Материалдар / мақала: Білім сапасын көтеру-оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамытудың маңызды шарты.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала: Білім сапасын көтеру-оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамытудың маңызды шарты.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім сапасын көтеру-оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамытудың маңызды шарты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2022
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім сапасын көтеру-оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамытудың маңызды шарты.

Қазақстан Республиеасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруді жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуын басты бағыттары белгіленген. Соған байланысты алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып,өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылады.Осыған сәйкес Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіп,онда білім беру сапасын қамтамасыз ету,соның ішінде басқаруды жетілдіру негізгі міндеттердің бірі саналды.Бұл өзекті мәселенің өз дәрежесінде шешімін табуына Елбасы,бүкіл қоғам,Үкімет көңіл бөліп отыр.(Білім технологиялары №4,2011ж.) Бұрын дәстүрлі сабақ берген кезінде оқушылар тек қана кітап көлеміндегі дайын ақпаратты ғана пайдаланып,алынған білім оқушылардың жинақталған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайтын,сондықтан алған білімдері мән-мағынасы терең меңгерілмей жаттанды түрде .болатын,алған білімдерін өмірде пайдалана алмайды,сабақтар өткізгенімде көбіне өзім сөйлеп,берген сұрақтарыма қысқа ғана жауап алып,кей бала елеусіз қалып отыратын.Замануи сабақтың өзгешілігі бала өзі ізденіп дәлелдейді.Ол бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойланушы,өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бақыттаушы,ұйымдастырушы болып табылады. Білімдегі жаңа тәсілдер арқылы оқушының пәнді қалай түсініп,осы алған білімдерін сыныптан тыс жерде кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуге үйретеді. Яғни оқушылар өз бетімен еркін ойлай алатын,қандай күрделі мәселелерді болсын шеше алатын тіпті өткен оқиғаларды талдап,екі пікір туған жағдайда біреуін тандауға, саналы шешім жасауға үйрену қажеттігі,қазіргі заманның талабы. Мен өзімнін сабақтарымда қарастылған жеті модульді пайдаландым Жеті модульдердің барлығында қарастырылған идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан,біз жаңа әдістер ретінді»Диалог арқылы оқыту»мен Қалай оқу керектігін үйретуді»ғана қарастырамыз. Мен өткен тақырыпты еске түсіру сұрақтарын қойғанда оқушының өткен материалды қаншалықты түсінгенін, бойына қалыптасқанын, есте сақтағанын көре білдім. Осы сұрақтарды қоя отырып, менің өзімнің түйіндегенім алғашқы сабағымды өткізгенде оқушылар сұрақтарға қысқа жауап беретін, ал қазіргі жағдайда олар ойланып толық жауап беретін болды, және осы қойылған сұрақтардың жауабына құр ережесін ғана айтпай, оған мысал келтіріп, сол мысалдардан сөйлем құрастырып, өмірлерімен байланыстырып отырады.Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін өз тәжірибесінен өткізуіне жол ашады. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті – оқу, қарым – қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу – білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым – қатынас – бұл балалардың бірін – бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады.Біз оқушыларымыздың таланттарын,шығармашылықтары көрсетуін,табыстарға жетуін қалаймыз.Қазақ тілі сабағында «Сын тұрғыдан ойлауды үйрету модулін пайдаландым.Осы модульдін нәтижесінде оқушы шығармашылығын шыңдап,ойы биік,өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азаматты дамытуға ықпалы мол әдістер жүйесі деп айтуға болады.Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мен осы модульдің тиімділігін анықтадым.Өзімнін сабағымда Венн диаграммасын қолдандым.Оқушылар алған мәліметтерін пайдаланып» Жалқы мен жалпы есімнін» жеке және ортақ қасиеттерін жазды.Әр топ өз позициясын дәлелдеп,пікірлерін талқылап қорғады.Сабақ соңында үйге осы тақырып бойынша алған әсерлері туралы эссе жазып келу,қосымша тапсырмалар беріледі.Осы сабақта ой түйгенім-балалардың сабаққа деген ынтасы артып қоймай,белсенділігі,қызығушылығы артады әрқайсысы өзін тұлга сезініп,өзіне деген сенімі,жауапкершілігі артады Қорытындылай келгенде,сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз-алған білімге сын көзбен қарау,іздену,оның ақиқатын дәлеудеу,яғни білімді саналы түрде алу..Окудың тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты.Жауап алу үдерісін бағалауда оқушыларға сұрақтар бердім, бала сол сұраққа жауабын іздеп ойланып, отыр. Жұппен жұмыс жасағанда сырттай бақылап, қарап, қастарына келіп, баға беріп, көмектесіп, керек кезде түсіндіріп жіберіп, ұсынысымды бере отырдым. . Білім алу үшін, бәрін білу үшін ең бастысы, еңбектеніп ақпарат аламыз, қайдан? Кітапханадан, интернеттен, оқулықтан және сол ақпаратты , бір – бірімізбен сұхбаттасу арқылы, әңгімелесу, пікірталас, талқылау арқылы бөлісеміз.Қорыта келгенде айтарым зерттеу барысында байқағаным сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіреді,оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік беріп , идеяларын дәлелдеуіне, түсінулеріне көмектеседі.Ақпараттық-коммуникациялык технологиялардың(АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді.Осыған байланысты білім беруде қолданылатые әдіс-тәсілдер,әдістемелер,технологиялар жаңартылып отырады.Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнын жаңартумен қатар,оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады.Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына ерекше көңіл бөлу.Міне,осы жағдайда ақпараттық қатынас технологиялардың рөлі зор, сабақтың тиімділігін,оқушылардың белсенділігін жоғарылататын технологиялардың бірі болып табылады.Бүгінгі таңда, мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін жоғарылату проблемасын қарастыру ең басты орын алды.Әлемдік оқу үдерісінің өзегі-жаңа технологиялар екені мәлім.Әрбір технология өзіндік әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне,қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.Қазақ тілі сабағында АКТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы,интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін,білім сапасын,қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарылатуға көмектеседі.Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта «сұрақ-жауапты»қолдануға болады.Барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді.Ол үшін интерактивті тақталардың арнайы activate құралдары қолданылады.Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп,сол уақыта бағалауға болады.Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп,білімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттырады.Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.Осы аталған бағдармалардың мүмкіндіктерін сабақта қолдану мұғалімнің уақытың үнемдеп,оқушыларды қазақ тілін білуге қызықтыра түседі.Сонымен қатар нәтижелерімен сол сәтте таныстыруға болады.Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістікке қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды балаларды анықтау- нақты бір баланың дамуын талдауға байланысты ұзақ мерзімді үдеріс.Дарындылықты бір реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу мүмкін емес. Сондықтанда дарынды баланы бір сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағдарламамен оқытуда(қосымша білім беру жүйесінде),немесе дербестендірілген білім беруде(жалпы білім беретін мектеп жағдайында біртіндеп,кезең-кезеңімен анықтауға күш жұмсау керек[Білім технологиялары №4,2011 ж10 бет .Топпен жұмыс жасағанда баланың ой-өрісінің өсуін бақылауға алған жағдайда оның жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік жасауға жол ашылады.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру модулі талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты,себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр.Алайда,бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезендеріне қатысты және де»Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты..Әр топқа ойын түрлері және қызықты тапсырмалар берілді.Берілген суреттер арқылы оқушылар заттардың сандарын анықтады.»Ізден,тап»ойынын ойнағанда оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып,ұйымшылдыққа,бірлесіп жұмыс істеуге дағдыландырады.Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар берілді,.байқағаным осы тапсырманы орындағанда ізденісте болғандары. Ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын оятады. Ойын түрлерінің материалды сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа ынтасы мен қызушылығын арттырады. Тапсырмалар баланың сабаққа деген уәжін арттырады.Осы бағдарламаны менгеріп жатқанымдада баланың жас ерекшелігін,сыни тұрғыдан ойлауын және ең негізгі мақсат балаға білім алуға үйрету ,бала өз бетімен білім ала отырып ойға келеді.Яғни менің бүгінгі үйренгенім маған ертең не береді? Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Сабақта, әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызып отырды.Мақсатымыз қандай болды?Ойымызды жетілдіру,бір-бірімізге сыйластықпен қарау.Сонымен қорыта келгенде айтарым.осы бағдарлама маған балаларды тануға мүмкіндік берді,жаңа әдіс-тәсілдердің амалдарын сонын ішінде бала қалай ой тарқатады, өз ойын еркін айту,шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашады.Білім беруді басқару және көшбасшылық модулі білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес.Көшбасшылықты анықтау үшін мен өзімнін сабақтарымда топпен,жұппен жұмыс жасадым.Жұмысты топпен ұйымдастырдым. Жұмыс жасағанда өзін-өзі тану элементтерін пайдаланып,»Мен қандаймын?»деген тренинг өткіздім Бұл тренинг арқылы оқушылар тек қана өздерінін жақсы қасиеттерін атап отырды.Кластер құрастырғанда осы екі оқушының бір-бірімен жақсы араласуы байқалды, топпен жұмыс жасағанда байқағаным сыныбымның ұйымшылдығын.Бір-біріне қамқорлықпен қарап егер бір бала қиналып тапсырманы орындай алмай жатса,қасындағы сыныптасы көмектесіп айтып жібереді.Бір-біріне демеу,қолдау қөрсеткендері мен үшін бақыт.Топпен жұмыс жасау оқушыларға өте ұнады,себебі әр бала өзінін ойын,пікірін ортаға салып,ұялмай сөйлеп ,өзін-өзі тануға,кемшіліктері болса жоюға тырысып,ой-өрісін өсіріп,өзіндік дүниетанымын қалыптастырады..Топпен жұмыс жасағанда,өз сыныбымыздың ережесін жасадық.Ол ең басты: басқаның пікірін тындауға,сыйлауға,құрметпен қарауға, құлақ салуға ,біреу сөйлегенде өның сөзін бөлмеуге кедергі жасамауға,ойлағаныңды ортаға салуға,қысылмай ашылып еркін сөйлеуге,мүмкіндіктерін ,білімдерін көрсету.Топпен,жұппен,немесе жеке жұмыс жасағанда балаға қолдау көрсетіп,әр бала өз ойларын айтуға құқылы екенін ұмытпаған жөн..Оқушылардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қадағалап,үнемі ауызбіршілік,татушылық,сыйластық керек екенін ескертіп айтып отырамын.Қорыта келгенде айтарым осы жеті модульдін идеясын келешекте өзімнің іс- тәжірибемде пайдалана арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытып,пікірін анық,ашық айтатын жеке тұлғаны қалыптастырамын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!