Материалдар / Мақала "Балабақшадағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Балабақшадағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарындылық ғасырлар бойы әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеден өз алдына бөлек дербес қарастырылып келді. Білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыстар ұйымдастырудың қажеттілігі болмады. Қазіргі кезеңде дарынды балаларды ертерек анықтау мен дамытуға ерекше назар аударылуда. Зияткерлік және шығармашылық дарындылық дарындылықтың негізгі түрлері ретінде қарастырыла бастады. Дарынды балаларға оза даму тән. Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар мәселелерін анықтау олардың құрдастары, ересектер мен ата-аналарымен байланыс жасау арқылы жүзеге асады. Бағдарламада бірқатар ғалым-педагогтардың зерттеулері келтірілген. Дарынды балалар санынан орташа даму деңгейіндегі балалар саны басым болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр. Яғни дарынды балалар саны өте аз. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі дарынды балалалардың дамуына көмек жасау және қолдау қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2023
297
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақшадағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің

ерекшеліктері


МКҚК №8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының психологы

Жантөрина Мөлдір Дүйсенбіқызы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып табылады. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық шақ болып табылады. Білім беру тәжірибесі көрсеткендей балалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Құрбыларына қарағанда шығармашылық қабілеттерімен, жіктей білетін, жалпылай білетін, өзара байланысын таба білетін біліктіліктерімен неғұрлым дамыған дарынды балалар айырықша көзге түседі. Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ізденіс үстінде болады, зеректік, дербестік, белсенділік танытады.

Дарындылықты тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон зерттеген болатын.Ол дарындылық психологиясы тарихында үлкен еңбек сіңірді.Ф. Гальтон дарындылық − тұқым қуалайтын факторлардың нәтижесі екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның «Таланттың тұқым қуалауы − оның заңдары мен нәтижелері» атты кітабы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды.   Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред Биннің орны ерекше, ол тұлғаның танымдық әрекетіне сынақ жүргізген.  Сонымен қатар, өте ұзақ зерттеу жүргізген АҚШ ғалымы Льюис Тердің еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды. Ғалымдардың ерте заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері туралы тәжірибелері  қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. «Дарындылық» ұғымы «сый», «дар» деген сөзінен шыққан, дамудың алғы шарттын білдіреді.Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама беріледі. «Дарындылық – белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі». Дарындылық ұғымы бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі бойынша адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының  сапасы. Негізінен баланың дарындылығы өте ерте байқалады. Оның дамуының өте қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жастың аралығы. Осы жаста балаларда тұлғалық негіз қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Әртүрлі салалардағы әрекеттерде ырық бермей, алғашқы ықтиярсыз  қабілеттері пайда болады.  Дарынды балалардың писихологиялық ерекшеліктері:

ерекше зейінділік;

қабылдауының ауқымдылығымен ерекшеленетін балалар;

есте сақтауы жоғары деңгейдегі балалар;

таным аясы өте кең балалар;

қиялдары кең, ұшқыр балалар;

ойлау белсенділігі жоғары;

тілі ерте дамыған, сөздік қоры өте бай балалар;

зейін қоюы жоғарғы деңгейдегі балалар;

Дарынды балалардың мінез-құлқында шыншылдық сезімдері жоғары, жақсы әзілқой сонымен қатар тез өзгеретін, шыдымсыз, үнемі назарда болғанды ұнататын қасиеттерін байқатады, оларға қорқыныш, жоғары сезімталдық тән.

Мектепке дейінгі жастағы дарындылық бірнеше кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезең (2-3 жас) бұл кезеңде бала алғашқы сенсорлық әсер алады.

Екінші кезең (3-4 жас) әрекеттерге еніп кетеді, табиғи материалдардың бастапқы белгілері туралы түсінігі пайда болады, өте белсенді, оған кең ауқымдағы  әртүрлі әрекеттерге мүмкіндігі бар.

Үшінші кезең (4-5 жас) баланың шығармашылық ізденіс кезеңі, қосымша әрекеттер үшін қабілетті балаларды біріктіруге болады.

