Материалдар / мақала: "Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында интерактивті құралдарды қолдану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала: "Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында интерактивті құралдарды қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында интерактивті құралдарды қолдану"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
652
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында интерактивті құралдарды қолдану


Темірболатова Аяулым Сағадатқызы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаттарының бірі – қоғамның әлеуметтік-экономикалық күрделі өзгерістеріне қарай тұлғаның белсенді іс-әрекетін қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады. Мұның өзі жалпы білім беретін мектептерде жеке пәндерді оқытуда оқушылардың белсенді іс-әрекетін қалыптастыру үшін оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру міндетін жүктейді. Сондықтан парасатты тұлғаны өзін, елін әлемге танытатын бәсекеге қабілетті құзіреттілігі қалыптасқан, зерттеушілік ой-жүйесі қалыптасқан білім мен біліктілігі бар ұрпақ даярлау мемлекеттік құжаттарда көрінеді.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасындағы оқушыларға сапалы білім беру, еліміздің ертеңгі күніне қажетті ізденімпаз, жаңашыл тұлғаларды қалыптастыру талаптары қойылған. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру мен қызығушылығын дамыту арқылы оқушылардың белсенді тәжірибе жинақтауына сәйкес келетін тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру үдерісі жүруі керек делінген.

Осы айтылған: «Жаңашыл тұлға», «тұлғаның белсенділік қырлары», деген ұғымдардың барлығы дерлік жеке тұлғаның әлеуеті жоғары, кез келген жағдаяттарда мәселенің шешімін тауып, тығырықтан шығу қабілеттілігі деген мағына береді, бір сөзбен ол сол тұлғаның «кәсіби жарамдылығы», бұл дегеніміз – құзіреттілік. Сол себепті осы зерттеу жұмысының мәтіні ішіндегі кез келген белсенділікке және даралық немесе өз бетімен жұмыс жасай алу қабілеттері жөнінде айтылған ойлар мен пікірледі толығымен құзіреттілік, оқушының зерттеушілік құзіреттілігіне тікелей тиесілі деп түсінуіміз қажет.

Олай болса, мемлекетіміздің дамыған елдердің қатарына қосылуға деген талпынысы отандық білім мен ғылым саласын жоғары деңгейге көтеруге мол мүмкіндіктер беріп отыр. Осыған орай, белсенді тұлға қалыптастыру бүгінгі қоғамның ілгері дамуының шешуші факторы болып табылады.

Әлемдік білім кеңістігіне енудің жаңашылдық стратегиясына сәйкес, философия, психология, педагогика ғылымындағы ойшылдардың шығармашылық іс-әрекет туралы идеяларын зерттеу және талдауды талап етеді. Ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан түсініктердің бәрі «шығармашылық» ұғымының негізінде құрылып, шығармашылық және оқу іс-әрекеті арасындағы байланыс адамның мақсатқа бағытталған белсенділігі мен оның сыртқы ортамен байланысына негізделеді.

«Құзыреттілік» ұғымы латын тілінен «соtреіо» аударғанда «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. ЮНЕСКО глоссарийінде мынадай анықтама берген: Құзыреттілік – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Стенфорд комиссиясының директоры Г.Вайнер құзыреттілік адамның белгілі бір әрекеттер аймағына сәйкес бағыттылығы ретінде қарастырады. Ал белгілі ғалым М.М.Чошанов құзыршылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың (сынаулығы) талғамдылығы [1].

Құзіреттілік – нақты пән төңірегінде тиімді немесе пәрменді шешім қабылдауға мүмкіндік тудыратын тұлғаның өз білімін пайдалану қабілеті [2]. Аталған анықтамалардан кейін біз ақпараттық құзырлылық дегеніміз не? анықтамасын айта кетуге болады. Ақпараттық құзыреттілік – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.

Әдебиеттерде «ақпараттық құзыреттілік», «компьютерлік құзырлық» терминдері жиі кездеседі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты «ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік» деген терминді қолдану тиімді. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік – бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен, ақпараттық құрылғылармен және телекоммуникациямен шешу қабілеті.

