Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Мақала «Бейнелеу өнері сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану»
Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада бейнелеу сабағындағы оқытудың тиімді жолдары жазылған. Осы мақаланы ұстаздар өз тәжірибелерін кеңейтуге әрі қарай тиімді жұмыс жасауға көмегін тигеді деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1431
5 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Бейнелеу өнері сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану»Бейнелеу өнері - қоғамдық сананың айшықты жемісі. Бейнелеу өнерінің сыршырай, мүсін, графика, сәндік қолданбалы өнер және дизайн өнері сияқты түрлерінінің көркемдік тілін игерудің әрі шығармашылыққа баулудың негізі - сурет, сурет салудың жолдары мен тәсілдерін оқып үйренуден басталады. Атақты Микеланжело «Сурет- түрлі ғылымдардың қайнар көзі және нәр беретін тамыры» деген еді. Сурет-туа біткен,жүре дамыта білген адамдардың бойынана шыққан бейне. Сурет-тарих, болашаққа көз жүгірту. Сурет- фантазия құралы. Сурет-көзбен қолдың шеберлігінен шыққан жазықтықтағы бейне.Графика, гравюра, пейзаж, сыршырай, натюрморт, мүсін өнері, мозайка, сахна көркемдеу, интерьер, экстерьер, ою-өрнек, әшекейлеу өрнегі және техникамен киім үлгілерінің негізі де сурет болып табылады.Бейнелеу өнеріне оқыту барысында көркем қабылдау міндеттері және бейнелеп сурет салу бір уақытта дамып, жүзеге асуы қажет. Бала егер де затты ерте кезде аңғарып көрмесе немесе дұрыс қабылдамаса, онда ол затты және оның түрінің ерекшеліктерін бейнелей алмайды. Осыдан оқушыларда бейнелеу міндеттерінің дамуы және ұйымның бақылау мақсаттылығы да өте маңызды.Әдістемеліктәсілдерде,балалардың жас жәнепсихологиялық ерекшеліктерін есепке алса, тек сол жағдайда ғана оңтайлы нәтиже болады деп ойлаймыз. Сабақ берудің жаңа тәсілдерінің ізденісі пәнаралық байланысты ұстану және де оқушылардың эстетикалық бағыттағы пәндерді өздігінше меңгеру кезінде игерілген білім жұмысын басқару мен және ол икемділіктің негізінде жүзеге асуы мүмкін: бейнелеу өнерінің, әннің, әдебиеттің, тарихтың және т.б.с.с. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ұстаз тек өзінің жеке көркем тәжірибесіне ғана сүйенбеу қажет. Әрдайым педагогика, психология, эстетика және өнертану ғылымдары бойынша әртүрлі ғылыми мәліметтерге сүйеніп отыру қажет. Бұл бейнелеу өнері мұғалімдерінің тәжірибелік сынағын дұрыс жалпылауға, дұрыс тәрбиелеу әдістемесін табуға және өсіп келе жатқан ұрпақтарымызды жан-жақты оқытуға көмектеседі. Мектепте бейнелеу өнерін оқытудың басты мақсаты – тек қана өмірдің және өнердің әсемдігін көркемдеп қабылдай алу ғана емес, сонымен қатар белсенді, шығармашылық еңбек ете алатын жан-жақты үйлесімді дамыған адамды қалыптастыру керек. Оқушылардың эстетикалық және адамгершіліктік көзқарастарын дамыта отырып, бейнелеу өнері пәні түрлі аймақтардағы еңбек қызметіне қажетті пайдалы білімдерге және дағдыларға оқытады. Бейнелеу өнері сабағында балалар бейнелеу өнерінің негіздерімен танысып оқытылады, түрлі дәуір мен замандардың және әртүрлі халықтардың ең жақсы өнер үлгілерімен танысады, айқындық пен шынайылықтың көркемдік құралдарын тануға мүмкіншілік алады. Оқушылар тікелей заттың өзіне қарап графика және кескіндеме құралдарымен оңай қойылымдарды орындай алуды білу керек: сәндік композицияларды құрастыру, материялда қиын емес бұйымдарды орындау және т.