Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала Көру қабілеті зақымдалған балалар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
А.C. Тусупбекова1,
17М019 – «№123 арнайы балабақша» КММ тифлопедагогы, dgj.array@gmail.com,
«№123 арнайы балабақша» КММ,
Алматы қ., Қазақстан
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛГОРИТМИЗАЦИЯЛАНҒАН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Аңдатпа
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру ұйымдарының жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға кезең-кезеңмен өтуі, және осы бағдарламадағы шығармашылық, ізденімпаздық, креативтілік және практикалық қабілеттерді қажет ететін күрделі тапсырмалар санының артуы интеллектуалдық дайындықты мобилизациялауды талап етеді. Сонымен қатар білімді функционалдық және шығармашылық тұрғыдан қолдана алатын, сыни ойлайтын, зерттеу жұмыстарын жүргізетін, АКТ пайдалана алатын, коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін қолдана алатын, топта және жеке жұмыс істей білетін, проблемаларды шешіп, шешімдер қабылдай алатын тұлғаларды қалыптастыру көзделіп отыр. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін зерттеу жұмыстары, әдістемелік құралдар, бағдарламалар, әдістемелер жеткіліксіз. Және де, әсіресе, көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындық мәселесі эксперименттік зерттеулерде әлі де жеткіліксіз қарастырылған.
Мақалада осы мәселені шешу үшін әзірленген көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын қалыптастырудың алгоритмизацияланған әдістемесі және оның экспериментальді негіздеуден алынған нәтижелері көрсетілген.
Түйін сөздер: мектепте оқуға дайындық, интеллектуалдық дайындық, көру қабілеті зақымдалған балалар, нашар көретін балалар.
А.C. Тусупбекова1,
1Тифлопедагог КГУ «№123 специальный детский сад», dgj.array@gmail.com,
КГУ «№123 специальный детский сад»,
г. Алматы, Казахстан
ЭФФЕКТИВНОСТЬ АЛГОРИТМИЗИРОВАННОЙ МЕТОДИКИ ФОРМИРОВАНИЯ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ ГОТОВНОСТИ ДЕТЕЙ С НАРУШЕНИЕМ ЗРЕНИЯ К ОБУЧЕНИЮ В ШКОЛЕ
Аннотация
В настоящее время поэтапный переход организаций образования страны к программе обновленного содержания, а также увеличение количества сложных заданий в данной программе, требующих творчества, любознательности, креативности и практических способностей, требуют мобилизации интеллектуальной подготовки. Также предполагается формирование лиц, способных функционально и творчески применять знания, критически мыслить, вести исследовательскую работу, использовать ИКТ, применять различные способы коммуникации, уметь работать в группе и индивидуально, решать проблемы и принимать решения. Для реализации таких задач недостаточно исследовательских работ, методических пособий, программ, методик. И, в частности, проблема интеллектуальной готовности детей с нарушением зрения к обучению в школе до сих пор недостаточно рассмотрена в экспериментальных исследованиях.
В статье представлена разработанная для решения данной задачи алгоритмизированная методика формирования интеллектуальной готовности детей с нарушением зрения к обучению в школе и ее результаты, полученные в экспериментальном обосновании.
Ключевые слова: подготовка к обучению в школе, интеллектуальная подготовка, дети с нарушением зрения, слабовидящие дети.
Көру қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын зерттеу олардың танымдық дамуы үшін, мектепте оқыту жағдайында бейімсіздік көріністерінің алдын алу үшін үлкен маңызға ие.
