400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге оқушыларының сауаттылығын арттыруға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бисенбаева Гүлжан Бақытжанқызы

132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінің география пәні

мұғалімі

Марапаттары: 2015-2016 жылы ғылыми жоба II орын алды.

Шәкірттерім жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада диплом 2013 жылы құттықтау хат

2015жылы Республикалық «Мәртебе .kz» білім сайты «Үздік сабақ» номинациясымен марапат

2017 жылы «Үздік сындарлы сабақ» III орын диплом.

2017 жылы құрмет грамотасы

2017 жылы Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педагогикалық қауымдастығы және республикалық ақпараттық , ғылыми-педагогикалық журналы құрмет грамотасы



Тақырыбы: География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.Ұлт-тық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.

Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, білім беру жастардың сауатын ашып қана қоймай, оны әлеуметтік бейімделу кезінде пайдалануға үйретуі тиіс.

Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Осыған орай география сабақтарында ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуты ескере отырып әр түрлі тапсырмалар берілгені жөн.

Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды.

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік

-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдай алу

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезiнде де адам әрекетi солармен бiрлiкте, байланыста беріледі. Жер,табиғат, еліміздің табиғат жағдайлары , қоршаған орта, әлем елдері, табиғат ресурстары туралы бiлiм, білік, дағды қалыптастыру мектепте «География» пәні арқылы жүзеге асырылады. Пәндік білім, білік, дағдыларды меңгертудегі шығармашылық ұстаным сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат етеді. Оқу үдерісінде жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, біліктерін жаңа жағдаятта қолдана алуына қажетті дағдылары дамытылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден қойылады.Ол үшін қазіргі таңдағы оқыту технологияларының стратегияларын пайдалану тиімді болып келеді:«Джиксо-ұжымдық оқыту» стратегиясы, «Дана үкілер» стратегиясы, «Мозаика немесе Ара ұясы» стратегиясы. Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта, ұжымда талқылау.Бұл стратегиялар мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді.Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады.. Сондай ақ мұғалімді мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.11.2020
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі