Материалдар / Мақала "Балаларға берілген жүрек"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Балаларға берілген жүрек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала "Балаларға берілген жүрек"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
307
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балаларға берілген жүрек.

(Эссе)

Ұстаздық-ұлы құрмет.Себебі,ұрпақты ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбек сүйгіш егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді.....

Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз.

Б.Момышұлы.

Тыныштық орнаған бөлмеде төрт шам жанып тұр еді.Уақыт өткен сайын ол шамшырақтар сөнуге аз қалған еді.Бөлме іші тып-тыныш,шамдардың бір-бірімен сыбырласқандарыда естілмейді.Көнілі түскен бірінші шам: «Мен-шыдаммын.Өкінішке орай,адамдар мені сақтай алмайды.Менің өшкеннен басқа амалым жоқ»,-деп жарығын сөндірді.Екіншісі: «Мен-сеніммін.Мен ешкімге керек емеспін.Адамдар маған сенбейді,ары қарай жанып тұрғанымнан еш пайда жок»,-деп қара түнекке оранды.Көнілін мұн басқан үшінші шам: «Мен-махаббатпын.Менің де жанып тұрғанға күшім де,дәрменім де жоқ.Адамдар мені бағалау былай тұрсын,түсінгісі де келмейді»,-деп салқын лептің самалынан ол да сөніп қалды.

Сол кезде бөлмеге кіріп келген бүлдіршін сөнген үш шамға қарап,шошып: «Сендерге не болды?Неге өшіп қалдындар?Мен қаранғыдан қорқамын ғой!»,-деп жылап жібереді.Сонда төртінші шам тұрып: «Жылама! Мен жанып тұрғанда қашан да үш шамды жағуға болады.Себебі, мен-үмітпін»,-деп баланың бойына күш-қайрат берген екен. Міне,мен өзімді бүлдіршіндерге шыдам мен махаббатты ұялатып,болашаққа аяғын нық басуға негіз болар үмітпін деп білем.

Себебі,мен-ұстазбын.Осындай маман иесі болғаныма мен өзімді мақтан тұтамын,өйткені «Мектеп» деген үлкен кемеде ертеңгі ғалымдар мен ұлы дапышпандарды тәрбиелеп шығарамын.

Өмірімнің қызығы мен шұжығына толы бұл кемеде сан түрлі нәрселерді басымнан өткіздім.Таңның атысымен аяғымды нық басып осы мекемеге аттанамын.Себебі,мені ашық теңіз айдынына аттанатын шәкірттерім күтіп отырады.Сынып табалдырығын аттап «Бүгін қай ақынның өмірі мен шығармашылығына саяхат жасаймыз?» дегендей жұмбақ көзбен қараған шәкірттерді көріп,өзіме артқан жауапкершілігімнің ауыр екенін түсінемін.Алайда естімегенді естуге,білмегенді білуге құштар жас буынның қанаттарына жан бітіп,«Білім» атты сапарға жетелеу мен үшін үлкен мәртебе,үлкен бақыт.Бұл кемеде жүзген шәкірттерім әрқайсысы-қайталанбас бір ғажайып әлем.Сол кеме тұрғындарының ішкі жан дүниесін зерттеп,өзгеге ұқсамайтын қасиеттер танып,білу,жүрегінен жол тауып,кеменің басын дұрыс ұстау тікелей ұлы тұлға-ұстаздардың,яғни менің қолымда.Қиынды жеңуге құштар кеме тұрғындары талай асулардан өтіп,талай белестерді бағындыру керек. Бұл жетістіктерге жету үшін,әрине сапарда қолданатын қару болу керек.Менің шәкірттерімнің қарулары:достық,сыйластық,имандылық,адамгершілік пен мейірім.

В.А.Сухомлинский: «Егер бала жауапкершілікте өссе,ашуды үйренеді;егер оған үнемі сын айта берсен,ол жек қөруді үйренеді;егер балаға қолдау көрсетсен,ол сенуді үйренеді;егер мақтасан,алғыс айтуды үйренеді;егер бала түсіністік пен достыққа деген махаббатты көріп өссе,ол бұл дүниеден махаббатты табуға үйренеді»,-деген екен.Ұлы ғалымның бұл қанатты сөздерін мен педагогтік жолымда өмірлік ұстаным ретінде,басты қағидам деп білем. Себебі,мен алдымда отырған шәкірттеріме білім бере отыра,болашақтың,ертеңгі елдің ірге тасын қалап отырмын.

Д.Менделеев:«Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде,өзі шашқан ұрпақтарының өсіп-өнуінде»,-дегендей менің мәртебемді көтеретін де,түсіретін де осы шәкірттерім.

Әрбір ұзтаз білім беру жолында жаңашықдықты бағындырып,шәкірттерімен құрбы ретінде,адал дос ретінде сырласуы керек.Ұстаз-ұзтаз болып ғана қоймай,кез келген жағдайаттардан алдымен шәкіртін,одан кейін өзін алып шығуы керек. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. дам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор.

Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Әр ұстаз өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ұстаз өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады. Мұнан түйетін ой, адам баласына сәби кезінде берілген дұрыс тәрбиенің жемісін өскенде көресің деген пікірге тоғыстыруға болады. Сонымен бала тәрбиесіндегі тәлімгерлердің және ұстаз қауымының рөлін, оның беделін көтеру, оған адами-рухани жақтан да, әлеуметтік жақтан да қолдау көрсетілсе деп ойлаймын.

Ұстаздардың тек қана «Балаларға өзінің жұдырықтай жүрегі» арқылы жылуын сеуіп, мейірімін төгіп, болашаққа бастар бірден-бір жан екенін адам да, қоғам да бір сәт естен шығармағаны жөн.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!