Балабақшада дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың мынадай  жолдарын көрсетуге болады:

  1. Дарынды балаларды анықтау: баланың табыстары мен жетістіктеріне талдау. Балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін диагностикалау. Бақылау, сараптамалық бағалау әдістерін қолдану. Психологиялық тестілер (ата-аналар мен педагогтарға арналған А. И. Савенковтың «Дарындылық картасы» әдістері; В. Шебеко, А. Булахтың ата-аналарға арналған сауалнамалары; Торренс және басқалардың креативтілік тестілері) қолдану.

  2. Мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау: – баланы дербес дамыту жоспарын құру;

дарынды балалардың жан-жақты, эмоциялық және әлеуметтік дамуына  көмектесетін  қолайлы заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру;

мектепке дейінгі жастағы дарынды балалардың шығармашылық бағыттарын: дербес шығармашылық тапсырмаларды іске асыруына көмек беру;

–  зияткерлік ойындарға, конкурстарға қатысу;

дарынды балаларды ынталандыру: әртүрлі конкурстарға қатысқаны үшін дипломдармен, грамоталармен марапаттау.

  1. Дарынды балалардың ата-аналарымен жұмыс: дарынды баламен, ата-анамен және тәрбиешімен бірлескен практикалық әрекеттер.Әңгімелер, тренингтер, мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарымен жеке кеңестер.Талантты балалардың ата-аналарына қолдау жасау және ынталандыру (ата-аналар жиналыстарында грамоталар мен алғыс хаттар тапсыру). Ата-аналарға дарындылық тақырыбында психологиялық дайындық жасау.

  2. Педагогикалық ұжыммен жұмыс: дарынды балалармен жұмыс бойынша педагогтардың кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал ету, дарынды балалармен жұмыс мәселелері бойынша «Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар: теориясы, мәселелері және оларды ертерек анықтау» тақырыбында оқыту семинары, «Дарындылық бала тұлғасының даму факторы ретінде», «Кіріктірілген оқыту әдістерін қолданудың вариативтілігі» тақырыптарында кеңестер. Кітапхана қорына өз білімін көтеруге қажетті әдебиеттер жинақтау және іріктеу, жаңадан түскен әдебиеттерге жүйелі шолу, Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде алғашқы бейімділіктері айқындалғаннан бастап бала қабілеттерінің көрінуіне, дарынды бала тәрбиеленетін балабақшада және отбасында қолайлы жағдай құрылып, бірлескен жұмыстар үйлесімінде мүмкін болады.  Мектеп жасына дейінгі шығармашыл баланы тәрбиелеу үшін тәрбиешіге инновациялық мынадай әдіс-тәсілдер қажет болады: стандарттан тыс , креативті жұмыс істеуге ынтасы; ізденіс белсенділігі, ізденімпаздық; – мектеп жасына дейінгі педагогика мен балалар психологиясы туралы білімі.

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бағдарламасы бойынша тәрбиелеу үдерісі заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту міндеттерінің бірлігі қамтамасыз етіледі.  Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша бағдарлама мазмұны: «Таным», «Шығармашылық» білім беру салаларына негізделеді, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуына бағдарланған.

Дарындылық ғасырлар бойы әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеден өз алдына бөлек дербес қарастырылып келді. Білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыстар ұйымдастырудың қажеттілігі болмады. Қазіргі кезеңде дарынды балаларды ертерек анықтау мен дамытуға ерекше назар аударылуда. Зияткерлік және шығармашылық дарындылық дарындылықтың негізгі түрлері ретінде қарастырыла бастады. Дарынды балаларға оза даму тән.  Мектеп жасына дейінгі дарынды балалар мәселелерін анықтау олардың құрдастары, ересектер мен ата-аналарымен байланыс жасау арқылы жүзеге асады. Бағдарламада бірқатар ғалым-педагогтардың зерттеулері келтірілген. Дарынды балалар санынан орташа даму деңгейіндегі балалар саны басым болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр. Яғни дарынды балалар саны өте аз. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі дарынды балалалардың дамуына көмек жасау және қолдау қажет.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 ж. №1080

  2. Е.С.Белова Одаренность малыша : раскрыть, понять, поддержать/ М.: Академия, 1998.-251 б.

  3. Д.Б. Богоявленская Рабочая концепция одаренности/Педагогика,1998.257б.

  4. А.И.Доровской Сто советов пот развитию одоренности детей. Родителям, воспитателям, учителям/  – 312 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!