Материалдар / Мақала: Физика сабағында кейс технологиясын пайдаланудың әдістемесі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Физика сабағында кейс технологиясын пайдаланудың әдістемесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабына қарай орта мектеп мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, сондай-ақ тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықпен бірге физика, химия, биология және информатика пәндерін барынша тиімді әдістемелерді қолдана отырып оқыту мәселесі алда тұр. Қазіргі кезде елімізде оқыту мен әдіс-тәсілдерде жаңа білім беру жүйелері мен ауызша сараптау негіздері, ұстаздардың бағдарламалық прогрессивті және дұрыс жағдайларды кеңінен қолданатын әдіс-тәсілдері қарқынды даму үстінде. Бұлар сонымен қатар жаңа білім көздерін нығайту мақсатында емес, білім беруде қолданылатын ыңғайлы технологияларды дамыту үшін де ұсынылып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
1093
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ФИЗИКА САБАҒЫНДА КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



Түйіндеме. Қазіргі заман талабына қарай орта мектеп мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, сондай-ақ тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықпен бірге физика, химия, биология және информатика пәндерін барынша тиімді әдістемелерді қолдана отырып оқыту мәселесі алда тұр. Қазіргі кезде елімізде оқыту мен әдіс-тәсілдерде жаңа білім беру жүйелері мен ауызша сараптау негіздері, ұстаздардың бағдарламалық прогрессивті және дұрыс жағдайларды кеңінен қолданатын әдіс-тәсілдері қарқынды даму үстінде. Бұлар сонымен қатар жаңа білім көздерін нығайту мақсатында емес, білім беруде қолданылатын ыңғайлы технологияларды дамыту үшін де ұсынылып отыр.


Аннотация. Согласно современным требованиям, учитель средней школы должен не только глубоко владеть своим предметом, но и преподавать физику, химию, биологию и информатику наиболее эффективными методами, наряду с исторической познавательной, педагогической и психологической грамотностью, политическая экономия и информационная грамотность. В настоящее время в стране стремительно развиваются новые системы образования и методы обучения, а также основы устного экзамена, методы, которые учителя широко используют, программно прогрессивные и соответствующие условия. Также предлагается не только укреплять новые источники знаний, но и развивать удобные технологии, используемые в образовании.



Кілт сөздері: физика, кейс технологиясы, физикалық эксперимент

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы - оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.

Кейс технологиясы демек, нақтылы жағдаяттар тәсілі АҚШ-тың аты әйгілі университеттердің бірі Гарвард университетінің оқу орнында xx ғасырдың басында ғылымға енгізілген. Кейс технологиясы алғаш мәрте американдық оқымысты Коплендтің жазбаларында қолданылған. 1921 жылы Копленд білім берудің нақтылы кейстер жазбаларын көрсетіп, кейс амал-тәсілін пайдалану әдістерін үйреткен. Бүгінде жағдаяттар әдіс-тәсілі есебінде білім берудің пайдалану жағы кеңейіп, заң, экономика, медицина мен өзге де салаларда нәтижелі қолданылуда. Қазіргі таңда кейс технологиясын әдістемелік білім беру деңгейіне ендіру жағдайын ғалам бойынша сандаған педагогтар қарастыруда.

Кейс технологиясында негізгі зейін оқушылардың дайын құрастырылған шынайы және шынайы емес кейстерді талдап, бұл кейсті өзара талдауы және оған баға қоюы, жеке ойын нақтылы және түсінікті жеткізуіне, білім алушының өз деңгейлік дәрежесін көтеруге беріледі. Яғни, білім алушылардың ауызекі айту тәсілдерін жетілдіру жағдаяттар технологиясын пайдалану - заманауи оқыту талабына сай білім алушының оқуға деген талпынысын көтеретін дербес білім берудің заманауи инфрақұрылымдық бөлімі болып табылады.

Кейс технологиясын пайдалану тұрғысында мұғалімнің міндеті екі бөлімнен құралады.

  1. Кейсті талдау мен сұрақтар пен тапсырмалар жасауға негізделген шығармашылық міндеті:

  1. жағдаяттарды берілген талапқа сай талдау;

  2. мақсаты бен міндетін нақтылау;

  3. жағдаятты құрастыру және талдау.



2. Мұғалімнің сыныптағы жағдайы:

  1. жағдаятқа алғысөз;

  2. жағдаяттың талданылуы (санамалы оқушыларда) ;

  3. дебат;

  4. тұжырым жасау.



КЕЙС

7-сынып

ТАҚЫРЫП: Физика ғылымы және оның маңыздылығы.

«Алматы - Өскемен» пойызының 7-вагонында жүрген бір-біріне мүлдем таныс емес адамдар физика ғылымы туралы сөйлесіп, дауласып жатты.

Айжан өзінің педагогикалық институттың студенті екенін және болашақ физика пәнінің мұғалімі екенін айтты.

- Бұл өте қиын пән емес пе?Неліктен бұл пәнді таңдадыңыз? - деп сұрады тәжірибелі экономист Марал.

- Ия, сіз бұл қандай қызықты және маңызды ғылым екенін білесіз! Физика - бұл өмірде, табиғатта, күнделікті өмірде бізді қоршап тұрған барлық нәрсе! Физика біздің айналамызда!

- Рас! - деп әңгімеге дәрігер Алмас Тимурұлы кірді, - физиканың жетістіктерінсіз бүгінгі медицина «көзсіз» және «қолсыз» болар еді, өйткені қазіргі медициналық диагностиканың негізі физика жетістіктеріне негізделген, және хирургия және терапияның көмегі ақылға сыймайтын биікке көтерілді!

- Дұрыс! - деді жетінші сынып оқушысы Айдын, - Интернеттен оқыдым, қазір тіпті туғаннан соқыр адамдардан да емдеуге болады. Балаларға бейнекамера орнатылған, ол бейне сигналын лазермен дәнекерленген жүйке ұштары арқылы миға жібереді және адам бейнені қалыптастырады! Елестетіп көріңізші!

- Дәл осы! - деді Айжан қуана-қуана, - барлық ғаламатты жасап жатған ғылым ол –Физика

- Мұның бәрі Шайтаннан! - Бұрын үнсіз болған Бауыржан аға сенімді және тік дауыспен, - сіз табиғаттың жаратылысына кедергі келтіре алмайсыз! Сіз жасай алмайсыз! Мен бұған, демек физикаға қарсымын!



Кейс бойынша сұрақтар:

1.Физика ғылымына «қарсы» немесе «қолдаймын» позициясын қорғап, жағдаятты жалғастыруға тырысыңыз. Ол үшін өзіңізге рөл таңдап, өз көзқарасыңызды дәлелдеу қажет.

2.Осы жағдайдан жаңа білім алуға болады ма? Барлық фактілер ғылыми ма?

3.Кейс бойынша жауап іздегіңіз келетін сұрақтарыңыз бар ма?

4.Кейске сүйене отырып, келесі сабаққа өзіңіз үшін проблема қойыңыз.



Берілген жағдаят 7-сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын оятатыны сөзсіз. Физика пәнінің маңызы, жалпы ол қандай ғылым екені туралы айтылды. Дәрігер Алмас Тимурұлының келтірген мысалдары физика ғылымының медицина әлеміне деген үлкен маңызы бар екенін көрсетті.

Оқушылар кейсті талдау барысында келтірілген сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдай түседі.Топ ішінде пікір алмасып, шығармашылық қабілеттері ашылады.

Кейс технологиясын физика сабағында қолдану барынша таныыымммды болып өтеді.Оқушылар басында меңгере алмай жүрген физикалық құбылыстарды тез арада қарапайым әдіс арқылы меңгеріп алады.

Жағдаятты талдап,сараптап және берілген сұрақтарға жауап беру- бұл технологияның басты мақсатын ашады. Жағдаяттағы кейіпкерлердің орнына өздерін қойып, оларды түсінуге тырысады.

Қорыта айтқанда, Елбасымыз «Еліміздің ертеңі бүгіні жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп келешек ұрпаққа үлкен үміт артуда. Ал келешек ұрпақ бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатын, басқа мәдениетті түсініп, құрметтейтін, көп ұлтты және көп мәдениетті ортада белсенді өмір сүруге қабілетті тұлға және жаңа кәсіптерге жол ашатындығын саналы түрде түсінуі қажет. Қазіргі оқыту бөлімінде білім берудің озат әдістемелерін жасап, жайтты түсінбейінше білімді, озат кадр дайындау қиындық туғызады. Кейс технологиясы тек мұғалім үшін ғана емес, оқушы үшін де шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын дамытатын маңызы зор әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Оқушы тек тақырыпты меңгеріп қана қоймай, пікір алмасып, ой бөлісіп отырады. Білім берудің негізгі мақсаты осы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. (2007 жылғы 28 ақпан)

2.Джумадиева Ш.А.,Казбекова Б.К Физиканы оқытудағы кейстік әдістер - Ш.Есенова атындағы КГУТИ. 2019 жыл. 4-15 бет.

3.Артықбаева А.Қ., Абдуразахова П.П., Наурзбекова А.Қ. «Иновациялық технологиялардың шеттілдік білім берудегі маңызы». «Қазіргі интеграциялық үрдістер: жаңа сапалы формалар». Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциясының материалдары, Алматы: ҚазХҚжӘТУ, 2013ж.

4.Электронды ресурс: http://muse.jhu.edu/login?auth=0&type=summary&url=/journals/review_of_higher_education/v027/27.2bess.html.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!