Материалдар / Мақала: Есірткісіз өмір ғажайып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала: Есірткісіз өмір ғажайып

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауаттын өмір салтын сақтау және оны насихаттау мәселесі. Адам-денсаулығы қоғам байлығы, ал, оны сақтау әрбір азаматтың міндеті. Бабаларымыз «Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал,қайта көтерілген дауылдың алдын ал» деген екен. Ғасыр індетіне айналған бұл кеселдің алдын алып, түп – тамырымен жою барша адамзатқа жүктелген ауыр жүк.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
339
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есірткісіз өмір ғажайып

Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауаттын өмір салтын сақтау және оны насихаттау мәселесі. Адам-денсаулығы қоғам байлығы, ал, оны сақтау әрбір азаматтың міндеті.

Бабаларымыз «Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал,қайта көтерілген дауылдың алдын ал» деген екен. Ғасыр індетіне айналған бұл кеселдің алдын алып, түп – тамырымен жою барша адамзатқа жүктелген ауыр жүк.

Адам өмірі – жүйткіген арбадай, қай құзға не қырға барып тоқтары белгісіз. Есірткі де сол секілді, өміріңді қай тұсынан кеп қияры беймәлім. Қазірде ұлт болашағына қару асынғандар емес, есірткіге есі кетіп, өмірін есірткіге байлағандардың тигізер зияндары ұшан теңіз. Есірткінің түр-түрін пайдаланып, спирттік өнімдерді тұтынып, шылымды қоса шегетіндер өз денсаулықтарымен қоса, талай жанның өміріне де зияндарын тигізіп жатады. Бүгінде көк экранды қоса қалсаң, сайтанның асынан дәм татып, сусынынан ұрттағандардың түзу жолдан шығып, адам өлтіріп, зорлықпен айналысып, түрмеге тоғытылғандардың көрінісін күн сайын тамашалаймыз. Зорлық-зомбылық, азаптау, аюдық, қолын қанға малу – мұның бәрі сол есірткінің зардабы. Дегенмен, зиянын көре тұра бұл заттарға еліктеуші жастар да аз емес. Олардың дені көбі мектеп жасындағы оқушылар мен жасөпірімдік кезеңде жүрген жеткіншектер. Басы қызығушылықтан басталып, кейіннен бұл тордың шырмауынан шыға алмай қалып жатқан жасөпірімдерді көріп жаным езіледі. Жастықтың буымен ескіртікінің құрығына іліну оңай, сол шырмауықтың арасынан босап шығу біраз күш-қайрат пен жігерді талап етеді. Жігерлісі бұл сыннан сүрінбей өтіп, өмірлерінің жаңа парағын есірткісіз есті әлеммен байланыстырса, бәз біреулер талпынбай жатып беріліп, есірткінің тұқынына айналады.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналған бұл дерт барша адамзат жұдырықтай жұмылып, бірлесе әрекет еткенде ғана жойылары хақ. Ал бұл уақыт еншісіндегі дүние. Осы мақалам арқылы өскелең жасұрпақты, құрдастарымды шалыс қадам жасамай, өмірдің мәнін ұғынып, есірткісіз өмірдің ғажайып екендігін көруге, түсінуге шақырамын. Себебі келешектің тізгінін ұстау біздің қолымызда. Келешегіміз кемел болуы үшін өміріміз тек жарқын сәттерге толы болып, денсаулығымызда мықты болуы керек деп білемін!

Мақаланы дайындаған:



Академик С.А.Джиенкулов атындағы

Байқоңыр жоғары колледжінің студенті

Ж.А.Ибайрайханов



#есірткігеқарсыбайқауы



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!