400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала "Жастар және заман"

Материал туралы қысқаша түсінік
жастарды қазіргі заманда интернеттен алшақ болуға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Балқаш ауданы

Бақанас мектеп-интернатының

тәрбиешісі

Чайзадина Маржан Салауатовна



Жастар және заман

Бүгінгі заман- XXI ғасырдың дамыған техникаларын игеру, білімді болу дәуірі. Егер олай болмаса ертеңгі күніңді көруің де көрмеуіңде ықтимал. Заманның өзгеруі-технология жетіліп, мәдениеттің дамуы немесе керісінше. Жалпы алатын болсақ техниканың дамуының шарықтау шегіне жеткен, даму, өркендеу заманында бұрынғы адамдар қиялдаған небір нәрселер бар. Орыстарда бір мынадай керемет сөз бар: «қазіргі кездегі барлық техника адамның жалқаулығынан пайда болған» деген. Яғни, заман жетістіктері адам игілігі үшін жасалып жатыр.

Дамыған заман десе бірден көзімізге компьютер, сотка, сенсорлы технологиялар елестейді. Компьютерді «қауіпті ғасыр ойыншығы» деп айтсам жаңылмаймын. Заманның дамып, технологияның өрістеуі жақсы-ақ, бірақ сол қоғамдағы адамдардың денсаулығына, өскелең ұрпаққа қалай әсер ететінін саралап көрейікші.

Жасөспірім балалардың қалтасында телефон, алдында компьютер тұрады. Компьютер мониторы адамның көзіне әсер ететінін айтпай-ақ білеміз. Алайда соның пернетақтасынан келетін зиянды ешкім ойламайды. Пернетақтадан бөлінген электр, энергиялар адам организміне саусақ арқылы еніп жүйкеге әсер етеді. Содан кейін балаларда өздерін жайсыз сезіну, ашуланшақтық,есте сақтау қабілеті төмендейді, тамаққа тәбеттің қашуы байқалады. Мұндай технологиялармен қатар интернет желілері де жастардың санасын улауда. Тіпті, интернет жасөспірімдердің ата-анасының орынын басқан.

Алайда мұндай келеңсіздіктерден қалай құтыламыз. Бұл жаһандық «ауру». Бұл аурумен ауыратын тек жастар емес, үлкендерде бар. 5 жастағы интернет желісін пайдаланушыдан 63 жасқа дейін жетеді. Осы орайда Қытайда бар заңның бізде жоғы өкінішті көрінеді. Қытай Республикасы ғаламтор пайдаланушының жасын біліп, оған белгілі бір уақыт қана береді. 3 сағаттан артық емес. Қытайлықтар күніне интернетті 3 сағаттан артық қолдана алмайды. Интернет кафеге барғандары қатаң түрде 30 күнге «зынданға» қамалады. Әрине, бұл заң өрескел көрінуі мүмкін. Сақтансаң сақтаймын деген сөзді негізге алып жастардың санасының улануына жол бермеу керек.

Кейбір Азия елдерінде, Солтүстік Корея елінде интернет тұрмақ телефон ұстауға рұқсат жоқ. Қазақ балаларының бойында патриоттық сезім бар. Біз осыны пайдаланып оларды қауіпті жаһандық аурудан құтқару керек. Енді мынаны қараңыз, Жапония елінде интернетке шектеу болмағандықтан, адамдар өздерінің төл жазуы, иероглифтерді ұмыта бастаған. Білуге тиісті 1914 иероглифтің жартысын білмейтіндер бар. Ондайлар 66%-ды құрап, жасөспірімдердің 73%-ын алған. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары 25%-ға өсті. Яғни бір ел өзінің рухани құндылығынан айырылып жатыр. Мен мұның бәрін жастарды қорқыту үшін емес ой салу үшін айтып отырмын. Осыдан ой түйген адам болса, ата-аналар балаларын дұрыс тәрбиелеп, саналы жастар дұрыс жолға түседі деген ойдамын.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.01.2019
1159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі