен сенімді, жақсы қарым-қатынаста қалай қалуға болады.

Отандық және шетелдік психологтардың озық тәжірбиелеріне сүйене отырып , кейбір бала тәрбиесіндегі ерекше аспектілерге нұсқау береміз.

«Баланы таыңдай білу – тыңдай отырып , оның түйсігіне ой салу .

Әңгімелесу барысында тоқталымға келу. Ол балаға сіздің қасында екеніңізді сезінуге көмектеседі .


Отбасылық тәрбиенің түрлері

1. Көшбасшылық тәрбие

2. Эмоционалдық тұрақсыз отбасындағы тәрбие

3. Айырылысып кеткен отбасындағы тәрбие

4. Гиперактивті ұстанымдағы тәрбие

5. Жоғары рефлексиямен және жауапкершілікті отбасындағы тәрбие

6. Қарым-қатынастары нашар отбасындағы тәрбие

7. Авторитарлық отбасындағы тәрбие

8. Демократиялық отбасындағы тәрбие

Балаңызға жақсы тәрбие беру үшін балаңызды өзіңізбен тең санауыңыз керек.

  1. Балаңызбен қарым-қатынас жасаған кезде оны үлкен кісідей қабылдау керек.

  2. Балаңызды адал, ақылды және қайырымды екеніне сенуіңіз керек.

  3. Баланы тәрбиелеген кезде оның нәтижесі қандай болатынын білуіңіз керек.

  4. Балаңызды қайталанбас жеке тұлға ретінде есептеуіңіз керек.







Ең бастысы өзіңіздің де, бала болғаныңызды есіңізден

шығармау керек



Ата-ананың кейбір өмірлік жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды балаға айтып түсіндіру керек. Осындай қиыншылықтарды ата –анамен бірге болсаң, олардан сүрінбей өтетінін айту.

Баланың алдында сенімділік пен түсіністікті қалай сақтауға болады.

1. Баламен бірге дүкен аралау, бірге ойнау, бірге қыдыру, бірге тамақтану сияқты көп уақытыңызды баламен өткізіңіз.

2. Баламен өзіңіздің балалық шағыңыз жайлы, қуанышыңызбен, қиындығыңызбен, қателіктеріңізбен бөлісіңіз.

3. Балаға өзінің жақсы жақтарын айтып отырыңыз.

4. Егер сіз бір нәрсеге қиналсаңыз, бала оны білуі керек. Балаға өзіңіздің жағдайыңызды, тілегіңізді ашық айтуыңыз керек.

5. Баланы қорлап жазаламау керек.

6. Балаға көп нәрсені жүктеп, қиын нәрсені міндеттеме.

7. Өз балаңызды басқа баламен салыстырмаңыз.

8. Баланың сұранысына мұқият болыңыз.

9. Жиі баланы мақтаңыз.

10. Баланың ата-анасына деген сенімі болу керек. Егер балаға уәде берсеңіз, оны орындауыңыз керек және осы арқылы баланың ата-насына деген сенімі артады.

11. Өз мойнына жауапкершілік алуды үйретіңіз.

12. Балаға таңдау мүмкіндігін ұсыныңыз.

13. Бала тәрбиесінде өте мұқият болыңыз.

«Жүйелі тыңдай білу» дегеніміз не?

Ата-аналадды жүйелі тыңдауға үйрету дегеніміз, ол көптеген қиыншылықтарға тап болмауға жане жылдам әсер алмауға дағдыландыру.Оның 12 түрі болады:

1 Бұйрық беру

2 Ескерту,алдын-алу

3. Құқығын сақтау

4. Ақыл айту, дайын шешім

5. Дәлел, ойшы ойлау

6. Жала жабу

7. Мақтау, мадақтау

8. Мазақтау (күлу)

9. Пайымдау (сенімсіздікпен қарау)

10 Тергеу, сұрау

11. Келісімдер

12. Әңгімеден қашу, қалжыңдау


Жоғарыдан келетін осы эмоциялың реакциялардың көбі ата-аналардың ұстанымы. Балаға деген сезіміміз, сыйластық, жеке басына деген құрмет, армандарына кедергі болмау, ата-ананың өз дегенін істетпеу-осының барлығы жаңа қабылданған гуманистикалық қарым-қатынас ұстанымдарына жатады.

Адамдар өзінің жеке басының жай-күйін, қал жағыдайын хабарлауы тиіс. Әз сезімін шынайы білдіруі қажет. Бұл хабарлау түрі «Менің хабарламам» деп аталады.

Мысалы:

«Мен ұнатпаймын...», «Маған түсіну қиынға соғады...», «Мен қатты қиналдым...», Осы сөйлемдердің көбінде есімшелер қолданылады. «сенің хабарламаң» есімдіктеріне «Сен», «Саған», «Сенікі» деген есімдіктерге, бала ренжіп, қорғанады, қарсы ой-пікірін айтады. Мейілінше мұндай қарым-қатынастан аулақ болған жөн.

«Менің хабарламамның» көптеген жақсы жақтары бар.

- бала өзінің жаман, негетивті сезімін жаңаша түрде (формада) жеткізе алады.

- баламен үнемі терең қарым-қатынаста болуға, жақынырақ тануға мүмкімдігін береді.

- ата-ананың жеке басының қасиеттері, баласымен ашық сөйлесуі, өз сезімін білдіруі қажет.

- бұл мақсатта бала үлкендерге сенімділікпен қарап, баламен ата-ана арасындағы сенімділікті туғызады.

- әр баланың ата-анаға деген махаббаты шексіз. Сондықтан балаға өз ойын толық айтуға, шешімін қабылдауға мүмкімдік беру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!