Материалдар / Мақала; "МЕКЕМЕДЕГІ БАСШЫЛЫҚҚА КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала; "МЕКЕМЕДЕГІ БАСШЫЛЫҚҚА КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала жеке тәжірибе негізінде жазылған. Мекемедегі басқару типтері көрсетілген. Бұл мақала қызметкер үшін де, мекеме басқарушысы үшінде пайдалы болады деген сенімдемін.
Авторы:
19 Қараша 2023
168
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКЕМЕДЕГІ БАСШЫЛЫҚҚА КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?

Тимирязев көшесімен тық-тық басып асығып келем. Бір мезетте санама сансыз ойлар келіп, кетіп жатыр. Шіркін, адам ойы неткен жүйрік. Бір-біріне мүлдем үйлеспейтін, жанаспайтын шұбалаң ойлар маза бермейді.

Дүниеге риза боп келем. Езуіме қайта-қайта күлкі оралады. Жұмыстан шығып кеткеніне мендей қуанған біреу бар ма екен?

Шіркін, неткен сұлулық, табиғаттан асқан суретші бар ма? Жұмыста жүргенде еш байқамаппын. Асығып келіп, асығып кетем. Бүгін ғана айналама көз тастап, тамсанып келем. Табиғат ана бүкіл сұлулығын үйіп әкеп осы жерге жиып қойғандай. Қазақ Ұлттық Университетіне кіре бере кеудеңе қуаныш кернеп, алдыңнан шыққан тауларға сәлем бергің келеді. Нағыз білім алатын, студенттік шақтың қызығына кенеліп, шабытың шыңдалатын білім ордасы. 12 жылдан кейін университетке қайта оралуым.

Назираш Сүлейменовна ұстазымыз өткізетін «Басқару психологиясына» асығып келем. Өткен дәрісте өзіме жақын, ішімді жегідей жеген тақырып талданып, санамда жүрген сұрақтарға жауап алғандай болдым. Енді семинарда соны айтпақпын. Дәрісте ұзтазымыз басқару типтерін талдап көрсеткен еді. Бұл дәріске дейін, «Сен осы жұмыстан неге кетесің? Сондай әлсіз бе едің? Қыркүйекте жанып тұрған ерік-жігерің қайда кеткен?»-деп өз-өзімді іштей жазғырып қоюшы едім. Сөйтсем, гәптің бәрі басқаруда жатыр екен. Ұстазымыз Назираш апай бізге басқарудың 3 негізгі типін тайға таңба басқандай атап көрсетті. Курт Левиннің еңбегі бойынша олар: авторитарлы, либералды және демократиялық болып ерекшеленеді. Либералды басқару жүйесі соншалықты жиі кездесе бермейді. Ал авторитарлы басқару мен демократилық басқарудың белгілерін айқын көрсетіп, ара жігін ажыратып, әрқайсысының артықшылығын талдап көрсеткен еді.

Өзім қызмет еткен 12 жылдың ішінде басқарудың екі түрін де бастан өткергем екен. Назарбаев Зияткерлік мектебінде біздей жалындап тұрған жастарды іріктеп алып, әрқайсымызға тағылымгер тағайындап, жүйеге төселдіріп алғаннан кейін, емін еркін жұмыс жасауға, шығармашылық шыңдалуға ерік беретін еді. Басшылық әр мұғалімге құрметпен қарап, басталамалын қолдап, ұсыныстарымызды қабылдайтын еді. Ол жерде басшымын деп айқындалып тұрған ешкім жоқ, бәрі бір-бірімен әріптес, ой ұштастығы, мақсаты бір. Басқару қызметкерге бағдарланған, толық ақпараттандыру, кең жарялық, қолдау көрсету басым. Ілтипаттылық, сыпайылық, қарым-қатынастағы әдептілік жұмысқа деген құлшынысыңды арттырады.

Отбасы жағдайымен Астанадан Алматыға ауыстым. N жекеменшік мектебіне орналасып, екі айға жетер-жетпес уақыт ұстаздық қызмет атқардым. Мұнда тұнып тұрған авторитарлы жүйені байқадым. Дәрісте К.Левин бойынша талданған авторитар басшының іс-әрекеті мектепте айқын байқалады. Басшылықтың айтқаны заң, завучқа қарсы сөйлемеу, қате болса да бетіне баспау, қатал бақылауда жүру, сыныпты тырп еткізбей ұстау, бір оқушың балалықпен сабақ болып жатқан сыныптың есігін тоқылдатып өтсе, түсініктеме жазғызу, сынып жетекшісін жазғыру және т.б. Қайсы бірін айтасың. КТЖ, БЖБ, ТЖБ-дан бас алмай, қайтсем сабағыма қызықтырам, құндылықтарға тәрбиелеймін деп жүрген ұстазға оңай ма? Шығармашылық шыңдалатын мектепте басқарудың осындай осындай түрін қолдану қаншалықты ұтымды? Жас ұрпақты жасқаншақ қылып алмаймыз ба? Қазіргі балалардан кешегі өткен Әлихан, Мағжан, Міржақып сынды тұлғаларды қалай өсіреміз?

Кеше ғана дәріске бірге келген құрбым еске түсті. «Университетті бітіре сала мектепке кірдім»,- дейді. «Жас маман деп басшылық бүкіл жұмысқа салды аямай. Үйге тілім салақтап, түнгі 10-11-де әзер оралам. Менен бұрын отбасым шаршап кетті. Бір жылда стресс алдым. Енді мектепке барғым келмейді»- дейді. Іштей қынжылдым. Себебі бұл жалғыз мысал емес. Қолымнан келсе, мектептегі басқаруды түбегейлі өзгертер едім. Кім біледі, барлығы болашақ еншісінде.

Мектептен неге кетесің? Қасқайып қарсы тұрмадың ба? – дерсіз. Басқару психологиясының қыр-сырын меңгеріп алғым келеді. Білім – негізгі қаруым.

Түсінік салыстырумен келеді. Демократиялық басқарудың дәмін татқан, сонымен жұмыс жасап үйренген адамға авторитарлы басқару жүйесіне дағдылану қиын-ақ. Ұстазымыз тапсырғандай Н.С. Ахтаева, Т.С. Кабаченко, Л. А. Вайнштейн сынды бірнеше авторлардың басқару бойынша талдауларын салыстырып, семнарға асығын барам. Бірінші болып сөз бастағым келеді.

Ал сіздер жұмыс жасайтын мекемеде басқарудың қандай түрі қалыптасқан? Көңіліңіз тола ма?

Мақала авторы:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты

Ж.Ж. Жұрсынқанова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!