б. Оқушылар ойша немесе елестете отырып өз түсініктері бойынша тақырыптық композицияларды сала білулері қажет. Айқын бейнелеудің заңдылықтарын меңгерудің арқасында шыншылдығын шынайы көрсете және өзінің қоршаған ортаға әсерлі қатынастарын білдіре алады. Көзбен шолып ойлаудың дамуы - пәннің ең басты міндеттерінің бірі. Көзбен көру ақпараттың үлкен ағым арасында оқушы көркем шығармашылық тапсырмаларды шешуде ең бастысын, ерекшесін таңдап алуды үйрену қажет және көретін формаларды пайдалана алуы қажет. Жалпы білім беру мектебінде бейнелеу өнерін оқытудағы басты міндеттерінің бірі - балалардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Осы мәселе қазіргі кезде белсенді, әрекетшіл және адамның жеке басының шығармашылығын тәрбиелеу міндеттерімен тығыз байланысты. Көркем әрекетшіл қабілеттердің дамуы туралы әңгіме жүргенде, ең алдымен шығармашылық елестеу мен ойлаудың дамуы ойда тұрады. Оларсыз шындықтың қайта ойлануы және өзінің пікірін бейнелі формада жеткізе білу мүмкін емес. Көркем қабілеттер санына көз қапері және өмір мен өнер құбылыстарына деген қызба қатынасы қатысты. Көркем қабілеттердің байқалуы бейнелі ойлану, ондағы бастысын белгілей отырып бейнені тұтастай қабылдау, затты дәлме-дәл жеткізе білу болып табылады. Шығармашылық қабілеттер тәсілдердің тез және оңай меңгеруінде сурет салудың дағдылары байқалады. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыс нұсқадағы және оны бейнелеуді оқыту қабілеттерін меңгеруімен тығыз байланысты. Осы байланыстар көп қырлы. Елестету тек қана өмірлік байқаудың негізінде ғана дами алады. Сол уақытты бейнелі ойлаудың дамуы бейнелеу сауаттылығы негіздеріне оқытудың нәтижелігі көмектеседі. Оқушылардың бейнелі ойлай білуі олардың жұмыстарының мәнерлігінде байқалады. Балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ең маңызды шарт - олардың жұмысқа деген қызығушылығы, оған әсерлі қатынасын да анықтайтын осы немесе басқа да тапсырмалардың орындауы болып табылады. Басқа жағынан қарасақ, осы қатты әсерлі күйзеліс қызығушылықтың және бейнелеу қызметімен айналысу ынтасы басты түрткі болған себептері болуы мүмкін.Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану,инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. ХХІ ғасыр-бұл ақпараттық қоғам дәуірі,технологиялық мәдениет дәуірі дейміз.Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы,ғылыми- техникалық прогрестердің жетістіктері,еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ.Қазақстандағы білім беру саласы өркениетті әлемнен өзіне лайық орын алу үшін адамзат тәжірбиесіндегі озық үлгі, тиімді үрдістерді пайдаланып, бағдарламаға енгізіп, дамудың жаңа сатысына көтерілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев "Ұлттық бәсекелестік білімділік денгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет” – деп, отандық оқытушылардың алдына бағдарлы мақсат қойып, үлкен міндет жүктеді. Әрине, жаңа ғасыр – дамыған жаңа инновациялар әлемі. Сол жаңа инновациялық технологияларды меңгерген жан-жақты, бәсекеге қабілетті, талапты да талантты зерделі тұлғаны тәрбиелеп, бағыт-бағдар беру қазіргі таңда мемлекетіміздің және білім саласындағы қызметкерлердің еншісінде. «Әрбір ұстаз — білікті маман, ал әрбір оқушы — ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбиелеу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ғылым мен техниканың дамыған заманында озық ойлы, шығармашылығы жоғары оқушы тәрбиелеу әр ұстаздың басты міндеті.Оқушылардың шығармашылық іскерліктерін арттырып, заман талабын ескере отырып, әрбір сабағымда жаңашыл педагогтардың әдіс-тәсілдерін, озық технологиясын басшылыққа алып, оқыту үрдісінде АКТ, СТО, кіріктірілген сабақ түрлерін көп қолданып, сабақтар өткіземін. Сыни тұрғыдан ойлау мен сабақ үдерісінде ақпараттық - коммуникативтік технологияны \АКТ\ қолдану оқушылардың тәуелсіз ойлауына, ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және ауызша түрдегі ақпарат алуына, өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізеді. Сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдерімен жаңа білімдерін ұштастыра отырып тақырыпты түсінуге бағыт беріледі. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. Ол іс әрекеттер оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді, ақыл ойын дамытады, ұжымдық іс әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығы жетіледі, жан жақты ізденеді, өз ойын жеткізеді. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұрады, яғни оқу мен үйренуге арналған құрылым. 1 Қызығушылықты ояту сатысы. 2 Мағынаны тани білу сатысы. 3 Ой – толғаныс сатысы. Үйренгенін қабылдайды, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін нақтылау жолын қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезеді. Кейінгі жылдары компьютерлік технологияны қолданып оқыту педагогика ғылымның келелі мәселесіне айналды. Қазіргі уақытта кез келген мұғалімнің мақсаты-оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу арқылы білім сапасын жақсарту болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін компьютерлік компоненттерді бейнелеу өнерін білім жүйесіне қосу қажет, себебі бейнелеу өнерін оқыту барысында компьютерді қолдану біршама маңыздылыққа негіз болады. Бейнелеу өнері сабағында компьютерлік технологияларды қолданатын мұғалім жетекші, кеңес беруші, үйлестіруші, сарапшы, тіпті өзекті ақпарат көзі бола алады. Мұғалім компьютерлік технологиялаларды кез келген сабақта және оның түрлі кезендерінде қолдануына болады. Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсаттарды көздейді. 1. Ақпараттық технологияны білім деңгейін тексеру бағытында қолдану. 2. Мұғалімнің оқытушылық мақсатында қолдануы. 3. Компьютерді мультимедиалық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану. 4. Электрондық оқулықтар мен интернетті пайдалану. Атап айтқанда, оның мүмкіндіктері мынадай: 1. Сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі. 2. Дайындалған материалды қайта- қайта қарауға мүмкіндік береді. 3. Дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол. 4. Интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез- келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар. 5. Әртүрлі қосымшалармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Қазіргі уақытта оқытудың 50-ден астам технологиялары бар. Олардың оқушы танымын қалыптастырып тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Олай болса келешек ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді, яғни интеллектаулды деңгейін жоғары болуына қойылатын талап зор. Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеуде нәтижелі жұмыс жасау алға қойған басты мақсатымыз.Бейнелеу өнері сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалан отырып, мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады. 1. Ақпаратты бірнеше сезім мүшелері арқылы бір уақытта қабылдау. 2. Назар аударудың белсенділігі. 3. Пәнге қызығуды жоғарылату. 4. Үйретудің көрнекілігі, танымдылығы. 5. Ұсынылатын ақпараттың сапасын көтеру. 6. Сабақ уақытын үнемді пайдалану. 7. Оқушының жан-жақты дамуы. 8. Білім сапасын жақсарту. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Олардың баяндама, реферат жазғанынан презентация жасағаны тиімді, себебі, презентация жасау барысында олар алған материалдарын жүйелеп, негізгісін, тақырыптың өзекті жерлерін бөліп алады. Бұл дағды оқушының логикалық ойлауын, шығармашылықпен, ақпаратпен жұмыс жасауын қалыптастырады. Оқушылардың ғылыми жоба жазуына да ақпаратпен жұмыс жасауы көмегін тигізеді.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)