Ақпараттық қоғам жағдайында педагогтың болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру көрсеткіштері төмендегідей:

- білім беру жүйесінің әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін қамтамасыз ету;

- ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;

- ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;

- ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;

- ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;

- ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;

- интерактивтік телекоммуникациялық технологияларды (Интернет, қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау;

- ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне қолдануға даярлау.

Қазіргі жағдайда мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады. Сондықтан бұл мәселе мектепке болашақ мұғалімдерді даярлаудың көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде айқындалады. Ол мына мәселелерді қамту керек:

Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың кезеңдері қандай. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың мазмұны мен құрылымы қандай. Қандай деңгейде ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық қалыптасуы мүмкінддігі қаралды [3].

И. Канттың көзқарасынша, тұлға іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі белсенділігі, танымдық қызығушылығының жоғарылығы тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасып бірте-бірте шығармашылыққа ие болады [4]. Тұлғаның іс-әрекетіндегі шығармашылық белсенділігі теориялық таным деңгейінде, ойлаудың жоғары сатысында іске асатындығы Н. Бердяев, М. Бахтин, Э. Юдин, А. Спиркин, Ә. Нысанбаев [4, 5, 6] және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде шығармашылық адамның ақиқат өмірдегі өзін-өзі тануға ұмтылуы, өздігінен ізденуінен туындайтын жаңа тұлғалық сапаларының қалыптасуы деп тұжырымдалған. Оның ішінде Н. Бердяев адамның шығармашылық дамуын іс-әрекет арқылы өзін-өзі тануы, өзін-өзі жетілдіруі тұрғысынан түсіндіреді. А. Г. Спиркиннің пікірінше, белсенді практикалық және ойлау қызметі – керемет әрі қайталанбас құндылықтар жасау, жаңа фактілерді, қасиеттерді, заңдылықтарды, сондай-ақ зерттеу әдістерін анықтау осы қызметтің нәтижесі. Шығармашылық – адамның үдеріс барысында қоғамдық маңызы бар жаңаны танитын, ашатын, ойлап табатын, жасап шығаратын қызметі [4] деген көзқарасты қолдаймыз.

Қазіргі заманғы философиялық сөздікте: «Зерттеушілік жаңа объектілер мен сапалық белгілер, жаңа бейнелер мен білімдерді, жаңаша сөйлесу мен қатынас тізбектерін тудыратын адамның іс-әрекеті» делінген. Іс-әрекеттегі таным үдерісі диалектикалық заңдылықтарға (санның сапаға айналуы, қарама-қайшылығы, терісті терістеу) негізделгенде ғана нәтижелі болады. Сонда белсенді зерттеушілік біздің ойымызша, жаңаны көру, іздестіруге түрткі болып, оның іс-әрекетінде жаңаны жасап шығарумен анықталады.

Психологиялық тұрғыда белсенділік – ерекше қоғамдық маңызды құндылықтар жасау бойынша адамның немесе адамдар ұжымының қызметі ретінде көрсетіледі. Л. С. Выготский [7] өзінің зерттеушілікке берген анықтамасында оның ішкі және сыртқы жақтарын ашып, адамның жаңа бір нәрсе жасаудағы кез-келген қызметін атайды. Оның пікірінше, белсенділік арқылы сыртқы дүниенің әлдебір затын жасау болсын немесе ақыл-ой мен сезімде құралған, адамның өз бойында өмір сүретін және сонда ғана табылатын нәрсе болсын, бәрібір деген. Олай болса, белсенділік психологиялық тұрғыда адамдардың бұрын болып көрмеген жаңа бір нәрсені жасауға бағытталған қызметі, адамның табиғатты белгілі материалдан еңбектану арқылы алуан түрлі қоғамдық қажеттіліктерге жауап бере алатын, белгі бір нәрсе жасауға қабілеті деп тұжырымдалған.

Педагогика ғылымында А. М. Матюшкин, М. И. Махмудов, А. Н. Лук [9, 10] және тағы басқа да ғалымдар еңбектері осы мәселеге бағытталып, оқушының танымдық әрекетінің белсенділігі оның ізденуіне әсер етіп, белгілі бір іс-әрекетте жоғары нәтижеге жету деп тұжырымдаған. Жоғарыдағы әдебиеттерді талдаудан белсенділікті дамыту үшін белгілі жағдайлар мен шарттардың бірі ретінде іс-әрекеттің және оны қалыптастыратын педагогикалық әдістер, құралдар, оқытуды ұйымдастыратын формалар қажеттілігін тұжырымдаймыз.

Философиялық тұрғыда «іс-әрекет» ұғымы адамзат мәдениетін өзгертуге бағытталған әлеуметтік шығармашылық үдеріс болып табылады. М. В. Демин «Өзінің мәні бойынша адамның іс-әрекеті – объектіге бағытталған әсер, бұл – заттық іс-әрекет [11]. Адамның іс-әрекеті қоршаған дүниені – заттарды (объектілерді) түрлендіруге және адамдардың қажеттілігіне сай келтіру мақсатымен пайда болған және бар» деген. Осыған байланысты автор адамға тән іс-әрекет түрлері ретінде еңбек, таным, ойын, қарым-қатынас және белсенді іс-әрекетті қарастырады. Адамның іс-әрекетінің философиялық жағынан зерттелуі іс-әрекеттің психологиялық теориясын жасақтауға мүмкіндік береді.

Психологиялық тұрғыда «іс-әрекет» ұғымы «ой жүгірту» арқылы іске асады, бұл жерде адам нақты әрекет арқылы, нақты заттарға әсер етпейді, олардың ойлау үдерісінде жасалатын идеалды динамикалық модельдерін пайдаланады (С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, М. С. Каган, В. В. Давыдов және т.б.).

Педагогикалық тұрғыда «іс-әрекет» ұғымы әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін үдерісте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті. Сонымен, іс-әрекет – күрделі феномен, оның жүйе ретінде құрылымы, өзара ішкі байланыстары бар және оған белгілі бір дәрежеде қозғалыс, яғни іштей өзара ауысулар, өзгерулер тән [9]. Жоғарыда сөз етілген жайттар іс-әрекет түрлерін топтастырып, бір жүйеге келтіру осы бағытта үздіксіз зерттеулерді қажет ететінін көрсетеді. Іс-әрекет теориясында бұл мәселеге көп көңіл бөлінгенімен. адам іс-әрекетінің түрлерін жүйелейтін ортақ көзқарас әлі де болса калыптаспаған. Бұл мәселенің шешілуі келешекте психологиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс табатыны даусыз дей келе, өз кезегімізде адам іс-әрекетінің бір көрінісі ретінде зерттеушілік іс-әрекет ұғымына толығырақ тоқталамыз.

Іс-әрекет тұғыры негізінде белсенді зерттеушілік іс-әрекеттің құрылымын қажеттілік - мотив - мақсат - мақсатқа жету жағдайлары әрекеттер – операциялар-әдістері, құралдары- нәтижесі деп топшыланды. Іс-әрекет туралы теорияларды талдаудан белсенді іс-әрекеттің құрылымын және қалыптасу кезеңдерін саралай отырып, тұлғаның білім, білік, дағдыларын, тәжірибесін, құндылық қатынасын оқу эксперименті арқылы қалыптастырудың мүмкіндіктері мол екендігіне көзіміз жетті.

Жаңа қоғамда әлеуметтік белсенді, өз бетімен шешім қабылдайтын қабілетті және оны іске асыруға ынталы шығармашыл тұлғаға сұраныс өсті. 12 жылдық білім беру жағдайында нәтижеге жету жолында білім, білік, дағды және адами құндылықтар негізінде жан-жақты, түрлі жаңа әдістерді қолдана отырып оқушымен тең рухани сенімді, өнегелі қарым-қатынасты жалғастырып жұмыстанады. Заман талабына сай мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз маманының шебері болу бір күнде пайда болтын дүние емес, ол өмір бойы үйрену, іздену, зерттеуді талап ететін мамандық екенін аңғарғанда ғана нәтижеге қол жеткізуге болады.

Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде. «Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр» деп Р. Эмерсон өзінше баға бере білген. Білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заманда да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында.

Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты.

Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. 12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен катар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жан, Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттері-біздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр. Жаңа көзқарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз - ұнамды қатынас болмақ. Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келенді- келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек, 12 жылдық білім берудің мақсаты өзінің жеке қоғамның мүддесінде өзіне-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту мен қалыптастыруды жүзеге асыру. Мұғалімнің төменгі ойлау деңгейін жоғарғы ойлау деңгейіне жеткізу. Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдана отырып пәнге қызығушылығын оятып, сөздік қорын байыту, анализ жасау, дәлелдеу қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызады. Ағылшын тілін үйретуде ақпараттық технологиялар мүмкіндігін көмегі көп. Бөтен тілдегі сөзді оқылуын тыңдау, сосын оны айту өте қажет. Тыңдау мәтіннен қандай мағлұмат қажет екенін алдындағы жаттығулардың біліп отырады, тыңдайды, қажет жерін жазып алады және мәтінді түсінеді. Ағылшын тілін үйретуде сөзді, сөйлеуді ғана емес айту, оқып үйрену оқушының сөздік қорын байытып, грамматика құрылымдарды үйренуге көмек береді.

Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушыны оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады,

Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше әр оқушы іркіліп қалмайды.

Сөз-дербес әрекет, бірақ сөйлеуді дербес оқыту қиынға түседі қарым-қатынастағы белсенділік көп жағдайда топ арасындағы әңгі-еден туындайды. Оқушылар грамматикалық форманы біле тұра сөйлеу кезінде кібіртіктеп қалады.

Қарым-қатынас үрдісі сөйлеу жағдаят, тапсырмалар және жаттығу түрлері.

Интерактивті оқыту әдістерін пайдалану оқушының жеке қозқарасын қалыптастырып, оны қорғай алуы, басқа адам көзкарасын сыйлай білуі, ақпаратпен жеке жұмыс жасай білуі, өзінің жеке бағытын көрсете алуы қабілетін дамытады

Оз оқушыларымен белгілі бір мәселе бойынша жұмыс жүргізе отырып, әрдайым тәжірибеде қалыптасқан төмендегі ұстанымдарды басшылыққа аламын:

- Әр оқушы қабілетті және талантты;

- Қыҙықтыра отырып оқушының еңбекқорлыққа баулуға болады;

- Әр оқушы өз пікірін айтқанда қателесуге құқы бар;

Сабақта әр оқушы өзгені және өзін-өзі танып біледі.

Өркениетті өмір талабына сай ақпараттық заманның дамуына байланысты компьютерді сабақта пайдаланудың маңызы зор. Бұл жұмыс нәтижесінде кроссворд, кесте арқылы

l) грамматикалық және лексикалық оқу материалдарды өңдеу,

2) ағылшын тілі кабинеті үшін ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты безендіру мен көркемдей білу,

3) өзіндік және топтық жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту,

4) электрондық пошта арқылы хат-хабар алмасу, сөздіктер мен энциклопедияларды пайдалану т.б.,

5) өз бетімен жұмыс, шығармашылық қабілетінің дамуы, мәнерлеп оқу дағдысының жетілдіруіне жағдай жасайды.

Осылайша технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Білім жүйесіне енген ақпараттандыру - болашақта одан әрі жетілдіре түсетін, білім мазмұнын тереңдетуге әсерін тигізетін игі іс- әрекет.

Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі-нәтижелі әрекет ететін, жауапкершілікпен шешім қабылдай алатын, өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оз бетінше жеке даму жолын таудай алатын адамды дайындауға бағдар алу болып тұр. Білімді игеру ғана емес, оны тәжірибеде қолдана алуға бағытталғандай болуы тиіс.

