Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала Бірге - біз күшпіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ақ ниет» мектеп- интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабақтың түрі: мақала
Игисинова Гульнара Абдикаримовна
Сынып: 6 оқушылары Тақырыбы: «Бірге – біз күшпіз!»
Мақстаы: Инклюзивті білім беру саласында, қашықтықтан оқыту барысында тәрбиешінің жұмысын күнін дұрыс ұйымдастыра алуы, және өз білімімді жетілдіру барысында жинаған тәжірбиеммен бөлісу.
Бірге – біз күшпіз!
Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен, Өскемен қаласында «Ақ ниет» мектеп- интернаты мүмкіндігі шектеулі, білім алуға қабілеті бар балаларға арналып ашылған бірден бір мекеме. Бүгінгі күні инклюзивті білім беру бағытында жұмыс істеп жатқан, мүмкіндігі шектеулі балаларға республика көлеміндегі ерекше оқу орыны. Интернатта ата-анасы бар, толыққанды отбасынан шыққан үй балалары тәрбиеленеді. Инклюзия – ақыл-ойы сақталған, «ерекше» балалардың қоғаммен араласып, барлық қатарлас балалариен бірге сапалы білім алулары, балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету дер едім. Аталмыш білім мекемесі- еліміздің ең алғашқы және әзірге жалғыз интернат. Біздің елімізде инклюзивті білім беру саясаты «Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген» Қандай ортада болмасын, бала тәрбиесінің әрқашанда қоғамда өз орыны ерекше екені белгілі. «Ақ ниет» мектеп-интернаты өз іс-әрекетін бірнеше бағытта жүргізеді: оқыту, тәрбиелеу, коррекциялық түзету және сауықтыру, қосымша бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі күні «Ақ ниет» мектеп-интернаты облыс бойынша бетке ұстар ресурстық орталық болып табылады. Заманауи үлгімен жабдықталған мектеп-интернаты ерекше балаларды тәрбиелеуде ең бірінші орындағы оқу орыны. Ескере кететін жайт, ереше білім беру қажеттілігі бар баланы психологиялық, педагогикалық сүйемелдеу үздіксіз жүргізілуі қажет. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын ұйымдастырып отырған «Ақ ниет» мектеп – интернатының ұстаздар ұжымы бүгінгі күнге дейін талай белестен өтіп, шыңдалып келеді. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін оқу орындарына араласуы, жаңа әлеуметтік ортаға бейіммделу, өз құқықтарын білу,қорғау, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету дер едім.
Инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. «Ақ ниет» мектеп – интернаты өзінің іс- әрекетін бірнеше бағытта атқарып: оқыту, тәрбие беру, және коррекциялық түзету жұмыстары бірінші орынға қойған. Соңғы үш жыл көлемінде үздіксіз жұмыстар атқару өз нәтижесін көрсетіп келеді. Биылғы 2020 жылғы еліміздегі болып жатқан өзгерістерге байланысты, менде өз міндетімді атқару барысында, икемді жұмыс кестесіне қашықтықтан оқыту түріне ауысуыма тура келді. Осы аздаған уақытта қашықтықтан оқыту барысында жинаған тәжірбиеммен бөліссем деймін.
Коронавирус пандемиясының бүкіл әлемдегі білім беру саласына айтарлықтай әсерін тигізіп және білім беру саласын толығымен қайта форматтауға мәжбүр еткені анық. Бүгінгі таңда білім беру мекемелері, мектеп оқушылары, студенттер мен мұғалімдер қысқа және жылдам мерзімде қашықтықтан оқытуға көшуге мәжбүр болып отыр. Менің ұжымымды да бұл қиындық айналып өтпеді.
14.03.2020 жылы «Ақ ниет» мектеп- интернатының ұжымы ҚР білім Министрінің «Пандемия кезінде білім беру ұйымдарында, жетім- балаларға және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID – 19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы 14.03.2020 – ғы № 108 бұйырығымен, сонымен қатар 06 сәуірден 22 мамыр 2020 жыл аралығында қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулықпен таныстық.
16 наурыздан 05 сәуірге дейінгі каникул уақытында мұғалімдер қашықтықтан қол жеткізу режимінде, қашықтықтан оқытуға көшуге дайындық бойынша әдістемелік шаралар жоспарын іске асырды.
