Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала " М.Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ШҚО
Тарбағатай ауданы
Көкжыра ауылы, “М.Әуезов атындағы орта мектебі” КММ
Информатика пәні мұғалімі: Кунсафина Айтжамал Рахметоллақызы
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
«Біздің еліміздің мектептеріндегі білім беру қандай дәрежеде?», «Мектепке жаңа өзгеріс енгізу қажет пе?», «Менің мектебіме ше?», «Өзгеріcті кім енгізеді?» деген cұрақтар мені курcтағы бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде ойландырды. Курcта теориялық білім алу барысында көптеген жаңалықтарға, жаңашылдықтарға тап болдым. Cабақтағы оқушының еркіндігі, оның лoгикалық oйлау дәрeжеcінің мұғaлімнің жетeлеген шeңберінде eмеc, жeке, өз бeтінше жұмыc жаcaуға дaғдыланатынына көз жeткіздім. Мeні білім беру cаласындағы өзгеріcтер ойландыра әрі қызықтырa баcтaды. Әлем елдерінің тәжірибеcінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйеcі мен мектеп үлгіcі, орта мектептердің әр қайcыcының қалыптаcқан өзіндік ішкі құрылымы болады.
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерінде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. (МАН,6- бет) Басқа елдердің білім беру жүйелерінің озық тәжірибелерін еліміздің білім беру жүйесіне кіріктіру арқылы өзгеріс енгізуге болады деп ойлаймын. Сабақтағы оқушының ой еркіндігі, лoгикалық oйлау дәрeжесінің мұғaлімнің көмегінсіз, жeке, өз бeтінше білім алуға дaғдыланатынына көз жeткізгендей болдым
Менің ұстаздық өмірімде үлкен өзгерістер басталып кетті. Мектепке тәжірибе кезеңімді өткізем деп жүрегімді қолыма алып, ұшып келгенде Б есімді мектеп директорым жақсы қарсы алды, құрған жоспарларыммен таныстырып, бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін айтып тауысалмай жатып маған қолдау көрсетіп, жұмысыма сәттілік тіледі. Ол қуаныш мені қамшылай түсті.
Бірінші деңгей бағдарламасының бірінші «бетпе-бет» кезеңінен алған теориялық білімімді мектептегі тәжірибеде жүзеге асыруды негіздедім. Тәжірибеге өз мектебіме келген кезімде мені алаңдатқан сұрақтар да болды, олар: «әріптестеріме үш айлық курс І деңгей бағдарламасының негізгі идеясын дұрыс және сауатты жеткізе аламын ба?», «менің әкелген жаңалықтарымды олар қалай қабылдайды?», «бағдарламаның 7 модуль идеялары оларды қызықтыра ма?», «тәлім алушы мұғалім менімен бірлесе отырып жұмыс істеуге келісе ме? және «мен әріптестеріме көшбасшы ретінде ықпал жасай аламын ба?» Дегенмен де, бірінші бетпе-бет кезінде алған тәжірибеме сәйкес бұл сұрақтардың жауабын табатыныма сенімді болдым.
«Сын тұрғысынан ойлау әдістері» арқылы талдау дағдысын қалыптастыру» деген тaқырып менiң мектебiмнiң aнықтaлғaн проблемaсын шешyге ықпaл ететiнiн зерделедім. Бұл тақырыпты неге таңдадым, аталған проблемaсын шешy бaрысындa мұғaлiмдердiң бұл тaқырып aясындa жaңaшa тaныммен жұмыс жaсayғa көмектесетін қолaйлы ортa құрyғa тырысaмыз деп ұйғардым. Неліктен бұл тақырып өзекті , өйткені мұғалімдер басты назарды өздерінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу стратегияларын дамытуға аударғанда, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін ғана дамытып қоймай, оларды білімдерін кез келген ортада тиімді пайдалана білуге, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізетін, ынталы, сенімді және сын тұрғысынан ойлауға дағдыланғанда ғана біздің мектебіміздің жағдайы жақсарады деп ойлаймын.
Жоспардың мақсаты: «Сын тұрғысынан ойлау» әдістері арқылы талдау дағдысын қалыптастыра отырып жеті модуль идеясын кірістіру. Күтілетін нәтижем:Сын тұрғысынан ойлау» әдістерін арқылы талдау дағдыларын қалыптастыру негізінде жеті модуль идеясын тәжірибеде жүзеге асыру. Мақсатым мен күтілетін нәтижеге жету үшін оқыту мен оқу тәжірибесіне, яғни қоғамдастық, коучниг, тәлімгерлік, тізбектелген сабақтар топтамасына жаңа әдіспен өзгерістер енгізуім қажет. Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек? деген сұраққа өз- өзіме іздеу барысында:
• Ең алдымен мектеп әкімшілігімен бірлесе, ынтымақтаса жұмыс жасау, сенімділікке қол жеткізуім керек;
• Курстан алып келген жаңашылдығыммен мектебімді қызықтыра алуым керек және алдыға қойған мақсатым нақты, қол жетімді,белгіленген уақыт арлығында жүзеге асуы керек;
•Жаңа сипаттағы сабақтар, коучингтерді өткізу арқылы қоғамдастық мүшелері мен сабақты зерттеу топтарының мүшелерін сәтті таңдау жасауым қажет;
•Тәліпті жаңа әдістерді үйрете отырып тәлімгерік жұмысымды жүзеге асыру;
•Күн сайын, әрбір қадамымнан кейінгі кері байланысты тиімді пайдалану, рефлексия жасалуы керек.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011)- дегендей мектептің тақырыбын мұғалімдердің кәсіби деңгейін, белсенділігін көтерумен шешуге болатынына тоқталдым. Жоғарыдағы айтылған мәселелерді қорыта келе, әріптестерімнің үздіксіз білім алуына көмектесуім қажет деп санаймын.
Ол үшін ең бірінші ОМЖ, ҚМЖ қалай жасау керектігін үйрену керек. Мақсаты: сабақтар тізбектеліп ұйымдастырылуы, жеті модульді ықпалдастыру, оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу, өлшеу әдістемесін анықтау, осы нәтижеге жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін көрсету, оқудың әрбір кезеңінде ілгерлеудің болуын қамтамасыз ету, барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау. Информатика пәні бойынша 7 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарлау үшін Блум таксономиясын – өлшеу құралы ретінде қолдандым.
Айталық сабағымды жоспарламас бұрын «Хоу мен Мерсер сыныптағы қарым-қатынас сипаты мен онда болып жатқан әлеуметті үдерістер жетістіктерге себепші болады деп есептейді: бұл ретте мұғалім сыныптағы жалғыз білім көзі емес, көмектесуші адам ретінде барлық оқушылардың дамуын қолдайды деп көзделеді» [1,52 бет] деген сөздерді мысалға аламын. Әр сабақта бір-біріне тілек айту арқылы шаттық көңіл сыйлаймын. «Пернелер», «Пазл», «ЭЕМ» стратегиясы арқылы топқа бөлу бірі-біріне өзара сыйластық қарым-қатынас орнатамын және әр кезде әртүрлі кездесу болады. Оқуды және оқыту үшін бағалауда «Смайлик», «Бағдаршам», «БББ», «Басбармақ» әдістері қолдандым. Онда оқушылар өздерін, өзара, топты қалыптастырушы бағалауы арқылы кері байланыс болды. Бенджаминнің Блум таксаномиясы сын тұрғысынан ойлаудың , Александрдың тәжірибеде з ерттелген білімді игеруді бес үлгісін, Мерсердің сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің үш түрін анықтады деген тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, сабақтың негізгі бөлімінде дарынды балаларға қандай тиімді стратегия қолдану керек? «Постер», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Терминдер кестес», «Жигсо» стратегияларын қолдану негізінде «Сыни тұрғысынан ойлау» әдістері арқылы талдау дағдысы қалыптасады. Мәтінмен жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне түсіндіре отырып, тілдік мақсаттар, айтылым, жазылым, тыңдалым қалыптасады. Оқушылардың бойында мәселені шеше алатын, шығармашыл, ізденімпаз, өз ойын сеніммен айта алатын қасиеттері артады, креативті ойлау қалыптасады.
Оқушылардың қалай білім алғандығын дәлелдеу үшін 7 сынып информатика пәнінен «Мәліметтерді енгізу, шығаруды ұйымдастыру» тақырыбындағы сабағымды ұсынамын.