Оқыту саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатырған кезде, оқыту әдістері қайтадан қарастырылып жатырған кезде өз оқыту әдістерімді жетілдіруге назар аударамын. Ағылшын тілі - халық- аралық тіл. Оның грамматикасы екі септіктен тұрады. Сөйлеуі жеңілдеу, бірақ жазылуы күрделі. Ағылшын тілі пәнінің мақсаты - шәкірттердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру.

Ағылшын тілін оқыту барысында белгілі бір әдістеме қолдануда алдына мақсат қою қажет. Сонымен қатар ағылшын тілін оқып -үйренуге бөлінген уақыт, оқушылардың жас ерекшелігі, ынтасын да ескеремін.

Әдістердің түрлері де сан алуан. Олар: логикалық ойлау, сатылау, рөлдік ойындар, мәдени қарым-қатынас, болжау, анализдеу әдістері.

Әдіссіз оқыту үрдісінің жүзеге асуы мүмкін емес. Мұғалім-мен оқушының бірлескен жұмысы нәтижесінде білім, іскерлік дағдысы қалыптасып, оқушының дүние танымы, қызығушылығы, қабілеті артады. Ағылшын тілі сабақтарында сөздік қорды дамыту үшін сұрақ-жауап, сөйлеу, әңгімелесу, көрнекілік, аударма, түсін-генін айту, мәтінмен жұмыс тәсілдерін қолданамын. Жаңа әдістерді тиімді пайдалану арқылы білім сапасы көтеріледі. Жаңаша оқытудың көздейтін мақсаты - тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату, оған бағыт -бағдар беру, бақылау арқылы қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Бұл оқушының белсенділігін арттырады, ақпараттар жиынтығын жақсы меңгеруге, өз бетінше естігенін, көрген, байқағанын, ойлағанын қорытып сіңіруге жол ашады. Ағылшын тілі сабағында оқушысы жауап беріп тұрған кезде оның қатесін бірден түземей, жауапты бағалау кезінде қате айтылған қолданысын талдау немесе жолдастары түзеуіне мүмкіндік туғызу, оқушыны сөйлеу, оқу, жазу әрекеттеріне көбірек тартуды жон санаймын. Балаға шет тілін үйреткенде ана тілінің алатын орны ерекше. Ол туралы ғалым Л. В. Леховицкий: «Шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшеліктерін ескеру, үйренуші үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсінуде өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып кездесетін қиындықтарды жеңуге болады. Егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көніл бөлмесе шетел тілін меңгеруіне кей жағдайда зиян келуі мүмкін», - дейді. Мысалы ағылшын тілінде дауысты дыбыстар айтылуының қарай созылыңқы және келте болып бөлінеді. Мұның өзі ағылшын тілінде қазақ тіліне қарағанда фонемалары көп екенін көрсетеді. Сол дыбыстардан сөз, сөз тіркестерін сөйлем құрамында айтқызып жаттықтырудың да өзіндік орны бар.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтаушы тәжірибелік эксперименті кезеңінде алынған мектептер бойынша эксперимент және бақылау сыныптары (топтары) таңдалып алынды. Эксперименттік жұмысқа қатысатын сыныптардағы жұмыстар зерттеу мәселесі бойынша кесте бойынша өткізіліп отырды. Мектептегі ізденушілік-зерттеушілік жұмыстар арқылы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қалыптастырудың сұрақ-тапсырмалар, тест тапсырмалары және т.б. әдістерді пайдалана отырып ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмалар беріліп, оқушылардың білімдік деңгейлері анықталды. Осы өлшем бойынша үш топқа бөлінді: біріншісі – оқушылар белсенді іс-әрекеті қалыптасқан, интеллектуалдық мүмкіндіктері бар, ізденімпаз тұлға; екіншісі – оқушылар зерттеушілік жұмысқа қызығушылығы болғанымен, оған үнемі көмекті қажетсінеді, үшінші – оқушылардың зерттеушілік жұмысқа ықыласы орташа, білімді меңгеруге белсенді көзқарасы оның іс-әрекетінде айқын көрініс бермейді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырулағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, белсенділік әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту үдерісінің мазмұндық болмысына жаңа ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Зерттеу барысында дайындалған теориялық қағидалар мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыста қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

