Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
мақала
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кешкі ауысымды жалпы орта білім беретін мектептің ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі Китанов Берік Қуанышұлы
Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп лицейінің І санатты тарих пәнінің мұғалімі Тулегенова Самал Досмуханбетовна
Қазақ жағдайында Махамбетте үлкен реалистің бірі болды.Махамбет шындықты сүйді.Хан оны өз жыршысы етіп алмақшы болып, «тәрбиелеп» жүргенде де ол Жәңгірге:
Хан емессің –қасқырсың
Қас албасты басқырсын
Достарын келіп табалап
Дұшпаның сені басқа ұрсын.
Хан емессің –ылаңсын
Ысқырынған жылансың.
Хан емессің –аянсың
Айыр құйрық шаянсың,-деген болатын.
Бұл үзіндіде ханның ішкі,тысқы
сипаты өте шындықпен суреттелген.Ақын бұл өлеңінде сол кезге тән
образ арқылы ханның елге жасаған жауғыздығын ашық
айтқан.Махамбеттің Жәңгірге сен хан емессің деуі нағыз
шындық.Дұрысында Жәңгір патшаның қазақ ішіндегі сенімді адамының
бірі еді.Жәңгір өлгенде Николай патшаның: «Шын берілген,өте керекті
адам еді,аянышты,аянышты»,-деп бас шайқауы бұған толық дәлел.Ендеше
Махамбет Жәңгірдің елді езіп отырғанын жақсы білген де оның
жауғыздығын бетіне басқан.Шындықты айту Махамбетке де арзан
түспеді.Шындықты айтқандығы үшін ол сергелдеңге ұшырып қуылды
да,айдалды да,бірнеше рет түрмеге де түсті,ауыр-ауыр азаптарды да
көрді.Бірақ бұлардың бәрі де өжет өрге бөгет бола алмады.Хан
мен
Перовский қаншама саясат қолданса да,Махамбет елді ханға қарсы
қарулы күреске шақырды.Махамбеттің күреске шақыруы, оның көпшілік
бұқара тілегімен есептелендігінен туған еді.Махамбеттің шындықты
айтуы,көтерлістің тек алдынғы кезі ғана емес,көтеріліс құлап,Исатай
өлгенен кейін,Махамбет бірнеше жолдастарымен қашып жүрген
кездерінде де сол бетінен тайған жоқ.Махамбеттің «Баймағамбет
сұлатнға айтқан сөзі»,-дейтін ұзақ өлеңі даңқты халық көтерілісінің
алдарына қойған негізгі нысанасын айқындауда болсын,көтерілістің
туу себептерінің тамыры тереңде жатқандығын,хан сұлтандарға халық
наразылығы арғы замандардан келе жатқандығын көрсетуде болсын -мәні
зор.Қазақ даласына Шыңғыс ұрпақтары хан болып,өз үстемдіктерін
жүргізгеннен бермен қарай,әр кезең,әрбір тарихи жағдайға
байланысты,халықтың езілуші көпшілігі оларға қарсы әр түрде,әр
дәрежеде өздерінің наразылықтарын білдіріп отырды.Хан тұқымдарымен
тізе қосып,қара халыққа экономикалық және рухани қысымшылық
көрсетіп келген қазақтың өз феодалдары-бәріне де ішіне қатқан халық
кегі еш жібіместік дәрежеде болды.Езілуші халық ханды
да,би-сұлтан,қазақ феодалдарын өзінің етек кесті ,ежелгі дұшпаны
санады.Махамбет өзінің Баймағамбетке айтқан сөзінде осы шындықтың
бетін ашты,сол идеаның ұраншысы болды.үстем тап өкілдері мен
еңбекші халықтың еш уақытта келісімге келмейтіндігін шебер түрде
көрсетті.Шаруалар көтерілісі жеңілгенен кейін, хан Махамбетті
ұстамақ болып,оның соңынан Қарауылқожа,Баймағамбет сұлтанды
салды.Махамбеттің басына 200 сом ақша жариялады.Аңдыған дұшпан
ақынды айнала қамады.Қоршаған жаудың қақ ортасында жүрсе де,ол
шындықты айтудан бас тартпады.
