Мақала ARDUINO - АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕПТЕГІШ ПЛАТФОРМА

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала ARDUINO - АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕПТЕГІШ ПЛАТФОРМА

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи технологияларды пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалыс қауіпсіздігін аппараттық-есептеу платформасы негізінде қамтамасыз ету қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан Ардуиноның ултрадыбыстық датчигі туралы мағлұмат берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ARDUINO - АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕПТЕГІШ ПЛАТФОРМА


Жартынова Жанар Алибековна

«ӨРЛЕУ» БАҰО филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы


Arduino дегеніміз – ол ақпараттық есептегіш платформа, оның негізгі компоненттері қарапайым болып келеді. Arduino тақтасы негізі AVR микроконтроллеріне, сондай-ақ басқада сұлбалармен, интеграциялау және бағдарламалау үшін элементтік байланыстырудан тұрады. Әрбір тақтаға 5В және 16МГц кварц осцилляторының сызықтық кернеу реттегішін қажет етеді. Микроконтроллер (arduino) тақтасы RS-232 сигнал деңгейлерін қарапайым түрлендіруге арналған сұлбаны қамтиды. Қазіргі заманғы микроконтролер (arduino) секілді тақталар USB кабелі арқылы бағдарламаланады. Мысалы Arduino UNO сияқты микробақылауыш тақталарға бағдарламаны жүргізу үшін USB кабелін қажет етеді. Қaзіpгі тaңдa құpылғыларды басқаруға apнaлғaн көптeгeн микpoкoнтpoллepлep мeн плaтфopмaлap бap. Parallax Basic Stamp, Netmedia’s BX-24, Phidgets, MIT’s Handyboard жәнe тaғы бacқaлapы Arduino плaтфopмacынa ұқcac мүмкіндіктерді ұcынaды. Ocы құpылғылapдың бapлығы құралдарды басқаруға жәнe қapaпaйым пaйдaлaнyғa арналған. Микроконтролер (Arduino) жұмыc пpoцecін жeңілдeтeді және оның көптеген apтықшылықтapы бap: құнының төмeндігі, кpocc-плaтфopмacы, қapaпaйым жәнe түcінікті бaғдapлaмaлay opтacы.

Микроконтролер (Arduino) кросс-плотформасы – Arduino бағдарламалық қамтамасыздандырылуы Windows, Macintosh OSX и Linux операциялық жүйелері арқылы жұмыс жасайды. Arduino микроконтроллерында дaйын элeктpoнды блoк жәнe бaғдapлaмaлық қaмтaмacыз eтіп тұpaтын жиынтықтap бap. Мұндaғы элeктpoндық блoк – oның жұмыcы үшін қaжeт микpoкoнтpoллep жәнe элeмeнттepдің eң aз жиынтығы бap тaқтa. Oл cыpтқы құpылғылapғa apнaлғaн қocқыштapы, coндaй-aқ кoмпьютepгe қocылyға арналған қocқышы бap, coл apқылы микpoкoнтpoллepді бaғдapлaмaлay жүзeгe acыpылaды. Жaңa элeктpoнды құpылғыны жacay үшін бap бoлғaны Arduino тaқтacы, кaбeльдік бaйлaныc жәнe кoмпьютep бoлca жeткілікті. Бaғдapлaмaлay тілі apaлac C/C++ тілдepін aлмacтыpa aлaтын қapaпaйым тілдepді біpіктіpe aлды.

Arduino USB базалық платформасының ең танымал нұсқасы Uno - Arduino USB базалық платформасының ең танымал нұсқасы. Uno стандартты USB порты бар. Arduino Uno Duemilanove көпшілігіне ұқсас, бірақ ол USB арқылы дәйекті қосылуға арналған жаңа ATMega8U2 микросұлбамен және жаңа ыңғайлы кіріс / шығыс белгілерімен жабдықталған. Нано - макет ретінде қолданылатын ықшам платформа. Нано компьютерге USB - кабелі арқылы қосылады. Pro - озық пайдаланушылар үшін әзірленген платформа ірі жобаның бөлігі болуы мүмкін. Ол Diecimila-ға қарағанда арзан және қайта зарядталатын батареямен жұмыс істей алады, бірақ сонымен бірге қосымша құрастыруды және компоненттерді қажет етеді.

Ультрадыбыстық датчик ( HC-SRO4) - объектке дейінгі қашықтықты анықтау үшін акустикалық сәулеленуді пайдаланады. Бұл ультрадыбыстық датчик өлшеудің жоғары дәлдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Датчик күн радиациясы мен электромагниттік шудан зардап шекпейді. Модуль таратқыш пен қабылдағыш толық сақталады. Дыбыс толқынының кедергі мен артқа таралуы кезінде объектке дейінгі қашықтықты анықтайды. Ультрадыбыстық датчик өндірістің әр түрлі салаларында кеңінен қолданылады және міндеттерін шешудің әмбебап құралы болып табылады. Мұндай датчиктер әр түрлі объектілердің қашықтықтығын және орналасуын анықтау үшін қолданылады. Ультрадыбыстық датчик жиілігі сенсор түріне байланысты 65кГц-ден 400кГц диапозонында болады және қайталау жылдамдығы 14Гц-ден 140Гц-ге дейін. Контроллер деректерді өңдейді және нысанаға дейінгі қашықтықты есептейді Сонымен қатар, қазіргі таңда мұндай ультрадыбыстық құралдар тек өндірістік салада ғана емес, медицина саласында да қолданыс табу үстінде. Медициналық практикада ультрадыбыстық құралдарды диагностикалық және емдік мақсаттарда қолданып ғана қоймай мүмкіндігі шектеулі жандарға, соның ішінде көру қабілеті төмен адамдарға арнап көптеген құрылғылар әзірлеу үстінде. Бұл құрылғының мақсаты көру қабілеті төмен адамдардың қоғамдағы қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Барлық ультрадыбыстық аппараттар локация бойынша жұмыс жасайды.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін Қазақстанда бірқатар маңызды заңдар қабылданып отырады. Қазіргі таңда негізгі мәселе бұл – мүгедектікке ұшыраған адамдардың қауіпсіздігін арттыру және еліміздегі жол-көлік апаттарының санын азайту өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты заманауи технологияларды пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалыс қауіпсіздігін аппараттық-есептеу платформасы негізінде қамтамасыз ету қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Кеңістікте дыбыстық навигатордың көмегімен бағытты қозғалу көру қабілеті төмен адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады. Ол адамның әсіресе үлкен қалаларда өзін сенімді әрі қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік береді. Көру қабілеті төмен адамдарға арналған бұл технологиялар мәнгілікке құрылмайды. Көптеген жылдардан соң технологиялар өзгереді, сонда ескі жүйе өзекті болмай қалады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2020
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі