Материалдар / Мақала "Болашақтың болжамы"

Мақала "Болашақтың болжамы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақтағы қажетті мамандықтар қандай? Осы мәселе төңірегінде сөз қозғалады. Әлемде келешекте адам қызметінің орнына роботтар іске қосылуы мүмкін деген болжамды ғалымдар сөзге тиек етіп айтып жатыр. Сондықтан да, бүгіннен бастап әр жас ұрпақ ең қажетті 21ғасырға сай келетін мамандықты үйренуге талпынуы қажет!!!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2022
331
0 рет жүктелген
770 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала: «Болашақтың болжамы»


Осыдан екі жыл бұрын әлемде орын алған пандемиялық жағдайға байланысты оқушыларды қашықтықтан оқыту дәстүрі басталды. Осыған байланысты оқушылардың жеке дара оқшаулануы олардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетті. Функционалдық сауаттылығы кеміді, сол себепті оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілі мен жазба түрдегі сауаттылығы кеміп, ақсай түсті. Бүгінгі күні барлық ұстаздардың алдағы тұрған басты мақсаты- осы оқушыларды жаңашыл әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы тығырықтан алып шығу , яғни күн тәртібіндегі ең басты актуальді мәселе.

ХХІ ғасыр – бұл өзгерістер мен бәсекелестіктің ғасыры, білім - ғылыммен жарысқа түсу ғасыры, яғни технологияның дамыған заманы. Заман талабына сай мамандықтарға деген сұраныс күн сайын өзгеруде. 2030 жылға қарай жаңадан 183 мамандық келіп қосылатынын ғалымдар тілге тиек етуде. Кез-келген мамандық иесі өзінің жұмыс орнын сақтап қалу үшін қосымша бірнеше мамандықтарға ие болу керек екендігі айтылуда. Әлемдік сарапшылардың болжамы бойынша жұмыс орындарындағы біршама мамандықтардың орнын робот техникасы жүзеге асырады деп топшылауда , сондықтан халықтың жұмыспен қамту деңгейі төмендеуі мүмкін екендігі тилге тиек етілуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бір сөзінде: «Болашақта мүлдем жаңа мамандықтарға қажеттілік туады. Роботтар жұмыс істей бастайды. Қазір ғылымда инженерия мен биология саласын дамыту үшін жұмыстар жүзеге асырылуда. Әзірге барлық компьютерлер адам миын алмастыра алмайды. Бірақ жасанды интеллект бар. Барлық қиын жұмыстарды компьютерлер мен роботтар атқарады. Біздің мамандық туралы барлық түсініктеріміз өз­ге­реді. Сондықтан, біз қаласақ та, қаламасақ та жұмыс орындары қысқара бастайды», - деген еді.  Расымен, Оксфорд сарап­шы­ларының айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі маман­дық­тардың 47 пайызы жойылады. Зерттеу нәтижелері көр­сеткендей, қазір мектепте оқып жатқан оқушылардың 65 пайызы бо­ла­шақта енді пайда болатын маман­дық иелері атанатын болады.

Қазіргі таңдағы ұстаздардың алда тұрған мақсаты: жоғары сынып оқушыларының болашақ талабына сай мамандығын дұрыс таңдауына ықпал ету, жаңа заман мамандықтарының ерекшеліктері мен артықшылықтарын меңгерту, өзгерістер заманындағы кез-келген талаптарға сай болу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Әр мұғалім түрлі ақпарат көздерінен алған білімдерін оқушы бойына сіңдіре отырып, балаларға сол білімді өмірде дұрыс қолдануға жетелесе, түрлі жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданса, нұр үстіне нұр болар еді.

Олай болса, әр оқушы жаңа ақпараттарды оқып таныса отырып, мәліметтерді талдай алады, тақырып бойынша сөз саптау қабілеті дамиды, түрлі ақпараттарды сараптайды, өзара салыстыра алатын болады, жеке көзқарас тұрғысынан баға беру дағдысы қалыптасады, ойын қорытындылап жазуға икемделеді, өз қабілеті мен қалауына қарай мамандықты таңдауға бейімделеді.

Әр ұстаз өз шәкіртіне өмірде адам игілігі үшін қызмет ететін мамандықтарды таңдауға бағыт беретін бағдаршам болуы керек , адами құндылықтарды әр оқушының бойына шырағдан етіп жаға білуі қажет.

Ақпараттық технологиялардың жаңа түрлерін қолдана отырып сабақ беруде, оқушыны қызықтыратын қосымша қызықты материалдардың болуы, әлемдік жаңалықтардың болуы, мамандық иелерімен кездесу, өндіріс орындарына саяхат ұйымдастыру арқылы тәжірибелік мүмкіндіктердің болуы, жаңашыл көзқарас қалыптастыратын интеллект тақырыбында дебат, пікірталастар түрлерін, жаңа мамандықтардың ерекшеліктерін ашу үшін қосымша әдебиеттермен жұмыс түрлерін ұйымдастырып отырса, әрине алға қойған ұстаздың әрбір мақсаты жүзеге аспақ.

Шәкірттер болашақта жаңа заман мамандықтарын таңдау жолдарын үйреніп шығатын болады, жаңа мамандықтардың адамзаттың игілігі үшін атқаратын қызметі мен артықшылығын біледі, сол мамандықтарға сәйкес дағдыларға бейімделеді, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білетін болады.

Қорыта келе айтарым: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»,- деп Абай атамыз айтқандай, әр оқушының бойындағы қабілет - қарымын дұрыс тауып, оларға оң бағытты сілтеп жіберсек, әрине нұр үстіне нұр болар еді , қадірменді Ұстаздар!



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!