Материалдар / Мақала ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ туралы баяндалады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2021
312
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Шаяхмет Гүлнара Шаяхметқызы

Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Тәуелсіздік жылдарында еліміз екі процесті – саяси реформа мен эканомикалық жаңғыруды қатар жүргізіп,белгілі бір нәтижеге жетті, қазіргі уақытта жаңа тарихи кезеңге –Рухани жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Рухани жаңғыру бізден ұлттық санамызды қалыптасып,бәсекеге қабілетті болып,жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып дамуымызды талап етеді. Рухани жанғырудың басты шарты- «білімді, көзі ашық,көкірегі ояу болуға ұмтылу» болып табылады.Өйткені Қазақстан Республикасының президенті «болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, табысты болудың ең іргелі бастыфакторы білім екенің әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Бұл жерде әңгіме еліміздің болашағы туралы Қазақстан Республикасының болашағы жас ұрпақтың қолында.Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында 8- бабында көрсетілген міндеттер бойынша «Ұлттық және жалпы адамзаттық »құндылықтарды игеріп,ғылыми және практикалық жетістіктеріне негізделген білім алулары керек. Сол себептен,біздің ұстаздарымыз қазіргі кезде оқытудың жаңа технологияларын еңгізіп, білім беруді ақппараттандырып,мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырғанда ғана қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады.Бұл істердің барлығын жүзеге асыратын елімідің ұстаздары яғни, біздер. Қазіргі таңда,сол себептен ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ. Ұстаздар,жан-жақтағы әлемдегі жаңалықтарды, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктілігін жоғары көрсететін, соңы қорғай білетін жігерлі тұлға. Күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын кәсіби маман иесі болуы керек. Бұл өмір талабы.Ұстазда ұйымдастырушылық, құрылымдылықүбейімділік,сараптамалық қабілеттерінің бәріде болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау. Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білім беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық.

Жаңартылған білім берудің мазмұндылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құрып, сыни тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, болып табылады. Жаңартылған білім берудің ерекшелігі- спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады. Біріншісі қалыптастырушы бағалу тоқсан кезінде қойылатын үлгерім бағасы. Ал жиынтық бағалау тоқсан вяғы кезінде оқушылардың үлгерімін толықтай тексеріп, бағалау. Кеңестік заманнан қалған бес баллдық бағалау жүйесі жойылды. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия, елдерде пайдаланылады. Бағңдарлама оқушылық тқрт тілдік дағдысын яғни, тыңдалым, айтылым,оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Жаңартылған бағдарламасы бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуі тиіс: 1. жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына 2. оқу бағдарламасының және оны іске асыруна байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне. 3. Білім беру бағдарламасын әске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгеруге. Кезінде ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен көбірек білім алып шықпақшы» деген болатын. Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Ақпараттық - коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық - психологиялық жағдай жасауында. Сондай - ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор. Бастауыш сыныпта математика пәнін оқытуда білім мазмұнының ерекшеліктері: Математика сабағында Блум таксаномиясы кеңінен қолданылып келеді. Блум таксаномисы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі ондағы қойылған, мәселені, зерттеуіне, талдауын және салыстыруына,ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксаномиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Блум таксаномиясының жеті модульін пайдаланып, оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтіледі. Математика сабағы кезінде оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданып қызықты есептер шығарта білу қажет. Бастауыш сыныпта математика пәнін оқытуда жаңартылған білім беру мазмұны өтеи ерекше орын алады. Сонымен қатар, 1 сынып пен 4 сынып аралығында осы математика пәні бойынша көптеген өзгерістер орын алып отыр. Олардың ішінде бағалау критерийлері және де сабақ айту үдерісі өзеше жұмыста жүргізілуде. Яғни, 1- 2-3-4 сыныптарда Блум таксаномиясы, критериалды бағалау жүйесі жүзеге асып отыр. Казіргі таңда жаңартылған білім мазмұнына сәйкес математика сабағында мұғалім теориялық ілімдерді меңгертуді, практикалық әдіс- тәсілдермен ұштастыра отырып, тез, ұтымды есептеулерге жаттықтырады. Оқушы үй тапсырмасы ретінде өткен тақырыптарды қайталамаса, үй тапсырмасын орындамаса, есеп шығармаса, белгілі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Оқушы бұл пәнді тиімді меңгеру үшін, оқытылатын материалға қызығуы, есеп шығарудан рахаттануы тиіс. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика сабағын жүргізгенде әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек. Математика пәні нәтжелі болу үшін:

Әдіс-тәсілдердің тиімді таңдалуы;

Сабақтан алған әсері оқуға қызығушылығын және білімге деген

сұранысты арттыруы;

Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы

жұмыстарының нәтижелілігі;

Жұмыс барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату, әр оқушыға сенім білдіру; Математика сабағындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарымның негізгі бағыты осындай теориялар мен оқыту мен оқуды жақсатудың жолдарына негізделген. Сындарлы оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып әрбір сабағымды сыни ойлана отырып, оқушылардың білімінің қалыптасуына ықпал ететін әдістерді қолданып өтуімнің нәтижесінде, оқушыларым айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Олар, ортақ проблеманы шешуде бірлесіп жұмыс істей алды, әдіс-тәсілдерді қолданып, ойлау дағдыларын, оны жеткізу дағдылары қалыптасты. Бір сөзбен айтқанда математика пәнінің мұғалімдері көп әдісті білуге тырысуы керек. «Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек деп ойлаймын. Өз пәнін сүйетін ұстаз ғана, өз ісінің шебері болып қана қоймай, жоғары жетістіктерге жететініне сеніммен қараймын.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функциональды сауаттылығын қалыптастыру қажет. «Білімді болу деген сөздің мағынасы- белгісіз нәрсені ашуға, қабілетті болу» -деген Әл-Фарабилің сөзіне жүгінетін болса, ол ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Ал математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін тарихтың дамуын, өндірістік қатынастармен өндірістік күштердің дамуыф, мәдени тарихпен, техника, физика,астрономия, маханика, философия тарихымен де тығыз байланысты.Демек, математиканың дамуына жетілдіріп, толықтырып, математика мен математикалық теориялардың,идеялардың дамуы емес- сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді. Ал білімнің оқыту процесімен тығыз байланыстылығы мәлім. Сонымен қатар қоғам үшін де, математиканың рөлі ерекше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми – прогрестің болуы мүмскін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылыми мен техникалық дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, мсатематикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет.Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудыңм сан қилы әдістері мен формаларын біду қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Бұл технологиялардың біразы осы жылы нақты жүйеде қалыптастырылып, еңгізіліп келеді.


Әдебиеттер:

  1. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Актобе. РИПК СО, 1999.

  2. Қазақстан Республикасы “Білім мемлекеттік бағдарламасы” / Қазақстан

мұғалімі. – 2000. - №33-34

  1. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. –

Алматы: Қазақстан,1994ж

  1. Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымдамасы.

Алматы: Қазақстан,-1997, 34б.

  1.  Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. // Қазақстан

мектебі. – 1998.-№11-12, 24-35б.

  1. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш

мектеп. - №3, 4, -1999.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!