Материалдар / Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Тамыз 2024
194
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пәнінен шығармашылық тапсырмалар 3-4 сынып


Шығармашылық іс-әрекет – жаңа нәрсені жасауға бағытталған іс-әрекет. Адам іс-әрекетінде екі түрлі белсенділік орын алады:

  • қайта жаңғырту (репродуктивті), бұл ес процессімен тығыз байланысты — өткен тәжірибені салыстырмалы түрде айнытпай қайталау;

  • шығармашылық – алдынғы тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер жасау.

Шығармашылық іс-әрекет адамды болашаққа бағытталған, өмір сүріп отырған ортасын өзгерте алатын жан етеді. Шығармашылық – таңдаулы адамдар, даңышпандар мен таланттыларға ғана тиесілі емес, ол адам қиялдап, құрастырып, өзгертіп және жаңа нәрсе жасауға қабілетті жердің барлығында бар болады.

Бізді қоршаған күнделікті өмірде шығармашылық тіршілік етудің қажетті жағдайы болып табылады, әдеттіге айналған заттар шеңберінен кішкене болса да шыққан және аз болса да жаңалығы бар заттың барлығы адамның шығармашылық процессінен туындайды (Л.С.Выготский).

Көбінесе шығармашылық іс-әрекет адамның танымдық қабілеттеріне негізделеді: шығармашылықтың құрамдас бөліктері сезімдік елестердің құрамында да, ақыл-ой түсініктері мен бейнелерінде де орын алады.

Шығармашылық философиямен қатар көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: психология, ғылымтану, өнертану, ақпарат теориясы, педагогика және т.б. Сәйкесінше шығармашылық көріністерінің көптеген түрлері топтастырылады: көркем шығармашылық, ғылыми-шығармашылық, өндірістік-техникалық шығармашылық, діни шығармашылық, күнделікті-тұрмыстық шығармашылық – басқаша айтқанда адамның практикалық және рухани іс-әрекетінің барлық түріне қатысты. Қазіргі күндері адамның шығармашылық іс-әрекетін арнайы зерттейтін ғылымды жасау мәселесі туындап отыр. Субъектінің әлемге деген қатынасының іске асуы танымда ғана жүрмейді. Танымның өзі мақсаты бойынша шығармашылықпен тығыз байланысты. Таным мен шығармашылықсыз адам өзінің универсалды өмірлік жолында жүзеге аспай қалуы мүмкін еді. Таным мен шығармашылық адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын құрал емес, ол адамды адам ететін зат.

Қазіргі кезде әрбір адам күн сайын күрделілену процессінен өтіп жатқан және иерархияланған әлеуметтік рольдер мен функционалды байланыстар жүйесіне енеді. Адамның рольдік мінез-құлығы стандартталуға ұшырап, онда әрекеттер мен сананың жақсыз дайын бейнелері көбейе түсуде. Жақсыз функцияларды атқарудың өзінде де жеке тұлғалық-адами шыңда болу үшін – адам әлемге және өзіне деген шығармашылық қатынастың жоғары деңгейіне ие болуы тиіс. Басқаша айтқанда индивид жоғарыда сипатталған жағдайларда адам бейнесін сақтап, ситуацияны басқаруға қабілетті болуы үшін оның шығармашылқ деңгейі жоғары болуы қажет.

Сонымен шығармашылық дегеніміз – бұл әлемге деген өзіндік бейнелі қатынас. Және бұл қатынас танымдық қатынасқа қарсы келуі мүмкін. Егер де дәстүрлі гносеологияда танушы субъект үшін әлем және жасанды жолмен жасалған болмыс берілген ретінде, ол ешкіммен жасалмаған ретінде қарастырылса, шығармашылық шындықты қабылдайды, мұнда әлем адамның терең қатысымен қайта түзілуге қабілетті. Шығармашылық қатынас үшін бүкіл әлем аяқталмаған, бүтін емес болып қабылданып, осы позициядан субъект өзіне әлемді әрі қарай құрастыруға деген міндет пен жауапкершілік алып, оны жақсартуға ұмтылады. Осы жерден әлемдегі түпкілікті жаңалықтарды өзі үшін емес әлемдік жақсартуға бағытталған қабілеттілік туындайды. Адам толықтай болмысқа тереңдей түседі. Сондықтан да шығармашылық қатынас біріншіден – болмыстық қатынас, екіншіден – ойлаулық когнитивті. Адамның танымы жеке практикалық қызығушылықтардан босап, толықтай шындыққа қызмет етуі үшін адам әлемге өзінің антропологиялық модельдерін міндеттемей әлемді шығармашылық арқылы құрап, әлемнің бір бөлшегі ретінде өзін-өзі дамытып отыруы қажет.

А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы адамның шығармашылыққа қажеттілігінің басқа қажеттіліктеріне қатынасын ашады:

  1. Рухани қажеттіліктер

(шығармашылық арқылы өзін-өзі дамыту) 

  1. Престиж қажеттіліктері

(құрмет, өзін-өзі сыйлау, статус)

  1. Әлеуметтік қажеттіліктер

(ұжым, жақын қарым-қатынас, достық, махаббат)

  1. Экзистенциалды қажеттілікте

(қауіпсздік, тәуелсіздік, қожайын екенін сезіну)

  1. Физиологиялық қажеттіліктер

(ашығу, шөлдеу, секс, демалу және т.б.)

Шығармашылыққа деген мотивацияның негізгі екі түрі:

  • ішкі (шығармашылық қабілеттермен еркін ойнаудан қанағат алу, өзін танытуға, сынауға құштарлық, рухани қажеттілік, өмір салты);

  • сыртқы (тіршілік үшін күрес, практикалық пайда, ерекшелену немесе басқаларды таң қалдыру).

Сыртқы қажеттіліктер шығармашылыққа стимул бола алатындығы анық болғанымен, олар соңғы нәтижені бүтіндей шарттай алмайды. Біріншіден сыртқы қажеттілік ішкіге айналуы қажет.

Шығармашылық процессте негізгі рольді қиял процессі иеленеді. Принциптік түрде жаңаны ескіден логикалық жолмен шығаруға болмайды.

Оқыту үрдісі екі жақты  процесс болғандықтан, оқушының өздік  жұмысы, дербес іс-әрекетті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өздік жұмыстарын негізгі ерекшеліктері - олардың ықыласын және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өздік жұмысының жоғарғы түріне олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармалық жұмыстары жатады.

Өз бетінше іздемпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана  білу, оңайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге үмтылу, т.б.

Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғашқы  болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен өзі пайда болады, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.

Оқудағы дербестік оқып-үйренген тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталық пайда болумен, назар мен ой-сана әрекетінің бағыттылығымен (талдау мен жинақтау, салыстыру мен салмақтау, т.б.), оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.

Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда  оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді  танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады. Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу, білім беруде оңды нәтиже бермейді.

Оқушылардың шығармашылық дербестігін, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың таңдауы, қалауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың  шығармашылық дербестігі мен іздемпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады.

-  шығармашылық тапсырмалар  дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

-    шығармашылық  тапсырмалар түрлі деңгейде болуы;

-    кезекті тапсырма  бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

-   білім мен біліктерін  жетілдіретіндей болуы;

-   тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруі;

оқушының жеке қабілеттерін  ашатындай болуы және шығармашылық  дербестігін дамытатындай дәрежеде  болуы керек.

Сонымен, оқушылардың  дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, іздемпаздылықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру орта мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Математика пәнінен қолданылатын шығармашылық тапсырмалар «Өрнек түрінде жаз» бұл оқушылардың сандарды немес амалды жазбаша түрін оқи отырып өрнектеуі. Оқушы сонда тек қана санның баспа түрін ғана емес жазбаша түрінде біліп ажыраты алады. Сонымен қара матемтика және әдебиет пәндерін бірдей қолданылатын «Санды мақал» тапсырмасы яғни бала санды сөзбен бірге қосып оқи отырып мақал-мәтел құрастырады мысалы «Білімді 1ді жығады, білекті 1000ды жығады» бұл оқушыларды лоикалық ойлауын, шығармашылық ойлауын дамытуда қолданылып келе жатқан тапсырмалардың бірі. Сонымен бірге «Математикалық тест», «Жасын анықта» тапсырмаларыда кеңінен қолданылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!