06.04. 2020 ж. оқытушылар құрамымен COVID – 19 коронавирустық инфекциялардың алдын алу бойынша төтенше жағдайға байланысты қашықтықтағы жұмысқа ауыстыру туралы кездесу өтті. Коронавирустың таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланған соң, оқушылар көктемгі каникулға ерте босатылды.Осы кезеңнен бастап қашықтықтан оқыту форматына даярлық жұмыстарын бастап кеттік. «Ақ ниет» мектеп – интернатының ұстаздар құрамымен тәрбиешілері қашықтықтан жұмыс істейтін болдық. Білім және ғылым министрлігінің мамандары орта білім беруді қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда жобалық кеңсе құру арқылы әлем елдерінің тәжірбиесін ұсынды. Мектептер мен ұстаздар үшін онлайн теле – реурстар, вебинарлар әзірленді. Оқыту жөні белгілі, ал қашықтықтан тәрбие жұмысын жүргізудің өзіндік қиындықтары алғашқы уақыттан алдымыздан шықты. Жалпы қашықтықтан оқыту дегеніміз не? – деген сұраққа жауап іздеп өз тарапымнан білімімді жетілдіріп, қалай дұрыс жұмысымды ұйымдастыра аламын деген сұраққа менде ізденістер жасадым.
Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі тәрбиешінің жұмыс жоспары қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу процесін ұйымдастыру алгоритмін, тәрбиешілердің әдіскерлік ұйымымен бірлесе отырып, 2019-2020 оқу жылыңың жылдық жоспарын негізге ала отырып жасадық. Жоспар оқу – тәрбие процесін толық қамту үшін екі бөлімнен тұрады және топ балаларының жас ерекшеліктері ескерілді. Бірінші бөлім оқу процесіне байланысты күнделікті жұмысты көрсетеді, екіншісінде кері байланыс пен аптасына қажеттілік бойынша жеке жұмыс жоспарланған бір – екі іс – шара. Желілік сабақтың ұзақтығы 7-10 минут. тақырыптар мен формалар күнтізбелік және апталық жоспарлаудағы бағыттарға, оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалды. топтан 4-5 оқушы бір тәрбиешіге бекітілген.
Күнделікті тәрбиешінің жұмысын дұрыс ұйымдастыра алуы, оның дұрыс бағытта жұмыс жасауы өз нәтижесін көрсететіні анық. Ата – ана, сынып жетекшілері, оқушылармен үнемі тығыз байланыста болып,олардың арасында алтын көпір орната алу, тәрбиеші үшін үлкен міндет. Сондықтан тәрбиешінің жұмыс жоспарынан бөлек, қашықтықтан оқыту кезінде айқын жұмыс кестесін, мен өз жұмыс күнімді қалай ұйымдастыруым керек деген сұраққа жауап іздеуден бастадым. Дегенмен өз міндеттерімді айқындап алдым:
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
№ р/н |
Жұмыс бағыттары |
Міндеттері |
Мерзімі |
1 |
Оқушылармен және олардың ата – аналарыменм (заңды өкілдерімен), пән мұғалімдерімен, сынып жетекшісімен күнделікті байланыс орнату. |
-Ақпарат алмасу үшін Whatsapp және басқа мессенджерлар арқылы оқушылар мен олардың ата- аналары үшін чаттар, форумдар құрып, оны қолдана алу; -топ тәрбиеленушілерінің оқу барысы және тәрбиелік нәтижелері туралы сенімді ақпарат болуы керек; -өз сыныбыңның пән мұғалімдерін байланыс ақпаратымен қамтамасыз ету.(үй және ұялы телефон номері,электронды поштасы). |
Қашықтықтан оқыту мерзімі бойы |
2 |
Электронды журналды және басқа қол жетімді байланыс құралдарын пайдалану арқылы мұғалім берген тапсырманы оқушы мен ата-анаға беру. |
-оқушының оқу- іс әрекетіне қашықтықтан қатыса алуына көмек- тесу; -оқушының және ата- ананың мұғаліммен кері байланысын бақылау; |
күнделікті |
3 |
Оқушылар және ата- аналармен кері байланыстың болуын ұйымдастыру |
-дұрыс күн тәртібін ұйымдастыру қажеттігі туралы ата- аналармен өзара әрекет жасау,оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасай алуларын қамтамасыз етуді өтіну; |
