Материалдар / Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолдану жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Авторы:
11 Желтоқсан 2023
239
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


Жұмағазы Индира Мұхамбетқызы

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

«Хиуаз Доспанова атындағы

14 орта мектеп» КММ-сі

биология пәнінің мұғалімі


Биология сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолдану жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – бұл білім алушылардың ғылыми әдістерді қолдана отырып, зерттелетін және шешілетін мәселелерді нақты өмірлік жағдайларда таңдау, қоршаған әлемді және оған енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін қажетті бақылаулар мен эксперименттерге негізделген тұжырым болып табылады. Бұл оқушылардың тақырыптарды зерттеуге, өз қорытындыларын жасауға үйретеді және анағұрлым тереңбілім алып, пәнді түсініп, айтарлықтай жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесі бірқатар өзгерістерге ұшырады, оның себебі білім парадигмасынан тәжірибеге бағытталған парадигмаға көшу болды. Мұндай өзгерістердің негізгі мақсаты-функционалды сауатты білім алушыларды тәрбиелеу және оқыту.

Қоғамның қазіргі мектепке деген негізгі талабы-ғылыми, өндірістік, әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шығармашылықпен шеше алатын, сыни тұрғыдан ойлана алатын, ақпаратты қолдана алатын, өз көзқарасын, сенімдерін дамытып, қорғай алатын, өз білімін жүйелі және үздіксіз толықтырып, жаңартып отыратын, өз білімін жетілдіре алатын тұлғаны қалыптастыру, оларды іс жүзінде шығармашылықпен қолдану. Яғни, заманауи білім беру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған, онда теориялық санаттағы білім қолданбалы болып, күнделікті өмірде пайдаланылуы тиіс.

Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар ақпараттық, коммуникативтік, күнделікті, танымдық сияқты құзыреттіліктердің дамуына ықпал етеді. Тапсырмалар мектеп оқушыларының оқу жұмысын күшейтуге, олардың ұйымшылдықтарын қалыптастыруға, өз бетінше оқуға, қажетті ақпараттарды табуға және қолдана білуге, топта, жұпта, жеке жұмыс істеуге, стандартты емес жағдайларда шешім табуға бағытталған болуы керек.

Биологиялық сауаттылық дегеніміз – бұл жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың бір бөлшегі, яғни адамның өзі өмір сүретін әлемдегі биологияның рөлін анықтау және түсіну, дұрыс биологиялық пайымдаулар жасау және биологияны қазіргі, болашақтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Биология сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолданудың көптеген мүмкіндіктері бар: алған білімдерін практикада қолдана білуге және оны әлеуметтік бейімделу процесінде қолдана білуге үйрету, құбылыстарды, процестерді түсіндіру, гипотезалар қою қабілеттерін қалыптастыру, сұрақтар қою және оларға жауап беру, талдау және синтездеу, зерттеу, эксперимент жасау және бұрын алған білімдерін пайдаланып қорытынды жасау.

Осы бағытта оқу процесін құрудың мынадай принциптерін ескеру қажет: ішкі мотивацияның құндылығы, таным процесінен қызығушылық пен қуаныш, ойлау және қиын міндеттерді шешу, өз бетінше іздеу, гипотезалар мен ойлар ұсыну қағидаты; балалардың оқу процесіндегі құзыреттілік сезімін ынталандыру, іс-әрекетке қатаң басшылық ретінде емес, бағдар ретінде оқу бағдарламасына икемді көзқарас; оқушыларға табысты нәтижелерге қол жеткізуге және өзін сауатты сезінуге мүмкіндік беретін қиындықтың оңтайлы деңгейіндегі міндеттермен жұмыс; оқуды проблемалық принцип бойынша құру, оның ішінде балаға қатысты сұрақтар, оған үнемі дайын білім беру емес, оны көбейту қажет.

Биология сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолдану үшін алған білімдерін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті қолдануға жағдай жасау керек.

Жаратылыстану - ғылыми білім берудің басты мақсаты:

Ғылыми көзқарасы қалыптасқан, ақыл-ойы ұшқыр, білім алушылардың пәнді тереңтүсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Жаратылыстану ғылымы мұғалімдерімен бірігіп білім алушылардың бейімділігімен қызығушылығын анықтау;

  • Тереңдетілген танымдық тапсырмалар негізінде білім алушылардың қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, сол арқылы білім алудағы негізгі талаптарды жүзеге асыру;

  • Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру;

  • Білім алушылардың жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу;

  • Шығарма, ойтолғау жаздыру арқылы оқушыларды кез келгентақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіруге дағдыландыру;

  • Білім алушылардың ғылыми жоба жарыстарына, пәндік олимпиадаларға,түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету.

Ғылыми құндылығы:

  • Жаратылыстану біліміне қызығушылық.

  • Білім алушылардың қоғамның дамуы үшін жаратылыстану ғылымдарының маңыздылығын түсіну.

  • Жаратылыстану ғылымымен байланысты мәселелерді қарастыруда азаматтық ұстанымның көрінісі.

  • Білім алушылардың жаратылыстану- ғылыми ізденісіне жол ашу.

Өзектілігі:

Тереңдетілген әр түрлі қызықты тың ақпараты бар интерактивті тапсырмалар арқылы білім алушылардың белсенділігін, жеке- дара жұмыс істеуін, оқу-тәрбие ісінде жаңа технологияларды енгізу арқылы білім сапасын көтеру жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытудың өзектілігі болып табылады.

Күтілетін нәтиже:

  1. Білім алушыларда жан-жақты теориялық білімдері және зерттеушілік қабілеттері, пәндік құзыреттілігі қалыптасады;

  2. Жаратылыстану-ғылыми бағытында алған білімдерін қазіргі өмірмен тығыз байланыстыра біледі, өмірде пайдаланады;

  3. Биологиялық білімді пайдалана отырып, кез келген мәселенің шешімін тауып, өз тұжырымын айтады.

Оқу жетістіктері: шығармашылық ізденіс

Білім беруші: білім алушылардың белсенділігін арттыру жолдарымен

танысады, сол арқылы олардың қызығушылығы мен бейімін анықтай

алады;

дарынды және талантты білім алушылармен тиімді жұмыс әдістерімен

таныс болады.

Білім алушы: оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгереді,

шығармашылық қабілеті дамиды, өз жан-дүниесін танитын, өзін

өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетіне талдау жасай алатын тұлға

қалыптасады.

PISAтапсырмаларын биология сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолдануда үлкен роль атқарады.

Қорыта айтқанда, биология сабағында жаңа технологияларды, құзыреттілік тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшелігіне сай тиімді қолдану арқылы таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың негізі болып табылады.Сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш-жігерімізді салсақ, жұмысымыз нәтижелі болмақ.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!