Атаңа нәлет Жәңгір хан,
Қара қазақ баласын
Шетінен тізіп айдады-ау,
Орынбор деген қалаға,-дейді .Көтеріліске қатысқан елдердің басында болған ауыр халін,ханның,билердің елге көрсеткен азабын ашық айтты.Бас кетеді деп тіл тартпады.Оларға қарсы халықтың наразылығын әлі де болса күшейте түсуге тырысты.Махамбеттің бұл айтып отырғаны –шындық.Көтеріліс басылғанан кейін,хан,сұлтан,қожа,молда,билер бәрі бірге отырып,Исатай мен Махамбетке ерген елге ойына келгенін жасады.Шетінен тізіп Орынборға айдады.Ақ-қарасы тексерілмеді.Мал мүлік конфискацияланды.Бұл тәрізді шегінен асқан жауыздықтың неше түрі болды.Міне осы сықылды ауыр күн Махамбет өлеңдерінен кең түрде орын алды.Сөз асылын тере білген жалынды ақын өз басындағы және ел басындағы сұрапыл күндерін,уақиға шындығын,тап болған күйінде дәл суреттей білді.Бұған:
Мұнар да мұнар , мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсыз жүрген ерлердің
Бұрынғы бақыт тайған күн.
Қатарланған, қара нар
Арқанын қиып алған күн
деген өлеңі толық дәлеле бола алады.Махамбет ел басына түскен ауыр халді жоғарғыдай етіп суреттесе,өз бастарына түскен ауыр халдерін және өзінің Истай өлгенен кейін қоныс аударуын былай деп суреттейді:
Ағымаққа оқ тиді
Қыл мыққының түбінен.
Ержігітке оқ тиді
Ауыз омыртқаның түбінен -дейді.Махамбет бұл жақтан Назар,Шүрен,Хиуаға қоныс аударуы,шынында да амалсыздан болды.Жеңген жау(хан,патша әскері) елдің үрейін мықтап ұшырды.Жоғарғы айтылған жауғыздықтың бәрі де елге енді бас көтерткізбеу үшін істелген саясат еді.Сондықтан Ордаға Орынбор,Оралға жақын елдің Махамбетке көмек беруіне еш мүмкіншіліктері болмады.Іштерінен Махамбетке көмек бергісі келіп тұрғанымен ел оған әскер боп қосыла алмады.
Қайтейін енді,дүние-ай.....
Жағдайсыз кетіп,барамын,
Қасымда көмектің кемінен!-дейтіні осыдан еді.
Әйтсе де,бұл кетуі Махамбетке олқы тимеді.Махамбет бұл жерде бастарында болған ауыр халді,қысымшылықты,қатын-балаға,елге қарайлауға жаудың мүмкіншілік бермегендігін суреттейді.Махамбет көтерілісінің қай кезін суреттесе де ,өмір шындығына дәл суреттейді.Ол ең алдымен көтерілістің жауы кім,досы кім осыны ашық айтты.Бұған жоғарда келтірілген үзіндінің қайсысы болса дадәлел бола алады.Бірақ Махамбеттің реалистігі тек қана онда емес.Сонымен қатар, сол көтеріліс кезінде өздерінің бастарында болған хате,кемшіліктердің,көтеріліс,жеңіліс тапқанан кейінгі ел басындағы,өз бастарындағы ауыр халдерді де нақтылы шындық,асқан шеберлік пен көрсете алуында.Ақын: «Әй Махамбет жолдасым»-қолбасшы Исатайдың жіберген қателіктерін өзіне мойындатады.Бұл өлеңнің мазмұнына қарағанда Исатай өлгенен кейін шығарылған болуы керек.Қымбат досы,жауға айбар,жұртқа бедел етіп ұстайтын ел ағасы-батырды,Махамбет монолог арқылы,нақ өлер алдында елі-жұрты,туып өскен жерімен қоштастырады.Келешек ұрпақтар Исатайдың күрес жолындағы кемшіліктерін қайталамасын дегендей,әр алуан қателіктерді батырдың өзіне мойындатады.Қабырғаны қаусытқан өмір кезеңдерінің бір ауыр көрінісін суреттеуге арналған бұл өлеңінде ақын ет өзекті ерітерлік нәзік сөздерімен батырдың еліне,жеріне деген терең сүіс махаббатын да,орындалмай кеткен ұлы арманын да,оның өзіне тән мінез ерекшеліктерін де монолог арқылы өте шебер және өте шындық түрінде суреттейді.Екінші бір жерінде:
Атаңа нәлет, хан ұлы –ай!
Тілегін сұрап алғасын.
Ойлағаны болғасын,
Патшаға хабар салдырып,Патшадан солдат алдырып,
Құрсағымнан шалдырып......-дейді
Тарихи жағынан алғанда бұл айтылғандардың бәрі де шындық.1837жылы Исатай ,Махамбет бастаған ажыр қол Жасқұсты(хан ордасының тұрған жері)қамағанда ханның да,ханның айналасындағыларды да зәре қалмаған.Әуелі хан қашып құтылмақшы болды,бірақ қасындағы билері қашырмай,Исатайдың айтқанын жасамақшы болып,он күнге мұрсат сұра,сол он күннің ішінде халық не тілейді соның бәрін орындауға уәде бер дегенді айтады.Хан соны мақұл тауып қашпай,батырға елші жібереді.Ханның елшілерінің айтып келген сөзі туралы,көтерлісшілердің ішінде екі түрлі пікір туады.Бір жағы он күн мұрсат беруді мақұлдайды,екінші жағы бермеу керек,шабу керек деген пікірді ұсынады.Истай он күнге мұрсат беру жағында болғанда,Махамбет оған қарсы болады.Он күннің ішінде хан Орынбор,Астраханьнан әскер алдырып,көтерілушілерді күшпен басу ісіне шұғыл кірісіп,өздері шабуылға шығады.Енді Исатай ,Махамбеттердің тез шегінуіне тура келеді.Бұны тарихшылардың бәрі де Исатайдың көтеріліс жолындағы жіберген үлкен қатесі деп біледі.Орданы қамап алып,шабуылға бел буған көпшілікті ұзын –арқан,кең тұсауға салып басшының созып жіберуі,қолдың жауынгерлік қарқынын бәсеңдетеді де,алғашқы екпінінен қайтып қалады.Бұл көпшіліктің тарап кетуіне себеп болады.Истай Махамбеттер Бекетай құмына қарай шегініп,өкшелетіп қуып келе жатқан хан,Қарауылқожа,Гекке әскерлеріне тойтара соққы беретін жерде өздеріне еріп келген жарақтаы қолдың ыдырап кеткендігі айқындалады.
Қырық бір жасқа келгенше,
Өз дегенім болмаса,
Өзгенін тілін алмаған,
Кісі ақылы қонбаған.
Қанша айтсаң да болмадым,
Сөзіне құлақ салмадым.
Бұрала біткен емендей,
Қисық туған сорлы ағаң
Хан сөзіне сенгенім,
Он күн срок бергенім,
Әскерімді таратып,
Он бір күнге қаратып,
Бекетай құмға келгенім.
Сөйткен бір қайран халқым-ай
Қасыма бір келмедің.....
Бұл үзінді де жоғарғы келтірілген тарихи шындықтың сәулесі,көтерушілердің ордаға шабуыл жасаған кездегі зор қимылдарының бір көрінісі тәрізді.Сонымен қатар,мұнда батырдың мінезі де сипатталады.Исатай әрі аңғал,сенгіш,әрі бірбет,өз дегені болмаса,басқаның айтқанына көнбейтін,қарыспа және өз сөзіне берік адам екендігі де аңғартылады.Бұл тек қана әдеби портрет емес,шындықтың өзінде ол сондай адам болған.Оның мінезінің жақсы жағымен қатар,біржақтылығы да көп болыпты.Батыр сол мінезінің біржақтылығынан өзі де талай опық жеген.Махамбет шындықты суреттеуге әрқашанда берік ақын.Сондықтан өзінің ең жақын,ең қымбат досы бола тұрса да,батырдың монологі арқылы,күрес жолында жіберген қателіктерін өзіне айтқызады.Ендеше халыққа арқа сүйеген Махамбет,өмірінің ақырғы минутына шейін шындықты жырлап,өз кезіндегі әр алуан жауыздықтың бетін ашу,халықты күреске шақыру,елді езуші хан,сұлтан,би-төрелермен ешуақытта келісімге келуге болмайтынын айтты.Қорыта айтқанда , Махамбет өлеңдеріндегі реализм: ханның,би-сұлтандардың елді езіп,қанап отырғандығын, олардың қару,күш құрал арқылы ел басына туғызған қара күндері мен ауыр зардаптарын, өз бастарында болған хал,жағдайларды,көтерілістің әр кезеңдерін шебер суреттеуде, «Қабырғасын қаусатып бір-біріндеп сөксе де» әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып көрсетуінде деуге болады.