С ыныпта шеңбер жасап тұрған оқушылардан көңіл–күй ахуалын орнату мақсатында бір-біріне тілек айтқызып, «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деп ынтымаққа шақыра сабағымды бастадым. «Пазл» стратегиясы арқылы өткен сабақтан блок-схеманы естеріне түсіру мақсатында қима суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлдім.
«Жуан, жіңішке» стратегиясы негізінде қайталау сұрақтарына әр топ жауап берді. Оқушылар «гистограмма» арқылы операторларды тез тауып, байқағыштығын көрсетті.
Мәтінмен жұмыста «ЖиГсо» әдісі арқылы үш топқа тақырыптар, әр оқушының алдына дискриптор, әр топқа 4 сұрақтар таратылды. Өйткені зерттеушілер «Нақтылайтын» өңдеу арқылы қарастыру.... [1,21 бет]
Топтар алмасты, тақырыптардаы бір-біріне түсіндіріп, қағаз бетіне жазды. Әр топтан оқушылар шығып Программалауды ұйымдастыруды талдады. Т оқушы белсенділігін, А оқушы операторларды қолдануын, Н оқушы операторлардын айырмашылықтарын ажыратты. Әр топты «Бағдаршам» стратегиясы арқылы бағалап, кері байланыс жасап отырды. Бұл кезеңде «Оқу пирамидасының» 50% көрінді.
К өңіл күйін көтеру үшін сергіту сәті өтті.
Есепке программа құрды, қатесін интерактивті тақтада көрсетілген бойынша тексерді. Компьютерлік іс – тәжірибеде: Осы программаны енгізіп, оқушылар нәтижесін көрді. «Оқу пирамидасының» 75% болды.
Сабақты бекіту үшін алдын ала жасалған бағдарламаға өзінің балын енгізіп, компьютерлік тест арқылы нәтижелерін көрді.
Осындай мақсатта қойылған жоспардың оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу тиімділігі мынадай:
-
Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу;
-
Нені білетіндігі, қалай жұмыс істейтіндігі;
-
Өзінің әлсіз, күшті жақтарын білуі,
-
Өз идеяларын айта алуы, ұсыныс жасау;
-
Сын тұрғысынан ойлаулары;
-
Өз-өзі , өздерін бағалаулары; т.с.с
Бұл әдістер арқылы сыныптың білім сапасының бұрынғыдан жақсарғанын көруге болады, яғни көпшілігі жақсы дәрежеде боғаны тиімді болды.
Неге тиімді , топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсатпен жүзеге асады: әлеуметтік, танымдық, эмоционалдық.
Бұл орайда Мерсердің (2000ж.) пікірінше топтық жұмыс – оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрететін тамаша тәсілдердің бірі. Бала топ мүшелерімен әлеуметтік қарым-қатынасқа түскен кезде, топтық талқылау, әңгімелеу арқылы білім алады. Достарынан түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға, қорғауға мәжбүр болғандықтан, оқушылар әлеуметтік және эмоциялық тұғырдан да дамиды. Өзгерген заман талабына сай, сабақтарымыз мейлінше қызықты, оқушыларымызды ойландыратындай жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдансақ, табысты оқу үдерісін тудыратын қолайлы орта орнатамыз.
Аталған жоспардан төмендегідей нәтижелер күтіледі:
-
Мұғалімдер оқыту үдерісін СТО модуліне сай ұйымдастыруға талпыныс жасайды;
-
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқушы̇ лардың оқуға деген қызығушылығы арттады;
-
СТО стратегиялары арқылы сабақтың тиімділігін арттырылады;
-
Оқушыларды топпен, жұппен жұмыс істеуге үйрету арқылы пәнді меңгеруге ынталандыру;
-
Мұғалімдер мен оқушылардың пайымдау, талдау, бағалау, болжаулы пікір айту дағдыларын қалыптастыру арқылы мектеп проблемасын шешу үшін ынтымақтасу;
-
Бір –бірін оқыту жұмыстары негізінде өзара тілдік қатынасқа түсіп сөйлеу және өз ойларын ашық айту қабілеттері дамыту;
-
Топтық қарым- қатынас барысында өзара ынтамақтастық пен сенімділік орнату.
Әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Баспа «Назарбаев зияткелік мектептері» ДББҰ