ӘКЕ – ҰРПАҚТЫҢ
ПАНАСЫ
Әке - ұрпақтың панасы, үйдің
басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың,
рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті
қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш
болмақ. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының,
еңбекқорлығының бала тәрбиесіне ықпалы
көп. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала
берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып
отырады.
Сондықтан да әке ақылымен
жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы
болашаққа ғана әкеледі.
Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті»,
«Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының
жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта
жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында
берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Әр бала – дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден
аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ жан – жақты дамыған,
шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл
өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата –
ананың парызы. Осындай үлкен тақырыптың айналасында болып өткен 2
«Ә» сыныбының «Әкешім – бәйтерегім» атты тәрбие сағаты бала мен әке
арасына үлкен көпір салғандай болды. Тақтаның алдында көлде жүзген
аққудай аппақ көйлек киген бүлдіршіндер, ал кіп-кішкентай оқушы
партасында қарағайдай болып қатар-қатар отырған әкелерді көргенде
бойыңды ерекше бір сезім билейді. Себебі бұндай көрініс кез-келген
уақытта бола бермейді. Міне, тәрбие сағаты да басталып кетті. Өлең
шумақтары ағылып жатыр. Мақал-мәтелдер, ән, би бәрі-бәрі өз
мәнерімен айтылуда. Бәріне қызығы, тәрбиенің үлкен бастамасы болған
мына жәйт болды. Сынып жетекшісі Мәтембаева Нүрзия Қамзақызы
ертеңгілік басталмай жатып оқушылардың киімдерін бір-біріне
араластырып, шатыстырып қойыпты. Әкелерге өз балаларын киіндіруді
тапсырды. Осы кезде балаларының киімін іздеп, сапырылысқан
әкелердің қызығына тоймадық. Десе дағы шатасқан әке көрмедік.
Демек, үйде бала әке тәрбиесінен тыс қалмайтыны көрініп
тұр.
Ертеңгілік соңында әкелерге сөз берілді. Әр
саланың маманы болса да сөздері мәнерлі, ойлары жинақы. Көздерінде
үміт, жүректерінде жалын
бар.
Осындай тәрбиелік мәні зор, ұлағатты ұстаз
Нүрзия Қамзақызының ұйымдастыруымен өткен тәрбие сағатының куәсі
болғаныма өте қатты қуандым. Өзім жас маман, жас әке болғандықтан
көкейіме түйерім көп болды. Көз алдыма үйдегі кіп-кішкентай қызым
елестеп, осы бастан назарымнан тыс қалдырмауды мақсат еттім.
Ағаларымыз Орынхан Аслан, Омарбеков Нури, Лаубаев Жеңіс, Мадан
Нұрлан, Саин Тасқын, Тойлыбаев Рүстем, Қалықбаев Берікжан, Іңкәрдің
ағасы Мұхаметжанов Қанаттарға інілік үлкен алғысымды білдіремін!
Әрқашанда халқымыздың қалаулысы, еліміздің елеулісі болып жүре
беріңіздер!
«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала
жағасындағы құрақ»
Әкелер асқар таудай биіктен көрінсе, аналар ағып жатқан бұлақтай
сарқылмайтын қазына болса, балалар сол бұлақтың жағасында әр кезде
жап-жасыл құрақтардай өсіп тұрса, табиғатымыз, отбасымыз, әсем
болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда
шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз
де тату
болады».
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта
мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Камиева Бейбитгуль
Кордалыкызы