Материалдар / Мақала. Жаңартылға білім беру кезінде инновациялық технологиялардың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. Жаңартылға білім беру кезінде инновациялық технологиялардың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру аясында инновациялық қадамдар қажет.

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда

аграрлық техникалық жоғары колледжінің

оқытушылары:

Асанбекова Зауре - химия пәнінің оқытушысы

Смайлова Сәуле – химия пәнінің оқытушысы

Амантайқызы Айгерім – математика пәнінің оқытушысы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы бар отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауында «Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс» деген болатын.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озық жүруі тиіс, білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, бiлiм беру жүйесiнің басты міндеті – өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілеті, жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту. Қазақстан көшбасшысының тапсырмасын басшылыққа ала отырып, бұны қалай жүзеге асыру керек деген сұрақ туындайды. Бәсекелестік бар жерде білім де бар. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін, өз бетімен іздену дағдысын дамыту болып табылады.  Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі заманауи басқарудағы инновациялық қадамдар мен педагогикалық тиімді әдіс – тәсілдерін тәжірибемде қолданудың маңызы зор. Бұл бағытта студентердің алған білімдерін өмірде пайдалана білу, ұжымда, топтарда жұмыс істеу барысында логикалық, шапшаң есептеу қабілеттерін, сыни ойлауын, функционалдық сауаттылығын дамытып, оқушылардың алған білімдерін іске асыра білуіне, танымдық белсенділігін арттыруға септігі тиеді. Және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың қадамы сынды.

Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов «Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру» деген.  Жаңартылған білім беру мазмұнын сапалы және тиімді түрде жүзеге асыру оқытушының кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Ең әуелі жаңартылған білім мазмұны бойынша арнайы курстан өту, әріптестердің сабақтарына қатысып, өзара әдіс – тәсіл алмасу. Түрлі семинарлар, онлайн конференциялар, қашықтық олимпиадалар мен зерттеу жұмыстары арқылы білімін арттыру. Осы бағыттағы ізденістер арқылы кәсіби деңгейді көтереміз. Нәтижесінде жаңашылдықтарды үйрумен қатар тәжірибемде қалай тиімді қолдану қажеттілігін меңгереміз.  

Жаңа  мазмұндағы білім беруде оқытушы мен оқушы үшін ортақ мақсат көзделеді. Шәкірттер мағлұматтар мен идеяларды дербес және тәуелсіз меңгеріп, алған мәліметтерін тиімді пайдалана білулері қажет. Сонымен қатар  студенттер жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алады.  Оқытушы, ең алдымен, студентен өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысуы  керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлестіруге   апаратын сара жол. Бүгінде рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді.  Әлемдегі  құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін студентер керек. Студент білімді дайын күйінде оқытушы түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оқу – танымдық үдерісінде «жаңалық» ашу, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде үйренеді,  дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады.Оқытушы тек  білім көзі ретінде ғана емес, оқу – танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Оқу процесін жандандыру мақсатында студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Студенттерге терең білім беру үшін оқытушы  әдістердің тақырыпқа сай, оқу материалын тиімді меңгертуге ықпал тигізетіндей түрін таңдау керек және осы әдісті қолдану жолын өзі жақсы білуі керек деген ойдамын. Сабақ кезінде студент пен оқытушының арасында бірегей байланыс бекіп, жеке ізденуге, саралап нақты шешім қабылдауға, сыни ойлауға, тұжырымын дәлелдеуге, белсенділікке ұмтылды. Білімгердің барлық білгені мен түйгенін санасынан өткізіп, топ құрамында немесе жұптық негізде және жеке орындауындағы жұмысы шығармашылыққа жетелейді.

Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді әдіс-тәсілдері, формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамаларын сабақта жиі қолдану. Қалыптастырушы бағалау барысында студенттердің білімді игергендіктеріне қалай көз жеткізу керек? Жинақталған ақпараттың негізінде студентер сабақ барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Қалыптастырушы бағалау кезінде шәкірт оқыту үдерісіне белсене араласып, қандай нәтиже күтілетінін түсінеді. 

Жаңартылған білім беру мазмұнының түрлі әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіндігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ студенттердің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

Студентің пәнге деген қызығушылығын оятады;

Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

Студентті шығармашылық жұмысқа баулиды;

Оқытушының уақытын үнемдейді;

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

Барлық баланы оқыту;

Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

Студенттің жеке қабілетін айқындау, іздену;

Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның тірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын басшылыққа аламыз. Бұл бағдарламаның қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал оқытушы осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын – тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан –жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғыни студент санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.

Сонымен қатар қасындағы студенттің пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.

Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін – әлсін қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, студенттің жетістіктерінің жариялығы, қателерін түзетуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, студентке сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұны әр студентің ойыйіне сай жетістіктерге жетуге шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада студент: Нақты мақсат қоюға дағдыланады. Өзіне деген сенім артады. Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.Сараптауға, бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылығы артады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылды. Ал соңғы кезеңде студент өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда студент ойланып толғануға уақыт бірілуі керек, ойын айтуға студент шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда студент ойланып толғануға уақыт берілу керек, ойын айтуға студент шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

«Әрбір бала –болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін оқытушыларға жүктелер міндет аз емес. Ол міндет – студентердің шығармашылы қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, студентің жеке тұлғалық күшін дамыту. Жеке ұлғаның қиялын дамыту барысында олардың бақылауға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретеміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру.

  2. Қадашева Қ. Оқытудың тиімді әдістемелері. –А. 2018.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші  (негізгі) деңгей. 2012ж

  4. « Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж

  5. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012ж








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!