күнделікті |
4 |
БЖБ,ТЖБ пәндері бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау |
-оқушылардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін тапсырмалар көлемінің мөлшерін бақылау; -оқуға жауапкершілікпен қарауды және өзіндік танымдық іс- әрекеттің қажеттілігін тәрбиелеу; -қажеттілігіне қарай тапсырмаларды орындауда кеңес беру,көмектесу; |
күнделікті |
5 |
Қашықтықтан оқыту фрматы барысында тәрбие сағаттарын,іс- шараларды ұйымдастыру және өткізу |
-балаларға білім беру мен бос уақытты үйлестіру; - ақпаратты әлеуметтік желілерде, мектеп сайтында орналастыру; |
Жоспар бойынша |
6 |
Бір күн ішінде жасалған жұмыс туралы қысқаша есепті әдіскерлер ұйымының жетекшісіне жіберу |
Қашықтықтан жұмыс процесін ұымдастыру барысы және топ оқушыларын оқыту нәтижелері туралы әкімшілікке хабарлау |
Апта сайын |
Жұмыс күнінің кестесі
Уақыты |
Жұмыстың мазмұны |
7.00- 8.00 |
Оқу үрдісін ұйымдастыру. Оқушылармен ата- аналар арасында күнделікті кері байланыстың орнатылуын қалыптастыру. Жұмыс барысында кездескен мәселелерді шешу және жұмыс мәселелері бойынша ақпараттандыру. |
10.00- 12.00 |
Тәрбиешінің әдістемелік уақыты: кәсіби шеберлікті арттыру,өз білімімді жетілдіру барысында жұмыстар жасау. (Семинар, конференциялар,вебинарларға, олайн – байқауларға қатысу) |
16.00 - 17.00 |
Оқушылардың қашықтықтан үй тапсырмаларын уақытында орындауларын бақылау. Онлайн сабаққа даярлықтарын бақылау, күнделік kz жұмыс.
|
18.30 - 19.30 |
Жоспар бойынша қашықтықтан онлайн тәрбие жұмыстарын жүргізу және өткізу. |
19.30 - 20.00 |
Ата – аналармен тығыз байланыста болып,сынып жетекшілерімен кері байланыс орнату: оқу күнінің қиындықтарын талқылау, кездескен мәселелерді бірлесе шешу. «Тәуекел тобындағы» (Группы риска) балалардың ата-аналарымен жеке жұмыстар жүргізу.
|
Күнделікті топ оқушыларымен жұмысымды жоспарлы түрде жүргізгенім, өз нәтижесін берді. Қиындықтар кездескен жоқ деп айтуға болмайды, оларды жүйелі жұмыс істеу барысында шешімін тауып, оқушыларыма көмек қолымды соза алдым. Ата – аналардың көмегінің зор екендігін айтпай кетуге болмайды. Екі ортада алтын көпір болып, әрқашанда балаларының тірегі, ең бірінші көмек қолын созатын сенімді адамдары. Қашықтықтан өткізіліп жатқан халықаралық конференция, байқауларға, семинар, тренинг, вебинарларға қатысып өз шеберлігімді арттыра түсуге қолайлы жағдай жасай алдым. өз білімімді жетілдіріп, Республикалық білім сайттарында жұмыстарымды жариялап отырдым. Оқушыларым да бос уақыттарында байқауларға қатысып өз дәрежелеріне сай жетістіктерге жетті. Әрине дәстүрлі оқыту түрі жылдар бойы қалыптасқан үрдіс болғандықтан, біз ол күндерді сағынамыз, бірақта уақытша білім саласындағы қиыншылықтар екендігін білеміз. Мектептерге оқушы толып, қоңыраудың сыңғырлаған үні естіліп, оқушылардың шат күлкілеріне толатын күн алда екеніне сенемін.Оқушыларыма қандай қиындықтар кезіксе де, шыдамды болып, төзе білу керектігін үнемі айтып келемін. Алынбайтын қамал жоқ. Біз бірге - күшпіз!
13.08.2020 ж. оқытушылар құрамы «Коронавирустық инфекциялардың таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында білім беру процессін жүзеге асыруға арналған нұсқаулықтарды бекіту туралы» бекітілген 13.08.2020 ж. № 345- ші бұйрықпен танысты. Педагогикалық топқа арналған нұсқаулар бекітіліп, коронавирустық инфекцияны шектеу шараларын ұйымдастыратын алгоритм құрылды.
Осы бұйрықтың негізінде 2020 жылғы 28.08 барлық ұжымға білім беру ұйымдарына шектеу іс- шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне қойылатын негізгі санитариялық- эпидемиялогиялық талаптар туралы нұсқаулықтар берілді (әлеуметтік алыстату, бетперде кию, қолды өңдеу); 2020- 2021 оқу жылының 1 жарты жылдығына арналған жұмыс режимі бекітіліп, тері антисептиктері мен қолды гигиеналық өңдеу жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Оқу жылының басында бастауыш сынып оқушыларының ата - аналары арасында оқу форматын таңдау бойынша сауалнама жүргізілді. Ата - аналар ұйым жағдайында және мекемеде барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оқу процесін штаттық режимде болуын бірауыздан қолдады. «Ақ ниет мектеп-интернаты» оқу жылының басында 02 қыркүйекте санитарлық дезинфекциялық шараларды толық және мүлтіксіз сақтай отырып, әдеттегі оқу сабақтарына кірісті. Бетперде кию, балалар мен ересектерге арналған санитайзерлардың болуы, әлеуметтік алыстату белгілері, ыңғайлы сабақ кестесі, әр оқушыға бекітілген жатын бөлмелері- барлық осы шаралар қабылданды. Мекеме 100% антисептикалық құралдармен, балалармен ересектерге арналған санитайзерлермен, дезинфекциялаушы кілемшелермен жабдықталған, әр кабинетте шынтақ дозаторлары орналастырылған. Сабақтар әлеуметтік алыстауды және бетперде киюді ескере отырып өткізілді.
Коронавирустық инфекцияның қаупі, қатаң алдын- алу шаралары жағдайында жұмыс істеу қажеттілігі, бүкіл команда үшін маңызды тәжірбиеге айналды. Алайда, бәрі біздің қолымызда және біз жарқын болашаққа кәміл сенеміз!
ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ ДИСТАНЦИОННОГО ОБУЧЕНИЯ (ДО)
№ п/п |
Направление работы |
Задачи |
Сроки |
1 |
Ежедневная связь с обучающимися и их родителями (законными представителями), с учителями-предметниками, классным руководителем (сш 15) |
- создавать и использовать чаты, форумы обучающихся и их родителей через Whatsapp и другие для обмена информацией - иметь достоверную информацию о ходе обучения и учебных результатах воспитанников группы. - предоставлять учителям-предметникам, своего класса контактную информацию (номер домашнего, сотового телефона, электронная почта). |
в течение ДО |
2 |
Использование электронного журнала и других доступных средств связи для передачи ученику и родителям заданий учителя. |
- помочь ученику включиться в учебную деятельность в удаленном режиме обучения; - проконтролировать обратную связь ученика и родителей с учителем; |
ежедневно |
3 |
Организация обратной связи с родителями и обучающимися |
- взаимодействовать с родителями о необходимости организации правильного распорядка дня, создания условий для самостоятельной работы обучающихся, |
ежедневно |
4 |
Контроль за выполнением заданий по предметам, СОР, СОЧ |
- следить за дозировкой объема заданий для предотвращения перегрузки учащихся; -воспитывать ответственное отношение к учебе и потребность в самостоятельной познавательной деятельности - оказать помощь при выполнении задания (при необходимости) |
ежедневно |
5 |
Организация и проведение воспитательных мероприятий в дистанционном формате |
- сочетать обучение и свободное время детей - размещать информацию в социальных сетях, на сайте школы; |
По плану |
6 |
Отправлять краткий отчет о проделанной работе за день руководителю МО |
Информировать администрацию о ходе организации дистанционного процесса работы и результатах обучения воспитанников группы |
понедельно |
ПРОЕКТ
Расписание
Время |
Содержание работы |
09.00-09.30 |
Организация учебного процесса. Обратная связь с учащимися родителями, учителями по подготовке к учебному дню. Решение возникших проблем. Информирование по рабочим вопросам |
14.00-16.00 |
Обратная связь с учащимися и родителями по выполнению заданий. Онлайн самоподготовка (при необходимости) |
16.00 – 17.00 |
Организация и проведение онлайн воспитательных мероприятий по плану. |
17.00-18.00 |
Обратная связь с учителями, родителями: обсуждение возможных трудностей учебного дня и т.д. |