1. Іздену-зерттеу жұмысы бүгінгі күнгі әлеуметтік өзгерістерге сәйкес мектепте оқушылардың оқу-зерттеушілік тапсырмалар арқылы белсенді іс-әрекетін қалыптастырудың өзектілігін ғылыми – теориялық негіздерін тұлғалық, жүйелілік, іс-әрекеттік тұғырлар тұрғысынан сипатталуымен нақтыланды.

2. Мектептегі ізденушілік-зерттеушілік тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қалыптастыруды философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы ғылыми еңбектердегі «белсенділік», «іс-әрекет», «ізденушілік-зерттеушілік жұмыс» ұғымдарына берілген анықтамалар талданды. Мектептегі оқу-зерттеушілік тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенді іс-әрекетінің дамуы мен қалыптасуының ерекшелігі, жүзеге асырылу мүмкіндіктері негізделді.

3. Ізденушілік-зерттеушілік тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қалыптастыру құрылымын біртұтас жүйе ретінде көрсетіп, мақсаты, міндеттері, ұстанымдары, әдістері, мазмұны және алынатын нәтиже элементтерінен қамтылып, негізгі нәтижесі өздігінен алған білімін кеңейтіп, тереңдететін, өзін-өзі дамытатын, саналы ойлайтын, өздігінен тұжырым жасайтын, өмірлік тәжірибелерінде кездесетін проблемаларды өзі шеше алатын белсенді іс-әрекеті қалыптасқан тұлға.

4. Мектеп оқушыларының белсенді іс-әрекетке бейімділігін анықтау мақсатында диагностика жүргізудің әдістемесі ұсынылып, қалыптастыру экспериментіне материалдар іріктеліп, дайындалды. Оқушылардың белсенді іс-әрекетін қалыптастыруда белгілі нәтижеге жету үшін оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланылатын эксперименттік тапсырмалар сараланып, олардың белсенділікке бейім тұлға қалыптастырудағы маңыздылығы көрсетілді.

5. Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған теориялық тұжырымдар мен қорытындылар, жасалған жүйе мен ұсынылған әдістемелерді тиімді пайдалану, мектеп оқушыларының белсенді іс-әрекетін қалыптастыруға болатыны туралы ғылыми болжамның дұрыстығына көз жеткізілді. Ағылшын тілін оқытудағы ізденушілік-зерттеушілік жұмыстар арқылы оқушылардың белсенді-әрекетін қалыптастыруға негізделген жұмыс мектептегі оқу экспериментін ұйымдастыруға ықпал етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 www. google. kz. // М. М. Чошанов

2 Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі / Б. Кенжебеков.-Бастауыш мектеп. 2004.-№7.-Б. 3-7.

3 Шәкілікова С. Білім берудегі компетенттілік тәсіл / С. Шәкілікова, Д. Қазақбаева, Ш. Кәрібаева, Қ. Жұмағұлова. - Қазақстан мектебі. 2004.-№ 4. Б. 14-17.

4 Кант И. Соч.,1.3,50.

5 Көшербаев Қ. Е. Қазақстан республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы / Қ. Е. Көшербаев, Ә. Қ. Ахметов, А. Е. Әбілқасымова, Х. М. Рахымбек. – Алматы: «Білім», 1998. - Б. 8-15.

6 Нысанбаев Ә., Әбжанова Т. Адамға қарай бет бұрасақ, Алматы, 1992.

7 Выготский Л. С. Собр. Соч.: В 6-ти т.Т.2:Вопросы общей психологии. М.: Педагогика, 1982.

8 Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиядар / Қ.М. Нағымжанова. - Өскемен: «Медиа-Альянс». - 2005. – 191 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!