Материалдар / Мақала: "Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің басты жолы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: "Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің басты жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзив- сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын»деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру дегеніміз – даму мүмкіндігі шектеулі балалрды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни, адамның жынысына,дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі баларды оқытып- үйретудің бір формасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2021
1549
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің басты жолы.

Инклюзив- сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын»деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – даму мүмкіндігі шектеулі балалрды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни, адамның жынысына,дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі баларды оқытып- үйретудің бір формасы.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері:

1.Адам қүндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен аңықталады;

2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

3.Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы;

4.Барлық адам бір-біріне қажет;

5.Білім шынайы қарым-қатынас щеңберінде жүзеге асады;

6.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;

7.Әрбір бала үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім берудін мазмұны:

Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:

-жалпы мектептерге арналған типік оқу бағдарламалары.

-мүмкіндігі шектеулі балалрдың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру ба,ытындағы оқу бағдарламалары;

мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзерленетін оқытудың жеке бағдарламасы.

Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Оқытудың бүл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі баланың өз қабілетіне сай, ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп интернаттарда түрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алуына жағдай жасайды. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді.Ата-анасыда баласаның дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жаупкершіліктері артады. Инклюзивті білім беру барысында мүмкіндігі шектеулі баланың өздерін басқалардан кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең құқылы екенің сезінеді.

Инклюзивтік білім ала отырып,балалар өздерінің қандай да кемістіктерін түзетеді, білімін жетілдіреді.

Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі,сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қанынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу- әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспанғандығы, мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп,жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруді тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс. Ерекше бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасып ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.

Инклюзивті білім беру-барлық балаларды жалпы білім үрдесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге,жынысына,шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне,бейімделуіне жағдай қалыптастыру,яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психо физикалық мүмкіндіктерін ескере лтырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тұдыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалвр ұжымында моральды-психологиялық климат орнауы қажет.

Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының кебеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Мүгедек—бұл өмір қызметінің түрлі салаларында әрекет етудің шектелуімен қатар жүретін тұлға дамуының спецификалық ерекшелігі. Оның салдарынан мүгедектер ерекше әлеуметтік-демографиялық топқа айналады. Яғни, аталмыш топтың күнкөріс деңгейі төмен әрі білім алу мүмкіндігі де айтарлықтай жоғары емес. Мұндай адамдардың өндірістік қызметпен айналысуы қиындық тудырып, еңбекпен қамтамасыз етілмейді. Мүмкіндігі шектеулі жандар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жатады. Әсіресе олар көп жағдайда білім алуға, еңбек етуге, толыққанды өмір сүруге мүмкіндігі шектеулі болады. Олардың табыс көздері төмен, ал әлеуметтік және медициналық қызметтерге деген қажеттіліктері жоғары деңгейде болады. Отбасындағы ерекше балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда айырықша көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез-келген жанұяда ерекше балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен иейірімділік құшағына алуы керек.Балаға деген мұндай қамқорлық оған күшті әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға әлеуметтендірудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы, мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Осы орайда ерекше балаларға арналған оқыту түрін пайдалану арқылы бұл кедергіні де жоюға болады. Осыған орай, мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерін қоғамнан оқшауланған жан ретінде сезінбей қоғамда өз орнын табуы үшін инклюзивті білім беру қазіргі таңда аса қажет болып отыр. Біз инклюзивті білім беру арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғам туралы ойын өзгертуге болады және бейімдей аламыз.

Инклюзивті оқыту -мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.Инклюзивті білім беру жүйесіне орта,кәсіптік және жоғарғы білім беру кіреді. Аталмыш кешен ерекше балалармен жұмыс жасауға бағытталған оқу орындарының техникалық жабдықталуын және арнайы педагогтардың даярлануын қамтиды.

Қорыта келе,ерекше күтімді қажет ететін балалар әлеуметтік категория ретінде әлеуметтік қолдауды қажет етеді және олардың толыққанды әрі белсенді өмір сүруі үшін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттерге тарту, қоршаған ортамен байланысын жетілдіру, бір сөзбен айқанда оларды қоғамға әлеуметтік интеграциялау қажет, көзқарасымен бірге қоғамның мүмкіндігі шектеулі балалар туралы көқарасын өзгерте аламыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!