Сонымен қатар қазіргі таңда еліміздегі білім беру ұйымдарының жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға кезең-кезеңмен өтуі, және осы бағдарламадағы шығармашылық, ізденімпаздық, креативтілік және практикалық қабілеттерді қажет ететін күрделі тапсырмалар санының артуы интеллектуалдық дайындықты мобилизациялауды талап етеді. Сонымен қатар білімді функционалдық және шығармашылық тұрғыдан қолдана алатын, сыни ойлайтын, зерттеу жұмыстарын жүргізетін, АКТ пайдалана алатын, коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін қолдана алатын, топта және жеке жұмыс істей білетін, проблемаларды шешіп, шешімдер қабылдай алатын тұлғаларды қалыптастыру көзделіп отыр. Алайда осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін зерттеу жұмыстары, әдістемелер жеткіліксіз. Және де, әсіресе, көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындық мәселесі эксперименттік зерттеулерде әлі де жеткіліксіз қарастырылған. Осы қарама-қайшылық негізінде көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр.
Осы мәселенің шешімін табу үшін мынадай мақсат қойылды: көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын анықтаудың әдістемесін және мектепте оқуға интеллектуалдық дайындықты қалыптастырудың алгоритмизацияланған әдістемесін әзірлеу, және оны экспериментальді апробациялаудан өткізу. Мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу көзделді:
- Көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ғылыми әдебиеттерде теориялық талдау;
- Көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығының деңгейін анықтау;
- Көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын қалыптастырудың алгоритмизацияланған әдістемесін әзірлеу, оны экспериментальді апробациялау.
Бірінші міндет бойынша ғылыми әдебиеттерді қарастыру барысында мектепте оқуға интеллектуалдық дайындық мәселесін М.С. Сәтімбекова, Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова, Л.И. Божович, Л.А. Венгер, В.В. Давыдов, А.Н. Запорожец, М.И. Земцова, Л.И. Плаксина, Г.В. Никулина, D. Wechsler, L.M. Terman, T. Miles, R.E. Bowman және т.б. көптеген ғалымдар қарастырғанын анықтадық. Бұл ғалымдар мектепте оқуға интеллектуалдық дайындыққа ерекше назар аударған, өйткені олар оқу жетістігінің негізін интеллектуалдық қабілеттерін дамытуда көрді.
Сонымен қатар интеллектуалдық дайындықтың ойлау процесімен тығыз байланысты екенін, және де ғалым Н.Н. Поддьяковтың зерттеулеріне сәйкес интеллектуалдық дайындықтың мынадай компоненттер мен көрсеткіштерден тұратынын анықтадық. Интеллектуалдық дайындықтың компоненттері мен көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетілген (1-кесте).
1-кесте
Интеллектуалдық дайындықтың компоненттері мен көрсеткіштері
Интеллектуалдық дайындық компоненттері |
Көрсеткіштері |
Талдау |
Бүтінді бөліктерге бөле алу қабілеті |
Синтез |
Бөлшектерді, қасиеттерді және әрекеттерді біртұтасқа біріктіре алу қабілеті |
Салыстыру |
Заттар, құбылыстар, белгілер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтай алу қабілеті |
Жалпылау |
Заттар мен құбылыстарды белгілі бір қасиеттері бойынша біріктіре алу қабілеті |
Жіктеу |
Заттарды топтарға жіктей алу қабілеті |
Сериация |
Себеп-салдар байланысын орната алу қабілеті |
Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін эксперименттік жұмыс ұйымдастырылды. Эксперименттік жұмыс 3 кезеңде жүргізілді:
-
Анықтаушы кезең;
-
Қалыптастырушы кезең;
-
Қорытынды кезең.
Анықтаушы кезеңнің мақсаты көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығының деңгейін анықтау болды. Осы мақсатқа сай интеллектуалдық дайындықтың компоненттері мен көрсеткіштері негізінде әртүрлі әдістемелер талданып, сәйкес келетін әдістемелер іріктеліп алынды. Іріктелініп алынған әдістемелер төмендегі кестеде көрсетілген (2-кесте).
