Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала «Интелектуальды ұлт болудың негізгі үш аспектісі -білім, ғылым, инновация»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақала «Интелектуальды ұлт болудың негізгі үш аспектісі -білім, ғылым, инновация»
...Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Болашаққа бағдар:«Рухани жаңғырудың басты мақсаты-ұлттық кодты сақтай отырып,жаңа кезеңге аяқ басу»,-деп атап көрсетті. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Елбасының халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Қазақстанның мәдениетіне,тарихына арналып,Отандық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жаңа патриотизм мен ұлттық біртектілікті қалыптастыруға бағытталды. Жаңғырудың қамы-жасампаздықтың салты.
ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры, бұл ғасыр қоғам мен оның әрбір мүшесінің жаңа жетістіктер мен қажеттіліктердің игілікке айналар маңызды кезеңі болмақ. Жаһандану мен қазақ елінің әлем кеңістігіне еркін және ерекше қарқынмен шығуы да білім мен ғылымның дамуымен тікелей байланысты. Білімі мен ғылымы қатар дамыған елдің өркениет көшіне қалай еріп отырғанын да көріп-біліп отырмыз.
Интелектуальды ұлт болудың негізгі үш аспектісі -білімнің, ғылымның, инновацияның тиімділігін іске асыру,қолдануды қолға алу болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы білім мен тәрбиені тең ұстаған ұлтын сүйетін оның ұлттық құндылықтарын құрметтейтін кемел жастарында. Біз жастарға білімділіктің мәдениетке апаратын жол екенін ғылым мен білімнің жетістіктері,адамзаттың игілігі сұлу және бақытты өмір сүруі үшін жасалатын құндылықтар екендігін ұғындыруымыз қажет.
Бәріміздің обьектіміз біреу-ақ, ол елін сүйетін оның болашағының жарқын болуы үшін еңбек ететін ұлтжанды ұрпақ, яғни ұлттық тұлға қалыптастыру. Ол қандай болуы керек? Ұлттық бүтіндігіміз бен бірегейлігімізді, ұлттық болмысымызды, бәсекеде білімі мен білігі жағынан дамыған мемлекеттердегі замандастарынан кем түспейтін жаңа тұрпаттағы жастарды қалай қалыптастырамыз? Міне, осындай сұрақтар мен өзекті мәселелер көп-ақ. Бұл мәселелердің шешуінің бір ұшы білімді, мәдениетті, ұлтын сүйетін, оның өсіп-өркендеу жолында адал еңбек ететін, ұлттың рухани мұрасынан сусындаған жас ұрпақ қалыптастыру болары анық.
Елін сүйген әрбір ұлт, ұрпақ ұлтының ұлттық қасиетін, салт-дәстүрін, табиғи мінез-болмысын, қадірлеп өскені жөн.
Жастар - болашақтың бастауы, ал болашақтың жарқын болуы үшін жастардың психологиясын, сана сезімін, мінез-құлқын, дүниетанымын, бағыт-бағдарын өзгертуден бастау керектігі де анық. Біздер мен сіздер осы анықтың амалын іздеудеміз.Уақыт қарқыны зымыран.Күні кеше өткен уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді.Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек,бірінші тұғыры байлық-жер,екіншісі-тіл,үшіншісі-мемлекет және оның тарихы.Жастарды ұлттық рухани құндылықтар негізінде жетілдіру оларды дамытудың бірден-бір төте жолы екендігі ертеден анықталған ақиқат. Осыған орай мынандай мәселелер туындайды. Ұлттық рухани құндылықтарымыздың қатарына нені жатқызамыз? Игі қасиеттерімізді жас ұрпақтың бойына қалай сіңіреміз? Ондай қасиеттердің қатарына қандай қасиеттер жатады? Ал, мінез-құлқымыздағы жағымсыз әрекеттер қайсы?-деген сұрақтар. Бұл сұрақтарға жауап беруге тырысайық:
«Біріншіден, қазақ халқы-табиғатынан қиналғанға қол ұшын беруге даяр тұратын, ізгілікке жаны құмар гуманист халық, осы қасиеттерді жас ұрпақ біліп, мақтан тұтып өсуі керек;
екіншіден, ізеттілік яғни, үлкенді сыйлау, кішінің көңіліне қаяу салмау - атадан балаға келе жатқан асыл қасиетеріміздің бірі, бұл қасиет жастардың бойына мәңгілікке дарытылуы қажет, ал бұл үлкен еңбекті, жанкештілікті талап етеді;
үшіншіден, қоғамның кішкентай ұясы түріндегі отбасындағы ынтымақ-аға ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы келісім, бұл келісім де жастарымыздың өмірінің жалғасы болуы тиіс. Жастарды ата-ананы, аруақтарды құрметтеуге, жақындарының арына кір жұқтырмауға тәрбиелеу ұстаздардың алдында тұрған ең негізігі міндет болуға тиіс;
төртіншіден, досқа, ағайынға, ұлтқа адалдық халқымыздың ең асыл қасиеттері, бұл қасиеттер атадан балаға берілуі керек;
бесіншіден, қазақ еркіндікті, әсіресе ой еркіндігін, жеке басының бостандығын, ешкімге бағынышсыздықты жоғары қоятын халық, бұл қасиет те жастарымыздың құрмет тұтып өсетін қасиеті болуы тиіс.
Қазақ айтылған сөзді ұққан және соған тоқтаған халық. Мұндай туа бітті мәдениеттілік еш халықта кездеспейді. Әсіресе, өлең-жыр сөздерін естіген сәтте қағып алып, қайталап айта беретін, бір жаттап алған өлеңдерін қанша ұзақ болса да, көпке дейін ұмытпай айтып жүретін, келесі ұрпаққа айтып жеткізіп отыратын ерекшелігі бар халық. Бұл оның сана-сезімінің сергек, жадының мықтылығын көрсетсе керек. Бұл халықтың өркениеті мен өмір-тіршілігіне, сөзқұмар, ақынжанды, құймақұлақ, т.б қасиеттеріне байланысты қалыптасқан ерекшелік болса керек. Атадан ұрпаққа ауысып отырған ақындық қасиет, жалпы қазақ жадының басқа елден ерекше болып қалыптасуына игілікті әсерін тигізген салт-дәстүр, оның рухани ұйытқысы болып саналады. Еуропа елдері бұл жөнінде алып тұлға ретінде Гомерді атайды. Қазақ халқы жадында 1 миллион өлең жолын сақтап, жатқа айта білген жыр алыбы Жамбылды атап келеді. Ал, қазақ халқының ресми жазба тарихы қытай, араб, түркі т.б елдерде сақталғаны белгілі. Міне, осынау мол рухани байлықтан нәр алған халықпыз. Және көрмеген қорлығы жоқ қазақтардың бір басынан өткерген қасіреттердің бәрінде тәуелсіздік жолында табанды күрескен ұлт ұрпақтары да осы рухани бай мұрамыздан тәлім алған, елін сүйетін нағыз ер-ұлт тұлғалары екендігін ешқашан естен шығара алмаймыз. Бұл рухани байлық ұлт тұлғаларын тәрбиелеуге орасан зор үлес қосқаны белгілі, әлі де қоса бермек.
Ұрпағымыз тарихын, әдебиетін, мәдениетін, ұлтын сүйген ұлт тұлғаларын, халқымыздың басынан өткен қиыншылықтары мен қасіретін біліп қана қоймай оны қастерлеуі, мақтан тұтуы және өткеннен сабақ алуы тиіс
Осынау зұлмат замандарда ең бірінші болып, халықты оятқан, санасын серпілткен, елді ерте білген ұлт тұлғалары болды. Өздері шейіт кетсе де ұлтының мүддесін қорғады.”Мың өліп,мың тіріліп” жер бетінен аман келе жатқан қазақ халқы қашан да сол ұлт көсемдеріне тағзым етеді. 1991 жылында алған Тәуелсіздік қана қазақ елін кейінгі 70 жыл ішіндегі сталиндік зұлматтан, голощекиндік жасанды аштықтан, ”коммунизмді орнату” жылдарының кесапаттарынан, 490 рет жарылған атам бомбасынан, жөнсіз жыртылған тың жер мен сұраусыз бұрылған су зардаптарынан (Арал тағдыры), мұрағаттардың тұңғиығында жасырынған ақтаңдақтардан, т.б құтқарды. Бүгінде сол ұлт тұлғаларының тіл, жер, мәдениет, өркениет, тарих т.б рухани салаларда айтқан салиқалы сөздеріне, өнегелі өсиеттеріне сүйенген қазақ зиялылары ел мен жер, халық мүддесі жолында қызмет етіп келеді.
Адамды рухани құндылықтар негізінде жетілдіру қоғамды төте жолмен жетілдірудің бірден-бір жолы екендігі ертеден анықталған ақиқат.
Дәстүрлі қазақ қоғамында өз халқының ағымдағы хал-жағдайын ақыл таразысынан өткізіп, болашағын болжап, ілгері даму бағытына ықпалы мол болған ұлы тұлғаларды атауға болады. Ондай тұлғалардың қатарына Қорқыт пен Тоныкөктен бастап салыстырмалы түрде, күні кешегі Бұқар мен Абайдың аралығында талай дана бабаларымыздың туған халқының сол кездегі жағдайын, болашақ тағдырын ойлап тебіреніп өткендігін сөз еткіміз келеді. Өз ойын ешкімнің намысына тимей жеткізе алатын, кімнің-кім екенін бағалауға қабілетті, тасқа басылған сөздің бәріне құдайдың пікіріндей сене бермейтін әлеуметтік ортаның, парасатты тұлғаның қалыптастыру мәселесін көтергіміз келеді. Ондай зиялы қауымына бүгінгі күні не жетпейді деген сұраққа жауап беріп көрелік: «Жетпейтін нәрсе көп, бастыларын санамалап айтсам... біріншіден, жанкештілік жетпейді. Атақ демей, ақша сұрамай, мақтау күтпей ел үшін барлық жолда алаңсыз берілу жоқ. Екіншіден, біліктілік жетіспейді. Үшіншіден ой еркіндігі, рух бостандығы жетпейді. Сөз кезегі тисе, өз жағдайымызды айтып жылай бастаймыз. Қай заманда қай елдің зиялысы өз жағдайын айтып жыланып еді? Зар илесе, өз жағдайын, өз мұңын айтып емес, ұлттың қамын жеп, халықтың мұңын жоқтап, елдің болашағын ойлап басын тауға да, тасқа да соқпаушы ма еді?.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы саясатында ұлттық мемлекеттілікті нығайту басты басымдықтардың бірі болып отыр.
Халық ойының, өркениет құндылықтарының иесі болған ұлттық тұлғалар әрқашан да халқының, өз ұлтының алдындағы рухани көсемдік қызметін адал атқарған және тарихи тұлғалар ұлттық құндылықтары мен қасиеттері арқылы ерекшеленген. Ұлттық тұлға-жеке ерекшелік қасиеттерді бойына сіңірген,бойында ешкімді қайталамайтын өзіне ғана тән қасиеттері бар,белгілі бір қоғамда өмір сүретін және сол қоғамға бейімделген,ұлтының рухани құндылықтары мен ұлттық ерекшеліктерін меңгерген,рухани жаңғырған,биологиялық,әрі тіршілік иесі бола алады деп тұжырымдаймын.
Ұлттық тұлға дегеніміз-ұлтының рухани қажетін өтейтін,соған өзінің саналы ғұмырын арнайтын адам.Бәсекеге қабілетті ұлттық тұлға-әлемдік кеңістікте өз орнын анықтап,барлық рухани дағдарыс түрлерінен арылуға,халқының білімді болуына қызмет етуі тиіс.Біліміміз бен жігерімізді жан-жақты дамытып, сыни ойлау қабілеті қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыруға арнауымыз керек.Бұл ұлт тұлғасындағы ең негізгі қасиеттердің бірі болуы тиіс- заман талабы.
Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы,сонымен бірге ғаламат сәті еді.Сол сәт әлі аяқталған жоқ,бірақ ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды,сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктейтініне сенемін.Өз Отаныңның патриоты болғанға не жетсін!...