мақала "Мағжан –сыршыл ақын!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала "Мағжан –сыршыл ақын!"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 4 орта мектебі» ММ

Джузикеква А.Б. қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі



Мағжан –сыршыл ақын!

Нәзік жыры жаныңды баурап, жүрекке шым-шым тиіп, қоспасыз лирикаға толы сезімі қара өлең қазанында қайнаған Мағжан атамыздың 135-жылдық мерей тойында, ақын жайлы шертер әңгіме, толғар жыр таусылар ма?! Абай айтқан "жүрекке жылы тиер жұп-жұмыр жыр" осы болар, сірә. Оқып көріңіз. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? - Есениндегі екпін жоқ деп кім айтты, өлеңнің өне бойынан-ақ Пушкиндік пафос аңғарасыз. Ендеше, Онегинді сөйлеткен әлем әлдилеген Пушкиннің заңғарына бұл шықпады деуге келе ме?! Пушкин күллі орыстың құрметіне бөленсе, Мағжанды мұқым түркі мойындады. Мағжан жырындағы лирикалық кейіпкер ұлттық руxы от шарпыған, медеу сұраған пірі Күн ғана, айбатына адам шыдас бермеген арыстан, қайратына қара біткен қарсы тұра алмаған жолбарыс. Шымбайыңа батар шындық та бар, теңізге тартып әкетер ауыр мұң да, іңкәрлікке құралған маxаббат та табылады. Маxаббатқа ерекше құлаш ұрып, құлай сүйді. Бұл сезімді "патша тағы, бүкіл дүние малына" да айырбастамады. Ең бастысы, шын сүйді, "неге екенін білмей" сүйді. Тасбиx санаған қарт анасын сүйді, жабайы ғана жарын сүйді, сағым саxара Сарыарқасын, Арқаны жайлаған Алашын сүйді. Және сіз білген, мен білген мәңгілік жыры бар. Ол жыры қаны қара қазақтың "күші кеміп, туы жығылған сәтте", "қаны суып, жүрек соғысы дамылдаған мезетте", күркіреген күннен көмескі жарық қана қалғанда туған мына өлең:

Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!

Күңгір тартқан көңіл ауасына қарамай, ақын қазақтың кемел келешегіне, ерлікке ұмтылған ұшқыр жанның бір күні кісеннен арыларына сенді. Сенді демекші, сенер тірегі болды. Жастарға үміт артты. Қаусаған кәрі ұрпақтың кәуір тырнағынан құтылмасын білді ме, әйтеуір көш бастаған ағаға емес, артынан ерген қапысыз жас буынға сенім артты. Және мұны екпіндете, үдете жырлады:

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күштi оларда,

Мен жастарға сенемiн!...


Шүбәсіз, күнәсіз үміт күтті. Жастарға ардың жаннан қымбат екенін жырлады. Жастықты қимаған ақын, өлеңіне арқау, тақырып етті. 

Мен сенемiн жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бiр таңда,

Мен жастарға сенемiн –деп,

Мағжан атамыз жастарға көп үміт артқан сыршыл ақын. Ақынның өлеңдері біздің

есімізде мәңгі қалары хақ.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.11.2018
595
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі