Материалдар / Мақала "Бала тәрбиесінде кеш калмаңыз."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Бала тәрбиесінде кеш калмаңыз."

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Бала тәрбиесінде кеш қалмаңыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
564
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бала тәрбиесінде: «КЕШ ҚАЛМАҢЫЗ»


«Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс» деп ұлы орыс педогогы В.Г. Белинский айтқандай, бала тәрбиесін жай ғана іс деп қарауға болмайды.

«Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы-бала».  Бала бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді.

     «Бала нені білсе жастан, ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Нақылда тәрбие беретін адам, я болмаса ортасы өздері білімді, тәрбиелі, үлгілі болуы керек деп өсиет етеді. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген мәтел де соны меңзейді.

     Бала тәрбиесінде мектептің атқаратын рөлі де зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыратын домбыраның қос ішегіндей ұштасып жатады. Сол себепті мектеп пен отбасында берілген тәрбие әрқашан тұғырлы, керегесі мықты болады.

     Егемен еліміздің ұрпақтарын білімді, тәрбиелі етіп тәрбиелеу-баба ұрпақ пен аға ұрпақтың парызы.Алайда баланың бас ұстазы ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша іс алға баспайды.

      Бала тәрбиесіндегі отбасының атқарар міндеті зор. Адам баласының дүниеге келгенде енетін үйі, өсіп ержететін, тәлім-тәрбие алатын қасиетті алтын бесігі-отбасы.

   Отбасының адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Отбасы тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері өте көп. Әсіресе көрегенді, ынтымақты отбасында. Бұл орайда: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің  деген халқымыздың қасиетті сөзінен отбасы тәрбиесінің күшін сезуге болады

    Бала үшін отбасында әке-шешенің, ата-әженің басқа да бауырлардың өнегелік үлгілерінің маңызы өте зор. Олай болса, бала кісілікті, әдептілікті, адамгершілікті,сыпайылықты тіпті өрескел мінез бен бұзақылықты да алғаш өз отбасында меңгереді. Осы орайда айтатыным бала тәрбиесінде ешқашан кешігуге болмайды құрметті ата аналар!

     Баланың сырын да, мұңын да, шаттығын да ата-анасынан артық еш адам біле бермейді. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздар бірлігі қажет- ақ. Ата-ана мұғалімге көмекші, сенімді тірек болса, керісінше мұғалім де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда барлық күрделі сан алуан мәселелер түйіні шешіледі.

      Отбасында баламен қарым-қатынас кезінде өнегелі сөздерді орнымен қолданып, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, елін-жерін құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу- басты борышымыз екендігін үнемі жадымыздан шығармауымыз қажет.

    Қорыта айтқанда «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» деп ата-бабамыз мұра етіп қалдырғандай, бала тәрбиесіне дер кезінде көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақтарын тәрбиелейік.

    Тәуелсіз еліміздің ұлдары мен қыздарының жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі бар, жерін, ата-анасын, ұстазын құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық.

Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз болмасын десеңіз, бала тәрбиесіне келгенде ешқашанда «КЕШ ҚАЛМАҢЫЗ»      



  Садулла Шерметов қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Түркістан қаласы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!