Материалдар / Мақала -Әнге деген бала қызығушылғын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала -Әнге деген бала қызығушылғын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Әнге деген бала қызығушылғын арттыру. Мақала арқылы бала ыңтасын музыка өнеріне арттыру әдістерімен бөліскен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2023
426
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Әнге деген бала қызығушылығын арттыру"

Бала психикасын түсіне білу өзекті іс десекте болады. Неліктен?Себебі әр бала өзінше дамиды,әр бөлек құбылысқа қызығады .Сол секілді балалрдын көбісі әнге жалпы өнерге қызығып жетекшісінен осы жолдағы туындаған сұрақтарын қояды . Осы сәтте бала ойын нақты ашып,жетілдіру аса маңызды істердің бірі болып саналады . Менің айтар ойым, бағыт –бағдарым бала өнерін ашудағы ең бірінші сатылар десемде артық атпаймын.Көргенімді айтайын ба, әл­де естігенімді айтайын ба?». Бұл сөз біздің бала кезімізде – су­реті өшіріліп, сұлбасы ғана есте қал­ған сонау бір мың да тоғыз жүз қырқыншы жыл­дар­дың ішін­де жиі айтылатын. «Көргеніңді айтсаң – көз алдыңнан өткізгеніңді айтқа­ның. Естігеніңді айтсаң, ара­сын­да қос­пасы да жүретіні хақ. Ендеше, көргеніңді айт», деп түйіп тастай­тын сонда ауыл үлкендері. Ол кезде көрген мен есті­геннің арасы жер мен көктей деп ойлайтынбыз. Қазір бұл екеуі­нің бірінен бір­і­нің айыр­машы­лы­ғы бол­май кет­ті ғой. Көр­ге­ніңді ес­ти­сің, ес­ті­ге­нің­ді көресің. Тіп­­­ті, кө­ріп оты­рып ес­ти­сің, естіп оты­рып көре­сің. Заман сондай. Өз­гер­ген, кемеліне келіп то­лыс­қан заман­ның қуаты, құдіреті солай. Қазіргі техно­ло­гия­ның, тех­ни­калық алға ұмтылыс­тың ең ба­сында осы өзіміз білетін те­ле­­ди­дардың тұрғаны анық. Өйт­­кені, жаһанда не боп жатқанын лезде естисің. Жә­не де теледидар жоқтан бар жа­сай­д­ы. Өнер­паз еместі өнер­лі қып көр­сетеді. Қа­зақ­ша айт­қан­да, ерін­­­бегенді етік­ші, ұялмағанды әнші қылады. Әнші дегеннен шығады, біз­дің қазақ әнмен егіз жаратылған халық. Абайша айтсақ, дүние есі­гін әнмен ашып, жер қой­ны­на әнмен кіру пешенемізге жа­зыл­ған елміз. Күлсек, әнмен сақ-сақ кү­ліп, жыласақ, әндетіп жылаған елміз. Тіршілігіміздің бар тыны­сы, бар тармақ-тарауы әнмен ас­тасып жатады. Әнсіз өмір жоқ. Содан да ғой, өмірімізді ажар­лан­дыру үшін телеарналар неше түрлі жоспарлар жасап, жаңа жобаларды ойлап тауып жатады .Ән... Әуен... - сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдердің, ойлардың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана-сезіміңді баурап алып жеткізе алатын ең кең таралған шығармалар жанры.
Ән мазмұнына қарай, шығу тегіне байланысты және орындалуы мен құрылымына байланысты болып бөлінеді. Мысалы: азаматтық, лирикалық, еңбек, әзіл, халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни, жеке дауысты және көп дауысты.
Әуендік-интонация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ әндері Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы болып айқындалады. Тақпақ-сазды екпіндегі нөсер терме, желдірме-толғаулар және кең тынысты созып айтатын көтеріңкі әндер көбіне халықтық әндерге тән. Өмірдегі сан алуан тақырыпқа арқау болған халық композиторларының терең сазды, назды әндерінен бастап Шәмшінің салтанатты вальстері, сырлы, сұлу туындылары, қазір өзіміз сүйіп тыңдайтын талантты да кәсіпқой композиторлардың әндері.
Ән адам жанымен егіз. Расында, әнді тыңдай алатын, әуелете айта алатын бағалай алатын, одан өз жан-дүниесінің бейнесін көре алатын, әнмен, сазбен жеткізе білетін, сезімтал, сыршыл, сұлулықты сүйетін халықтың ұрпағы болғанымыз қандай бақыт!. Мағынасы мазмұнды, сөздері маржандай, әуен қиялыңды алысқа апарып тастайтын әндерді тыңдап отырып, еріксіз неше түрлі ойларға берілесің.
Адамға ғашық болып, көңілі тасып жүргенде сол күйіне дәл келетін, шалқыған, көңілді әндер, көңілің жабырқау кезінде тыңдайтын әндер...тебіреністі, әрбір нотасында мұң мөлдіреп тұрған, жүректің қылын дөп басып, сырын шерткен бүкіл әлемге паш етіп жатқандай күйге бөленесің. Мөлдірлік, сұлулық, әсемдік тұнып тұрған әндермен тәрбиеленген аналарымыз мейірбан, түсінігі теңіздей терең, санасы сәулелі...сабыр мен төзімнің, кішіпейілдік пен инабаттылықтың, көркем мінез бен бауырмалдықтың символы іспеттес мен үшін. Іздейтін, тыңдайтын адамға «Кейіпкерін көретін екен» деп тамсантатын әндер қазір де баршылық. Тек әнмен ғана адам бойындағы ізгі қасиеттер қалыптасады демеймін, әлбетте. Бірақ ән мен күйде тұлға болып қалыптасуға әсер ететін маңызды факторлардың бірі дегенге көпшілік келісетін болар.
«Кезсем дағы қай өлке, қай даланы Самал желі сені аңсап аймалады. Махаббаттың көрдің бе құдіретін Жердің өзі бір сен деп айналады...» деп келетін ән сезімді мұншалықты әдемі, астарлап жеткізген қазақ эстрадасының өкілдерін танығанымен, қазақша әндерді беріле тыңдамайтын жандарда бар. Қазақтың қаны сол ұлттың музыкасын, поэзиясын сүйіндірмей қояма? Ұлтымыздың тұнық, мөлдір бұлақтай әндерін іздеп жүріп тыңдап, жанына азық табар деген сенім ұялататын нағыз қазына өзімізде ғой. Өтпелі кезеңде мінезін көркейтуге септігін тигізіп, жан - дүниесін сұлуландырған қазақ халық әндерін, ретро әндерін, қазіргі әндерден жай ырғақты, нәзік, сазды әндерді айтқызып барынша көп тыңдатуға тырысу керек.
«Қазақтың асыл мұрасы – қазақ әндері». Бұл жазба қазақ әніне деген, адамға рухани азық бере алатын, жаныңмен сырласа алатын, тәрбиелік мәні бар, сәл болса ізгілікке жетелейтін есті әнге деген шексіз махаббатымның бір тамшысы ғана.





























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!