Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала. "БОЛАШАҚ ЭНЕРГЕТИКАСЫ"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақала
БОЛАШАҚ ЭНЕРГЕТИКАСЫ МЕНІҢ КӨЗІМЕН
Тәуелсіз елдің болашағы-біздің. яғни жастардың қолыңда
Әрбір адамды алаңдатып, кез-келген адамды ойландыра бермейтін сұрақ мені қатты алаңдатады. «Осы қазба байлықтардың қоры күндердің күні таусылады, сонда ғаламшардың күйі не болмақ?» - деген сауал көкірегімді кес-кестеп, ой-санамды шырмауықтай шырмап алды. Қанша мойындағымыз келмесе де, бұл – ақиқат емес пе? Жап-жасыл Қазақстан. Күн нұрынан нәр алып, су күшімен қуаттанып, желдің самалымен желпініп өндіріліп жатқан энергия күштерімен тыныстау үстіндегі әлем. Тап-таза, кіршіксіз табиғат. Ауру-сырқаусыз дүниеге келген періште сәбилер, дені сау ана, дені сау халық. Гаджеттер мен смартфондарды қуаттау үшін, мәшиненің дөңгелегінің жүріп, діттеген жерге жету үшін, жарық сәуле алу үшін, тіпті электронды кітаптарға да қуат беру үшін табиғаттың сарқылмас күшін пайдаланып жүрген адамзат кейпі – болашақтағы біздің және біздің ұрпақтарымыздың заманасы. Оқу мен білім, жаңаша жаңалықтарға ұмтылған жалынды жастардың ғасыры.
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз.
«Болашақ энергиясы» тұрақты даму ұстанымдарына негізделеді, ал оның астында экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарды, сондай-ақ мәдени ахуалдылылықпен және адам денсаулығына пайдалы ортаны қамтамасыз етумен байланысты сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған үрдістер ұсынылған. Қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға , энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету тәрізді нақты мақсатпен негізделеді. Алаштың айбыны мен айбарына айналған ажарлы Астанада Бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесі болды. Көрменің де көрмесі бар. ЕХРО Халықаралық көрмесі күнделікті көп шараның бірі емес. Оны өткізуге әлемнің әлеуметті елдерінің бәріқатысты.Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ауқымда жария еткен «Жасыл көпір» атты бастамасының маңызы зор. Осы бастамасы арқылы Елбасы «жасыл экономикаға» көшу үшін бүкіл әлемнің күш-жігерін біріктіруге шақырады. Бастаманың негізгі түйініне келетін болсақ, әлемнің алдыңғы қатарлы елдері өздерінің озық «жасыл» технологияларын қайтарымсыз негізде дамушы елдердің игілігіне ұсынуы керек.
Ғалымдардың болжамынша, ХХІ ғасырдың ортасына қарай жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Электр энергиясын тұтыну көлемі барған сайын артып барады. Халықаралық энергетикалық агенттік 2015 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі қазіргіден 1,5 есе артады деп болжап отыр. Ақиқатын айтсақ, жұмыр жер дәл қазір жаһандық энергетикалық апат алдында тұр. Ал, Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары - 20 пайызға, 2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Қазақстанның да энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отырғаны содан. Қазақстан даласы геотермальдық энергия көздеріне бай. Сарқылмайтын энергия көздерін жан басына шаққанда әлем мемлекеттерінің алдыңғы сапында екенбіз. Қазақстанның климаттық жағдайы күн, жел, су ағынының энергиясын пайдалануға өте қолайлы болып табылады.Баламалы энергия көздерін пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды.
Қазіргі кезде қуаттың қайта жаңғыратын барлық түрлерін пайдалану жөнінде әр түрлі көптеген идеялар мен ұсыныстар жасалуда. Шынын айтқанда Күннің көзі таусылмас қуаттың негізгі «тегін» түрінің бірі болып саналады. Күн қуаттың таусылмас қайнар көзі. Ол жер бетіне секундына 80 трлн. Киловатт береді, яғни бүкіл әлемдегі электр станцияларынан бірнеше мыңдаған есе көп. Тек оны пайдалана білу қажет
Жоғарыда келтірілген мысалдардан біз адамзат үшін Күн энергетикасының ауадай қажет екенін түсінеміз. Күн энергиясын пайдаланудың өзіндік артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар.
Артықшылықтары:
1) Күн энергиясы бәріне бірдей
қолжетімді;
2) ол
сарқылмайды;
3) қоршаған ортаға
қауіпсіз;
Кемшіліктері:
1) ауа райы мен тәуліктің уақытына
тәуелді;
2) Күн энергиясын алу үшін қолданылатын
құрылғылардың
қымбаттылығы;
3) оны шағылдыратын бетті периодты түрде
тазалап отыру
қажет;
4) электр станциясының жанында атмосфера ысып
кетеді;
5) энергияны аккумуляциялау
қажет.
Соған қарамастан Күн энергетикасына деген
сұраныстар жыл сайын артып келеді. Әр елдің ғалымдары осы қосымша
энергия түріне ерекше мән беріп, оны дамыту жолдарын қарастырумен
айналысуда. Осыған орай Күн энергиясын электр энергиясына
айналдыратын құрылғыларды пайдалану деңгейі жылдан-жылға өсіп
келедіМәселен, Қытайдың Тибет
автономды ауданында гелиопештер орнатылған. Күн қуатымен 150 мың
шаршы метр аумағы бар тұрғын үйлер жылытуда, жалпы ауданы
милиондаған шаршы метр гелио жылытқыштар
салынған.
Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағ энергия алады. Күн энергиясының 1-2 % -і жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған.Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи да және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады.
Бір де бір ғылым саласы, өндіріс, мамандық тек жағымды немесе тек қана жағымсыз факторлардан тұрмайды. Әдетте әр заттың жақсы-жаман тұстары болады. Ендеше, жел энергиясының плюс-минустарын қарастыра кетейік.
Артықшылықтары:
-
Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;
-
Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;
-
Ластаушы қалдықтар жоқ;
-
Табиғи ресурстар үнемделеді;
-
Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;
-
Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;
-
Табиғаттың оттек қорын сақтайды;
-
Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.
Кемшіліктері:
-
Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады;
-
Пайда болатын шу адамның және жануарлар әлемінің денсаулығына кері әсерін тигізеді;
-
Жұмыстың тұрақсыздығы, энергияның берілуі бір қалыпты емес;
-
Үлкен аумақты қажет етеді;
-
Қымбат.
Жел энергиясы Қазақстанда. Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде — бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.
Қазақстанда өте қолайлы жел дәліздері бар: жел бір бағытта соғатын аймақтар (Ерейментау, Жүзімдік) және қарама-қарсы бағыттарда алмасып отыратын аймақтар (Жоңғар қақпасы, Шелек, Қордай).
Мен, жұдырықтай жүрегіммен болашақ энергиясын осылайша сеземін, қара көздеріммен алдағы 1000 жылдықтың парағын осылай елестетемін, балаң көңіліммен Қазақстан әлем сахнасына жариялаған энергиялардың өндірілетініне нық сенемін. Ал, осы энергия көздерін тұтынған әлем халқы – ең бақыттылар қатарынан болатынына да еш шүбам жоқ...
№83 А.Байтұрсынов атындағы жом
10 сынып оқушысы
Джумабаева Лаура