2-кесте
Мектепте оқуға интеллектуалдық дайындық компоненттері мен анықтаушы әдістемелері
Компоненттері |
Анықтаушы әдістемелері |
Талдау |
«Шатасулар» (Р.С. Немов) |
2-кестенің жалғасы
Синтез |
«Жыл мезгілдері» (Р.С. Немов) |
Салыстыру |
«Ұқсамайтын фигуралар» (Л.А. Венгер) |
Жалпылау |
«Бұл жерде не артық?» (Р.С. Немов) |
Жіктеу |
«Топтарға бөл» (А.Я. Иванова) |
Сериация |
«Суреттер тізбегі» (А.Н. Бернштейн) |
Эксперименттік жұмысқа Алматы қаласындағы «№123 арнайы балабақша» КММ-нен 5-6 жастағы 36 бала қатысты. Бұл балалар қылилық, гиперметропия, миопия, амблиопияның әртүрлі дәрежедегі диагноздары бар, көру өткірлігі 0,01-1 аралығындағы нашар көретін балалар болды.
Анықтаушы кезеңде барлық әдістемелер бойынша нәтижелер 3 деңгей бойынша сараланды:
-
Жоғары деңгей;
-
Орташа деңгей;
-
Төмен деңгей.
Барлық әдістеме бойынша ортақ нәтижелерді көру үшін әр әдістеме бойынша алынған пайыздық көрсеткіштерді деңгейлерге сай қосып, барлық әдістеме санына бөлінді. Нәтижелерді неғұрлым нақты көру үшін кесте мен гистограмма құрылды (3-кесте, 1-сурет).
3-кесте
Анықтаушы кезең бойынша ортақ нәтижелер (барлық әдістеме бойынша)
Әдістеме |
Төмен деңгей (%) |
Орташа деңгей (%) |
Жоғары деңгей (%) |
«Шатасулар» (Р.С. Немов) |
42% |
58% |
- |
«Жыл мезгілдері» (Р.С. Немов) |
61% |
39% |
- |
«Ұқсамайтын фигуралар» (Л.А. Венгер) |
83% |
17% |
- |
«Бұл жерде не артық?» (Р.С. Немов) |
64% |
36% |
- |
«Топтарға бөл» (А.Я. Иванова) |
56% |
44% |
- |
«Суреттер тізбегі» (А.Н. Бернштейн) |
64% |
36% |
- |
Орташа |
62% |
38% |
- |
1-сурет. Анықтаушы кезең бойынша ортақ нәтижелер (барлық әдістеме бойынша)
Барлық әдістемелердің ортақ нәтижесі бойынша балалардың 62% төмен деңгей көрсетті. Яғни төмен деңгей көрсеткен балалар тапсырманың мақсатын түсінбеді және оны орындауға тырыспады. Оқиғалардың тізбегін таба алмады және әңгіме құра алмады. Бірнеше «шатасуларды» тапқанымен, түсіндіре алмады, оқиғалардың дәйектілігін таба алмады. Тапсырманы орындауға бөлінген уақыттан көп уақыт жұмсады. Жыл мезгілдерін 3 суреттен аз дұрыс анықтады және бір белгіні атамады немесе жетекші сұрақтардан кейін атады, бірақ неге екенін айта алмады.
Ал балалардың 38% орташа деңгей көрсетті. Яғни бұл балалар барлық тапсырмалардың шарттарын түсінді, оларды орындауға тырысты, бірақ көптеген жағдайларда тапсырманы өз бетінше орындай алмады және эксперимент жүргізушіден көмек сұрады. Эксперимент жүргізушінің көмегінен кейін ғана тапсырманы өз бетінше орындай алды. Артық заттардың атауында кішігірім қателіктер жіберді. Оқиғалардың тізбегін таба алғанымен, бірақ өздігінен әңгіме құра алмады немесе жетекші сұрақтардың көмегімен құрай алды. Тапсырмаларды 1,5-2 минутта орындады. Барлық «шатасуларды» байқағанымен, кейбіреулерін түсіндіре алмады. 2,5-3 минут ішінде 6-8 фигуралар тобын ғана бөле алды.
Жоғары деңгей көрсеткен балалар болмады.
Көру қабілеті зақымдалған балалардың орташа және төмен деңгей көрсетулері көру өткірлігінің төмендеуі әсерінен:
• фрагменттіліктің болуымен;
• бұрмаланудың болуымен;
• кідірістің болуымен;
• танудың анық еместігімен;
• заттарды қабылдауда қиындықтардың пайда болуымен;
• сенсорлық және визуалды тексеру дағдыларының дамымауымен сипаттауға болады.
Анықтаушы кезеңнің нәтижесі көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігін көрсетті.
Қалыптастырушы кезеңнің мақсаты көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын қалыптастырудың алгоритмизацияланған әдістемесін әзірлеу болды. Мақсатқа сүйене отырып:
- Көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын қалыптастырудың алгоритмизацияланған әдістемесін әзірлеу үшін принциптерді талдау, негізге алу;
- Мектепте оқуға интеллектуалдық дайындықты қалыптастырудың алгоритмін әзірлеу;
- Алгоритмге сай тапсырмалар мен ойындар әзірлеу, жүргізу міндеттері шешілді.
Көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын қалыптастырудың алгоритмизацияланған әдістемесін әзірлеуде негізге алынған принциптер:
-
Балалардың дағдыларын дамытуда негізгі онтогенездік заңдылықтарды ескеру принципі;
-
Балалардың жас, жеке ерекшеліктерін ескеру принципі;
-
Балалардың сенсорлық, практикалық тәжірибесін байыту принципі;
-
Ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу принципі;
-
Жүйелілік принципі.
Көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын қалыптастырудың алгоритмі Л.С. Выготскийдің, Ж. Пиаженің, С.Л. Рубинштейннің және басқа да көптеген ғалымдардың баланың интеллектуалдық дайындығы алдымен заттармен практикалық іс-әрекет арқылы, одан кейін сенсорлық таным процестеріне - сезім мен қабылдауға сүйену арқылы қалыптасады деген пікіріне негізделді.
Интеллектуалдық дайындық біртіндеп, жүйелі түрде қалыптасады, баланың сыртқы, егжей-тегжейлі практикалық іс-әрекетінен нақты заттармен немесе олардың орынбасарларымен (диаграммалармен, символдармен) қысқартылған, жинақталған, жылдам ішкі әрекетке дейін бірқатар қадамдардан өтеді. Мектепте оқуға интеллектуалдық дайындықты қалыптастырудың алгоритмі төмендегі сызбада көрсетілген (2-сурет).
Көру қабілеті зақымдалған балалардың мектепте оқуға интеллектуалдық дайындығын қалыптастыру алгоритмінің жалпы сызбасын әзірлеуде П.Я. Гальперин мен Н.Ф. Талызинаның ұсынған ақыл-ой әрекеттерінің кезең-кезеңімен қалыптасу теориясы негізге алынды.
2-сурет. Мектепте оқуға интеллектуалдық дайындықты қалыптастырудың алгоритмі
Ұсынылған алгоритмге сай ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылып, жүргізілді. Алгоритмизацияланған әдістеме бойынша тапсырмалар мен ойындар жүргізілгеннен кейін қорытынды эксперимент жүргізілді. Қорытынды экспериментте анықтаушы кезеңде қолданылған әдістемелер бойынша нәтижелер алынды. Нәтижелер жоғары, орташа, төмен деңгейлер бойынша сараланды.
Барлық әдістеме бойынша ортақ нәтижелерді көру үшін әр әдістеме бойынша алынған пайыздық көрсеткіштерді деңгейлерге сай қосып, барлық әдістеме санына бөлінді. Нәтижелерді неғұрлым нақты көру үшін кесте құрылды (4-кесте).
4-кесте
Қорытынды кезең бойынша ортақ нәтижелер (барлық әдістеме бойынша)
Әдістеме |
Төмен деңгей (%) |
Орташа деңгей (%) |
Жоғары деңгей (%) |
«Шатасулар» (Р.С. Немов) |
11% |
72% |
17% |
«Жыл мезгілдері» (Р.С. Немов) |
6% |
86% |
8% |
«Ұқсамайтын фигуралар» (Л.А. Венгер) |
14% |
72% |
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |