Материалдар / Мақала: Әнші Хатимолла Бердіғалиевтің ұстаздық әдістемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Әнші Хатимолла Бердіғалиевтің ұстаздық әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әншілік дәстүрде Батыс Қазақстан әншілік мектебінің жалағастырушысы әнші, ақын Хатимолла Бердіғалиевтің ұстаздық қыры мен ұстаздық әдістемесі туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәркенова Жанаргүл Құттыбекқызы –


Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің «Домбырамен ән салу» мамандығы бойынша оқытушысы


Әнші Хатимолла Бердіғалиевтің ұстаздық әдістемесі.


Әнші құс таңдайына ұя салған табиғи талант иесі – Хатимолла Жәңгірұлы. Оның кең диапазонды, әдемі дe күшті дауыспeн салған әндері тыңдаушы жүрегіне жетіп, баурап алады. Оның репeртуары өте бай. Қазақтың халық әндері, Мұхит пен Ғарифоллaның кең тынысты шығармалары, философиялық мән мағынaсы терең Бұқар, Базар, Қашаған сияқты төкпе жыраулардың термелерін өзiндік бояумен шырқағанда ерекше әсер қалдырады.

Хатимолла Бердіғалиев 1952 жылы 29 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы, Тереңкөл ауылындaғы Қарашеген деген жерде дүниеге келді.

Хатимолла Бердіғалиевтің айтулы әнші, азулы ақын екенін жақсы білесіздер. Енді ол кісінің ұстаздық қыры, шәкірт тәрбиелеу әдістемесі мен ән орындау шеберлігі туралы сөз етейік.

Хатимолла Бердіғалиев 1975 жылы музыка училещесін ойдағыдай тәмамдап, еңбек жолын өзі оқыған А. Оразбаева атындағы орта мектептен мұғалім болудан бастап, балалар бақшасының музыка жетекшісі, аудандық мәдениет үйінің әдіскері қызметтерін атқарды. 1991 жылдан бастап өзі дәріс алған Оралдағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде еңбек ете бастады. Батыс өңірінде Мұхит мектебін ашып, термешілер даярлап, көптеген шәкірттерді өнерге қанат қақтырып, жолдама берді.

Тарихымыздың тағылым беттері, халық педагогикасының үйрену, үйрету, пайдалану, қолдану тәсілдерін жүйелеп, жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы әдіс – тәсілдерін бағдарлады. Әр тәрбиелік мектеп жолы, жылдар өте өзіндік дәстүрлі жүйесін қалыптастырды. «Ұстаз – шәкірт» жүйелі мектебінің арқасында, философияға толы қисса – дастандарымыз, ғажайып ертегі – әңгімелеріміз, лирикалық әндеріміз сан жыл тоғысынан бұзылмай өтіп келді. Осынша мұраларымызды төкпе ақын – жырауларымыздың, орындаушы дәстүрлі әнші – күйшілеріміздің жеткізуіне мұрындық болған – халық педагогикасындағы ұстаз бен шәкірт арасына арқау болған «құйма – құлақ» - дәстүрлі күй мектебі, -деп жазады күйші Кәрима Сахарбаева өз еңбегінде. Осы секілді дәстүрлі әнді де «құйма – құлақтық» тәсілмен үйрету қалыптасқан.

Табиғи құйма – құлақ, қолдан – қолға, бір көрсеткеннен жаттап алу дәстүрі, орындаушылық өнердің жалғасуына септігін тигізіп, халық педагогикасындағы ұстаз бен шәкірт арасындағы оқыту жүйесін қалыптастырды. Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде, табиғаттың дараланған ерекше қасиетімен дүниеге келген қазақтың ақындық, жыршылық, әншілік мектептерінің жеке бір саласы тарихи – әлеуметтік жағдайларға байланысты әр аймақтарда әр түрлі дамыды.

Хатимолла Бердіғалиевтің ұстаздық әдістемесінің қыр-cыры онымен болған ауызша әңгімеден жазылып алынды :

Бірінші әнді үйрету құйма құлақтықпен басталады. Бұл қасиет ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Шәкіртке алғашқы сабақ жүйесі өте қарапайым әндерді үйретуден басталып, бірте – бірте күрделене түседі. Ең алғашқы бала алдыңа келгенде, құйма құлақтықпен санасына сіңіртіп, нотасы болса әннің нотасын көрсету керек. Содан кейін әнді айтып көрсетіп, қағыстарымен таныстыру керек. Балалар музыка мектебі оқушылары үшін жеңіл әндерді ғана үйретуден бастаған жөн. Қыз балалар үшін репертуар таңдауда олардың дауыс табиғатын ескеру қажет. Шәкірттің дауысындағы кемшіліктерді түзетуге ұмтылған әрбір ұстаз әртүрлі дауысты шыңдайтын жаттығулар жасатады. Сабақ өткізу барысында тапсырмаға берілетін әннің тарихы, қалай орындалатыны, сол туындыны орындаған әншілерді тындату арқылы түсіндіріледі. Әнді негізінен түпнұсқа жазба Ғ. Құрманғалиевтің орындауында тыңдатып, сол кісінің қағыс ерекшеліктері мен ауызды ашу техникасын барынша меңгеруге бағыттайды. Әнді дұрыс айтуға бағыттау, тәрбиелеу ұстаздың міндетінің бірі.

Әрбір ұстаздың негізгі – бағыты оқушыны, студентті, жан – жақты, рухани дүниесі бай еліміздің білікті маманы ретінде дайындау. Шығармашылық ізденіс мамандықтың қай саласы болса да қажет.

Әнші-орындаушыны даярлаудағы басты мақсат – ата-бабамыздан қалған өнерді, дәстүр ерекшелігін сақтай отырып, келешек ұрпаққа жеткізу.

Х. Бердіғалиевтің оқу әдістемесі бойынша оқу бағдарламасы жазылған . Бұл бағдарламаның негізгі тұжырымдары мынадай:

Колледж жанынан ашылған дәстүрлі ән бөлімдерінің оқу жүйесіне тоқталсақ. Дәстүрлі ән бөліміне түскен студенттерге оқу орнында оқытылатын барлық сабақтар бірдей жүргізіледі. Колледж студенттері мамандығы бойынша әр курста 20 әннен үйреніп шығады. Әр жарты жыл сайын мамандықтан емтихан алынады. 4 курстан басқа курстарға жыл аяғында курстан курсқа өту үшін емтиханда билет суыру системасы қолданылады. Бұл оқушының жыл бойы үйренген әндерін жүйелі түрде нақты қайталап пысықтау үшін қажет. Үлгі ретінде 1 курстың бағдарламасын ұсынамыз.

I курс

I жарты жылдық

Мұхит дәстүрінің домбыра қағысын үйренуі.

  1. Мұхит «Қолжетпес»

  2. Ғ.Құрманғалиевтің «Еңбек туралы термесі» сөзі Н.Байғанин

  3. Мұхит «Жаймақоңыр»

  4. Мұхит «Демалыс»

  5. Қайыптың әні «Жадау көк»

  6. Халық әні «Дариға»

  7. Ғ.Құрманғалиев « Кел құрбым»

  8. Ақан сері «Маңмаңгер»

  9. Халық әні «Әдемі қыз»

  10. Ақан сері« Әудем жер»

Екінші жартыжылдық

  1. Халық әні « 16 қыз»

  2. Халық әні «Тайбурылдың шабысы-ай»

  3. Ғ.Құрманғалиев «Жаз», сөзі Жамбылдікі

  4. Махамбеттің термесі

  5. Қайып «Ақбөбек»

  6. Абай «Жаз» (терме)

  7. Ғ. Құрманғалиев «Сүйген жар» сөзі Ғ.Қайырбековтікі

  8. Ақан сері «Балқадиша»

  9. Халық әні «Дайдидау»

  10. Халық термесі «Желдірме».

14-18 жас арасында жас өспірімдердің дауыс алмасу процессі жүруіне байланысты, (имитационный период) 1 курстың бағдарламасында жеңіл әндер мен термелер ғана беріледі. Екінші жарты жылдықтан бастап екінші октаваның фа диез, соль ноталарына сегіздік нота түрінде соғып қана кетсе, екінші курстан бастап осы ноталарды тұрақты ұстап созу яғни (төртік, жартылық, бүтін ноталар) үйрену басталады. Ал 3-4 курстарда диапозоны кең биік әндер үйретіледі. Әрине бұл айтылған жүйе қатып қалған деуге болмайды. Баланың табиғи мүмкіндігі, дауыс ауқымы, дыбыс шығару шеберлігі ескеріліп жұмыс істеледі.

Білімді дәстүрлі әнші, жыршы-термеші дайындауда «Домбыра» пәнінің де тигізер пайдасы зор. Аспаптағы отырыс қойылымы, оң және сол қолдың қойылымыдарын ретке келтіру, саусақ аппликатурасының дұрыс қадағалау маңызды. «Домбыра» пәнінің оқытылу жүйесі бойынша дәстүрлі күй мектептері Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Арқа және Жетісу, Шығыс өнірі, Қаратау және Сыр бойының күйлерінің орындалу ерекшеліктерін талдай отырып, ән айтудағы қағыстарды нақты меңгеруге үйренеді. Қарапайымнан күрделіге ауысу біртіндеп ауысу принциптерін пайдалану маңызды. Қарапайым үлгідегі халық күйлерінен бастап, классикалық күйші-композиторлар шығармашылығына біртіндеп өту қажет. Білікті маман дайындауда «домбыра» пәнінің өз үлесі, өз орны бар.

2000 жылдың басына дейін ән үйрету ежелден келе жатқан құймақұлақтық жүйемен жүргізілді. Әрине бұл қанға сіңген үйретуге де, үйренуге де оңай жүйе болғанмен сауатты музыкант әнші болуға аздық етті. Хатимолла Бердіғалиев осыны ескере отырып, теория бөлімінің оқытушысы Алтын Айтқалиқызы Батырованың бастамасымен, дәстүрлі ән класының төрт жылдық бағдарламасы негізінде әндерді нотаға түсіріп, арнайы оқу құралы «Ән – мұра» деген кітап шығарды. Халық әндері, Мұхиттың, Маңғыстаудың «жеті қайқысының», Ғарифолланың және термелердің ноталары бар. 2001 жылы қазақтың дарынды әншісі Мұхит Мерәліұлының туғанына 160 жыл толуына арналды. Кітапта жазылған әндер домбыраның негізгі пернелерінде ойналады. Ондағы себеп, үйренушіні альтерациялық белгілермен (диез, бемоль,) шырмап қинамау. Әнші әнді өз дауысына домбыраның бұрауын өзгерту арқылы транспозиция жасай алатындығын ескере отырып, нотаға түсірілген. Кітап төрт курс бойынша бағдарламаны түгел қамтиды.

Қазақстанның халық әртісі, Қазақ - Түрік университетінің профессоры, Қажыбек Бекбосыновтың ҚР мәдениет қайраткері, әнші, ұстаз Х.Бердіғалиев пен ұстаз Алтын Батырованың жазған «Ән мұра» кітабына пікірі:

«Мемлекетіміз егемендігін алғаннан бері, президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ұлттық мұрамызды анықтап, толтырьш, жазуға үлкен мән беріліп, сол бағытта жұмыстар басталып та кетті. Қазіргі таңда ұлттық проблемалардың бірі қазақ тілін дамыту, сақтау, жетілдіру мәселесінде бүкіл ұлт алдында тұрған көп жылдық мәселелердің бірі дейтін болсақ, қазақтың ұлттық өнері, жыр, терме әндерін қаз-қалпында, ұлттық үлгіде сақтап болашақ ұрпаққа қалдыру, әр өнерпаз ұстаздардың, ән орындаушылардың мойнындағы ұлт аманаты деп түсінетін болсақ, әнші, ұстаз, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Хатимолла Бердіғалиев пен ұстаз А.Батырованың жазған еңбегі дер кезінде басталған сәтті жұмыс. Себебі дәстүрлі ән, жыр, күй, терме, өнері ұлтымыздың тарихы мен тілімен қалыптасып, бірін-бірі толтырып, халықтың, мәдениетін, тарихын, тілін, сақтап, одан әрі дамытудағы үлкен құралы деп түсінген жөн. Біздер үшін, бұдан былай ұрпақ үшін жоғарыда аталған өнер саңлақтарының халықтық ән орындау ерекшелігі мен шеберлігін сақтап, орындаған әндерін қаз-қалпында солардың орындау түрінде нотаға түсіру арқылы жастарға үйрету заманымыздың талабына сай тәсіл (методика) деп ойлаймын.

Бұл еңбекте Мұхит Мералыұлынан басталатын өзіндік ерекшелігімен дараланып, тұнып тұрған мектептің ән дәстүрі Ғ.Құрманғалиевтың кең диапозонымен орындалып, әндік стильді терең түсінген және оны халыққа жеткізе білген шеберлігінің арқасында өз алдына мектеп болып қалыптасқан, әншілік өнерді Ғарекеңнің өзінің ізденуімен жеткен ерекшеліктерін сақтап, кейінгі жас орындаушыларға ән үйрету жолындағы өте қажетті оқулық құрал деп білемін. Себебі Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Дәнеш Рақышев, Әміре Қашаубаевтар ұлттық ән орындаудың барлық ережесін, талаптарын бойында сақтап, үлгілерін көрсетіп, әншіліктің сара жолын салған дара өнерпаздар. Осы үлгіні қалыптастырып, әр әнші өзінше бұрмаламай, ұлттық өнердің өзіндік құндылығын сақтап қалу үшін жоғарыда көрсетілген ұлы әншілердің орындауындағы әндерді сол қалпында нотаға түсіріп, ән айтудың ережесі іспеттес етіп бір арнаға қалыптастыру, алдағы кезегін күтіп тұрған үлкен мәселелер еді».

Бүгінде Х. Бердіғалиевтің шәкірттері өнер өлкесінде өзіндік үлес қосып жүрген өнер қайраткерлері. Олар: Қайрат Какимов, Армат Ислямғалиев, Мирас Бақтығұлов, Ажар Сейтенова, Айдар Иманғалиев, Ернар Өмірәлиев, Жәнібек Ғайнеденов, Айдар Досқалиев, Боранқұл Сәртөк, Бейбіт Қажығалиев, Асхат Қажығалиев, Күляш Қуанышқалиева облыс, республика көлеміндегі шараларда өз өнерлерін көрсетіп жүр.

Х. Бердіғалиевтің ұстаздық қыры мен білім берудегі өзіндік ұстанымдарын жеке әдістемесі деп айта аламыз. Болашақта әншінің жүйелеп, бекітіп кеткен ән үйрету тәжірибесі, әрі қарай жолға қойылып, жалғасын таба бермек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!