Материалдар / Мақала "Аяулы алақан" Мүмкіндігі шектеулі балалар

Мақала "Аяулы алақан" Мүмкіндігі шектеулі балалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала мектепшілік мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шара жайлы. Мақсаты әрбір дені сау бала өзінің бақытты екенін сезіну. Сонымен қатар қамқорлыққа мұқтаж жандарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қандай жағдайда да көмек қолын созуға дайын болуына себепші болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1126
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аяулы алақан»

Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткендей қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлыларда бас иген. Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі. Солардың бірі, қоғамның бір мүшесі - мүмкіндігі шектеулі балалар. Оларға қайырымдылық жасау, мейірімділік таныту – әрбір мұсылманның міндеті. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім берумен қамтамасыз ету арнайы көңіл бөлуді талап етеді. Бүгінде білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша елімізде «Аяулы алақан» атты мейірімділікке, мейірбандыққа толы ерекше балаларға арналған акция кең өріс алуда.Осы акция бүгін біздің ауданда да өз жалғасын тапты. «Отбасы сыйластығын нығайту, балаларға қамқорлық жасап отырған ата - аналарға қолдау көрсету. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу» мақсатында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскер маманы әрі ұстаз Ошақбаева Нұргүл Қырықбайқызының ұйымдастыруымен Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында «Аяулы алақан» акциясы өтті. Ауданымыздың әр ауылынан келген балалар ортаға шақырылып шаттық шеңберін құрап, әрқайсы өз есімдерін, армандарын айтып және бүгінгі кештің сәтті әрі көңілді өтуі үшін бір – біріне жақсы тілектерін шын жүректен жеткізді. Кеш ән-би, өлең шумақтарымен, әртүрлі ойындармен жалғасын тапты. Қазіргі заман талабына сай слайд, видеоролик, нақыл сөздер, залдың безендірілуі барлығы адам көңілінен шығатындай өте тартымды. Оқушылардың қолөнерімен көмкерілген көрме көз тартады. Рухани байлыққа толы. Балалардың жүздеріне қуаныш, мейірім ұялаған. Өздерін сондай еркін сезініп, жігерлене ортаға шығып өнерлерін көрсетіп жатыр. Ата-аналар да алғыстарын білдіріп, балаларымен бірге қуанып кештің сәнін кіргізді.О, ата - ана!Таянышы, тірегі,Бар бақытты бір басыңа тіледі,Балаларым жақсы болсын деп қашанда,Лүпілдейді оның қамқор жүрегі – дей келе мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқор болып, қиындық пен сынаққа мойымаған ата-аналарға, мекеме басшылығына, ұстаздарға және осы іс-шараны ұйымдастырған Ошақбаева Нұргүл Қырықбайқызына, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының психолог мамандары Айтқожина Гүлмира Жақсылыққызы мен Қаметжанова Айнұр Нұрғазықызына алғысымызды айта отырып, еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс тілейміз. Әрқашанда көпшіліктің көңілінен шыға беріңіздер.

Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Камиева Бейбітгүл Қордалықызы



























Мақсаты: Отбасы сыйластығын нығайту, балаларға қамқорлық жасап отырған ата - аналарға қолдау көрсету. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайд, видеоролик, нақыл сөздерӨтілу барысы:1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Аяулы алақан» акциясына қош келдіңіздер!Бала дегеніміз – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Сондықтан да ерекшежандарға көмек қолын созу, жомарттық таныту, адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.2- жүргізуші:Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша елімізде «Аяулы алақан» атты мейірімділікке, мейірбандыққа толы ерекше балаларға арналған акция кең өріс алуда.Осы акция бүгін біздің ауданда да өз жалғасын тапты.1 - жүргізуші:Бүгінгі мерекені салтанатты түрде ашу үшін ортаға аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Ошақбаева Нұргүл Қырықбайқызын шақырамыз.

«Шаттық шеңбері». Мектеп психологі Айтқожина Гүлмира Жақсылыққызы. Құрметті балалар шарамызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне жиналып өз есімімізді айтып және бүгінгі кешіміз сәтті әрі көңілді өтуі үшін бір – бірімізге жақсы тілегімізді білдірейік.

Би: «Көктем биі» орындайтын 3 сынып оқушылары2 - жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол - тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.1 - жүргізуші: Отбасы - алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата – анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы - ата - ана. Ұлы Абай бұл туралы«Ата - анаға көз қуаныш -Алдына алған еркесі.Көкірегіне көп жұбаныш,Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.Келесі орындалар әніміз сіздерге арналады құрметті аналарӘн: 5 сынып оқушысыКөбес Алуаның орындауында « Ана жаным»

1 - жүргізуші:О, ата - ана!Таянышы, тірегі,Бар бақытты бір басыңа тіледі,Балаларым жақсы болсын деп қашанда,Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.2 - жүргізуші: Шариғатта да отбасы жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежеде мән берілген. « Балалар - ата - аналар қолына берілген аяулы аманат» делінген. Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Ән «Ақ бақытым» 5 сынып оқушысы Жарасұлы Эльдар

1 - жүргізуші:Құрметті ата – аналар, оқушылар ендігі кезекте кешімізді сіздермен «Жылы жүрек – жақсы қасиет» жанұялық ойынымызбен жалғастырайық.

  • Жұмбақ шешу «Күннің көзін бұлт шалмасын»
1)Күндіз білінбейді,Түнде күлімдейді (жұлдыздар)2) Білімнің дәнін тереді,Балаға тәлім береді (ұстаз)3) Балалар суға салған жіпТереңнен іліп алар жүк армақ)4) Бұрап қойған сағаттай,Айғайлайды таң атпай (әтеш)5) Отыз екі батыр,Екіге бөлініп жатыр (тіс)

  • «Мақал сөздің мәйегі», мақалды дұрыс жалғап аяқта
1.Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)2. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)3. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)4. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)5. Жері байдың... (елі бай)6. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)7. Ердің атын... (еңбек шығарады)8. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)9. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)10. Атаңның баласы болма,.. (адамныңбаласы бол)

  • Кім жылдам? (сұрақ - жауап)
  • Бір тәулікте неше сағат бар? ( 24)
  • Төрт түлік малға нелер жатады (қой, ешкі, сыр, түйе, жылқы)
  • Қазақтың батыр қыздары (Әлия , Мәншүк)
  • Жыл мезгілдерін ата (қыс, көктем, жаз, күз)
  • 9 мамыр қандай мереке? (жеңіс күні)
  • Бір айда неше апта бар?
  • Төрт бұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес)
  • Артықсөзді тап: мектеп,парта, дәріхана, сынып (дәріхана)


Баршамызды бала тілмен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтын Ата - ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын Ән «Бала тілегі» орындайтын 3 сынып оқушысы Сағымболатова Самал

  • жүргізуші
Өнердесеөрілген БиіктерденкөрінгенБалаларды шақырамызӘн мен жырға берілген, дей келе қонақтарымыздың өнерлерін тамашалайық.2 - жүргізуші: Ортаға өнер саласындакөзге түсіп жүрген оқушымыз «Жұлдызай» фестивалінің лауреаты Т.Тоқтаров атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сәрсеев Біржанды шақырамыз. Марапаттау үшін Нұргүл Қырықбайқызын ортаға шақырамыз.Біржанның құрметіне,ән «Тұлпарым»орындайтын 1 сынып оқушысы Эльдарұлы Эльнұр1 - жүргізуші:Сырымды менің бес саусақтай біледі,Біздер үшін бөлек жаны, жүрегі.Қамқор жанды одан басқа көргем жоқ,Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.Ән:1 сынып оқушысы Құдайбергенова Арунаның орындауында «Әжемнің шәйі»

2 - жүргізуші: Шіркін қолдан келгенше адамға жақсылық жасағанға не жетсін! Адам жанын шынайы қуанышқа бөлейтін бірден бір ізгілікті іс қой ол. Бүгінгі мерекелік іс шарамыздың марапаттау рәсімін өткізу үшін сөзді аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Ошақбаева Нұргүл Қырықбайқызына береміз.

1 - жүргізуші:Біз бақытты баламыз, еркелеген Тыңдап өстік ән мен күй, ертегі, өлең Туған жердің аймалап самал лебі Отан –Ана біздерді мәпелеген. Қандай жақсы бақытты балалық шақ Қандай әсем ойнаған қозы мен лақ “Құлыным” - деп әкешім еркелетсе “Балапаным” – деп анам жаяр құшақ. Ән «Ертегілер әлемінде» орындайтын 5 сынып оқушысы Көбес Алуа.

2 - жүргізуші: Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Аяулы алақан» атты кешімізді аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