Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Ата-аналарға кеңес. Балаңыз кітап оқысын десеңіз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға оқушыларды оқуға тарту мақсатында жазылды. Баласымен оқу жылдамдығын арттыру үшін жұмыстар жүргізу үшін қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балаңыз кітап оқысын десеңіз,...

Рухани әлем патшасы – кітап. Кез –келген ортада көркем сөйлей алатын, өз ойын еркін жеткізе алатын адам тарихты біледі, әдебиетті түсінеді. Қазіргі таңда кітап оқу, кітапты балаға оқыту басты шешіле алмай отырған мәселе болып отыр. М.Әуезов «Кітап - әр адамның өмірлік досы». Дос қылатындай жағдай жасайтын ол әрине, мектепте - мұғалім, үйде – отбасы. Кітапқа деген сүйіспеншілікке бастайтын бастау – отбасынан. Ересектер еске түсірсе, сіздің бала күніңізде дәл солай болмап па еді?.

Сөреде тұрған кітаптар, қабырғада ілулі тұрған газеттер – иә, бұл біздің балалық шағымыздың көрінісі. Бала кезімде ата-әжелеріміз оқысын деп, «Балдырған» журналына жазылғандары есімде. Іші толған әңгімелер, ертегі - өлеңдер,суреттер қарап отырсаң, көздің жауын алардай. Кейін келе, «Ұлан», «Солтүстік Қазақстан» газеттерін қызыға оқитынбыз. Себебі, үйде үлкендер жазылады, біз бірге оқитынбыз. Сонда оқуға үйреткен үйдің үлкендері, ата-аналарымыз, ата- әжелеріміз. Балалар, келіңдер оқып беріңдер, жақсы мақала жазылыпты деп – жанына жайғастырып, оқытқызып қоятын. Ал қазір бәрін күрделендіріп жібердік. Баламыз кітап оқымайды деп, өзіміз телефонда отырмыз. Бала - үйдің айнасы. Өзіміз кітап қарамасақ, үйде бір кітап болмаса, қайдан баламыз кітап оқиды? Қабырғада ілулі газет жоқ, сөреде тұрған бір көркем әдебиет кітабы жоқ. Әрине, кітапты қайдан алып оқиды? Мектепте мұғалім оқушыны оқытады, сауатын ашады, үйретеді, жол көрсетеді. Үйде ата –ана кітап оқуға өзі үйретеді. Қазіргі таңда , көркем әдебиетті кітаптарды сатып алу қиын, бағасы да қымбат. Әркімнің қалтасы көтермейді. «Қолда бардың қадірі жоқ» - демекші, тегін кітапты пайдалану санаулы адамның ғана пайдасына жарап жатыр. Ауданымыздағы кітапханада кез - келген өзіңізге қажетті әдебиетті табасыз. Тым болмаса, бір-бір жарым сағат уақытты баламен бірге кітпаханаға арнаса қандай жақсы. Ерте жастан кітап оқуға баламызды үйретейік. Әр отбасы баласының болашақта білімді болуын бүгіннен бастап ойласа екен. Ислам Шұғаев ағамыздың мына өлеңі әр отбасында жазулы тұрса, ойландырар деп ойлаймын.

Кітапты оқымайды сыйламаған. Білімге жанын жағып қинамаған. Өсірген кімнің болсын ой – өрісін. Сол кітап «бек» ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп, Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп, Молайтып ақылыңды сан еселеп, Береді білім нәрін кітап көптеп.

Кітап оқиық, кітап оқуды өзімізден бастайық!

Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп – гимназиясының

мұғалімі Мухамеджанова Сымбат Сайлауовна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.03.2021
761
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12